Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методич указ ПТОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

Қол жұмыстарына жұмыс орнын ұйымдастыру

Еңбектің оның жұмыс жасау сапасы, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра білуде болып табылады. Жұмыс орнының

өлшемі әртүрлі, ол бұйымның түріне, көлеміне, жасалу жолына байланысты.Қол жұмыстарын отырып немесе тұрып та жұмыс орындауға болады.

Еңбектен шығар өнім жоғары сатыда шығуы үшін жұмыс орны дұрыс жасақталуы керек.Көз жанары мен дайындап жатқан бұйымның арақашықтығы 25-30 см, аяқ арнайы орындық басқышында тұруы қажет.Қолмен дайындалған бұйымды орындауда құрал- жабдықтар, жұмыс жасаушының оң жағында орналасуы талап етіледі.

Рет

саны

Жұмыс орнын жасақтау

Сурет

1.

Стол – беті тегіс, құрал – жабдықтар арнайы сақтайтын жәшіктерімен болу

2.

Жарық түсіретін жарық лампасы

3.

Қозғалмалы орындық(ине- жіптер құралдары)

4.

Қоқыссалғыш

5.

Аяқ қойғыш тақтайша

6.

Бинтталған орындық(жоғары көтерілу және жан- жаққа бұрылу үшін)

Қол жұмыстарына арналған құралдар

Қол жұмыстарына арналған аспаптарға қол ине,оймақ,қайшы, сантиметрлік таспа,ал құралдарға манекен,лекалолар,пышақтар жиынтығы,қысқа қазық,түйреуіш және т.бт жатады. Қол жұмыстарына арналған тігін инелер орындалатын жұмыс түріне байланысты әр түрлі болып келеді.Көктегенде түйрегіш инелер ыңғайлы олар ұзын және дөңгелек көзді болады.Орташа ұзындықтағы тігін инелер-ұзын,ұшы өткір және көзі кішкентай. Ұшы доғалданған инелер тоқыма маталарды тігу үшін қолданылады.Мұндай инелер кездеме жіптерін зақымдамай,ілгекте- рді оңай қозғап,арасына тез кіріп кетеді.Қысқы тігін инелер дөңгелек көзіменғ,майда тепшімдермен тығыз маталарды сырып тігу үшін қолданылады.

Түйреуіштер бөлшектерді уақытша біріктіру үшін пайдаланылады. Ол жұмыстың орындалуын жылдамдатады.

Жастықша түйреуіш пен инелер жоғалып қалмас үшін,жинап қоюға қажет.

Оймақ тігін жұмысы кезінде қолда ине шаншудан сақтауға арналған аспап.Оны оң қолдың ортан саусағына киеді.Оймақтың сыртқы бетінде кішкентай шұңқыршалар болады,олар иненің сырғанап жылжуына кедергі жасайды.Оймақ саусақта тақау,тығыз болуға тиіс,сондықтан оны қолдың отан саусақтың жуандығына сай таңдайды.Инені оймақтың түпті және түпсіз түрлері бар.

Жіп өткізгіш-өте жіңішке жасалған ілмек,жалпақ пластинаға бекітілген,жіпті ине көзінен өткізу үшін қолданылады.Бұл жабдық жіпті тез сабақтауғажіпті матаның теріс бетіне өткізуге немесе ілмекті кетіруге пайдаланылады.

Сантиметрлік таспа.Тігін жұмыстарындағы ең негізгі өлшеу құралы,оны сантиметр деп те атайды.Ұзындығы 150 см,берік созылмайтын матадан жасалады.Ұштары жұқа темірмен көмкеріледі.Сантиметрлік екі беті де ұзына бойына сызықшалармен белгіленеді.Сантиметрлік таспанаң сандары өшіп немесе таспа тесіліп қалса,ұшындағы көмкеру темірі түсіп қалса,сатиметрлік таспаны ауыстыру қажет.

Сызғыштар.Ұзындығы 1 м,жалпақ ағаштан жасалады.Ол матаға үлгілірді жайғанда,үлгі сызбаларын тұрғызғанда пайдаланылады. Мөлдір сызғыш көбіне шаблон ретінде қолданылады.Ондай сызғыш көмегімен жіп бағытын бақылау,темпелерді,бүкпелерді, қайтару сызықтарын белгілеу оңай.Жүгіргіш сызғыштың көмегімен матаны тез тегістеп,белгілеу сызықтарын жылдам түсіруге болады. Ол ұзындығы 15 см темірден немесе пластмассадан жасалады.Т тәрізді мөлдір сызғыш жіптердің қиылысуын анықтауға көмектеседі,тік бұрыштарды сызуға,үлгілерді реттеуге көмектеседі. Тігінші үлгісі пішу жұмыстарына,үлгілеуге және пішуге көмектеседі. Сонымен қатар,қалам,қағаз және өшіргіштер де қажет.

Пішу жабдықтары. Фигуралы тұтқасы бар тігінші қайшысы пішу жұмыстарына өте қажет. Пышақтарының бұрылу бұрышы матаны көтермей-ақ қырқады.Тұтқасы әр түрлі болады,үлкеніне төрт саусақты да кіргізуге болады.Қайшыны қол өлшеміне қарай таңдау қажет.Пышағының ұзындығы әр түрліболуы мүмкін.Бұндай қайшылар 8 қабат матаны түбіне дейін қырқады.Егер жиі және көп қырқу керек болса,онда электрлі қайшыларды қолдану керек. Жүзі тісті қайшылар мата шеттерін иректеп қияды. Мұндай қайшымен шеттері сетінемес үшін матаның жиектері қырқылады. Пішу үстелі жерден 90 см биіктегі,беті қатты,теп-тегіс жылтыр болу керек. Тойтарылатын қосылыстар күрделі емес және ұзақ уақыт қажет етпейді,оларды орындау кезінде оңай құрылысты аспаптар қолданылады,сондықтан еңбек өнімділігі жоғары болады.Осы қосылыстардың кемшіліктері де бар:өтпе тесіктердің бар болуы және бұйымның біріктірілген түйінді ажыратуға болмайтындығы.