Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_kaz_80_bet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207.23 Кб
Скачать

40 Жастағы науқас. Гиперсомния диагнозы қойылған. Емдеу үшін күніне 3 рет 1 таб 200 мг энцефабол тағайындалған. Дәріні бір айдан артық қабылдап жүр.Осы препараттың жағымсыз әсерін көрсетіңіз©

зәрдің тоқтауы астения бұлшықеттердің тырысуы іште жайсыздық сезімі©

ұйқының бұзылуы дәмсезу сезімінің өзгеруі жүрек айну құсу©

қан қысымы жоғарылауы, тремор, сүт бездерінің ұлғаюы©

естудің төмендеуі немесе құлақтағы шу тенезмдер©

іш маңындағы жайсыздықты сезіну парестезия

***

Психиатрға 9 жастағы ұлымен келеді. Анасының айтуы бойынша соңғы 2 аптада ұлы түнде бөлмелерді кезетін болды және қандай да бір заттарды елестетеді, кейде түсініксіз нәрселерді айтады. Көзі ашық, көзқарасы қадалған, бірақ мағынасыз. Ең соңында төсегіне қайта жатады, ал оянған соң болған нәрселерді ұмытып қалады.Нозологиялық диагнозын көрсетіңіз және мамандар кеңесінің реттілігін айтыңыз©

гиперсомния невропатолог психиатр педиатр©

ұйықтау кезіндегі қорқыныштар психотерапевт психиатр педиатр©

сомнамбулизм психиатр психолог психотерапевт©

гипосомния невропатолог терапевт педиатр©

эпилепсия педиатр психолог невропатолог

***

Он төрт жастағы 8-сынып оқушысында айқын анорексияның көріністері: оның салмағы норманың 85% құрайды, ол артық салмақ қосудан қатты қорқады, өзінің дене бітімі мен салмағы туралы теріс пікірде, менструалды цикл тоқтаған. Нервті анорексияның диагностикалық критериялары болып табылады©

түнгі уақытта артық тамақтану айна алдындағы қорқыныш бейненің бұрмалануы©

кветелл бойынша 19,5 балл 35% дейін , дене салмағы төмен, әдейі құсық шақыру©

артық тамақтану майбасудан қорқу айна алдындағы өз бейнесіне қанағаттанады©

кветелеттің бойынша17,5 балл 15% дейін төмендету майбасудан қорқу тағамнан қашу©

кветелеттің 1,5 балл 5% дейін төмендету және артық тамақтану жеңілдену

***

50 жастағы ер ,адам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге бұзақылық жасағаны үшін экспертизаға жолданған. 10 жасында өзіне 3 жас кіші көршісіне ғашық болған.Түні бойы ұйықтамай , оны ойлаған, жылаған. Ол оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмаған. 14 жасынан бастап сол қыздың бейнесін елестетіп мастурбация жасай бастаған. 19 жастан бастап жыныстық қатынасқа түскен , сексуалды қозу үшін сол қыздың бейнесін елестету қажет болған. 25 жастан бастап 6-7 жастағы қыздарға қызығушылығы артқан, әсіресе олардың түрлері сол қызды есіне түсіретін болса . Бірнеше рет балаларды қуысқа кіргізіп алып, олардың жыныс мүшелерін сипап, өзінің жыныс мүшесін ұстауға мәжбүрлеген. Мастурбациялаған, осы кезде қатты қозған. «Тоқтауға » тырысқан, 7 жастағы қыз балаға бұзақылық жасағаны үшін тұтқынға алынған. МКБ-10 бойынша диагноз қойыңыз және емдеңіз©

Ғ65.4 педофилия социотерапия психотерапия транквилизаторлар©

Ғ65.2 эксгибиционизм психотерапия физиотерапия транквилизаторлар©

Ғ65.3 вуайеризм эректор механическалық және вакуумды емдеу©

Ғ65.5 садомазохизм психотерапия жалпы бекітуші стимулирлеуші фармакотерапия©

Ғ65.0 фетишизм Дунлап бойынша емдеу шартты рефлекторлы суггестивті терапия

***

42 жастағы науқас жағдайының нашарлауына байланысты психиатриялық ауруханаға түсті. Үйінде ас ішпей, сұрақтарға жауап бермеген. Айтуына қарағанда апта бойы дерлік мүлдем қозғалмаған, төсекте бүрісіп жатқан, тағам қабылдауды қойған. Анасы тамақ- тандырмақ балғанда ол астан бас тартқан. Осы жағдайдың себебі мен синдромын көрсетіңіз©

абстинентті синдром кезіндегі астан бас тарту©

кататоникалық ступор кезіндегі астан бас тарту©

истерикалық невроз кезіндегі астан бас тарту©

ипохондриялық невроз кезіндегі астан бас тарту©

маниакальды синдром кезіндегі астан бас тарту

***

Ф.есімді 32 жастағы науқас, сантехник. Психиатриялық стационарға қатты психимоторлық қозу жағдайында түсті. Науқас өзінің ауруханада екенін түсінбейді, айналасындағы адамдарды жәбірлеушілер ретінде көреді, қолдарын сілтеп, мағынасыз айқайлайды, төсенішті қолымен умаждап, жұлады. Басын шайқап, басқа науқастарға жүгіреді, оларды ұрмақшы болады.Психомоторлы қозуды тоқтату үшін терапия таңдауын көрсетіңіз©

седуксен 100-300мг©

аминазин 100-200мг©

диазепам 30мг©

циклодол 0,002мг©

галоперидол 0,005мг

***

Науқас, 24 жаста, ауруханаға қозу жағдайында күштеп түсті. 13 жасынан бастап мінес-құлқы өзгерген. Анасына қатысты дөрекі бола бастады, оны «тауық» деп атап, оны балалық шағында жақсы көргені үшін өкінді. Көбіне үйге қонбайтын, бірден арықтай бастады. Ауруханаға түскен кезде: ештеңе айтқысы келмейді, анасы туралы жек көрушілікпен айтады. Ельциннің немересі екендігін айта береді. Оның досының басында ауруға әсер ететін екі оқ бар екенін айтады. Есінен адасып, науқас жалаңаштанды, науқастардың біреуін ұрмақшы болды, палатаның еденіне кіші дәрет сындырды. Нозологиялық болжам жасап, психикалық жағдайын бағалаңыз©

