Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методич указ ПТОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

Тігін жабдықтарының даму тарихы Үтіктер

Алғашқы үтікті VIII ғасырда Қытайда жібек үтіктеу үшін қолданған. Бұл үтік ішіне ыстық көмір салынған темір ыдыс іспеттес болған. Алғашқы шойын үтіктер XVII ғасырда ойлап табылған (олар қызу шоқ үстіне қойылған).

Электр үтігін 1882 жылы американдық Генри Сили ойлап тапқан. Сол уақыттан бері үтік қазіргі заманғы пішіні мен пайдалану технологиясына дейін жетілдірілген. Еуропада алғашқы электр үтігін инженер Лео Перуйе құрастырған. Оның құрастырған үтігін «Колор» фирмасы шығарды, қазір ол әлемде ылғалды-булау жабдықтарын шығарудан жетекші орынға ие.

«Колор» фирмасы үтік үлгілерін құрастырудан бастап, оны өндірудің жоғары сұранысын қанағаттандыруға жетті. Танымал фирма өз зертханаларында үтікті сынақтан өткізу, сапасына, қауіпсіздігіне тексеру жүргізу арқылы сертификат беру құқығына ие болды. «Колор» фирмасы шығарған булы «TEFAL» үтігінің «SUPER CLISS ACTIF» табанына әлем бойынша жалғыз потент берілген. Мұндай табан екі бағытта үтіктеуге әк тотығына қарсы кассеталармен қамтамасыз етілген және ілулі тұрған бұйымдарды үтіктеуді жүзеге асырады. Тұрақты бу шығаратын «Либерти-2» үтігі, сондай-ақ қосымша бу шығарады.

Бұл үтік үш түрлі жағдайда қолданылады:

  1. Үтік буымен (шнурымен);

  2. Баусыз;

  3. Бауым арнайы орынға салынған.

«Машнекс» үтігінің «TEFAL»-дан айырмашылығы:

- жоғары қуаты және табанының хромнан жасалуы;

- үтік буының табанның үшкір бөлігінен шығуы;

- әк тотығына арналған алмалы-салмалы тетігінің болуы (үнемді және ыңғайлы);

-су тамызбайтын жүйесінің болуы;

-«Джинсы» режимнің болуы (джинсы және қалың маталарды үтіктеуге арналған).

Тігін машинасының шығуы тарихы

Тігін машинасын ойлап табу тарихы үлкен қызығушылық білдірді. XV ғасырдың соңында ең алғашқы болып Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды, бірақ ол жүзеге аспай қалды. 100 жыл өткеннен кейін XVI ғасырдың аяғында ағылшындық Уильям Ли әйелінің бізбен тоқыған қолының қимылын ықыласпен байқай отырып, тоқыма машинасын ойлап шығарды. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь қол тігісінің көшірмесін жасайтын тігін машинасына патент алды.

1790 жылы ағылшын Томас Сент етік тігетін тігін машинасына патент алды, машина қолмен қимылға келтірілді және етік бөлшектері инеден қолмен ығыстырылатын еді, инежылжытқыш тік жазықтықта қайырма-үдемелі қозғалыс жасайтын.

