Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dayyn_Synyptan_tys_shy_1171_aru (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.04 Кб
Скачать
    1. Апталықтың алғашқы күні.

Биошығарма конкурсы-бұл биологиялық шығармада туған өлке табиғаты, бағалы өсімдіктерімен жануарлар дүниесі, жергілікті халықтың әр түрлі мақсатқа қолдану әдістері, қорғау шаралары жөнінде оқушы өз ұсыныс-пікірін айтып, оны дәлелдеп, қорғап шығады. Халықтық ырым-тыйым сөздер, оның астары туралы түсініктемесі, өзіне жақсы таны дәрілі өсімдікке биологиялық талдау жағы қамтылды. Мұндай биошығармалар, анықтау жүргізу жұмыстары оқушының білім деңгейін ғана емес, сөйлеу мәдениетін арттырып, туған өлке байлығын танып білуге, бағалауға үйретеді.

Әр сынып «туған өлкем-қандай көркем» тақырыбына қатысты плакаттар шығарып, арнайы дайындалған жерге жасалынған плакаттар ілінеді.

    1. Апталықтың екінші күні. Құстар күні апталығы.

Халықтық тәрбие мұрасының бірі мақал-мәтелдер.Сөз маржанын терген, оның орны мен мәнін жете ұғынған қазақ, бала тәрбиесінде де оның алатын ерте аңғарған. Осындай этнопедагогикалық элементтерді пайдаланып, «1001 мақал, 101 жұмбақ »ойынының әдісімен «Құстар күні» мерекесін өткізеді. Қазақта жұмбақ айтыс, мақалдап сөйлеу шеберлері аз болмаған. Сол себепті, оқушыларға қазақтың құстар туралы асыл сөздерін зердесіне тоқытуды, қолма-қол сөз табу шеберлігін шыңдауды, «Мақал-сөздің мәйегі» екендігін ұғыдыруды, қазіргі заманға сай жаңа адамды қалыптастыруды мақсат етеді.

Орманға бара жатқандар, Жүректі жо-жоқ атпаңдар!

Аңшылық дәмін татқандар Қанаттыларды қақпаңдар,

Өтінем түге бәріңнен Солармен атқан ақ таңдар!

Көктемде құсты атпаңдар! Көктемнің гүлі сияқты

Сенімін оққа сатпаңдар ! Көктемде құсты атпаңдар!

Кішкентай әнді сақтандар! Саятқа бара жатқандар.

Оларда титтей жүрек бар,

Ортаға ойынға қатысушы мақалшылар шығып, өздерін таныстырады№

1-ші ойыншыға сұрақ: Қандай құсты жақсы көресің?

2-ші ойыншыға сұрақ: Құстардың қандай пайдасы бар?

3-ші ойыншыға сұрақ: Сіз үшін ең әдемі құс?

I. Мақалдың жалғасын айту.

Шаңырақ тұрмас уықсыз, (құс қона алмас, құйрықсыз). Ерді талап ұшырар, (құсты қанат ұшырыр). Ер елге паналайды, (аққу көлге паналайды). Ер атымен (құс қанатымен). Қоғам көзі-көл, (аққу болып жүзіп көр). Ер қартайса қазаншы болар, (бүркіт қартайса, тысқаншыл болар ). Жаралы жүрекке тимеңіз, (балалы үйрекке тимеңіз).

Оқу –тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар

Оқу – тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстардың тәрбиелік мәні қандай деп ойлайсыз?. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Оқу–тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ бақылау зертттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғайлы дағдысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлігінің куәсі болады. Биология кабинеті мен оқутәжірибе алаңын ұйымдастырған тәрізді тірі табиғат мүйісін жасауда да оқушылардың ат саласып, белсене араласқаны жөн. Жануарлар мен өсімдіктердің орналастырылуы және оларды ұстауда биологиялық, санитарлықгигиеналық ережелерге сай болуы тиіс. Ұстаздың кеңесімен балалар өсімдіктер мен жануарларды күту және бақылаудың күнделігін құрып, кесте жасайды. Тірі нысандармен жұмыс істеу барысында оқушылардың еңбек мәдениеті, біліктілігі мен дағдылары қалыптасып, табиғатқа деген аяушылық және қамқорлық сезімдері оянып көзқарастарына әсер етеді.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мұғалімнің ролі. Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімтал- дық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылық-тарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.  Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар: Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу;Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.

