- •Сырт киім әзірлеуге ңойылатын талаптар
- •Дымқылдық-жылулық жұмыстар
- •Қол жұмыстарына жұмыс орнын ұйымдастыру
- •Қол жұмыстарына арналған құралдар
- •Қол тігістері және олардың қолданылуы
- •Қолмен тепшіп тігуге мінездеме
- •Қол тігістің терминологиясы
- •Қол кестесі
- •Тігін жабдықтарының даму тарихы Үтіктер
- •Тігін машинасының шығуы тарихы
- •Тұрмыстық тігін машиналарының жетектері
- •0810 Тігін машинасының техникалық сипаттамасы
- •Ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтар
- •Тігін машиналарының тігіс түрлерінің жіктелуі
- •Тігін машинасы жұмысының техникалық-конструкциялық негіздері
- •Кез келген тігін машинасының жұмыс механизмдері.
- •Тігін машинасының инесі және оның жіктелімі
- •Тігін машиналарында қолданылатын жіп және инелердің түрлері
- •Тігін машинасының ине механизмі
Тігін машинасының ине механизмі
Машина білегінде орналасқан ине механизмінің көмегімен ине белгілері-кейінді қозғалады.
Иненің осындай қозғалысына қарай, оның қолданылуын анықтайды:
Мата тесу;
Жоғарғы жіпті мата арасынан өткізу;
Ілмектің пайда болуына немесе салпыншаққа қатынасуы.
Ине матаны тесіп, мата арасынан жіп өткізеді. Ине көзінде ілмек пайда болады. Қайық тұмсығымен ине көзіндегі ілмекті іліп алып және шпульканың қақпақшасын айналдыра орап, жіптің айқасуын орындайды.
1-ине; 2- баспа табан; 3-қайық;
Тігін машинасы инесінің қол тігісіне пайдаланатын инеден айырмашылығы көп. Біз, мүмкіндігімізше, машиналарды талдадық. Бір-бірінен конструкциялық, қозғаушы күші жағы ерекшеліктері бар. Соның ішінде солардың инелері де әртүрлі:
Тігілетін материалдары бойынша. Мысалы, жібек мата тіккенде 10,6мм, ал ауыр мата тіккенде 3 мм ине қолданылады.
Инелердің пішіні бойынша. Мысалы, 2 матаны қосып тігерде түп-түзу ине қолданылса, жалпақ тігіс орындағанда қисық ине қолданылады. Тізбекті тігіс орындайтын машиналардың инесінің екі науашасы болады, ал көмкеріп тігетін машиналардың инесінің жүзі қисық болып келеді.
Тұрмыстық тігін машиналарының өндірістік машиналардан айырмашылығы:
А) әртүрлі инелердің колбаларының диаметрлері бірдей;
Б) колбада бір ғана жалпақ мыска бар;
Машина инесінің құрылысы
1-көз; 2-ұзын науаша; 3-қысқа науаша; 4-мыска; 5-инеұстатқыш
Машина инесі түзу, тегіс, үшкір болуы керек. Ине жүзінің соңында иненің көзі мен ұшы орналасқан.
Иненің ұшы- иненің матаны тесетін жұмысшы бөлігі. Ине көзіне жіп сабақталады,солардың күшімен маталар белгілі айқастармен біріктіріледі. Ине жүзінде науашалары бар. Тігін машинасында олар жұмыс кезінде жіпті матадан қажалуын сақтайды. Ине жүзі матаны тескен кезде, жіп ұзын науашаға жалғасады. Ине колбасының жазық жағына ине номері жазылады. Колба инені инежүргізгішке бекіту үшін қажет. Иненің пішін, қзындығы жұмыстың орындалу түріне байланысты.
Ине матаның қалыңдығына, сапасына, тігін жіпке байланысты әр түрлі номерлі болады.
Инені болаттан жасайды. Ине номеріне жүзінің қалыңдығы сәйкес келеді.
