- •Сырт киім әзірлеуге ңойылатын талаптар
- •Дымқылдық-жылулық жұмыстар
- •Қол жұмыстарына жұмыс орнын ұйымдастыру
- •Қол жұмыстарына арналған құралдар
- •Қол тігістері және олардың қолданылуы
- •Қолмен тепшіп тігуге мінездеме
- •Қол тігістің терминологиясы
- •Қол кестесі
- •Тігін жабдықтарының даму тарихы Үтіктер
- •Тігін машинасының шығуы тарихы
- •Тұрмыстық тігін машиналарының жетектері
- •0810 Тігін машинасының техникалық сипаттамасы
- •Ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтар
- •Тігін машиналарының тігіс түрлерінің жіктелуі
- •Тігін машинасы жұмысының техникалық-конструкциялық негіздері
- •Кез келген тігін машинасының жұмыс механизмдері.
- •Тігін машинасының инесі және оның жіктелімі
- •Тігін машиналарында қолданылатын жіп және инелердің түрлері
- •Тігін машинасының ине механизмі
Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Кәсіби-шығармашылық факультеті
Кәсіптік білім кафедрасы
МАТЕРИАЛДЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНЕН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ақтөбе 2013
5В012000-«Кәсіптік білім» мамандығының студенттеріне арналған «Материалдарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау МЖМББС, типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырған: оқытушы Мухангалиева Ш.А.
Кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № 3 13 қараша 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі Шаштыгарин М.М.
Алғы сөз
Киім күнделікті практика негізінде адамдарды киіндіру өнерінде атақты үлгішілерден қатардағы тігіншілерге дейінгілердің қай қайсысы да суреткер болу керектігіне көз жеткізеді. Тіпті конструкциялау, технология тәрізді қажетті арнаулы білімді жетік меңгергенмен де, көркемдік қажеттілікті түсінбей табысқа жету мүмкін емес.
Қоғамның дамуы, мемлекеттердің құрылуы, тарихи формациялардың ауысуына байланысты киімнің дайындалуы және үлгілерінің өзгеруі күрделене түскен. Уақыт өткен сайын адамдар өмірдегі жетістіктерге, тұрмыс тіршілігіне, шен – шекпендерге сай қоғамдағы алатын орнын киімдеріне қарап бірден тануға болатын дәрежеге жетті.
Киім әр уақытта да адамның әлеуметтік белгісінің, қоғамдағы дәрежесінің куәсі болып келеді. Әрбір адамның өз талғамына, қажетіне сай киіну мүмкіндігі бүгінде бар. Бұл үшін кез келген нәрсені сатып ала беру қажеттілікке жатпайды. Оқушыларды өмірге даярлау, шығармашылық еңбек, олардың еңбекке деген шеберлігін, эстетикалық талғамдарын үйрету мұғалімдердің міндеті болып табылады. Осыған орай «Материалды өндеу технологиясы» курсының бөліктерді өңдеудеу операцияларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау студенттердің өз бетінше оқып үйренуіне көмектеседі.