фебрилді шизофрения және истерикалық қозу©

психопат іспеттес шизофрения және психомоторлы қозу©

невроз іспеттес шизофрения және маниакалды қозу©

шизоаффективті психоз және кататоникалық қозу©

шизотипті бұзылыс және ажитирленген депрессиясы

***

27 жастағы науқас қыз. Психиатриялық стационарға өзіне қол салуға әрекет жасағандықтан түскен, тамақтан бас тартып, нашар ұйықтаған. Бөлімде палатаның бұрышында басын төмен түсіріп, жалғыз отырады. Оны тамақтандыру үшін әрекет жасаған кезде тамақтан бас тартады, тістерін қысып, басын тартып: «Мені тамақтандырудың қажеті жоқ, лайықты емеспін. Мемлекеттен ақша алдым, бірақ жұмысымды атқара алмадым» дейді.Осы бұзылыстың себебі мен психикалық жағдайын анықтаңыз©

нервті анорексия кезіндегі астан бас тарту©

улану сандырағы кезіндегі астан бас тарту©

императивті галлюцинациялар кезіндегі астан бас тарту©

ауыр депрессия кезіндегі астан бас тарту©

кататоникалық ступор кезіндегі астан бас тарту

***

Науқастың көңіл-күйі бірден түсті, ештеңе істей алмады, ұйқысы бұзылды, алаңдаушылық сезімі пайда болды, кеуде тұсындағы ауырлықты сезінді, тәбеті төмендеді. Психиатриялық клиникада осындай приступтармен бірнеше рет жатқан. 15 жыл бойы ауырады. Тұлғаның өзгерістері байқалмаған. Өзінің ауруына сынмен қарайды. Соңғы приступ ешбір себепсіз пайда болған, 2 айға созылған. Депрессияны басу және науқастың ұйқысын қалпына келтіру үшін пайдаланамыз©

галоперидол ,викасол©

аминазин ,сальбутамол©

амитриптиллин ,элениум©

ноотропил ,пирацетам©

пирацетам , кавинтон

***

62 жастағы науқас, диагнозы «инволюциялық параноид», өзінің әйеліне сенбейтіндігін айта бастады. Тағамдардың неден жасалдығын үнемі сұрайтын болды. Қызына оның шешесі тамағына бірдеңе себетіндігі туралы шағымданатын болды. Әйелі өзіне жас біреуді тауып алғысы келеді, сондықтан одан құтылмақшы деп күдіктенеді. Клиникаға түскен кезде дәрігермен тамақтану тақырыбын талқылаудан бас тартады. Ауруханада берген тамақтан бас тартады. Неліктен бар тамақ түртілмеген күйде екендігін білгісі келген медбикелер мен санитарларға жауап бергісі келмейді. Синдромдық диагноз бен тиісті емді көрсетіңіз©

улану сандырағы, нейролептиктер©

қарм-қатынас сандырағы, транквилизаторлар©

аңду сандырағы, транквилизаторлар©

улану сандырағы, антидепрессанттар©

қызғаныш сандырағы, антиконвульсанттар

***

К.есімді науқас, 17 жаста. Жасөспірім кезінен бастап ауырады. Психиатриялық ауруханада бірнеше рет емделген. Осы жолғы ауруханаға түсуі де дұрыс емес тәртіппен байланысты. Бөлімде барлық істерге кірісіп отырады, ешкімге тыныштық бермейді, төсектен кенеттен атып тұрады. Мағынасыз айқайлап, басын шайқайды.Нейролептиктерді қабылдау кезіндегі мүмкін, жағымсыз әсерлерін көрсетіңіз©

тремор, жаңға бататын спазмалар, аппетитті төмендетеді©

қан қысымының көтерілуі, тремор, акатизия©

қышу мен күйдіруі мүмкін, соңғы дискинезия©

паркинсонизм, өткір дистония, бет гиперкинезі©

аяқ-қолдың хореоидті қозғалысы, құсу, асқазандағы ауырсыну, жүрек айну

***

16 жастағы науқас қыз, анасының айтуы бойынша үздіксіз диетада және өзін аштан қатыруда. Ол өзін семізбін деп есептейді, бірақ әлдеқашан сүлдері ғана қалған. Менстрауциясы жоқ, қан қысымы төмен, үнемі басы айналады және әлсіз. Ол өте ашуланшақ және тітіркенгіш болып кетті. Фармакотерапияны, терапия тәсілдерін және одан арғы тактиканы көрсетіңіз©

төсектік режим инсулин нейролептиктер витаминотерапия©

төсектік режим гормондар витаминотерапия нейролептиктер©

төсектік режим антидепрессанттар витаминотерапия©

төсектік режим психостимуляторлар инсулинотерапия©

төсектік режим анаболитикалық гормондар витаминотерапия

***

22 жастағы науқас, токарь. Психиатриялық стационарға қатты психомоторлы қозу жағдайында түсті. Минут сайын төсектен атып тұрып, айқайлайды, түкіреді, қабырғаны жұдырығымен ұрады, басқа науқастарға шабуылдайды, ұруға тырысады. Арасында қимылдық қозумен бірге тоқтаусыз сөйлей бастайды, өзінің мағынасыз сөзіне айналасындағылардың әңгімесінен естіген сөздер мен тіркестерді қосады. Науқастың психикалық жағдайын бағалаңыз және осы жағдайды тоқтататын терапияны көрсетіңіз©