В. И. Червяков бойынша , ине жүзінің диаметрі оның номеріне миллиметрдің 100 бөлігіндей ғана айырмащылықта. Егер ине номері 100 болса, оның жүзінің диаметрі 1 мм болады. Тігіс матаны тоздырып жібереді, қалың тығыз маталар тез тозады.имата тозуы көбіне ине жүзінің үшкірленген пішініне байланысты. Мысалы, трикотаж бұйымдар тіккеенде ұшы жұмырланған ине қолданылады. Сонымен, ине ұшының пішіні көп жағдайда әсер етеді, мысалы:
- тігістің мықтылығына;
- тігістің сырт бейнесіне;
Ине ұшының пішіні әр түрлі болады:
Сопақ;
Ромб тәріздес;
Шаршы тәріздес, т.б.
Мына бір жағдайды ескеру қажет: иненің тесу күші 10 грамнан 10кг-ға дейін барады. Ол күш матаның түріне байланысты. Ф. И. Червяков бойынша, былғары тіккенде иненің тесу күші кг. Сондықтан қалың, тығыз мата тіккенде, ине қызбас үшін ине мен жіпті арнайы маймен майланады.
Инені инежүргізгішке орналастыру
Инені таңдау шарты
Тігін машинасында жұмыстың сапасы алдымен сапалы инені дұрыс таңдауға және инежүргізгішке дұрыс орналастыруға байланысты. Машина инесін қондыру тізбегі:
Қозғаушы дөңгелекті бұрғанда, инежүргізгіш жоғары көтеріледі.
Инеұстатқыштың бұрандасы босатылады.
Инені инежүргізгішке инеұстатқыш арқылы тірелгенше кіргізеді, иненің ұзын науашасы жіпбағыттаушы жағында орналасады. (4.12-сурет)
Ине колбасы бұрандалымен бекітіледі.
Инені көтеріп және түсіргенде, табанның және пластинканың саңылауларына иненің тию-тимеуін тексеру қажет.
Қайық құрылысына ине тимей ме ,тексеру керек. Машинаны құрастысру кезінде және ол жұмыс істегенде иненің қайық тұмысығынан биіктігі реттелуі қажет.
5-инеұстатқыш; 6-инеұстатқыш бұрандасы; 7-жіпбағыттаушы; 8-инежүргізгіш; 9-ине; 10-жіпбағыттаушы;
Тігін машиналарының табанының түрлері
Материалдарды өндеу технологиясы пәнінен бақылау сұрақтары
Қол жұмыстарын орындау үшін жұмыс орнының ұйымдастырылуы
Қол жұмыстарын орындауда қолданылатын құралдар
Ине және оймақ құралдарының қолданылу ерекшеліктері
Уақытша және тұрақты тігістер
Қол тігістерін орындауда қолданылатын терминдер
Қол тігістеріне қойылатын талаптар
Қиғаш тігістері орындалуы
Көшірме тігістерін орындауда қолданылатын операциялар
Әшекей тігістер
Тігін машиналарының классификациясы
Тігін машиналарының бөліктері
Машина инелерінің классификациясы
Жоғарғы инедегі жіптің сабақталуы
Шөлмектегі жіптің сабақталуы
Жіптің керілуін реттеу
Тігіс ұзындығын реттеу
Жоғарғы жіптің керілуін реттеу
Инедегі болатын ақау
Ине сынуына не себеп
Тігіс және тігіс аралығы
Тігін машиналарында жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелері
Жіптің иірілуіне байланысты машина тігістерінің ерекшеліктері
Қосу тігістері
Шеткі тігістері және орындалуы
Өңдеу тігістері
Машина тігістерін орындауда қолданылатын терминдер
Машина тігістеріне қойылатын талаптар
Тігістегі кездесетін ақаулар
Тігіс ақауларының жөнделу ерекшеліктері
Ылғалды-жылумен өңдеуге әсер ететін факторлар
Ылғалды-жылумен өңдеудегі операциялар және оларға сипаттама
Ылғалды-жылу жұмыстарының терминологиясы
Ылғалды-жылу жұмысын орындауға қойылатын талаптар
Үтіктің түрлері
Үтікпен жұмыс жасауда қандай ережелерді сақтау қажет
Пресстердің классификациясы
Пресстерді қолдануда қауіпсіздік ережелері
Адам денесінен түсірілетін өлшемдер
Арнаулы операциялар бу манекенінде қалай орындалады