Негізгі мақсаттары: Болашақ мамандарды, күнделікті тұрмыста тұтыну бұйымдарын, киім топтарын дайындау және оларды көркемдеп сәндеу барысында қолданылатын тігін машиналарының түрлерін толық меңгеру тігін ісінде орынды пайдалану, қол және машина тігістерін, машина кестесін, дымқылды жылумен өңдеу жұмыстарының түрлерін киімнің бқліктерін өңдеу барысында қолдануға үйрету арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Студенттерді тігін ісінің құрал-жабдықтарымен жұмыс жасауға және қол және машина жұмыстарын орындауға бейімдеу. Машинамен кестелеудің практикалық жұмыстарын меңгеру, сапалы еңбек өнімін шығаруға білімі мен іс-әрекет ептілік дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: Студенттерді тігін ісінің құрал-жабдықтарымен жұмыс жасауға бейімдеу:
сапалы еңбек өнімін шығаруға білімі мен іс-әрекет ептілігін, алғашқы дағдысын қалыптастыру;
қол тігіс жұмыстарын киім өндірісінде орынды қолдану;
тұрмыста және өндірісте қолданылатын тігін машиналарының құрылысы, түрлері, қызмет жасау жолдарын толығырақ меңгеру;
арнайы тігін машинасын бұйым әзірлеу барысында пайдалану;
автоматты технологиялық тігін машиналары;
киім өндірісінде қолданылатын машина тігістерінің түрлерін орындау;
қол және машина тігістерін орындау;
машинамен кестелеудің практикалық жұмыстарын меңгеру;
киім бөлшектерін өңдеу тәсілдерін үйрену әрі меңгеру;
еңбек етуге шығармашылық қабілетін дамыту.
СЫРТ КИІМ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Киім адам үшін бірегей қажет нәрсе болып табылады. Ол адам тәнінің 80 проценттен астам жерін жауып тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жайттарынан қорғайды, организмді күйлі ұстауға көмектеседі, сондай-ақ адамға көрік береді.
Сырт киімге: пальто, қысқа пальто, сулық плащ, жакет, юбка, шалбар, желет, көйлек, халат, блузка, тағы басқалар жатады.
Киімді маусымдық кездерде киілуіне қарай қыстық, көктем-күздік, жаздық деп бөледі.
Киімге қойылатын талаптар алуан түрлі болып келеді. Оларды гигиеналық, әсемдік, пайдалану, техникалық, үнемділік талаптары деп бөледі.
Гигиеналық талаптар киімнің жылуды сақтауын, киімнің ішкі қабаттарында ауа алмасуын қамтамасыз етеді, шыққан тердің сорығуына себепші сыртқы дымқылдан сақтайды.
Пайдалану талаптары киюге ыңғайлы және пайдалануға төзімді болуды қамтамасыз етеді. Киюге ыңғайлылық — адамның еркін қозғалып, тыныстауына, киімнің оңай киіліп, шешілуіне, ал пайдалануға төзімділігі — тастағанға немесе әбден тозғанға дейін киюге төтеп беретіндікке байланысты болады.
Ә с е м д і к талаптарына — бұйымның көркем безендірілуі, материалдардың және түйме-ілгектердің түр мен түске қарай іріктелініп алынуы жатады.
Техникалық талаптар киімді тігіп шығару барысында мемлекеттік стандарт және техникалық шарттар талабына толық сәйкес келетіндей болып орындалуы тиіс.
Ү н е м д і л і к талаптары бұйымдарды дайындаудың өзіндік құнын төмендетуді, материалды мейлінше аз жұмсауды, бұйымдарды әзірлеуге кететін уақытты қысқартуды, типтендіруді, бөліктер мен бөлшектерді жымдастыруды тағы басқа жайттарды қарастырады.
Сырт киім ассортименті алуан түрлі, ол киім сатып алушылардың талап-талғамдарының үздіксіз өсуі, халықтың хал-ахуалының және мәдени деңгейінің көтерілуі әсерінен үнемі жаңарып отырады. Сырт киім бұйымдары пайдаланылу тәсіліне қарай жоғарғы және белден төменгі киімдер болып бөлінеді. Сәніне қарай бұйымдардың кескіні, кейпі әртүрлі болып, негізгі бөлшектері мен сәндік элементтері ерекшеленіп келе береді. Кескініне қарай бұйымдар тік пішінді, жартылай қынамалы, қынама және кең етекті болып бөлінеді. Бұйымдар қатқыл немесе жұмсақ түрде боп келуі мүмкін.
