Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dayyn_Synyptan_tys_shy_1171_aru (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.04 Кб
Скачать

1. Тасбақаның өсуін бақылау.

2. Тасбақаның қимыл-әрекетін зерттеу.

3. Тасбақаның құрлықтағы қозғалысын бақылау.

Жұмыстың болжамы:

Жорғалаушыларды, оның ішінде тасбақаға зерттеу жұмысы барысында оның өсуінен бастап, дамуында ерекше құбылыс болатындығы.

Алға қойған міндеттерді шешу үшін мына әдістер қолданылды:

Омыртқалы жануарлардың өсуін зерттеуде «Өлшеу-салыстыру» әдісі.

Жұмыстың жаңалылығы: бауырмен жорғалаушылардың тасбақаларға зерттеу жұмысы барысында қозғалысындағы қасиеттерді бақылау жүргізу арқылы қимыл-қозғалысында болатын қасиеттерін болашақта зерттеу жұмысын жалғастыру арқылы бақылаймын.

Жорғалаушылар

Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, крокодилдер, т.б. жатады. Суда тіршілік ететіндері де бар. Бірақ олар екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі.Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (грекше «герпетон» - «жорғалаушылар») деп атайды. Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған. Жорғалаушы-лардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Бауырмен жорғалаушылардың ішінде тасбақалардың қозғалысын және жүру барысын зерттеуге қызықтым. Бауырмен жорғалаушылардың тасбақалар класс тармағының тасбақаға тәжірибе жүргізудегі мақсатым:

Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер ішінде құрлықтағы тасбақаның қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу.

Зерттеуде мынадай міндеттерді алға қойдым:

1. Тасбақаның өсуін бақылау.

2. Тасбақаның қимыл-әрекетін зерттеу.

3. Тасбақаның құрлықтағы қозғалысын бақылау.

1.Тасбақаның өсуін бақылау.

1. Жұмыртқа қабығынан шығысымен тасбақада ерекше жылдам қозғалыс болды да 20 минуттан соң қозғалысы баяулады. 1 күннен соң денесінде ақ түсті дымқыл мөлдір қабық болды. Ол қабық 3-күні қабыршақтанып түсе бастады. Мүшелері – аяғы, қолы, арқа денесі жұмсақ болды. 10 күннен соң арқа сауыты қатая бастады. Тасбақаның жоғары жартысы – карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; Карапса қабатының дамуы, яғни, қатаюы.

2. Төменгі жартысы – пластрона, бұл да тері тектес сүйектен тұрады, бірақ мұнымен тас сүйегі мен бұғана қосылып кеткен.Үстіңгі жағындағы сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қаптап жатады.Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бірігіп кеткен. Жамбас сүйектері карапаксқа сіңір арқылы бекиді немесе жіктер қосылып бірігіп кетеді.

Сүйекті сауытының болуымен байланысыт тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше, мойны, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады.Жұмыртқадан шыққан кезде тасбақаның бұлшықеттері бекімеген. Яғни, терісі қатпарланып бұжыр болып тұрады. 1 айдан соң тасбақаның терісі тегістеліп, аяқ, құйрық еттеріне өзгеріс байқалады. Ол өзгеріс – аяқтары ширақ, тез қозғала бастады[24].

10 күннен зерттеу барысында тасбақа мойнын «S» тәрізді етіп сауытының ішіне жиырып алады.Сондықтан бұл тасбақаны жасырын мойын тасбақалар деп атайды.

2.Тасбақаның қимыл - әрекетін зерттеу.

Тасбақаның қимыл – қозғалысы 2 айдан кейін өзгерді.Ол тез қозғалады,әрі ширап,кез-келген әрекетте ширақ қимылдай алады.Бастапқы кездің зерттеу барысында тасбақаны 2 түрлі жерге қою арқылы тәжірибе жүргізілді. Біріншісі шөпті жер, екіншісі топырақты жер. Алғашқыда шөпті жерге жүру барысында тез жүрсе,топырақты жерде баяу жүрді. Себебі,тасбақа алдыңғы аяғымен шөпті итеру арқылы тез жүрді, одан кейін оны жерге қойғанда баяу жүрді. 4 айдан кейін тасбақаның жүруі екі жерде де бірдей ширақ,тез қозғала және тез жүре алатын болды. Тасбақаның қоректенуі де зерттеліп күнделікке жазылып отырды. Бұл жасырын мойын тасбақа мынадай тағамдармен қоректенеді: шөппен қоса алма, сәбіз, орамжапырақ және бөлме традесканция өсімдігі. Әдетте тасбақа жауынан қорғану барысында немесе жанына бір зат түскенде ол сауытының ішіне жиырылып қалады. Жасырын мойын тасбақаны қоректендіру барысында, яғни, тағамды көрсеткенде немесе аузына дейін апарып, қайтадан алып тастаған кезде тасбақада байқалатын өзгеріс:аяқ-қолдарын сауытының ішіне салмай жазылып тұрып қалады, бір зат тиген уақытты да қозғалмайды. 8 минут өткеннен кейін жиналып, қозғалады. Тасбақа толығымен қоректенбесе

Шымкент зообағы мен дендробағының негізгі бағыттарын атаңыз, ең тиімді бағытын атап көрсетініз. “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы” Оңтүстік Қазақстан облысы 2009жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Негізгі бағыты бұл жерде көптеген дәрілік өсімдіктердің түрлері, жер шарының түпкір-түкпірінен жиналған ағаштар және де флора мен фаунаға өте бай.Шымкент зообағы 1980жылы жойылып бара жатан жануарларды сақтап қалу мақсатында құрылған. Қазіргі қызыметі - ғылыми зерттеу орталығы мен экологиялық қызмет. Тек қана балалар серуентейтін, демалатын мекен емес, сонымен қатар жануарларды өсіріп, көбейтетін ғылыми-зерттеу орталығы.Шымкент зообағы тек қана жануарлар өсірумен шектелмей, сонымен қатар ағаштардың әртүрін өсірумен шұғылданады.:2000тарта декоративті ағаштар, 550 тарта-жемісті ағаштар, 10000 тарта раушангүлділер, 800канны бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]