патологиялық мас болу ішімдікке қарсы ем©

истерикалық қозу транквилизаторлар©

депрессивті ступор антидепрессанттар©

психомоторлы қозу нейролептиктер©

маниакалды психоз ноотроптар

***

19 жастағы науқас, бірінші рет психиатриялық стационарға түсті. Қозу және жөнсіз қылықпен байланысты. Ауырғанға дейін бір жыл бойы достарымен бірге есірті заттарын пайдаланған. Жолдастары есірткі үшін өлтіреді деп айтты, қудалаудан құтылмақ болып, терезеден секіруге әрекет жасаған. Бөлімде қозған, агрессивті және басқа науқастарға тіл тигізеді. Еденге құлап, бейберекет қозғалады, бөтен адамдарға шабуылдайды, тырысып, қатты жылайды, есікті жұдырығымен ұрғылайды, басына жармасады. Тиісті терапия таңдауын анықтаңыз©

аминазин клозапин пирацетам©

амитриптиллин аминазин психостимуляторлар©

аминазин клозапин дроперидол©

диазепам актовегин бефол©

феназепам, аминазин, имипрамин

***

Қыз бала 21жаста,көшеге шыгуды қойып,ЖОО-ғы оқуында тастады. Таңертең көңіл күйі нашарлап,ешкіммен араласпайды,сойлеспейді,төсекте жата береді,кешке қарай тұрады. Кей кездері өмір сүргісі келмей,ештемеге қызығушылығы болмай, қоршаған ортаны көңілсіз қабылдаймын дейді. Мүмкін болатын диагноз©

абстинентті синдром©

жабысқақ жағдай неврозы©

маниакальды-депрессивті психоз депрессивті фазасы©

маниакальды-депрессивті психоз биполярлы түрі©

реактивті депрессия

***

Ер адам 45 жаста, күз-көктем айларында, себепсіз өте белсенді болып, көңіл-күйі көтеріліп, коп сөйлеп,жыныстық қатынасқа белсенділігі артқан,өзін жоғары бағалаға. Ем тағайындау барысында келесі препараттардың қайсысы қолайлы болып табылады©

литий карбонаты©

натрий карбонаты©

трифтазин©

тизерцин©

циклодол

***

45 жастағы әйел қабылдауда.Ол белсенді, көзі жайнап тур, беті жылтыраған макияж, тырнағын қызыл лакпен бояған, қол саусақтары әртүрлі сақиналармен безендірілген . Қысқа тыртысқан жасыл көйлек киген, сары галстук таққан.Науқастың көңіл күйі көтеріңкі, қуанышында шек жоқ. Дауысы қарлыққан. Сөйлеуі жылдам,түсініксіз. Сұрақтарға жауап беру кезінде, сөздерін қимылдармен байланыстыруға тырысады, бір орнында тұрмайды. Бұл жағдайды қандай препаратпен басуға болады©

нейролептиктер©

транквилизаторлар©

психостимуляторлар©

антидепрессанттар©

ноотроптармен

***

Терапевт қабылдауына 40 жастағы әйел жүрек айну, кекіру, ауырлық, тамақтанғаннан кейін ауырсыну, тәбетінің төмендеуі деген шағымдарымен келді. Сонымен қатар жүрек маңында ауырсыну, стресс жағдайларынан кейін күшейетін тыныштық жағдайда ентігу. Дене салмағының 10 кг азаюы. Көңіл күйі төмендеген. Қолданылатын ем©

амитриптиллин, фенозепам©

галоприл, пирацетам©

витоксон,милдронат©

эналоприл, метронидазол©

циклодол, карбомазепин

***

Науқас В. 56 жаста. Клиникаға түскеннен 3 ай бұрын жұмысын тоқтатты, себебі, алаңғасар, санауда қателесіп, тез шаршап, басы ауырған, барлығына байлығы жайлы айтып, ашқарақтық пайда болып, көршілерінен тамақ ұрлап тасыған. Қымбат аң терісінен тондары, бриллианттары, маржан моншақтары бар екенін айтқан. Эйфориялы, ақкөңіл , сөзі дизартриялық болды. Қанын тексергенде Вассерман реакциясы оң , цитохолиялы реакция оң. Жұлында плеоцитоз 30, белок 0,82‰, Вейх-бродт, Таката-Ара, Панди, Нонне-Апельта реакциясы оң Ланге реакциясы 4444321000. Психикалық жағдайын бағалап, нозологиялық анықтама беріңіз©

сенильді деменция, дисфориялық синдром©

альцгеймер ауруы,астениялық синдром©

прогрессивті паралич, мегаломаниялық сандырақ©

шизофрения, парафренді синдром©

жиа кезінде психикалық бұзылыс, гипоманиакалды синдром

***

Науқас Ш. 19 жаста,сарбаз. Фельдшермен ауруханаға жеткізілген:марш-секіру кезінде құлап, жолдастары тауып алған. Сарбаз барлығымен жүгіріп, шаршап, жолдастарынан қалып қойғаны есінде. Клиника бөлімшесінде аяқ астынан құлап, төсек арқасынан соққы алды. Аяқ қолдарының, денесінінің бұлшықеттері күшейген, артынан ырғақты тырысулар бар, аяқ қолдары тартылып, күшейіп, босаңсыды.Тынысы жоғалып, беті цианозды, аузынан көбіктенген қан ақты. Тырысулары 2-3 минутқа созылды. Сұрақтарға жауап бермейді,көз алмалары түсіңкі, қарашықтары жарыққа жауап бермейді,еріксіз зәр шығару болды. Тырысулар басылған соң 4 сағаттық терең ұйқыға кетті. Ұстама сипатын анықта©

эпилепсия, үлкен тырыспалы ұстама©

эпилепсия,кіші тырыспалы ұстама©

истериялық психопатия,истериялық ұстама©

травматикалық бас ми ауруы, астениялық синдром©

эпилепсия , есінің ымырт бұлыңғырлануы.