Конструкциясы жөнінен бұйымдар омырау ортасынан немесе айқастырыла түймеленетін болып келеді. Ортадан түймеленетін бұйым өңір омырауының екінші өңір омырауын сәл ғана басып тұратындығымен (қап-сырыну сызығынан 4—6 см) және омырау ортасындағы бірқатарға тізілген түймелермен түймеленетіндігімен ерекшеленеді.
Өңірі қаусырыла түймеленетін бұйым қапсыру сызығында молырақ айқастырылуымен (10—12 см) және бір қатары түймеленетін екі қатарға тізілген түймелері болатындығымен сипатталады.
Киімнің өңірлері мен арқасы тұтас, бүрмелі немесе тігінен немесе көлденеңінен тілініп тігілген болып келуі мүмкін.
Моделіне қарай бұйым қыстырмалармен (көлемі және түр-ұсқыны әртүрлі), жапсырмалармен, белдікшелермен, желбіршектермен әсемденуі мүмкін. Киімнің өңіріне сан түрлі қалталар (тілінген, тілінбеген және жапсырмалы) орналастырылады.
Артқы ортаңғы тігістің етек жырығын модельге лайықтап өңдейді. Бұйымның кеудесі әртурлі жағалы (қайырма жаға, орама жаға, тік жаға) немесе жағасыз боп келуі мүмкін.
Пішілуіне қарай бұйымдар қондырма жеңді, доғал иықты, тұтас пішілген, екі түсті матадан аралас пішілген болып және басқаша айрықшаланады.
Жеңі түрліше: белдемшелі, жапсырмалы, жырықты, қайырма болып т. б. өңделуі мүмкін.
Әйел сырт киімін әзірлеу үшін шикізат құрамының әртүрлігі: тігілу тәсілі, құрылымы мен қасиеті жағынан ерекшеленетін кең көп түрлі материалдар пайдаланылады.
Жамылғы материалдар ретінде (сырттық немесе негізгі материалдар) маталарды, тоқыма және тоқылмаған материалдарды, жасанды және табиғи былғарыны, түкті былғары мен елтіріні, көпқабатты, сүргіленген және сырма материалдарды қолданады. Киімнің сыртқы көрінісі астар және астармен екі аралыққа салынатын материалдар сапасына, тігетін жіптерге де байланысты. Бұл түрдегі материалдар ассортиментінде синтетикалық талшықтар кеңінен қолданылады.
Киімді тігіп әзірлеу процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
модельдерді, конструкцияларды және үлгілерді жасау;
материалды пішуге әзірлеу және пішу (яғни әзірлеу пішу учаскесіндегі жұмыстар);
бұйымдарды тігу.
Киімдерді көптеп шығарған кезде модельдерді жасаумен және бұйымдарды конструкциялаумен сән үйі, ал жеке тапсырыс бойынша әзірлеген кезде – Модельдер үйі, ЦОТШЛ және сән үйі мен бірлестіктердің эксперименттік цехтары айналысады.
Болашақта тігін бұйымдарының ассортиментін көбейту және сапасын арттыру мынадай шараларды қарастыруды талап етеді: модельдердің ауысуын арттыру қажеттілігі мен тігін бұйымдарын аз сериялармен шығаруды есепке ала отырып, комплексті механикаландырылған тасқынды жүйелер мен линиялар жасау және ендіру;
арнаулы технологиялық жабдықтарды, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын пайдалану, технологиялық процестерді типтендіру, озат технологияны және техникалық құралдарды, бөлінбейтін операциялардың, роботты техниканың, микропроцессорлы каналдардың тиімді тәсілдерін таңдап алу;
жабыстыру, қорыту жолымен физикалық-химилық технологияны, тігін бұйымдарының бөлшектерін химиялық материалдар және композициялар мен формасын сақтап қалатын өңдеуден өткізуді қолдану.
БҰЙЫМДАР ӨЛШЕМІ МЕН БОЙ ШАМАЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Бұйымдар тиісті белгілеріне қарай өзіндік топ тарға бірегейлене отырып, киім ассортиментін құрайды. Материалдар, атқаратын қызметі және т. б. бұйымдарды бірегейлейтін белгілер бола алады.
