Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методич указ ПТОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать
  1. 0810 Тігін машинасының техникалық сипаттамасы

Бұл машина табиғи тері, былғарыдан бұйымдар тігуге арналған.

Материал қалыңдығы – 0,3:1,5 мм.

Оның үстіне, көпшілік машиналар арнайы қосымшалармен жұмыс істейді. Мысалы, ELTAHOBB және DELTA PROFESSIONAL.

Қазіргі кезде тігін машиналары автоматтандырылған және жартылай автоматты агрегаттар деңгейіне жетілдірілді.

Тігін агрегаттары электрониканың көмегімен басқарылады (оператор тек қана пішінді бөліктерді бункерге салады және кассетаны ауыстырады). Сондықтан оператордың техникалық білімі жоғары болуы керек.

1

2

3

4

5

Тігін машинасының класы

0890

0810-1

0810-2

0810-3

Тігу жылдамдығы, тепшім, мм

2500

3000

3200

2500

Материалдың қалыңдығы, мм

8

4

2

9

Тепшім ұзындығы, мм

7

4

2,5

4

Тепшімнің типі

501

біртипті

шын-жырлы

шет ораушы

Машинаның габариті, үстел бетінің көлемі, машина салмағы, кг

400 х 295 х270

1200 х 660 х 1400

100

Электр қозғаушының қуаты, квт

«Х» жағдайда тоқтату автоматтандырылған

Ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтар

Ылғалды-жылулық өңдеу бұйымдарға (және оның бөліктеріне) тауарлық түр береді: тігістерді жатқызу, айыра үтіктеу, белдіктің, қалтаның шеттерін бүгу, пальтоның алдыңғы және артқы бөліктерін, өңір астылықты және бұйым бөліктерінің мыжылғанын жаза үтіктеу.

Бұл процесс қлай жүзеге асады?

Ылғалды-жылулық өңдеу кезінде:

  • материал ылғалданады;

  • материал ысиды;

  • материалға қосымшалар енгізіледі;

  • материалды құрғатады.

Әрине, өңдеу уақытына аса мән берілу қажет, режимнің ұзақтығы талшық түріне байланысты.

Тігін өнеркәсібінде үтіктің үш түрін қолданады:

  • электр үтігі;

  • бу үтігі;

  • булы электр үтігі.

Үтіктерді жіктеу салмақтарына байланысты (2, 2,5, 3, 4, 5, 6 кг).

Үтіктің жұмыс істеу кезінде сақталатын техникалық қауіпсіздік ережелері:

  1. Ток желісінің кернеуі үтік кернеуімен сәйкес болуы қажет (220-240В).

  2. Розетка жермен қосылуы тиіс.

  3. Үтіктің табанына жақындауға болмайды.

Үтіктің салмағы – 2 кг, электр қозғаушының қуаты – 1кВт, қызу температурасы – 100-200С, қызу уақыты – 10 минут.

2.1-сурет. УТП-2ЭП үтігі; 1 – тұрық; 2 – табан, 3 – тұтқа; 4 – клавиш; 5 – белгілер түсірілген диск

УТП-2ЭП үтігінің құрамы мынадай бөліктерден тұрады (2.1-сурет) тұрық, табан, тұтқа. Тұтқаның бүйір жағында клавиша орналасқан. Клавишаны басқан уақытта табанның саңылауынан бұйымға бу жіберіледі. Диск табанның қызу температурасын реттейді. Температура үтік табанның ойығына орналасқан термореттегішпен реттеледі.

2.2-сурет. Термореттегіштің құрылысы:

1 – реттегіш диск; 2,3 - ток жүргізуші түйіспе; 4-үйіспе, 5 – бейметалды пластина; 6 – дискінің стержені

Үтік температурасын реттеу үшін термореттегіш салынған пластина екі әр түрлі қабатталған металдан тұрады, олар қызған уақытта бірдей кеңеймейді, пластинка жоғары қарай майысқанда түйіспені (контакт) басады. Ток жүргізуші түйіспелер ажыратылады, электр тогы үзілді де, үтік салқындайды.

