- •1. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
- •Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
- •2. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
- •3.Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
- •Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
- •Баланың сөздік қорын нақтылау.
- •Сөздік қорды жандандыру.
- •Бала тілінің тазалығын сақтау.
- •Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
- •Сөз мәнерлілігін меңгерту.
- •Дұрыс тыныс алуға үйрету.
- •Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
- •Дидактикалық ойындар дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда басты роль атқарады.
- •II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
пәні
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
Курс – 3
Мамандықтар «5ВО10100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
Оқу түрі – күндізгі
Семестр –5
2016-2017 оқу жылы
Құрастырған: аға оқытушы тарих магитрі Нугманова Ж.Т.
«Филология» кафедрасы
Кредит саны – 3
Дәріс –30
Бақылау түрі –емтихан
Орал, 2016 ж.
Дәріс №1
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі пәні
Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі курсының мазмұны мен міндеттерін таныстыру, теориялық түсініктерін тереңдету, тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын айқындап, ғылым жүйесіндегі орнын нақтылай білуге үйрету, ғылыми-зерттеу әдістерін меңгерту.
Мазмұны.
1.Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
2.Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері.
1. Шолу дәріс. Бүгінде Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, “Білім беру Заңының”, “Орта білімді дамыту тұжырымдамасы”, “Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасының” қабылдауы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында: “Білім берудің мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта білім алудың үздіксіз жүйесіне кіреді. Мектепке дейінгі сатыда тәрбие жұмысының негізгі мақсаты қоғамда оқи және өмір сүре білетін баланың жалпы дамуы болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінің әр типтілігіне қарамастан ортақ негізгі функциялары бар”, — деп атап көрсете отырып, оларды:
• баланың физикалық психикалық саулығын қорғау;
— баланың ақыл-ойын және тұлғасының дамуын қамтамасыз ету деп бөледі.
Бұл сана сезімі ұлттық психология негізінде қалыптасқан, дені сау, білімге деген қызығушылығы жоғары, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын менгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекеменің міндеті екенін білдіреді. Осы міндет балабақшаларда жүргізілетін тәрбие жұмыстары негізінде жүзеге асырылады. Баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын байыту, түсіндіре білу шеберлігіне көп көңіл бөлінеді.
Ал “Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасының жобасында”, “Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиенің мазмұны, түрлері” атты Ү тарауда: “Балабақшадағы тәрбиенің арқауы – ана тілі ” деп айрықша көрсеткен. Ана тілі – баланың ойлау қабілетін жетілдіріп, өзіндік іс-әрекетін дамыту, тәлімдік қарым-қатынас ұйымдастыру, эстетикалық сезімін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы делінген.
Соңғы жылдары жарыққа шығып құжаттардың қай-қайсысында болмасын балабақшада берілетін тәрбиелеу мен білім беру ана тілі арқылы танылып, анық сөйлеу тілі арқылы жүзеге асады.
Тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән.
Әдістеменің басты міндеті ғылыми педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу. Сондай-ақ бұл курстың тағы бір міндеті балалардың ауызша сөйлеу тілін өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тіл дамыту әдістемесі де басқа ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірінің бірімен қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алысу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруден күресі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің, алысудың құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Яғни сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шыңдығы”. Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да: Ы.Алтынсарин “Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес” – деп көрсетеді. Сондықтанда “Білім беру Заңының” 5 бабына сәйкес балабақшада тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бақшада бала әрбір тіл дамыту оқу іс-әрекетінде үйренген жаңа сөздердің мағынасын толық түсінетіндей, ол сөздерді тәуелдеп, жіктеп, септеп айта білетіндей қарама-қарсы мағыналы, мағыналас, теңеу сөздер арқылы түсіндіретіндей дәрежеде жеткізілуі қажет. Бұл аталған бағдарламалық талаптар балабақшада әр топта өткізілетін тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен одан тыс кездегі ойын, еңбек жұмыстары арқылы іске асырылады. Тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде тәрбиешінің тағы бір ескеретін жағдайы әр топтағы балалардың өздерінің жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорларын молайту болып табылады.