Бүкіл киімдер ГОСТ 17037-83-ке сәйкес мына төмендегі топтарға бөлінеді: сырт киім, іш киім, белдеме-белбеулік бұйымдар, жағажай киімі, бас киімі, жаздық, қыстык, көктем, күздік және барлық маусымға жарамды киімдер, бөбектің киімі, нәресте киімі, мектепке дейінгі жастағылар мен төменгі кластағылар, сондай-ақ жоғары кластағылар және жасөспірімдер киімдері. Сонымен бірге киім: шаруалық, күнделік, салтанаттық үй-іші, спорттық, ұлттық, өндірістік, .арнайы, санитарлық және формалық болып бөлінеді.
Киім көпшілікке арналып және жеке тапсырыспен тігіледі.
Көпшілік үшін жасалатын киімдер белгілі бір типтік тұлғаларға шақталып шығарылады. Киім шығару үшін 137 типтік стандарт белгіленген, оның 30-ы аудандық. Бұл тұлғалар проценттік бөлініс шкалалары болып белгіленген. Бүкіл типтік тұлғалар толықтық шамасына қарай төрт топқа бөлінген. Әр топ кеуде ауқымына қарай қосымша топтарға бөлінеді.
Белгіленген толыктық топтар үшін жас шамалары анықталған: жастар тобы— 18-ден 29 жасқа дейін, орта жастағылар тобы — 30-дан 44 жасқа дейін және егде жастағылар тобы — 45-тен жоғары жастағылар (1-кесте).
Типтік әйел тұлғасы мынадай негізгі өлшемдік белгілермен: боймен, үштік кеуде ауқымымен және мықым ауқымымен сипатталады.
Бойды Р (рост деген сөздің бас әрпі) еденнен төбеге дейінгі тік қашықтық бойынша анықтайды.
Үштік кеуде ауқымын О, III (обхват деген сөздің бас әрпі) кеудені айналдыра төс ұштарын қамти өлшейді.
Мықым ауқымын О (обхват сөзінің бас әрпі) қарынның салбыраңқы жерін есепке ала отырып аныктайды, өлшеу сызығы кұйымшақ нүктесімен денені көлденең айнала өтеді.
Тұлғалар бір-бірінен өлшемдік белгі арақашықтығымен (аралық) ерекшеленеді. Типтік тұлғалар үшін осындай аралық мына төмендегідей: бойына қарай 3 см: кеуде ауқымына қарай 2 см, мықым ауқымына қарай 2 см.
Әйел киімінің өлшемдері типтік тұлғаларды мынадай ретпен: бой, кеуде ауқымы және мықым ауқымымен анықтайтын өлшемдік белгілердіц толық мәнін білдіруі тиіс. Бойы 158 см, кеуде ауқымы 96 және мықым ауқымы 104 см типтік тұлғаға тігілген әйел киімінің өлшемдері, мәселен былайша белгіленеді: 158—96—104. Осы бекітілген жүйе әйел киімінің барлық түрлері үшін міндетті түрде қолданылады.
Сырт киім әзірлеуге ңойылатын талаптар
Бұйымды өңдеуден өткізу тәсілдері мен тәртіптерін салалық стандарттарға сәйкес, сондай-ақ ЦНИИШП және Бүкілодақтық киім модельдері үйі жасаған «Әйел пальтоларын әзірлеу кезінде қолданылатын негізгі және қолданба материалдарды конструкциялау, тігу технологиясы, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру жөніндегі типтік техникалық документациясын» (1983ж.) пайдалана отырып таңдап алады.