Салқындағаннан кейін пластина түзіледі, ток жүргізуші түйіспелер тұйықталады да, ізінше шала үтік қызады.

Н арақашықтығын өзгертіп, дискіні бұрсақ, стержень үтік температурасын реттейді. Н көп болса, үтіктің қызуы көп болады.

Қозғыш өңделетін матнриалмен бір деңгейде болуы қажет. Пульверизатормен жартылай фабрикатты дымқылдайды.

«TEFAL» үтіктердің сипаттамалық ерекшеліктері

Ультраглисс үтігі.

Профиль 70,1655 коды.

2.3-сурет. «TEFAL» үтіктері: 1- жұмыс режимін реттеу: құрғақ бумен; - тотықтануға қарсы стержень; 3 – термореттегіш; 4 – саңылау бітегіш, 5 – кнопка, 6 – бүркіп шашушы; 7 – температура шамы

Техникалық сипаттама:

Қуаты -1400Ватт.

Реттелінетін бу минутына – 0-20 г/мин.

Үтік конструкциясы құбырдағы суды қолданады.

Крахмалды қолдану кезінде матаға шашылғаны дұрыс.

Әк дағынан өзін-өзі тазаратын бу-камерасы ескерілген.

Тотықтануға қарсы стерженьді өзін-өзі тазалануымен қоса, айына бір рет тазартуға кеңес береміз:

  • Үтікті қосарда резервуарда судың болмауына көз жеткізіңіз.

  • «Self clean» жағдайына қарай жұмыс режимін реттеп қондырыңыз, сол кезде стержень аздап көтерілді.

  • Стерженьді жауып, беттегішті ашыңыз. Бір қолыңызбен ашып тұрыңыз, екінші қолмен стерженьді суырып алыңыз.

  • Оны ақ уксусқа немесе таза лимон шырынына 4 сағатқа салып қойыңыз (2.5-сурет). Содан кейін стерженьді суға жуыңыз, бірақ саусақтарды тигізбеу керек.

Стерженьді шығару операциясы

2.4-сурет 2.5-сурет

Тотыққа қарсы білік стакандағы табиғи лимон шырынына салып қойылған. Үтік тотыққа қарсы біліксіз ток тізбегіне қосылмайды. Білікті қояр алдында, міндетті түрде режим реттегішті «Self clean-ға» қою керек, жапқышты бастапқы жағдайына келтіру қажет.

Су құю

Үтік токқа қосылып тұрғанда, режимді реттегіш «sec» позициясында болу керек.

Сұрақтар:

  1. УТП-2ЭП үтігінің құрлысы.

  2. Үтіктің қызып кетуі неге байланысты?

  3. Буынға бу қалай жіберіледі?

  4. Үтіктің қызу температурасын қалай реттейді?

  5. Үтік жіктелуінің негізі неде?

  6. «TEFAL» фирмасының үтігі басқа кодтармен сәйкестендірілгенде несімен ерекшеленеді?

  7. Үтіктеушінің жұмыс орны неден тұрады?

  8. Үтіктеу престері қалай жіктеледі?

  9. ПГУ-2 пресінің жалпы құрлысы қандай?

  10. Үтіктеуші жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Тапсырма:

  1. Ылғалды – жылулық өңдеуге арналған жабдықтардың даму кезіңін бөліп көрсетіңдер.

  2. Қауіпсіздік техникасының ережелерінің пункттерін негіздеңдер.

  3. 2.1-кестедегі материалға байланысты үтіктерге сипаттама жасаңдар.

  4. Сырт көрінісіне қарай үтіктің класын, кодын анықтауды үйреніңдер.

  5. Тотыққа қарсы білікті кассетаны алып- шығарып жаттығыңдар.

  6. Әр түрлі кластағы үтіктермен жұмыс істеп көріңдер.

  7. Ауалы-булы манекенді сипаттаңдар.

  8. ППУ-2 пресінің ерекшелігін талдаңдар.

ТІГІН МАШИНАЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Тігін машинасы- тері, бұйым және бас киім өндірістерінде қолданылатын машиналардың әр түрлі және ең көп тараған түрі. Тігін машиналары құрастырып шығару және технологиялық белгісіне қарай және зауыттық деп жіктеледі.

