Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методич указ ПТОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

Кез келген тігін машинасының жұмыс механизмдері.

  • Ине механизмі;

  • Қайық механизмі;

  • Жіптарқыш механизмі;

  • Мата қозғаушы механизмі;

Тігін машинасының инесі және оның жіктелімі

Тігін машинасының негізгі жұмыс құралы- ине, ол тігіс пайда болу процесіне тікелей қатысады. Барлық тігін машиналарының инелері маталарды шаншып, тесіп, жоғарғы жіпті қайық жібімен айқастырып, мата бетіне тігіс түсіреді, ине матаны шаншып, тесіп тігу арқылы жіпте ілмек пайда болу қызметін атқарады да, ал жіптартқыш жіптің ары-бері тартылуын реттеп тұрады. Иненің ұшы үшкір де жіңішке, жоғарғы жағы дөңгелек, тегіс келеді, ол колба деп аталады. Колбадан төмен ұшы үшкір стерженьге жалғасқан. Стерженнің ең үшкір ұшында иненің көзі оналасқан және ұзын қысқы өзекшклкрдкн тұрады. Ұзын өзекшк жіптің инешаншым кезінде ине жібін үйкелістен сақтайды, кіші өзекше ілмек пайда болу жұмысын атқарады. Иненің колбасы машинаның ине жылжытқыш стержініне қондырылып, винтпен қатайтылад. Иненің ұшы негізгі элементі болып табылады. Сондай-ақ , ине құрылысы көздің төменгі жиегі (2 ), көзі (3), көздің жоғарғы жиегі (4), қоспа (5), стержень(6), ауыспалы конус (7), колба (8) элементтерден тұрады.

тігін машинасының көзі және инесі:

1-иненің ұшы; 2-көздің төменгі жиегі; 3-көз; 4-көздің жоғарғы жиегі; 5-қоспа, 6-стержень; 7-ауыспалы кқнус; 8-колба; 9-ұзын өзекше; 10-қысқа өзекше,L-иенің барлық өзегі; D-колба диаметрі; l-колба ұзындығы; l1-колбадан көздің жоғарғы жиегіне дейінгі ұзындық.

Иненің сопақ көзі жіп өткізу үшін қажет, оны ені В жіптің диаметрінен артықтау болады. Ине көзінің жалпы көлемі –В=0.35-0.4d, мұнда d ине өзегінің диаметрі, ине көзінің биіктігі- Н=2,5-3В. Ине көзінің мұндай көлемі ине матадан шыққан кезде жіптің еркін өтуін қамтамасыз етеді, себебі жіп қозхғалысының жіптартқыштың қозғалысымен салыстырғандағы жылдамдығы жоғары болып келеді.

Тігін машиналарында қолданылатын жіп және инелердің түрлері

р/с№

Тігін машина класы

Жіп номірлері және түрлері

Ине номірлері мен шартты белгілері ГОСТ-2249-82

1

10-Б

Мақта-мата жібі №30-80

0277 №75, 90-110

2

141-30

Мақта-мата жібі №30-80

0277 №100 немесе 459

3

141-40

Мақта-мата жібі №80-120

0277 №75 немесе 459

4

1022

Мақта-мата жібі №20-60

0277 № 90-130

5

1022-М

Мақта-мата жібі №10-80, жібек №-65

020-№90-130,150

6

97-А

Мақта мата жібі №-40-80,жібек №65

0052№75,90-120

7

397,597

Миақта-мата жібі №40-80,жібек№65

0052№75,90-110

8

51,51-А

Мақта-мата жібі №40-80,жібек №33,65

0052№75,90-110

9

508-М

Мақта-мата жібі №40-80,жібек№33,65

0052№75-100

10

«джуки» МО-816-DD4

Мақта-мата жібі №40-80,жібек№33,65

ДСх27

11

85,285

Мақта-мата жібі №40-80,жібек №33,65

0873№65,75

12

252-А

Мақта-мата жібі №10-80

0203№110-170

13

852-3

Мақта-мата жібі №30-65,65

0203№90-120

14

CS-761-5а

Мақта-мата жібі №50-80,жібек №33-80

0873№70-120

15

27,827

Мақта-мата жібі №20-50

0141№90-120

16

1095,1495

Мақта-мата жібі№40-80,жібек№33,65

0141№90-130

17

220-М

Мақта-мата жібі №30-60,жібек№33,65

0518№100-130,150

18

25-А,525

М ақта-мата жібі №30-60,жібек№33-65

0203№90-120

19

26

Мақта-мата жібі №10-50,жібек №33-65

0203№100-130

20

62761-РЗ «минерва»

Мақта-мата жібі №40-80,жібек№33,65

0277№90-120

21

ПМЗ-2

Мақта-мата жібі №40-80,жібек №33,65

К№75-100,120

Инелердің сандық белгілері стерженьнің қиылысына, ине ұшының формасынга және колбаның дайындалу ерекшелігіне байланысты болады. Онда иненің жалпы ұзындығы мен өзекшенің орналасуы, колбаның диаметрі және ұзындығы ескеріледі. Сандық белгілерінен басқа тігін машиналарының инелері стерженьнің жуандығына байланысты нқмірлері белгіленеді.

Тігін өнеркәсібінде қолданылатын инелердің номірі 60-тан 210-ға дейін болады. 1022Мкл тігін машинасының инесі 0203 номерімен белгіленген. Ине стерженьнің диаметрі 0,75мм-ге тең келеді. Мысалы: 0203№75, инелердің колбасында шығаратын кәсіпорынның санды индексі мен иненің номері жазылған. Матаны тікпес бұрын тігін машминасының құжатында кқрсетілгендей жіпті дұрыс тиаңдап алып,жіпке сәйкес инені инені де дұрыс таңдап алу қажет. Жіпті таңдап алу кезінде оның оң (Z) және теріс (S) ширатылғанында көңіл бөлу керек, себебі кейбір тігін машиналарында тігіс жүргізген кезде жіп ширатылып үзіле береді. Жіптің оң және теріс ширатылғанын бас бармақ пен сұқ саусақты сағат тілінің бағытымен бірге бұрау арқылы ажыратуға болады.

Жіптің ширатылуы: а-жіптің ширатылуын анықтау; б-оңға және солға ширатылуы