Тігін өнеркәсібінің әр бұйымына техникалық шарт (ТУ) құрастырылады, онда бөлшектерді пішуге және тігуге қойылатын талаптар (өңдеу тәсілдерін, тігістердің енін, сыру өлшемдерін, тігіс жолдарының жиілігін т.б. атап айта отырып), бөлшектерді өлшеу табелі, бұйымдарды қабылдап алу, сақтау тасымалдау ережелері көрсетіледі. Техникалық шарттарды сақтамай киім тігу мүмкін емес.
Қолмен және машинамен атқарылатын жұмыстар
Сырт киімнің бөлшектерін бір-бірімен қайып және сырып тігу арқылы жалғастырады, оларды орындау нормативтік документацияның талаптарына сай болуы тиіс. Сырып тігуді мейлінше жиілету — киіп жүрген кезде тартып-созуға ұшырайтын ең жауапты жалғастыру қаю тігістерін (жеңді қондыру, иық, бүйір тігістері т. б.) орындау барысында қолдану ұсынылады.
Кейде бөлшектерді машинамен жалғастыра тігуден бұрын ол бөлшектер қолмен тепшіледі немесе М. И. Калинин атындағы 2222 кл. ПМЗ арнайы машинасымен уақытша тепшіп тігіледі. Уақытша тепшіген жіпті машинамен қайып тіккен соң алып тастайды. Бұйымдарды өңдеу барысында мақта, жібек жіптерді және синтетикалық талшықтардан жасалған жіптерді (2, 3 және 4-кестелерді қараңыз) қолданады.
2 – кесте. Қолмен тепшіп тігу сипаттамасы
Тігіс аты |
Ине шаншым ұзындығы, мм |
1 см-дегі инешаншым саны (тігіс жиілігі) |
Жіптің нөмері |
|
мата жіп (ГОСТ 6309-80) |
жібек жіп (ГОСТ 22663-83) |
|||
Матаны отырғызып уақытша бекіте тепшу |
10-20 |
- |
30-60 |
- |
матаны отырғызбай тепшу |
10-50 |
- |
30-60 |
- |
белгі ретінде тепшу |
10-30 |
- |
30-60 |
- |
Тігуге бекітіп біржола тепшу |
3-7 |
- |
30-80 |
18; 33; 65 |
сыртқы бекіту тепшеуі |
- |
2-3 |
30-60 |
33-65 |
ішкі бекіту тепшуі |
- |
3-4 |
30-60 |
- |
Өндеу тігісі (қопсыта тігу) |
3-5 |
2-4 |
80-60 |
33; 65 |
Ескерту. Тігіс жиілігін, инешаншым ұзындығын және жіптің нөмерін өндеуден өтетін материалдық қарай белгілейді
3-кесте. Бекітпелерді, ілмектерді жасау және сәндеу үшін қолданылатын қол тігісінің сипаттамасы
Операция |
Ине шаншым саны |
Жіптің нөмері |
|||
Бойлай немесе бекітетін |
Торлайтын немесе көмкеретін 1 см |
бекітетін |
Мақта жіп (ГОСТ 6309-80) |
Жібек жіп (ГОСТ 22»» 5- 83) |
|
Бекітпе жасау |
2-3 |
7-10 |
3-4 |
10-30 |
18; 3; 7; |
Тіптен ілмек жасау (түймеленуге немесе ілгекке ілуге) |
3-5 |
10-15 |
3-4 |
10-40 |
18; 33 |
Тігу ілгекті (әр тесікке) |
4-5 |
- |
3-4 |
10-40 |
- |
Кнопкаларды қос тесікті, құлақшалы, қаптамалы, басонды түймелер |
5-6 |
- |
3-4 |
10-30 |
- |
Төрт тесікті (қос-қос тесіктен) түймелер |
3-4 |
- |
3-4 |
10-30 |
- |
Ескерту. Тігіс жилігін, инешаншым ұзындығын және жіптің нөмерін өндеуден өтетін материалдың қалындығына қарай белгілейді.