Құрастырып шығару белгісі бойынша жіктеу (классификациясы) негізінде оның осы типті сипаттайтын құрастыру ерекшеліктері жатады. Бұл жіктелім бойынша тігін машиналары екі топқа бөлінеді: әмбебап және арнайы. Әмбебап тігін машиналарына бірнеше технологиялық операция жасайтын тігін машиналары жатады,мысалы: 1022,1022 Мкл, 97 кл, 97 Акл және тұрмыстық тігін машиналары ПМЗ-2, «Чайка»- 412 көйлек, польто бас киімдер тігу кезінде әр түрлі операциялар жасайды.

Арнайы тігін машинасына белгілі бір технологиялық операция жасайтын, мысалы: ілмекті торлау(петельный), түйме қадау, торлау. Жасырын тігісті, т.б. машиналар жатады.

Технологиялық белгісі бойынша жіктелім тігін машинасының атқаратын міндетіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) түзу тігісті қайықты;

б) түзу тігісті бір жіпті ілмекті;

в) түзу тігісті көп жіпті ілмекті;

г) ирек тігісті (зигзагообразный)

д) түйме қадайтын жартылай автоматтық;

ж) ілмек торлайтын жартылай автоматтық;

з) жартылай автоматтандырылған әртүрлі бұйым бұйым бөлшектерін өңдеуге арналған, мысалы: жаға, қаттама, жеңді қондыру( 302 клПМЗ).

Зауыттық жіктелім тігін жабдықтарын жүйелеуге арналған.

Жаңадан жасалған тігін машинасына осы жіктелімдерге сәйкес өзінің шартты белгісін және тиісті класын белгілейді. Тігін машинасын швғаратын әр зауыт өзінің кезекті маркасын әріппен және цифрмен белгілейді. Үлгі әріппен немесе цифрмен белгіленеді(РЛ-4, КЛ-1). Әріппен белгіленгені машина конструкциясының ерекшелігін белгілейді, мысалы: РЛ-таспалы қию машинас(раскройная-ленточка), ал 4 сандық белгісі кезекті өзгертілуін көрсетеді.

« Подольск» және « ОЗЛМ» машина зауыттары әріппен және сандық белгілермен класқа бөлінеді немесе беріледі (мысалы: 22-А, 1022, 97Акл, 51кл, 51Акл, т.б.).

Бұл жерде сандық белгі шығарылған модельдің кезегін, ал әр класын және де өзгертілгенін немесе қосымша бөлшектерін ойластырып бергенін көрсетеді.

Конструкциясын қарай машиналар бір инелі, көп инелі,қайықты, қайықсыз, айналмалы, тербелмелі қайықты машиналарға бөлінеді.

Барлық машиналарды әмбебап және арнайы топқа бөлу қабылданған.

Әмбебап машинаға бірнеше технологиялық операцияларды орныдай алатын тігін машиналары жатады, олар -22-Ам, 1022, 1022Мкл, 97кл, 97Акл, 397кл. Арнайы машиналарға бір ғана технологиялық операция орындай алатын тігін машиналары жатады, олар-85кл, 25-Акл, 525кл, 27кл, және 95кл, 1095кл.

Жұмысшыныңу машинаны басқаруға қатысуы және бақылауы тұрғысынан машиналар автоматтандырылған, автоматтандырылмаған және жартылай автоматтандырылған болып бөлінеді. Автоматтандырылған машина барлыұ операцияны толық өзі орныдайды; автоматтандырылған машина жұмысшылардың көмегін қкжет етеді; жартылай автоматтандырылған машинада көбіне операцияларды машина орныдайды, бірпқ та жұмысшылпрдың көмегі де қажет. Мысалы: ілмекті торлау тігін машинасында жұмыс істеу кезінде жұмысшы бұйымды орналастыру және алу кезінде ғана керек, ал қалған операцияны торлау, матаны тесу, тасымалдау, машинаның тоқтау циклі автоматты түрде орындалады. Тігін машинасы тігіс түріне қарай төмендегі кестедегідей болып бөлінеді.