Ал баланың сөздік қорының дамуы оның қоршаған ортадан алған әсерімен тығыз байланысты. Олай болса, баланың тілін дамытуда адамдардың еңбек процесін, табиғат құбылыстарын бақылату және белгілі бір объектілерде топсаяхатқа апаруда басты роль атқарады.
Дәріс №2
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі пәні
Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі курсының мазмұны мен міндеттерін таныстыру, теориялық түсініктерін тереңдету, тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын айқындап, ғылым жүйесіндегі орнын нақтылай білуге үйрету, ғылыми-зерттеу әдістерін меңгерту.
1.Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
2.Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.
Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Тіл дамыту әдістемесі қазақ тілімен тығыз байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту қазақ тілінің лексика тарауының ережелеріне сүйенеді. Сонымен қатар балабақшада мектепке барғанға дейін бала ана тіліміздің барлық грамматикалық формаларын мысал түрінде меңгеріп баруы қажет. Сондықтан тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің грамматика тарауыменен тығыз байланыста дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жай және құрмалас сөйлемдердің түрлерін толық ажырата алатындай дәрежеге жеткізілуі қажет. Бала бұл сөйлемдерді мысал түрінде меңгергенмен тәрбиеші құрмалас, жай сөйлемдердің қолданылу ерекшеліктерін, ережелерін өзі толық меңгеруі тиіс. олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің синтаксис саласында да сүйенеді. Бақшада бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, тіліміздегі дыбыстарды толық айтуға үйрету, жеке сөздерді буындарға бөліп үйрету жұмыстары да тіл дамыту сабақтарының басты бөлігі болып саналады. Олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің фонетика тарауының ережелерімен тығыз байланысты. Әрбір топты балаларға сөздердің дұрыс айтылуын меңгерту тәрбиеші алдына қойылатын басты міндеттердің бірі. Олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің орфоэпия тарауының заңдылықтарына да сүйенеді.
Тіл дамыту әдістемесі психологиямен тығыз байланыста дамиды. Психология – психикалық құбылыстарды атап айтқанда түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді. Осы аталған психикалық құбылыстардың, мысалы түйсік пен қабылдаудың, елес пен ойдың сөйлеу процесіне тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, басқаның сөзін ұғыну психологияның жәрдемін керек етеді. Өйткені тілдік жүйе адамның санасында сақталады. Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысты психологияның байланысты болып табылады. Адам ауызекі тіл арқылы қарым-қатынас жасағанда да немесе жазба тіл арқылы қатынас жасағанда да белгілі бір мазмұнды білдіріп қана қоймайды. Сонымен бірге сол мазмұнға өзінің қатынасын да білдіреді. Сонда тіл ойды білдірудің құралы ғана емес, көңіл-күйді білдіретін де құралы болып есептелінеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту оның санасына, сезіміне, еркіне, есте сақтауына, қабылдауына байланысты жүргізіледі. Яғни тіл дамыту әдістемесі психологиямен тығыз бірлікте жүргізгенде ғана мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс жетілуіне ықпал етеді.
Тіл дамыту әдістемесі адам анатомиясы және физиологиямен тығыз байланысты. Сөйлеу әдетте тіл дыбыстарынсыз және олардың айтылу, қабылдау процестерінен тыс болуы мүмкін емес. Ал процестерді сөйлеу аппаратында тіл дыбыстарының жасалу жағынан да сөйлеген сөздерді, есту мүшелері арқылы қабылдау жағынан да анатомиямен физиология зерттейді.