***

Қарау кезінде қарашықтары тар, жүрісі тұрақсыз, АҚ 90/60 мм.с.б., температурасы қалыпты. Ішкі ағзалар жағынан ешқандай патологиясыз. Дәрі енгізгеннен ұйықтады, таңертең психикалық жағдайы өзгерді. Бағдары дұрыс, жақында болған оқиғаны айтып берді. Кешке отырыста отырып бір зат қолданғаннан кейін көңілді болып, ішек сілесі қатып күлді, артынан « ұшатын тарелкада , әлде ракетада отырған секілді, космоста ұшып жүргендей сезініп, айнала көк аспан мен жарық жұлдыздар болған секілді» көрінді. Ауруханаға қалай әкелгені есінде жоқ. Таңертең науқастың жағдайы дұрысталды. Сыни көзқарасы бар.Психикалық жағдайын бағалап, нозологиялық анықтама беріңіз©

онейроидты синдром гашишты психоз©

делириозды синдром гашишты психоз©

галлюцинациялы синдром алкогольды галлюциноз©

психомоторлы қозу полинаркомания©

психопатотәрізді синдром баяу ағымды шизофрения

***

Делириі бар науқаста бұлшық еттерінің дірілдеу,міңгірлеу,жұлу ,кимдерн жұлу сияқты белглер пайда болды.бұл жағдай да не туралы ойлауға болады©

инкогеренция синдромының дамуы және аменцияға өтуі©

корфология синдромының дамуы және мусситирлеуші делирийге өтуі©

есеңгіреу синдромының дамуы және мусситирлеуші делирийге өтуі©

еменциия синдромының дамуы және корсаков психозына ауысуы©

құрысу синдромының дамуы және эпистатуске ауысуы

***

Науқас А., 39 жаста. Үзіліссіз ішімдік қабылдағанды тоқтатқан соң ,екінші күні кешке қарай қөзін жапқан кезде шыбындарды,шаяндарды,тағыда басқа жағымсыз жәндіктерді көре бастайды.Қатты шошынып көзін ашса,барлығы жоғалып кеткен.Келесі күні өзін жақсы сезінген,кешке таман жағдайы нашарлай түскен , көзін ашып қарағанда шаяндарды,шыбындарды көрген, ола терісінде жыбырлап жүргенін ,тістегенін сезген, біраздан соң бөлмеде тауықтарды,тышқандарды көре бастаған ,олар оны аңдығандай болған.Олардан қашып,айқайлап,асылып қалғысы келген,бірақ осы әрекетін қалай іске асыратыны ойына келмеген.Ауруханаға түскенде қатты қозулы,дірілдеген, суық тер басқан.Емдеген соң тәртібі тынышталды,байланысқа оңай түседі.бірақта аяқ-қолының мұздануына,ұюына ,жүріс-тұрысының әлсіздігіне шағымданады.Жарты жылда туыстарының айтуынша науқастың есте сақтау қабілеті нашарлап кеткенін байқаған Мнестикалық бұзылыстарға байланысты уақытқа,тұрған жеріне бағдары өзгерген және маңайындағыларды танымайды. Осы бұзылыстың патогенетикалық механизмін анықтаңыз©

инкогеренция синдромының дамуы және аменцияға өтуі©

корфология синдромының дамуы және мусситирлеуші делирийге өтуі©

есеңгіреу синдромының дамуы және мусситирлеуші делирийге өтуі©

деменциия синдромының дамуы және корсаков психозына ауысуы©

құрысу синдромының дамуы және эпистатуске ауысуы

***

Науқас Ф. 22-жаста.Психиатриялық ауруханаға бірінші рет түсіп отыр. Тұқымқуалау факторы бар : анасында шизофрения. Балалық шағынан бастап тұйық,ешқашан достары болмаған, ешкіммен араласпаған. 12-13 жастан бастап жақын туыстарына деген салқындық, жануарларға деген қатігездік, аутизм байқалды. Мектептен кейін оқуын жалғастырмаған, ешжерде жұмыс істемеді , әкесінің мойынында болған. Ауруханада өзін жоғары бағалап, сандырақ ойлар айтты (алтын фондтың жалғыз мұрагерімін), оның сезімдерін біреулер («эзотерикалық құдайлар») басқаратындығын айтады. Бұл науқастың емдеу жоспарын ұсыныңыз©

дезинтоксикалық терапия, ноотроптар©

витаминдітерапия, транквилизаторлар©

антидепрессанттар, ноотроптар©

психостимуляторлар, транквилизаторлар©

нейролептиктер, корректорлар

***

Науқас Д, 32-жаста мынандай шағымдарымен келіп отыр: ЖИТС-ны жұқтырып аламын деген, үнемі болатын қорқу сезімі. Үйде суға күніне бес рет шомылатындығын айтады, жұқтырудың алдын алу үшін қолын жиі жуып жүреді және іш киімдерін жиі ауыстырады. Тағайындалатын ем©

транквилизаторлар, ноотроптар©

антидепрессанттар, транквилизаторлар©

витаминдітерапия, нейролептиктер©

ноотроптар, седативті препараттар©

лития тұзы, антиконвульсанттар

***

Әйел 38 жаста, шаршанқы, жабырқаулы көрінеді. Басынын ауруына, үрейге, беткей ұйқыға шағымданады. Ұйықтар алдында көп жатып, бас миынын ісігі бар деп ойланады. Күндіз осы ойлар оған жұмыс істеуге мұрша бермейді. Қандай ем тағайындау керек©

фенозепам, амитриптилин©

фенозепам, карбамазепин©

амитриптилин, пирацетам©

пирацетам, тизерцин©

циклодол, галоперидол

***

Науқас 20 жаста, студент. Үзақ уақыт сабағын жұмыспен бірге алып жүреді, күніне 5-6 сағат қана ұйықтайды. Жедел вирусты респираторлы инфекциямен ауырғаннан кейін бірге оқитын балалары оның жоғары тітіркенгіш, көңіл күйінің құбылмалы, сабаққа немкұрай лығын байқаған. Сабақ пен жұмысты бірге жалғастырып, сабақта аса тітіркендіргіш , басқа студенттерге айғайлайлап, артынан жылап қалып, сабақ үлгерімі әжептәуір төмендеді. Демалыстан кейін жағдайы жақсарды. Емді анықтаныз©

