Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методич указ ПТОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

Тігін машиналарының тігіс түрлерінің жіктелуі

№р/с

Құрал-жабдықтар

Тігіс түрлері

Класс

Өндіруші зауыт

1

Бір инелі қайып тігісті машиналар

Екі жіпті қайықты(челночный)

22-Ам, 23-М, 1022, 1022М, 97Акл, 397, 597кл.

ОЗЛМ

2

Екі инелі қайп тігісті

Төрт жіпті қайқты параллель тігісті

252-А, 852-3, 852-5

ПМЗ

3

Ирек тігісті

Екі жіпті қайықты(челночный)

26, 326

ПМЗ

4

Қиынды шетін торлау

Екі, үш, бес жіпті ілмекті тігісті

51, 51Акл, 508М Мо-816-ДД4

Подольск, «джуки»

5

Жасырын тігісті

Бір жіпті ілмекті

85кл, CS-761-5а

ПМЗ « паннония»

6

Түйме қадау, бекітуекі

жіпті қайықты

27-Акл, 220кл

ПМЗ, ОЗЛМ

7

Ілмек торлайтын

Екі жіпті қайықты

25-АКл

ПМЗ

8

Жартылай автоматты түйме

Бір жіпті ілмекті

95кл, 295, 1095кл

ПМЗ

Тігін машинасы жұмысының техникалық-конструкциялық негіздері

Тігін машинасында технологиялық операция негізгі мехагизмдердің көмегімен іске асырылады:

  • Жұмыс механизмдері;

  • Жетек құрылыстары;

  • Жеткізуші механизмдері;

Ең алдымен машинаны жүргізу керек. Жетек құрылыс тігін машинасын қозғалысқа келтіреді.

Тігін машинасының жетек құрылысы

Ине механизмдерін және басқа да механизмдерді жетек құрылысы қозғалысқа келтіреді.

Жетек түріне байланысты тігін машиналары төмендегідей бөлінеді:

  • Қол жетегімен;

  • Аяқ жетегімен;

  • Электр жетегімен;

Өнеркәсіптік тігін машиналары электр жетегімен жұмыс істейді.

Қол жетегі

4.1-сурет. Қол жетекті машина:

А) қол жетекті машина, б) қол жетегі:1-машина платформасы; 2- машинаның басы; 3-негізгі білік; 4-қозғаушы дөңгелек; 5-тұтқа.

Аяқ жетегі

4.2- сурет. Аяқ жетекті машина:

1-іске қосу педалі; 2- айналшақ( кривошип); 3-іске қосушы дөңгелек; 4-жетек қайыс; 5-қозғаушы дөңгелектің тегершігі; 6-негізгі білік; 7-қозғаушы дөңгелек; 8-қалқан; 9- бұлғақ; 10-машина станогы; 11-платформа; 12- машина басы; 13-аяқ жетегінің бұрушысы

Электр жетегі

Дөңгелек қайыстың (4) науашасы арқылы қозғаушы дөңгелек тегершігін (5) айналдырады.

Қауіпсіздік техникасын сақтау үшін іске қосу дөңгелегіне және жетек қайысына жұмысшы жақтан қалқан қойылған. Жұмыс істеп болған соң, жетке қайыс іске қосу дөңгелегінен алып тасталынады. Сонымен, қозғалыс жетек механизмінен қозғаушы дөңгелекке беріледі, яғни негізгі білікке.

. Электр жетегі . Электр жетегі бар машина

1-іске қосу педалі; 2-электр бау; 3- электр қозғаушы; 4-электр қозғаушының тегершігі; 5- жетек қайыс; 6-қозғаушы дөңгелектің тегершігі; 7-негізгі білік; 8-қозғаушы дөңгелек; 9- жетек қайыс; 10-машина басы, 11-платформа.

Автоматты , жартьылай автоматты түрдегі тігін машиналары автомат арқылы жұмысын тоқтатады. Барлық машиналарда жетек құрылысынан қозғалыс негізгі білікке және қозғаушы дөңгелекке беріледі, ал соңғылары қозғалысты тігін машинасының жұмыс механизмдеріне беріледі. Сондықтан жеткізуші механизм деп аталады. Өзгешеліктеріне қарамастан , барлық тігін машиналарының қозғаушы дөңгелектері бір бағытта жүргізушінің өзіне қарай айналады.

Электр жетегімен жұмыс істеудің ережелері

  1. Қозғалып тұрған машина бөліңтеріне жаұын еңкеюге болмайды, саусақтарды табанға жақындатуға болмайды.