Тіл дамыту әдістемесі мектепте дейінгі педагогикамен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту туралы және оның негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балаларда үйретілетін көркем шығармалардың әрқайсысының тәрбиелік мәні бар. Сол көркем туындылар арқылы берілетін тәрбие мектепке дейінгі педагогика қамтитын тәрбиенің түрлеріне байланысты болады. Олай болса тіл дамыту әдістемесі бала тілін дамытуда педагогиканың негізгі заңдылықтарын ескереді.
Тіл дамыту әдістемесі мектепке дейінгі педагогика тарихымен тығыз бірлікте дамиды. Өйткені педагогикада бір күнде пайда болған ғылым емес, оның да өзіндік даму тарихы бар. Сол педагогиканың әр кезеңдегі оқыту, тәрбиелеу әдістерінің ішінен мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға әсер ететіндерін таңдап алып, оқу іс-әрекетінде пайдалану тәрбиешіден үлкен шеберлікті қажет етеді.
Тіл дамыту әдістемесі көркем әдебиетпен тығыз бірлікте дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы көркем әдебиет мысалдары арқылы жүргізіледі. Яғни тәрбиеші қай топта болмасын тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізгенде негізгі құрал ретінде сабақ мазмұнына сай ертегілерді, әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, тақпақтарды кеңінен пайдаланылды.Тіл дамыту әдістемесі бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі мен бірлікте дамиды. Өйткені балабақшада сөздік қоры дамыған, байланыстырып сөйлеуге үйренген, дағдыланған, грамматикалық формаларды мысал түрінде меңгерген әріптерменен буындарды ажыратуға үйренген бала мектепке келгеннен кейін сол алған түсініктерін ережелер арқылы толықтырып әрі қарай кеңейтеді. Сондықтан бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі балабақшадағы тіл дамыту әдістемесінің жалғасы болуы қажет.
Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеулер тіл дамыту әдістемесінің теориясымен практикада қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерін табуға бағытталады. Негізінен мұндай зерттеулер үш бағытта болады.
1. Тарихи методикалық зерттеулер /бұрынғы пікірлерге жаңаша көзқарас/.
2. Эксперимент жұмыстары немесе балабақшада тәжірибе байқау жұмыстарын жүргізу.
3. Тәрбиешілердің озат тәжірибелерін жинау.
Бұл зерттеулердің қайсысында болсын бастамас бұрын алдымен сол тақырып бойынша жазылған әдебиеттермен танысу қажет. Содан соң алынған тақырыптың мақсатын және зерттеу әдістерін анықтау керек. Мысалы, егер озат тәжірибе жинақтау керек болса, тәрбиешімен әңгімелесу, байқау әдістері қолданылады. Ал эксперимент жұмысы кезінде сол алынған тақырып бойынша ғылыми болжамдар жасалып, балабақшада қолданылатын бала тілінің қалай дамығандығын байқауға сұрақтар, бақылау жұмысының текстері даярланады және бұл жұмыстар бірнеше рет қайталанып, нәтижелері салыстырылады. Мұндай эксперимент жұмыстары 1-2 жылға да созылуы мүмкін. Материалдар жинақтап және сол материалдарды салыстырып болғаннан кейін қорытынды жасалынады. Ол қорытындының нәтижесі шағын бірнеше мақала болып немесе кітапша болып шығарылуы мүмкін.
Студенттерге берілетін тапсырма:
1. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
2.Тіл дамыту әдістемесі курсының мазмұны мен міндеттері.
3. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.
4. Бала тілін дамытуға байланысты психологтар мен педагогтардың зерттеулерін конспектілеу.
Студенттердің оқытушымен бірлесіп істейтін жұмыстары:
Тапсырма жоспары бойынша сұрақтарды талдау, пікір алысу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
• Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысын жазып, талдау.
• ______________________
• ______________________
• ______________________
• ______________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №3
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесінің даму тарихы.
Мақсаты: Студенттерді тіл дамыту әдістемесінің даму тарихымен таныстыру. Тіл дамыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар мен көрнекті педагогтардың ой-пікірлеріне теориялық тұрғыдан өздігінен талдау жасау және оны тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру. Өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Жоспар
Қазақстандағы тіл дамыту әдістемесінің дамуы.