1808 жылы ағылшын Т.Сент, Д.ПИРИ тігіншілерге арналған жеңіл сөгілетін ілмекті түзу тігісті тігін машинасын ойлап шығарды. 1829 жылы француз Б.Тимонье бір жіпті ілмек тігісті тігін машинасын ойлап шығарды. 1834 жылы американдық Уолтер Хант қайықты құрылысы және ине көзі ұшталған тігін машинасын ойлап шығарды, бұл бірінші қайықты тігін машинасы еді, онда жоғарғы және төменгі жіп қолданылды. Мұндағы бір кемшілік, шөлмек механизмінде төменгі жіпті тартып реттегіші болмады. 1843 жылы У.Хант және Б.Бин қисық ине қолданылатын тігін машинасын ойлап шығарды. 1844-1845 жылдары американдық Элиос Хоу қайықты тігін машинасына патент алды, бұл тігін машинасында мата арнайы жылжытушы тұтқа түйреуіштеріне тігінен қадалып орнатылады және бір түзу бағытпен алға ғана жылжитын доға тәрізді ине көлденең жазықтықта қозғалды, ал қайық тоқу станогының қайығы сияқты алға-артқа жылжып отырды. Кейіннен тігін машинасын ойлап табушылар мұны жетілдіре түседі. 1850 жылы Алена Вильсонның және Гиббстың, 1851 жылы Исаак Зингердің тігін машиналарында ине ине тігінен орналастырылған, мата табанмен көлденең платформаға қысылып жылжитын болды, ал мата тісті дөңгелек көмегімен, соңыра тісті пластинка (рейка) көмегімен жылжыған. Исаак Зингердің ойлап тапқан тігін машинасы қазіргі заманғы тігін машиналарының түріне келтірілді. Осы кезеңде Еуропада тігін машиналарын шығаратын өндірістер пайда бола бастады. Ағылшын Томас Эйт, неміс Детон Ноуман және Вилли Пфафф, швед Хускварна және басқалары тігін машинасына жаңалықтар енгізу және дамытумен айналыса отырып, өздерінің фирмаларын аша бастады. Тігін машиналары АҚШ-тан Азия құрлығына жеткізіле бастады. 1877 жылы Жапонияға жеткізілді. 1850 жылы Исаак Зингер өзінің фирмасын ашты, Хоудың тігін машинасына жаңалықтар енгізе отырып, тігін машинасын шығара бастады. 1870 жылы «Зингер» тігін машинасын шығаратын алып фирма Америкада ғана емес, дүние жүзінің басқа мемлекеттерінде де филиалдарын ашты.

Патшалық Ресейде тігін машинасы өндірісі болмағандықтан, құрал-жабдықтары шетелден алып келінген. Мысалы, Подольскі қаласына шетелден алып келінген «Зингер» тігін машинасының бөлшектерін құрастыратын шеберхана ашылды, онда жылына 600 мың тігін машинасы шығарыла бастады.

Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін ғана отандық тігін машинасын жасайтын өндіріс орындары пайда бола бастады. Сөйтіп, КСРО-да тігін машинасын жасау зауыттарының құрылысы басталды. Қазіргі кезде тігін машинасы өндірісі жоғары сапалы және жоғары өнімді құралдармен жабдықталған және одан әрі жетілдіріліп келеді. Қазіргі заманғы тігін технологиясының өркендеу талаптарына сәйкес ең басты экономикалық мақсат – қоғамдық өндірісте дүниежүзілік ғылым мен техника жетістіктерін көтеру, еңбек өнімділігінің одан әрі өсу жолдарын іздестіру, халық шаруашылығының тұрақты өркендеу қарқынын көтеру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, өндіріске жаңа технология жетістіктерін енгізу арқылы және өндірісті механикаландыру, автоматтандыру арқылы тігін бұйымдарының саны мен сапасын көтеру көзделіп отыр.

Қазіргі кезде тұрмыстық тігін машинасын үлкен екі топқа бөлуге болады: электрмеханикалық және компьютерленген. Сондай-ақ, компьютерленген кестелі тігін машинасы топшасы бар. Бұл тігін машинасының ең маңыздылығы сол – тігіс және операцияларының көптігі.

1.1-сурет. «ПФАФФ 2140» компьютерленген кесте тігін машинасы және кесте үлгісі

Электрмеханикалық тігін машинасында орта есеппен 10-нан 40-қа дейін түрлі тігіс орындалады. Қазіргі кезде тігісті «бағдарлама» дейді. Оларды мынадай топқа бөледі: жұмысшы, декоративті, торлау (оверлочные).