4-кесте. Әртүрлі материалдардан бұйымдар әзірлеу кезінде қолданылатын машиналық тігістерінің сипаттамасы
Маталар |
Машиналар |
1 см тігістегі инешаншым саны |
Жіптердің нөмерлері |
Инелердің нөмерлері (ГОСТ 22249-82) |
||||
Мақта жіп (ГОСТ 6309-80) |
Жібек жіп (ГОСТ 22605-83) |
Химиялық талшықтардан |
||||||
лавсаннан |
капроннан |
|||||||
Жүннен жасалған мауыты және жұқа шұға |
Қайып тігетін |
4-5 |
40-60 |
33 |
90/3, 90/4 |
6/3 |
90 - 130 |
|
|
Торлап тігетін |
2,5-3 |
40-80 |
- |
90/3, 90/4 |
- |
90-110 |
|
|
Сырып тігетін |
1,3-2 |
50-80 |
- |
- |
- |
85-130 |
|
|
Айқыштап тігетін |
4-10 |
50; 60 |
- |
- |
- |
90-120 |
|
|
Жалғап тігетін |
2-3 |
50; 60 |
33 |
90/3, 90/4 |
- |
90-*120 |
|
Өңдеу тігістерін, сондай-ақ матаның тысынан және астары жағынан көрініп тұратын тігістерді бекітпелерді, ілмектерді, жүн маталар мен химиялық және басқа талшықтары бар маталардан жасалған бұйымдардағы жасырын тігістерді жібек немесе синтетикалық жіптермен атқарады.
Мақта жіпті жеңнің астарын қайырма ұштарына бекітетін, өңірасты төменгі бұрыштары мен жарықтарды, сондай-ақ жағалардың ұштары мен астыңғы жағын тігетін операцияларда ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Машиналық тігістер бірқалыпты үзіліссіз, тігісі біркелкі жатық болып келуі қажет. Көктелген бөлшектерді тіккенде тігісті бөлшектер көктеумен қатарластыра жүргізеді. Машиналық ішкі тігістің соңғы жағын 7—10 мм-дей қайырма тігу арқылы бекітіп отырады. Өңдеу тігістерінің соңын ұзындығы 5—10 мм-дей етіп тігін машинасымен қайтара тігу арқылы бекітеді. Бекітуді артқа жүру механизмі көмегімен тік және қайтара тігіс жүргізу арқылы орындайды. Тұйықталатын тігістердің соңы бір-біріне кемінде 15—20 мм-дей (жеңдердің түбін, юбканың етегін т. б. тіккендей) ұзындықта еніп тоқтауы тиіс.
Қайып тігетін машиналарда жұмыс істеген кезде мына төмендегі ережелерді сақтау қажет:
- кесінді бойынша жіптерінің бағыты бірдей және өлшемдері бірдей бөлшектерді біріктірген кезде қайып тігуді бөлшектердің кезкелген жағынан атқара беруге болады, бірақ мұның барысында астыңғы бөлшекті ол тісті рейкаға тығылып қалмауы үшін керіп, ал сол қолмен үстіңгі бөлшекті табан астына бағыттап отыру керек;
- егер кесіндінің бірі тігілетін сызық бойынша бір-бірінен қысқа болса, онда қысқа бөлшекті үстіне салу керек;
- кесінділердің жіптерін бір-біріне қарама-қайшы бөлшектерді біріктіріп тіккен кезде, әлдеқайда қисықтау кесіндіні астына салады;
- екі бөлшекті біріктірген кезде оның бірі шамалы шуыған болса, ондай бөлікті де тіккенде астына салады;
- көбірек шуыған бөлшекті оны бақылап отыру үшін үстіне салып тігеді;
- бөлшектердің кесілген жерлерін мақта жіп, синтетикалық жіп немесе иірілген жіппен күрмеп көмкереді.
Жабдықтардың негізгі түрлерін қосымшадан қараңыздар (П1, ПЗ кестелері).