Б.Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.
Мазмұны. 1. Шолу дәріс. 1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959ж. 21 майдағы орталық комитеттің “Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы” қаулыға байланысты. Ұлы Октябрь революциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 майда Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922ж. Бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй, көшпелі киіз үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар алыс комиссариатының шешімі бойыша мектепке дейінгі тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген мәселелерге көңіл бөлінді.
1938ж. 1 майда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3, 6, 9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырылып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалды. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ алфавитіне негізделіп, ал көркем әдебиет бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964 ж. Шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70 жж. арасында республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 5,2 есе, ал оңдағы тәрбиеленетін балалардың саны 5,6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнай шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді.
Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова. Оның “Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту”, “Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы”, “Балаларды мектепке даярлау”, “Біздің кітап” т.б. еңбектерін атап өтуге болады. “Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту” деген еңбегінде бақшаға арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдерімен әдістеріне тоқталады және осы еңбектің соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір сабақтардың жоспарын берген. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне:
Сөздік жұмысын жүргізу,
Дидактикалық ойындар ойнату,
Түрлі заттардың атын айтқызып салыстыру.
Жұмбақ шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге, топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Ал “Балалар тілін дамыту методикасы” деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам;
3 жасар баланың сөздік қоры – 1200;
4 жастағы балалардың сөздік қоры – 1900, ал даярлық тобындағы балалардың сөздік қоры – 2500-3500 сөзге дейін. Ал өзінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарына байланысты деген қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы балалардың сөйлеу деңгейлерінің бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдерге де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл соңғы еңбегінде Б.Баймұратов төмендегідей 9 жұмыстың түрін атап көрсеткен:
Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу.
Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай дәрежеге жеткізу.
Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б.
Берілген сөздерге теңеу табу. Мысалы. қызыл алма, тәтті алма, алтын күз, суық күз.
Белгілі бір тақырып бойынша балалардың өздеріне әңгіме құрастыру. /жыл мезгілі, отбасы, достары туралы т.б/
Суреттермен жұмыс./жеке адам,еңбегі,өмірі,табиғатқа байланысты/
Топсаяхатқа шығару
Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту.
Өздерінің көрген білгендері бойынша әңгімелесу.
Сонымен қатар автор бұл еңбегінде әр топтағы өткізілетін тіл дамыту сабақтарының үлгі жоспарларын бере отырып, тіл дамытуды басқа пәндермен қалай байланыстыру керектігіне тоқталады. Мысалы, тіл дамыту сабағымен көркем әдебиеттің байланысын жеке, нақты мысалдар арқылы бала тілін дамытуға қандай әсері болатындығын дәлелдеген. Еңбектің соңында тіл дамытудан пайдаланатын дидактикалық ойынның мазмұны берілген.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және т.б. пікірлеріне талдау.
Б.Баймұратованың еңбектеріне талдау.
Бала тілін дамытуға байланысты ғалымдар пікірлерінен эссе жазу.
ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп істейтін жұмыстары:
Тапсырма жоспары бойынша пікір алысу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Қазіргі кездегі тіл дамыту мәселесі. Соңғы жылдары жарыққа шығып жатқан ғылыми мақалалар мен оқу — әдістемелік құралдарға талдау жасау.
Дәріс №4
Тақырып: Ресейдегі әдістеменің дамуы.
Мақсаты:. Ресейдегі әдістемесінің дамуы туралы түсінік беру. Ресей ғалымдарының еңбектерін меңгерту және талдауға үйрету. Өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Жоспар
К.Д.Ушинский, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева т.б. мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін үйретудің негізін қалаушылар.