антидепресанттар©

антиконвульсанттар©

ноотроптар©

нейролептиктер©

психостимуляторлар

***

Физикалық кемістік идеясы ,яғни өзінде артық салмақ, денесіне көңілі толмау, денесінің жеке бөліктеріне қатысты беті домалақ , қарыны шардақ деп санаған . Өзінің денесіне көңілі толмау, пубертты жасқа сай өзгерістермен байланысты.Мына жағдай кездеседі©

невроз тәрізді шизофренияның ішінде дисморфоманиялық синдром©

нервті анорексия ішіндегі дисморфоманиялық синдром©

циклотимиялық ішіндегі дисморфониялық синдром©

гебефениялық шизофрения ішіндегі дисморфоманиялық синдром©

невростенияның ішіндегі дисморфоманиялық синдром

***

Науқастың анасының айтуы бойынша ұлының тәртібі тым өрескел. Анасының айтуынша ұлы орындықта отырған екі қызға өзінің жыныс мүшесін көрсеткен. Ол мұғалім, 34 жаста, үйленген, екі қызы бар. Жыныстық қабілеті және әйелімен жыныстық өмірі қалыпты. Ол 4-5 жаста болғанда, ауылда тұрған, іш киімсіз жүрген. Апайы және оның құрбылары 7-8 жыл оның жыныс мүшесімен ойнаған. Оргазмның пайда болуы үшін қыздарға жыныс мүшесін көрсету жеткілікті болған, кейде қосымша мастурбация керек болатын.

Нозологиясын анықтап, МКБ-10 бойынша диагноз қойыңыз©

F 52.10 жыныстық жиіркеніш©

F 52.5 вагинизм©

F 65.3 вуайеризм©

F 65.0 фетишизм©

F 65.2 эксгибиционизм

***

Науқас 35 жаста ,өзінің 8 жасында тәрбиешісіне ғашық болғанын айтады. Бір куні тәрбиешісі оны өз қолымен жазалады, осы кезде ауырсыну, ұялумен қоса лаззаттық сезінді. Тағыда жазаланғысы келді.жақын арада ол тағы жазаланды. Бірақ тәрбиешісі баланың мұндай қылығын байқап, оны өзінен алыстатты. Осы уақыттан бастап балада тәрбиешісінен жаза алуға деген, сонымен қатар өзіне ұнаған әйелдің айтқанын орындауға, жалынуға құштарлық пайда болды. Назологиялық диагнозды және МКБ 10 бойынша диагнозды анықтаңыз©

эксгибиционизм F65.2©

педофилия F65.4©

вуайеризм F65.3©

фетишистік трансвестизм F65.1©

мазохизм F65.5

***

Техникалық институттың 5 курс студенті өзінің кейде жалаңаш әйел жыныс мүшелеріне қарау әуестігі бар екенін айтады. Бұл әуестік 13 жасында дәретхана тесігінен әйелдерді сығалаудан пайда болған. Бұл оны қатты қоздырып, ол онанистік акт жасаған. Содан бастап жыныстық қозу кезінде ол әйелдің жыныс мүшелерін елестетіп, мастурбация жасайды. 18-19 жасында бұл құштарық көбейіп, ол қоғамдық дәретханаларда тесік жасау арқылы, әйелдерге қарап, мастурбация жасаған. Бұл әуестігімен куресуге тырысқан, дегенмен әуестігі басым болып, тіпті қаланың шетіндегі қоғамдық дәретханаларға барған. Назологиялық диагнозды және МКБ 10 бойынша кодты анықтаңыз©

фетишизм F65.0©

транссексуализм F64.0©

педофилия F65.4©

эксгибиционизм F65.2©

вуайеризм F65.3

***

Науқас Р. 34 жаста жыныстық суықтық жөнінде шағымданып келді. 26 жасында тұрмыс құрғанға дейін болашақ куйеуімен 3 ай бойы жыныстық қатынаста болып, оргазм сезінген. Тұрмыс құрғаннан кейін ерлі-зайыптылар куйеуінің жұмыс орны бойынша көшіп кетті. Сол кезде олардың уйіне бір әйел оның куйеуін жақсы көретінін және онсыз тұра алмайтынын айтып келді. Бұл сәт сол әйелдің куйеуінің көзінше болған. Сол кезден бастап әйелдің жыныстық құштарлығы азайып, оргазм жоғалды. Аноргазмия 8 жыл көлемінде. Куйеуімен жақсы қарым-қатынаста. Ол әйелінде оргазм шақыру үшін оральды және мануальді стимуляцияны қолданып көрді, бірақ еш нәтиже болмады. Ол көрікті, суйкімді, ренжігіш, өзін өзі жақсы көретін әйел. Этиопатогенезді ескере отырып, болжам диагнозды қойыңыз©

психогенді фригидтілік, шокты психикалық травмамен шақырылған©

нағыз фригидтілік, шокты психикалық травмамен шақырылған©

жалған фригидтілік, шокты психикалық травмамен шақырылған©

активті фригидтілік, шокты психикалық травмамен шақырылған©

соматикалық фригидтілік, шокты психикалық травмамен шақырылған

***

науқас 23 жаста фригидтілік пен ұйқысының бұзылысына шағымданады. Осыдан 2 жыл бұрын суйіктісіне куйеуге шыққан. Бастапқы кезде жыныстық қатынас кезінде қозу сезімі болған. Куйеуінің ерте эакуляциясына байланысты оргазм болмаған. Жыныстық қатынасқа дайындық және жыныстық қатынастың өзі ешқандай қозу тудырмайды. Науқас өзін жыныстық қатынаста суықпын деп санайды. Нозологиялық және спецификалық терапияны көрсетініз©

