- •Сырт киім әзірлеуге ңойылатын талаптар
- •Дымқылдық-жылулық жұмыстар
- •Қол жұмыстарына жұмыс орнын ұйымдастыру
- •Қол жұмыстарына арналған құралдар
- •Қол тігістері және олардың қолданылуы
- •Қолмен тепшіп тігуге мінездеме
- •Қол тігістің терминологиясы
- •Қол кестесі
- •Тігін жабдықтарының даму тарихы Үтіктер
- •Тігін машинасының шығуы тарихы
- •Тұрмыстық тігін машиналарының жетектері
- •0810 Тігін машинасының техникалық сипаттамасы
- •Ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтар
- •Тігін машиналарының тігіс түрлерінің жіктелуі
- •Тігін машинасы жұмысының техникалық-конструкциялық негіздері
- •Кез келген тігін машинасының жұмыс механизмдері.
- •Тігін машинасының инесі және оның жіктелімі
- •Тігін машиналарында қолданылатын жіп және инелердің түрлері
- •Тігін машинасының ине механизмі
Дымқылдық-жылулық жұмыстар
Бұйымдардың сырт көрінісі дымқылдық-жылулық өңдеуден өткізудің сапасына байланысты болады, сондықтан оны дұрыс орындаудың үлкен маңызы бар.
Тігін бұйымдарын дымқылдық-жылулық өңдеуден өткізу жабдықтары қосымшада келтірілген (П2 кестесін қараңыз).
Дымқылдық-жылулық жұмыстарды атқарған кезде мынадай ережелерді сақтау қажет:
1. Бөлшектерді алдын ала дымқылдайды немесе булайды, содан соң толық кепкенше үтіктейді.
2. Тігісті үтіктер алдында оны екі жағынан отырғыза үтіктеп алу керек. Содан кейін шығыңқы жерлерді бөлшектер бетіне жатқыза үтіктейді.
3. Дымқылдық-жылулық өңдеуді ішкі жағынан тігіс бетіне ешнәрсе жаймай-ақ ең бетіне жайып атқару керек.
4. Бұйымдарды дымқылдық-жылулық өңдеуден өткізуді негізінен ішкі жағынан, ал преске салуды ең жағынан атқарады.
5. Үтіктеген соң көктеу жіптері қалатын мата бөліктерінің шет жақтарын (өңір, жаға, етекұштары т. б.) дымқылдық-жылулық өңдеуден екі қайтара өткізу ұсынылады: алдымен сәл дымқылдап немесе дымқылдамай үтіктейді, содан соң (көктеу жібін алып тастағаннан кейін) бөлшектерді қажетінше дымқылдап қайта үтіктейді.
6. Дымқылдық-жылулық өткізу нәтижесінде бұйым бөлшектерінің оң жақтарында жалтырап қалған жерлерін булау көмегімен кетіреді.
7. Ашық түсті материалдардан әзірленетін бұйымдарды дымқылдық-жылулық өңдеудің барысында үтіктейтін үстелді немесе престің жастығын ақшыл мата жамылғымен жабады.
8. Дымқылдық-жылулық өңдеуден әбден өткізіп болған соң, бұйым оған берілген форма толық тұрақтанғанға дейін ілінген күйде кептірілуі тиіс.
Дымқылдық-жылулық өңдеуден өткізудің негізгі шамалық көрсеткіштері мыналар болып табылады: температура, престеу қысымы, өңдеуден өткізу уақыты және дымқылдау (5-кесте).
5-кесте. Электрмен қызатын жабдықтармен материалдарды дымқыл-жалулық өңдеуден өткізудің шектік шамалары (ЦНИИШПа көрсеткіші бойынша)
Материал |
Әсер ету температурасы, С0 |
Престеу қысымы, кПа |
Үтік салмағы, кг |
Өңдеу уақыты, с |
Материал массасына қарай дымқылдау, % |
||
пресс |
үтік |
прес пен |
үтікпен |
||||
Костюмдік мата |
180 |
180 |
30-120 |
4-6 |
5-12 |
30 |
30 |
Лавсан аралас костюмдік мата |
150 |
160 |
30 |
4-6 |
10-25 |
30 |
20-30 |
Нитрон аралас жартылай жүн костюмдік мата |
150 |
160 |
30-50 |
4-6 |
10-15 |
40-60 |
20 |
Лавсан және жасанды жібек аралас жартылай жүн костюмдік мата |
140 |
150 |
30 |
4-6 |
15-30 |
40 |
20-30 |
Тоқыма емес: жартылай жүн мата |
140 |
160 |
20-30 |
4 |
15-20 |
25 |
Аздап |
Тоқыма емес мақта мата |
140 |
160 |
10-20 |
4 |
10-12 |
25 |
Молынан |
Мақта және кенеп маталар |
140-160 |
190-200 |
15-100 |
6 |
10-45 |
30 |
20-30 |
Астарлық мақта және жасанды жібек маталар |
140-160 |
160-180 |
15-100 |
4-6 |
10-45 |
30 |
20-30 |
Астарлық ацетаты жасанды жібек |
140 |
140 |
50 |
4-6 |
5 |
10-20 |
15-20 |
Астарлы жасанды жібек-капрон мата |
- |
150-160 |
- |
4-6 |
- |
20-35 |
- |
Ескерту. Кестеде бұйымдардың бетіне ешнәрсе жаймай престеудің шектік температурасы көрсетілген. Бетіне бірнәрсе жайылып үтіктелгенде престеу температурасын 5-100 С көтеруге болады.