30-40 жылдардағы тіл дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогтің бірі – К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта еді. Ушинский баланың тіл қалыптасуындағы ана тілінің рөлін ерекше атап өтті. Оның тіл дамыту мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады деген пікірі күні бүгінгі дейін құнын жойған жоқ. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуде: халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын айта келіп, баланың жас ерекшелігіне қарай таңдап алынған ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде қайнар көзі болып табылады деп дәлелдеді. Сонымен қатар Ушинский балаларға шет тілін үйретуді өте жас кезінен бастауға болмайтындығын айта келіп бала алдымен өзінің ана тілін жақсы меңгергеннен кейін басқа тілді үйренуге бейімделеледі. Ушинский өзінің көзқарасын “Балалар әлемі және хрестоматиясы” (1861), “Ана тілі” (1864) деген еңбектері арқылы халыққа шығарды. Ушинскийдің бұл еңбектеріндегі ең құнды пікірлерінің бірі мектепке баратын балаларды дайындап оқытудың қажеттігі туралы еді. Ушинскийдің идеясын оның ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Оның шәкірттерінің бірі – А.С.Семенович. Ол Петербургте, Тбилисиде балабақшада тіл дамыту жұмысы бойынша тәжірибелер жүргізді. Оның әдістемелік теориясының негізінде “Отантану” деген еңбегі және жекелеген пәндік сабақтар өткізу керектігі жөніндегі сабақтардың балаларды қызықтыратын ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты.
Е.К.Водовозова – шәкірті. 1871 жылы оның педагогикалық тәжірибесінің негізінде “Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы” деген еңбегін жазды. Ол да Ушинский сияқты отбасында және балабақшада балаларды тәрбиелеудің басты құралы – халық ауыз әдебиеті деп түсінді, және мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған орта, табиғатпен таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді. Сондай-ақ жас бүлдіршіндердін байқағыштығын дамыту үшін балаға ойыншықтарды көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік беру керектігін айтты. Бұлардан кейін тіл дамыту әдістемесі бойынша пікір айтқандардың бірі — И.Е.Тихеева. Ол да Ушинский секілді ана тілін игерудің балабақшадағы және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізі деп қарады. Тихеева Россиядағы, Италиядағы балабақшалардың тәрбие, тәжірибелерімен танысып, кейін өзі де балабақшада меңгеруші болып қызмет істеді. Осы тәжірибесінің негізінде бақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары мен программасы болу керектігін айтты. Ол еңбектерінде ұсақ буржуазиялық еркін тәрбие теориясына қарсы шықты. Алайда, Тихееваның революцияға дейінгі көзқарасында теріс пікірлер де болды. Ол діни тәрбиені насихаттап, қоғамды таптардан жоғары ұйым деп қарады. Революциядан кейін Тихеева өзінің теріс көзқарастарынан айырылды. Өзі басшылық еткен балабақша мен Ленинград пединститутында тіл дамыту әдістемесінің оқыту тәжірибесін жинақтап “Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту” деген еңбегін жазды. Бұл еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Оның осы еңбегіндегі практикалық нұсқаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
Тіл дамыту әдістемесі Октябрь революциясынан кейін жете дамыды. Яғни, еліміздегі балабақшалардың саны артып мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық негізі қалыптаса бастады. Біздің елімізде балабақша халық ағарту жүйесіне енгізілді. Сондай-ақ ұлттық балабақшалар салынып, оларда сабақ өз ана тілінде жүргізіле бастады және ұлттық балабақшаға арналған кадрлар дайындау мәселесі қолға алынды.
1924 жылы балабақшаға арналған әдебиеттер бойынша комиссия құрылып, оған Е.А.Флерина басшылық етті. Комиссия балаларға коммунистік тәрбие беретін жаңа әдебиеттер жазу керектігін айтты. Осы кездегі балабақша жөніндегі бір теріс пікір ертегіні оқытуға тиым салумен байланысты еді. Бұл қателік 1934 жылы жазушылар съезінен кейін түзетілді. Еліміздегі балабақша жұмысының жақсаруы орталық комитеттің жаңа шыққан қаулыларымен байланысты болды.