витаминотерапия рефлексотерапия лфк©

физиотерапия лфк массаж©

рационалді және тәуліктік психотерапия фармакотерапия ©

рефлексотерапия гармонотерапия лфк ©

дунлаптың негативті әсер ету әдісі бойынша физиотерапия мен психотерапия

***

Науқас 52 жаста. Ауруханаға жыныстық әлсіздікке шағымданып келді. 25 жасында үйленген. 45 жасында ишемиялық инсультті басынан өткерген. 30 жасынан бастап 2-ші дәрежедегі артериялық гипертензия анықталған. Ұзақ уақыттан бері АҚҚ- ын қалыпта ұстау үшін тиазидті диуретиктермен В-адреноблокаторлар клофелин қабылдайды. Осыдан кейін біртіндеп жыныстық қатынасқа әуетігі төмендеген. Жыныстық катынас үшін эрекция толық болмаған. Урологиялық патология анықталмаған. Этиопатогенді ескеріп, болжамды диагнозды анықтаңыз©

психогенді эректильді дисфункция©

медикаментозды эректильді дисфункция©

нейрогенді эректильді дисфункция©

қан тамырлық эректильді дисфункция ©

қабынулық эректильді дисфункция

***

Науқас 22 жаста жыныстық қатынасқа түскенде әр түрлі ойлардың пайда болуына шағымданып келді. Ол кешкі уақыттарының көбін саябақтың немесе жағажайдың елсіз жерлерінде құшақтасқан жұптарды көру үшін жұмсаған. Құшақтасқан жұптардың жыныстық қатынасқа түсуін елестетуден қатты қозып , еңкейіп сандарын қысып оргазм шақырған. 18 жасынан бастап ер адамдармен кездейсоқ жыныстық қатынастарға түскен,бірақ жыныстық қанағаттану болмаған. 19 жасында, кешкі уақытта саябақта күтпеген жерден жыныстық жақындасуды көрген. Бұл қатты қозу тудырған. Бірнеше қадам жүргеннен кейін, сандарын қысып ләззат алған. Осы уақыттан бастап жыныстық қатынасты қарау әуестігі пайда болған. Психикалық жағдайды бағалап МКБ-10 бойынша диагноз қойыңыз©

сексуалды жиеркеніш F 52.10©

вагинизм F 52.5©

вуайеризм F 65.3©

фетишизм F 65.0©

транссексуализм F 64.0

***

Науқас 18 жаста, жыныстық өмірін бастауда ауырсынатынына шағымданып келді. Қанды көруден және ауырсыну сезімінен қорқады. Дефлорация ауырлығы туралы естіген. Тұрмыс құрғанына 4 ай болған, бірақ жыныстық қатынасқа түспеген. Ол күйеуінің колын өзінің сыртқы жыныс мүшесін ұстауына рұқсат етеді. Бірақ жыныстық қатынасқа түсуге талпынғанда қатты қорқыныш сезімі туындайды, ұстамалы түрде сандарын біріктіріп алады. Жыныстық дисфункция түрін анықтаңыз және аталған бұзылыстың емдеу әдістерін атаңыз©

трансвестизм, отбасылық психотерапия©вагинизм, суггессивті психотерапия ©

аноргазмия, отбасылық психотерапия©

коитальды аноргазмия, рациональді психотерапия©

вагинизм, рефлексотерапия

***

Науқас 25 жаста, инженер, бойдақ, жайылып тұрған әйел адамның іш киімін ұрламақшы болған жерде ұсталды. Жыныстық қозуды және жыныстық қанағаттануды киілген әйел адамның іш киімін ұстау арқылы алатыны анықталды. Жаңа іш киімдерге қызықпады. Осы жайттар консультацияға келуге негіз болды. Қандай нозологиялық топқа жатады және МКБ-10 бойынша диагноз қойыңыз©

транссексуализм F64.0©

фетиштік трансвестизм F65.1©

фетишизм F65.0©

оргазмдік дисфункция F52.3©

эксгибиционизм F65.3

***

Науқас 21 жаста, жыныстық қатынасқа түспеген, жыныстық қатынастан қашады және оны жыныс мүшесінің көлемі өте кіші болуымен түсіндіреді. Өз дефектін жасыру үшін әрқашан әйелдермен жақындасудан қашатын. Осы бұзылыстың этиопатогенезін ескере отырып синдромды анықтаңыз©

дисморфоманикалық синдром, жыныстық функцияның жасырын бұзылысы ©

астено депрессивті синдром, невроздан болған психогенді-коитальды аноргазмия ©

депрессивті ипохондриялық синдром жыныстық функцияның жасырын бұзылысы ©

истериялық синдром, психогенді-коитальды аноргазмия©

апато абулиялық синдром, жыныстық функцияның жасырын бұзылысы

***

Науқас 27 жаста, жыныс мүшесіндегі жағымсыз сезімдерге шағымданады: ұманың , «ата без бен жыныс мүшесі өлген», уретрада «ашыту сезімі, жағымсыз жиырылулар болады». Венерологиялық ауру бар деп қорқады. Бірнеше рет тері-венерологиялық диспансерге венеролог пен урологқа қаралған. Жыныстық инфекциялар мен урологиялық патология анықталмаған. Патенциясының төмендеуін және жыныс мүшелеріндегі жағымсыз сезімдер үшін уайымдайды. Жыныстық қалыптаспағаны туралы уайымдайды: шаршаған және көңіл-күйі құлазыған, ұйқысы бұзылуы болады. Өзінде ауыр урологиялық патология барына сенімді, дәрігерлер оған жыныстық инфекция жоқ дегенде сенбейді.Осы жағдайда синдромды анықтаңыз©

астено депрессивті синдром©

депрессивті-ипохондриялық синдром©

дисморфоманиялық синдром©

апато-абулиялық синдром©

обсессивті-фобиялық синдром

***

52 жастағы науқас жыныстық қызығушылығы жоғарлауына байланысты келген. Жыныстық қатынасқа түскісі келетін сезім таң атқаннан кешке дейін жалғасады. Күйеуімен жыныстық қатынасқа аптасына 1-2 рет түседі. Бұрын бұл оны қанағаттандыратын, соңғы 2 айда сексуалды қатынасқа түсуге деген құштарлығы артқан. Менопауза 50 жастан басына қан құю сезімі, ыстықты сезіну болған Қазір оны бұлар мазаламайды. Диагноз қойыңыз және осы жағдайдың себебі не болуы мүмкін©