1.2-сурет. «Хускварна викинг» компьютерленген кесте тігін машинасы және кесте үлгісі

Компьютерленген кесте тігін машинасының 500-ден аса тігін бағдарламасы бар (220 жұмыс және декоративті тігіс, 11 түрлі ілмекті, 324 әріп, 4 алфавит). Оларды дербес компьютерге қосуға болады, тінтуір (мышь) арқылы кесте өрнектерін салуға болады.

Тігін машинасының негізгі бөлшектері, механизмдері және жұмыс құралдары

Барлық тігін машиналары келесі элементтерден тұрады: бөлшектер, буындар және механизмдер.

Бөлшек – құрастырушы операциясыз жасалатын элемент, мысалы: винт, гайка, білік, болт, шпонка.

Буын дегеніміз – бөлшектер тобы. Буындар қозғалмалы және қозғалмайтын болып келеді. Қозғалмайтын бөлшектер бір қатты қозғалмайтын денені құрайды(мысалы, машинаның корпусы). Әрбір қозғалмайтын бөлшек, топ бөлшектері бір қатал жүйені құрайды, оны қозғағыш буын дейді (иін, бұлғақ, жетектеме, т.б.). Екі қосылған буын бір-біріне қарағанда қозғалатын кинематикалық жұпты құрайды. Кинематикалық жұптардан құралған буын (звено) кинематикалық тізбекті құрайды. Қол тігістеріне (стойка) орналасқан барлық механизмдер кинематикалық тізбектен тұрады.

Машина – бұл механизм немесе механизмдер үйлесімі, белгілі бір жұмыс жасау үшін қозғалыстың қайта өзгеруі немесе жұмыстың аяқталған түрі. Әрбір механизм немесе бөлек түйіндердің өзара қарым-қатынасын анық түсіну үшін арнайы шартты белгілермен белгіленген сызбамен сызып көрсетеді (1-кесте). Тігін машинасының негізін орындаушы механизмдер құрайды, яғни тасымалдаушы механизмдер арқылы электр жетегінен қозғалыс алады және технологиялық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Негізгі жетек (привод) – білік тасымалдаушы механизм болып табылады, машинаның айналмалы қозғалысын әр түрлі элементтердің көмегімен жүзеге асырады. Тігін машинасының жұмыс мүшелері жұмыс істеуші бөлшектер және орындаушы бөлшектер деп бөлінеді.

Тігіске қатысты бөлшектер: ине, қайық (челнок), жіптартқыш, тісті рейка, табан, ілмек және т.б.

Машинаның жұмыс мүшесіне қозғалыс беруші және жіпті дұрыс реттеуші бөлшектер: білік (вал), бұлғақ, иін, бұлғақты иін, жұдырықша, саусақ, тісті дөңгелек, эксцентрик, т.б.

Буындардың жинау және бекіту механизмін қамтамасыз етуші бөлшектер: гайкалар, болттар, бүркеншіксіз шеге (штифты), финттар.

Қозғалмайтын бөлшектер: машинаның корпусы, қоршаулы механизмдері және т.б.

Тігін машинасының кинематикалық элементтері және буын мен бөлшектердің негізгі шартты белгілері

Кинематикалық элемент, бөлшек, буын

Жазықтық

Кеңістік

1

2

3

Топсалы, ұсталған жері қозғалмайтын бір жазықтықтағы тірек

Үш жазықтықтағы қозғалыс

Иінді бұлғақ

Жазық жұдырықша бойлай ауысушылығы

Дискілік

Эксцентрикалық

Қозғалмайтын, жылжымалы бағыттағыш жетектеме

Цилиндірлі барабан

Жалпақ таспалы беріліс

Тісті беріліс

Шынжырлы беріліс

Конус тәрізді

Рейкалы

Цилиндірлі

Маховик дөңгелегі

Ось дегеніміз – әр түрлі өзіне қатысты және қатысты емес бөлшектерді ұстап тұратын машина бөлшегі.

Білік – оське қарағанда айналмалы қозғалысқа арналған машина бөлшегі. Ось тік стерженьді болып келеді, ал білік тік және иінді болып келеді.