Кеңестік мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуында Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі мол. Оның педагогикалық еңбектерінде балалар тілін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ол сөзді ақыл-ой тәрбиесінің негізі деп қарады. Ал, балалардың сөздік қоры олардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы қаншалықты білімдері, түсініктері бар екендігін көрсетеді деп есептеді. Сондықтан ол 1932ж. жазған “Балабақшаға арналған программа жобасына ескертпелер” деген мақаласында балаларды тыңдай білуге олардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып отыруға үнемі көңіл бөлу керектігін айтты. Сонымен бірге Н.Константиновнаның балабақшада балалардың тілін дамыту кезінде бақылау және қайталау әдістерін кеңінен пайдалану керектігі жөнінде пікір айтты. Крупскаяның пікірлеріне сай 1934ж шыққан балабақшаға арналған программада балалар тілін дамыту, кітаппен және суретпен жұмыс деген арнайы бөлімдер берді:
Программаның кемшілігі: Балалардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінбеді және тіл дамыту бойынша алынған тақырыптар саны өте аз болды.
1938 жылы “Балабақша тәрбиешісіне басшылық” деген атпен жаңа бағдарламалық әдістемелік құжат жарық көрді. Бұл басшылықтың тіл дамыту әдістемесіне балалардың мәнерлеп сөйлеуіне, қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Бірақ бұл басшылықта да қателік болды. Яғни, бала тілінің дыбыстық жағын байланыстырып сөйлеуіне көңіл бөлінбеді.
1945 жылы шыққан “Тәрбиешіге басшылықтың жаңа басылымында” ана тілін үйрету және айналадағы қоршаған ортамен таныстыру мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінді және осы кезеңде мектепке дейінгі мекемелерге арналған алғашқы ғылыми еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Е.А.Флерина. Ол қарапайым тәрбиешіден педагогика ғылымының докторына дейін көтерілген ғалым. Ленин атындағы Москва мемлекеттік пединституттың профессоры. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық даму заңдылықтарына, баланың тілін дамыту балабақшаға арналған ойыншықтар және оған қойылатын талаптар, сондай-ақ бақшада бейнелеу өнерін ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар педучилищеге арналған оқу құралдарын жазуға қатысты өзінің іс-тәжірибелері бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Жанды сөз” деген еңбегінде баяндады. Бұл еңбекте балалардың тілін дамытудағы баяндау, әңгімелеу әдістеріне тоқтала келіп, нақты мысалдармен ол әдістердің ерекшелігін дәлелдеп көрсетті. Сонымен қатар Флерина балалар әдебиетінің хрестоматиясын құрастыруға қатысты.
Бала тілінің дұрыс қалыптасуына О.И.Соловьева да айтарлықтай үлес қосты. “Балабақшадағы ана тілі” атты әдістемелік құралда автор көп жылғы тәжірибе негізінде балабақшаның әр тобындағы тіл дамыту әдістемесін ұсынды
1940 жылы еліміздің көптеген қалалары мен облыстарында мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне арналған ғылыми практикалық конференциялар өткізілді. Бұл конференцияда балабақшаға арналған ғылыми еңбектерге талдау жасалынып қол жеткен табыстар және алда тұрған міндеттер сөз болды. Сондай-ақ осы конфернцияда жеке адамдардың тәжірибелері ортаға салынды. Мысалы, Е.И.Радинаның “Балабақшада тіл дамыту” сабақтарында әңгіме әдісін қалай пайдалану керектігі жөніндегі баяндамасы өте сәтті шықты.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Ресейдегі тіл дамыту әдістемесінің дамуы.
Тіл дамытуға үлес қосқан ғалымдар, олардың еңбектері.
Ресей ғалымдарының тіл дамытуға байланысты еңбектерін талдау.