садомазохизм, мидағы гипоталамус бөлігінің тамырлы зақымдалуы©

гиперсексуалдылық ,нимфомания,эндокринді бұзылыс ©

герантофилия, эндокринді бұзылыстар©

мазохизм эндокринді бұзылыстар мидың гипоталамустық бөлігінің зақымдалуы©

гипосексуалдылық вуайеризм эндокринді бұзылыстар

***

Қыз бала, 19 жаста мүсінге қарап жыныстық ләззат алу туралы жабысқақ ойларымен келді. 9 жасында алғаш рет бөксе бұлшықеттерін жиырып -босаңсыту арқылы жағымды жыныстық қанағаттану болған. 15 жасында жасөспірім балаға ғашық болған. Сол баламен музейге барып Антонио Канованың « Амур сую» мүсінінің қасында құшақтасып, қолынан қысқан. Сол сәтте қыз бөксе бұлшықеттерін жиырып босаңсыту арқылы алғаш оргазм алған. Бір күні кешке сол мүсіннің суретін қарағанда қатты қозу пайда болған. Сол сәттен бастап мүсіннің суретін алып мастурбация жасау туралы жабысқақ ойлардан арыла алмайды. Этиопатогенезін ескере отырып болжам диагноз қойыңыз©

пигмалионизм немесе монументализм формасындағы фетишизм©

пигмалионизм немесе монументализм формасындағы садизм©

пигмалионизм немесе монументализм формасындағы мазахизм©

пигмалионизм немесе монументализм формасындағы эксгибиционизм©

пигмалионизм немесе монументализм формасындағы герантофилия

***

Науқас З., 86 жаста, колхозшы. Бірнеше апта бойы психиатриялық ауруханада емдеуде жатыр. Тек қана оң жақ көзінің көрмеуіне шағымданады қасаң қабығы мөлдірлігін жоғалтқан. Басқа шағымдары жоқ. Бөлімшеде тыныш, егде жастағы науқастардың жанына барып отырып, олармен әңгімелесіп отырады. Дәрігермен, басқа науқастармен сөйлескенде сыпайы, кейде тіпті жағымпазданып кетеді. Айналсында ақ халат киген адамдарды көріп, оны ауруханаға жатқызғандығын біледі, бірақ қандай аурухана екені есінде жоқ. Кеше ғана ауылдан келгендігі туралы айтады: Міне, жаға ғана аулада атты байлап қойдым, шөп беріп келдім дейді. Есте сақтауының кенеттен бұзылғанын байқаған, көбінесе ағымдағы оқиғаларға байланысты. Сіздің болжам диагнозыңыз©

бас-ми жарақатының салдары корсаков синдромы©

психоорганикалық синдром©

тұлғаның органикалық бұзылысы©

атеросклероздық деменция корсаков синдромы©

параноидты синдром

***

Науқас Г, 72 жаста, зейнеткер. 6 ай бойы психиатриялық ауруханада жатыр. Тұрақты күтімді және қадағалауды қажет етеді, себебі палатаны таба алмайды, басқа төсекке науқастың жанына жатады. Киімде ұқыпсыз, өздігінен киіне алмайды, қағаздарды жинайды, халатының қалтасына, басқа науқастардың матрацтарының астына жинайды. Оның киімін, тамағын ұрлауына шағымданады. Кейде: Караул! Тонап жатыр! Пальтоны ұрлап алды! Тамақ бермейді, аштан қатырады деп қатты айқайлайды. Сол кездері ызақор, тітіркенгіш, науқастар мен медперсоналды жолатпайды, тістейді. Науқастардың ешқайсысын танымайды, күніне бірнеше рет көрсе де, емдеуші дәрігерін есіне сақтай алмайды. Оған келетін туыстарын танымайды, алып келген тағамды алып ап, туыстарын қуып жібереді, себебі тамақты қайтадан тартып алады деп қорқады. Осы науқаста бар бұзылыстардың мүмкін болатын ебебі©

альцгеймер ауруы тотальды деменция©

бас миының қантамырлық ауруы лакунарлы деменция©

атеросклероздық кемақылдылық©

тамырлық делирий©

пик ауруы

***

Науқас Ц., 64 жаста. Тұқымқуалаушылығы ерекшеліксіз. Өсуі және дамуы қалыпты болған. Инженерлік білім алған, мамандығы бойынша жұмыс атқарған. Күйеуге шыққан, 3 сау баласы бар. Соңғы жылдары зейнетке шығар алдында мамандығы бойынша жаңа жұмыс түрлерін атқаруда қиындықтар болатын. Екі жыл бұрын үй шаруашылығын атқара алмайтын болды, ұмытшақ болып кетті. Сыртқы келбетіне қарамай кетті, моншаға бармайды, белгілі бір жұмыс істеуге қызығушылығы мүлдем жоғалған. Ашқарақ болып кетті, есте сақтау қабілеті нашарлаған. Тұрмыстық заттардың атауларын ұмыта бастады, өз үйін таба алмады, өзінің бұрынғы пәтеріне кетіп қалатын және күнделікті заттармен қате қолданатын болды немесе қалай қолдану керек екенін білмеді. Клиникада толығымен дезориентацияланған. Сіздің болжам диагнозыңыз©

альцгеймер ауруы тотальды кемақылдылық©

соматогенді психоз аментивті синдром©

бас-ми жарақатының салдары корсаков синдромы©

сананың бұлыңғырлануы©

маниакальды синдром

***

Науқас, бас жарақаты болып есінен танғаннан кейін келесі шағымдары мазалайды: басының ауруы, басының айналуы,АҚҚ көтерілуі. Науқастың мінезі өзгерді өте тітіркендіргіш, ашуланғыш,өзін өзі ұстай алмайтын болып келеді. Анасымен жанжалдасып, ас үйдегі есіктің терезесін шағып тастады.Қолданылатын ем©