  2. Жіпті инеге сабақтар кезінде, педальдан аяқты алып тастау керек, өйткені абайсызда педальді басып қалғанда, қол зақымдануы мүмкін.

  3. Машинаны майлау, тазалау, инені ауыстырарда электр желісінен ажырату керек.

  4. Машина тұрығына жақындаған кезде, токтын әсерін сезсеңіз, жылдам жұмысты тоқтатып,бұл туралы оқушыға айту керек.

  5. Егер жанған резеңкенің иісін сезсеңіз, міндетті түрде, машинаны электр желісінен ажырату керек.

  6. Жұмыстың соңында машинаны электр желісінен ажырату керек.

Өндірістік әмбебап тігін машинасы

Өндірістік тігін машинасының жалпы құрылысы:

1-платформа; 2-машинаның фронталь жағы; 3-машина басы; 4-бобина ұстағыш; 5-қозғаушы дөңгелек; 6-тегершік, 7-жетек қайысы; 8-үстел; 9-станина; 10-педаль; 11-тетік; 12-бұрушы; 13-электрленген қозғағыш

Өндірістік және тұрмыстық тігін машианлары машинаның басынан, өндірістік үстелден және жеке электр-жетектен тұрады. Тігін машинасының басы: қолдан, қол тірегінен және платформадан тұрады.(4.6-сурет)

Тігін машинасының басы:1-платформа, 2-қол; 3-қол тіреуші; 4-фронталь бөлігі; 5-қозғаушы дөңгелек

Тігін машинасы қолының сол жағында машинасы бар. Электр жетектен берілетін қозғалыс маховик дөңгелегіне жалпақ таспа арқылы беріледі. Тігін машинасының қол ішіндегі және платформа астындағы мүшелері маховик дөңгелегі арқылы қозғалыс алады немесе жүргізеді. Қол тірегінен ине қозғалысынң сызығына дейінгң арқашықтық тігін машинасының алаңы деп аталады. Бұл арақашықтық бұйымның көлемімен анықталады да, оны машина платформасындағы иненің оң жағына орналастырады. Тігін машинасының маңдайшасында ине , жіптартқыш , табан механизмдері орналасқан, ал платформа астында қайық , мата жылжытқыш тісті рейка орналасқан. Тігіс пайда болу үшін тігін машиналарында мынадай негізгі жұмыс механизмдері бар.

Ине механизмі- матаны шаншып өтіп, яғни үстіңгі жіпті мата рақылы өткізіп ілмек жасайды. ине механизмі тігін машинасының маңдайшасында жасайды.

Қайық механизмі- инедегі ілмекті немесе салпыншақты (напуск) тартып кеңейтеді де,қайықты айналдыра, жоғарғы және төменгі жіпті айқастырып тігіс пайда болуын жүзеге асырады. Бұл механизм платформа астында орналасқан айналмалы және тербелмелі қозғалыс жасайды.

Жіптартқыш механизмі- жіп тұғырынан тиектегі немесе бабинадағы жіпті инеге сабақтап, қайыққа жеткізу және жіпті тарту ролін атқварады.

Мата жылжытқыш тісті рейка- матаны тігіс мөлшеріне жылжыту қызметін атқарады, эллипс түрінде қозғалыс жасайды.

Табан механизмі-матаны ине пластинкасына және мата жылжытқыш тісті рейкаға қысады және матаны жылжытуға мүмкіндік береді.

Сұрақтар:

  1. Тігін машиансының қай механизмдерін негізгі деп атайды?

  2. Жұмыс механизмдерін қандай да болмасын тігін машинасынан көрсете аласыңдар ма?

  3. Бұл механизмдер қандай жұмысты атқарады?

  4. Машинаның жетегі қандай бөліктерден тұрады?

  5. Машинадағы электр қозғаушыдан негізгі білікке қозғалыс қалай кетеді?

  6. Әртүрлі жетек құрылыстары бар тігін машиналарының қандай жылдамдықтары болу мүмкін?

  7. Ерекше иіс және ток әсерін сезіп қалсаңдар не істейсіңдер?

Тапсырмалар:

  1. Қол, аяқ жетегін және электр жетегін салыстырыңдар. Пайдалану мақсаты бірдей бөліктерді тауып,олардың айырмашылықтарын анықтаңдар.

  2. Машинаны іске қосуға, жылдамдықты реттеуге және машинаны тоқтатуға жаттығыңдар.

  3. Электр жетегі бар машинада жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасынан сынақ тапсырыңдар.