ІІ. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алмасу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
Ш. Өзіндік тапсырмалар. К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі және хрестоматиясы” және “Ана тілі” еңбектерін оқып, талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс№5. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері.
Дәрістің жоспары:
1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.
2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары.
Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары мен заңдылықтарын таныстыру.
Мазмұны:
Мектепалды тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістердің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі.
Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Бірінші заңдылық |
Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді,. Балалар тілдің фонологиялық мағынынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру. Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді.
|
Екінші заңдылық |
Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтауды талап етеді.
|
Үшінші заңдылық |
Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. Мұндағы әдістемелік принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару. |
Төртіші заңдылық |
Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мыныдай әдістемелік принципке негізделеді:
|
Бесінші заңдылық |
Фонетикалық грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы және тиісті жазбаша таңңбалар ұғыну барысында меңгеріледі. Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:
Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады. |
Алтыншы заңдылық |
Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып жазып сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
|
Жетінші заңдылық |
Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғынады. Сондықтан балалар үйренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет: Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс. |
Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепалды оқытудың негізі болып табылады:ол әдітемелік принцрптер осы заңдылықтардан туындайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылықтары.
2. Ана тілін меңгеру заңдылықтарын оқытудың маңыздылығы.
3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №6.Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
Дәріс жоспары:
Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
Мақсаты: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар және тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
Мазмұны:
«Тіл ой өсіреді» деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи көзеңдердің көркем шығармалардағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс-тәжірибелік білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін,әлеметтік өмірі тәжірибесін қалыпастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.
Сондай пәндердің бірі-іл дамыту пәні мекепалды даярлық кезңінде жүргізіледі. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау-жалпыдан жекеге қарай, яни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеерін ашып, білімі мен біліктілгін күшейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып абылады.
Балабақшалардың ересектер тобында балаларға оқып беретін мәтіндердің мағынасы ауымда, тілі жеңіл, көркем, ойы орамды, тәрбиелік маңызы зор, балаларға қайтары да, үйретеді де көп болары сөзсіз. Ана-тілі шексіз бай, теңгеуріні мықты тіл. Еңжақсысы бала –ана тілін құрметтегенде ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгеу болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын птриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-сол ана тілің.
Ана тілін бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай біл-саналы адамзат болғысы келтін жас адамның бірінші парызы. Ол туған жерді, елді, Отанды атамекенді сүйе білу деген сөз.
Кім ана тілін айырықша бағдарламада дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін безіп, асыраған анаңды ұмытумн бірдей. Анатілі-ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау.
Қазақ тілін нәтежелі үйрету үшін оның оықту әдістемесін жетілдіре түсу-бүгінгі үннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек –талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге оның өмір мұқтажына сай дамытып, оқытуды жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып ортыр. Осындай мәні мен мағызы зор өзекті мәселенің бірі-бала тілін дамыту процесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойынның дәлді, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ,алым негіздерін меңгеру нәтиежелері ана тілінд сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан, оқу-тәрбие процесі нәтиежелі болу үшін балалрға ана тіліміздің қыр –сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетінде де ұғындыратын, шығармашылық қабілетінің дамуына, коммуникативтік кәсіби іліктілігін, іс-қағаздары сауаты толтыру, жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі тіл дамыту бағдарламалары енгізілуді. Бағдарламны жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер туындайды.
Баланың жан-жақты, жүйелі кешенді дүниеге өзіндік көзқарасын зерделету.
Баланың тілг деген қызығушлығын оятып, білім сапасын өтеру;
Өзгелендіру тұрғысында жее тұлғаны жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;
Болашақ кәсіби мамандығын табуға байланысты әлеуметік сұранысты қамтамасыз етуге ұмтылдыру.
Бағдарламаның мақсыты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында бла бойына төмендегідей дағдылар қалыптасады.