нейролептиктер, антиконвульсанттар©

нейролептиктер, транквилизаторлар©

седативті, ноотроптар©

витаминотерапия, гипотензивті©

корректорлар, нейролептиктер

***

Науқас С., 37 жаста.Көңіл-күйі көтеріңкі, көзі жайнаған.Ауруханалық халаттың үстінен ашық түсті бантпен сәнделген ала кофта киген. Шашы жалбырап жатыр, бірақ сондай ашық түсті лентамен буылған. Еріндері қалың боялған, көздері сызылған. Барлығы бірге бір айқайлап тұрғандай және талғамсыз әсер қалдырады. Дәрігерді қолтықтап алып, науқас бір нәрсені тез айтып жатыр, дауысы қарлыққан. Бөлімшеде науқас барлық істерге кіріседі, барлығына бөгет болады, ешкімге маза бермейді. Науқастарды дөңгелетіп жинап алып, билейді, ән айтады. Тәулігіне 3-4 сағаттан артық ұйықтамайды. Қозуы тіпті нейролептиктердің үлкен дозасымен толық басылмайды. Психикалық жағдайын бағалаңыз және терапия әдісін таңдаңыз©

маниакальды қозу фармакотерапия психиатр©

гебефренді қозу психотерапевт фармакотерапия©

парафренді синдром психиатр фармакотерапия©

кататониялық синдром невропатолог фармакотерапия©

үрейлі-депрессивті синдром психотерапевт терапевт

***

Науқас С., 35 жаста. Соңғы айларда өзінде үнемі көңііл-күйінің жоқтығын байқаған. Мұң жоқ. Бұл шаршағыштық сезімі, еріксіздік, өз өзіне көңілі толмаушылыққа ұқсайды. Барлығын тастап, бас ауған жаққа кетіп қалғым келеді. Бұрын түгелдей жұмыспен айналысып жүрген, тезірек диссертациясын қорғап, басқа істермен айналысқысы келген, ал қазір бұрынғыдай қызығушылық жоқ. Сол үшін тез шаршай бастаған, зейіні төмендеген, ойлары концентрацияланбайды, сырғанап кете береді, барлық бағытта қашып кетеді. Әдеби кітаптарды оқу, кинофильмдер, театр бұрынғыдай қызығушылық тудырмайды. Барлығы да сұр түсті, бірқалыпты, бұрыннан бері таныс сияқты. Нозологиялық синдромды анықтап, терапия әдісін таңдаңыз©

депрессивті сандырақтық синдром психотерапия©

депрессивті синдром физиотерапия©

астено-депрессивті синдром фармакотерапия©

ипохондриялық синдром психотерапия©

үрейлі-депрессивті синдром рефлексотерапия

***

Науқас Б., 30 жаста. Күйеуге шыққысы келген азаматпен айырылысқаннан кейін, уайымдап, ұйықтай алмайтын болды. 3 күннен кейін тәртібінде өзгерістер пайда болды. Мүмкін, ол туралы бір компрометтирлеуші мәліметтер айтқан болатын, ол оны жігіті жасады деп ойлайдй, тіпті ол жігітін мекемеден шығып бара жатқанын көрген. Енді ол үшін бәрі бітті, ештеңенің қажеті жоқ, өмір сүрмеймін деп шешкен. Ориентациясы бар, тежелген, үрейлі. Көңіл-күйі түскен. Қабырға артынан көршілес қызметтестерінің дауыстарын естиді. Тамақ ішуден бас тартады. Жеуге көндіруге тырысса: Күлесіңдер сендер маған, маған жеу емес, өлу керек дейді. Синдромды анықтаңыз және МКБ 10 бойынша диагноз қойыңыз©

үрейлі депрессивті синдром Ғ42.8 басқа обсессивті компульсивті бұзылыстар©

маниакальды-сандырақтық синдром Ғ42.9 обсессивті компульсивті бұзылыстар©

онейроидты және маниакальды синдром F43.21 адаптация бұзылысы©

депрессивті сандырақтық синдром F32.0. депрессивті эпизод©

депрессивті эпизод Ғ43.1 посттравматикалық стресс бұзылыстары

***

Науқас 54 жаста, II топ мүгедегі. Психиатриялық ауруханада ем алып жатыр. Бөлімшеде тұйық, көп уақытын бос өткізеді, ештеңемен айналыспайды, көбінесе өзінің төсегінде отырады, жиі жиі терең күрсініп қояды. Жүзінде сағыныш пен үрейдің бейнесі. Дәрігермен әңгімеселу барысында толқып тұрады, біраз дірілдейді, тоқтаусыз қолдарымен киімін жөндеп отырады. Көздерінде жас тұр. Көңіл-күйінің болмауына, ұйқысыздыққа, үйі туралы тоқтаусыз үрейлі ойлардың келуіне шағымданады. Өмірі қажетсіз, мақсатыз көрінеді, жиі-жиі өмір сүрудің қажеті жоқ деген ойлар келеді. Нозологиялық диагнозды және берілген аурудың синдромын анықтаңыз©

биполярлы аффективті бұзылыс депрессивті синдром©

биполярлы аффективті бұзылыс маниакальды синдром©

депрессивті эпизод биполярлы аффективті бұзылыс©

онейроидты маниакальды синдром©

рекуррентті депрессивті бұзылыс депрессивті эпизод

***

Науқаста кенеттен көңіл-күйі төмендеп кетті, ештеңе істей алмады, ұйқысы бұзылды, үрей сезімі пайда болды, кеуде артында ауырлық сезімін сезеді, тәбеті төмендеген, негативті ойлар келеді. Жоғарыда айтылған жағдай анасымен ұрсысқаннан кейін пайда болды, 2 апта бойы жалғасып келеді. Депрессияны жою үшін және науқастың ұйқысын жақсарту мақсатында қолданамыз©

галоперидол викасол©

аминазин сальбутамол©

миртел нозепам©

ноотропил пирацетам©

пирацетам кавинтон

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]