Өз ойын, пікірін еркін жеткізе алу;
Байқампаздығының дамуы;
Құбылыстарды шынайы бағалай білуі;
Ой өрісінің, ұғымының кеңеюі;
Ізденгіштікке ұмтылуы;
«өз сөзін айту» мүмкіндігінің қалыптасуы;
Функционалдық сауаттылық пен коммуникативтік біліктілігінің артуы;
Жергілікті, аймақтық деректерді жинақтап, жүйелеу дағдыларының қалыптасуы.
Авторлық бағдарламаның ерекшелігі:
Қолданбалығында, өйткені бұл курста баланың қабілетін ескере отырып, тапсырмалардың деңгейлік негізде құралуы;
Баланың коммуникативтік біліктілігін арттырунда.
Аймақтық, ол жергілікті аймақтық ауына сөз шеберлігі олардың сөз саптау ерекшеліктері, ақын-жазушыларының еңбектері негізінде құралады.
Тіл дамыту пәнін меңгерту барысында оқу-әдістемелік кешені құрастырылды. Оқу-әдістемелік кешені оқу материалының мазмұны, тарауларының көлемі, балаың теорилық білімін нығайтып, танымдық ізденпаздыққа, шыармашылыққа жетелецтін, өз бетімен анализ,синтез бағалауға бұл лаын деңгейлік тапсырмалар бар жұмыс дәптерме, тест жинақтарының, сараланған сұрақ тапсырмалардан, логикалық, дидактикалық ойындардан, жергілікті жерден шыққан тума сөз шеберлері, батырлары, ақындары жайлы деректері бар оқу хретоматиясынан тұрады. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында бала білімін жәй деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеуде Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін, Ж. Қараевтың «деңгейлеп оқыту» технологиясын, проблемалық әдіс-тәсілдерін қолдану үлкен нәтиежеге жеткізді. Деңгейлеп оытудың әдіс-тәсілдері арқылы балалар:
- төменгі деңгейлік тапсырмалар ойынша, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделіп, берілген тілдік материалды дұрыс түсініп, ойын қорытындылайды.
- ортаңғы деңгейлік тапсырмаға бойынша бала теориялық негізде алған білімін практикалық үзінде ісе асырады, тақырып бойынша өз ойын айтады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады.
Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі қандай?
Оқу тәрбие процесін нәтиежелі болуы үшін қандай бағадарламалар енгізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №7
Тақырып: Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
Мақсаты: Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі туралы түсінік беру. Тіл дамыту жұмысының жүйесінің ерекшеліктерін ажыратып, мазмұнын анықтауға бағыттау. “Балбөбек”, “Алғашқы қадам”, “Зерек бала”, “Біз мектепке барамыз” бағдарламаларының ерекшелігін меңгерту.
Жоспар:
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.
Тіл дамыту жұмысының жүйесі
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының ”Жалпы және кәсіптік білім беру“ деген 21-бабында: Іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінетінін және осы Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Сонымен қатар осы Заңда 23-бапта көрсетілгендей мектепке дейінгі тәрбие отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымдарда, 1-6 жасқа дейінгілерді тәрбиелеу мен оқыту және мектепке даярлау міндеті білім беру бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Демек, мектепке дейінгі ұйымды халық ағарту жүйесіндегі бірінші баспалдақ деуге болады. Жас бүлдіршіндерді сауатты да, мәдениетті сөйлеуге үйрету балабақшадан басталады. Сондықтан білім мен тәрбие жұмысының негізгі мазмұны балаларды ауызша дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылады. Егер бала тілді, оның грамматикалық құрылысын жете меңгерсе, көргендерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, зат пен оның бөліктерінің арасындағы байланысты ажырата білуге үйренеді. Баланы дұрыс, мәдениетті сөйлеуге деген ынтасын оята білу қажет. Осы мақсаттарды көздейтін тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады және осы міндеттер тіл дамыту жұмысының жүйесін құрайды.