Өлкетану және анатомиялық мұражайларға топсеруен оқушылар үшін не береді деп ойлайсыз. Өлкетану және анатомиялық мұражайларға топсеруен“Адам және оның денсаулығы” пәні арқылы оқушылар адам, қоғам, табиғат, яғни дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы білім алады.Сонымен қатар оқушы тілін ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге баулып, шығармашылық ізденістерге жетелейді. Оқушылардың қызығуы мен сүйспеншілігін арттыру үшін оқушыларға сөзбен айтып жеткізуден қарағанда, көзбен көрсеткен жақсы. Оқушыларды топсеруендерге өлкетану және анатомиялық мұражайларға апарып көрсеткен оқушыларға тиімді. Анатомиялық мұражайда бір айлық нәрестенің бір жасқа дейінгі вакумдағы көрсетілімі, адамның он екі мүшесі, қаңқасы бөлек–бөлек талдап көрсетілген. Оқушылар көзбен көргенді толық сипаттап бере алады. “Адам және оның денсаулығы” пәні арқылы оқушылар адам, қоғам, табиғат, яғни дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы білім алады. Сонымен қатар оқушы тілін ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге баулып, шығармашылық ізденістерге жетелейді. Оқушылардың қызығуы мен сүйспеншілігін арттыру үшін оқушыларға сөзбен айтып жеткізуден қарағанда, көзбен көрсеткен жақсы. Оқушыларды топсеруендерге өлкетану және анатомиялық мұражайларға апарып көрсеткен оқушыларға тиімді.

Өлкетану және анатомиялық мұражайларға топсеруен. Анатомиялық мұражайда түсік тастаған бір айлық нәрестенің бір жасқа дейінгі вакумдағы көрсетілімі, адамның он екі мүшесі, қаңқасы бөлек–бөлек талдап көрсетілген. Оқушылар көзбен көргенді толық сипаттап бере алады. Анатомиялық зерттеу әдістерін топсеруен барысында айтып өткен жөн:1. Мүрделерді сойып көру және препараттар жасау (жеке мүшелердің құрылысы, орналасқан орны анықталады).2. Антропометриалық әдіс (дене бөліктерін және жеке мүшелерді, бойының ұзындығын, салмағын, кеуде қуысының, бассүйегінің көлемін өлшеу).3. Гистологиялық әдіс (жеке ұлпалардың, мүшелердің кесінділері микроскоптың көмегімен зерттеледі)4. Рентгенологиялық әдіс (рентгенге түсіру арқылы жеке мүшелердің өзгерістері, орналасқан орны, тірі адам өмірінің түрлі кезеңдері зерттеледі).5. Эндоскопиялық әдіс (жарық сәулелерін пайдалану арқылы іші қуыс мүшелердің ішкі беттері зерттеледі).6. Қазіргі кездегі компьютерлік томография әдәсі ультрадыбыстық жаңғырық (эколокация)және тағы басқа көптеген әдістер қолданылады.

Өсімдіктанудан табиғи көрнекі құралдарды дайындауға қажетті құралдардың тізімін жасаңыз. Өсiмдiктер дүниесi бойынша қолданылатын көрнекi құралдар:Сызба нұсқалар: төменгi және жоғаржы сатыдағы өсiмдiктердiң көптүрлiлiгiнiң сызбалары.Карталар: мәдени өсiмдiктердiң шығу орталығын, көптүрлiлiк-терiн, өсiмдiктер дүниесiнiң филогенетикалық дамуын көрсететiн карталар.Кеппешөп: мәдени және жабайы өсiмдiктердiң кептiрiлген немесе тiрi үлгiлерi т.б.Слайдтар, бейнефильмдер, диафильмдер, микропрепараттар, электронды оқулықтар т.б.Жануарлар әлемi бойынша қолданылатын көрнекi құралдар:Суреттер: жануарларының жеке типтерiнiң, қарапайымдардың, iшекқуыстылардың, жалпақ, жұмыр, буылтық құрттардың, ұлулардың, шемiршектi және сүйектi балықтардың, қосмекендiлердiң, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректiлердiң суреттерi арқылы түсiндiру.Карталар: жануарлар әлемiнiң филогенетикалық тармағы, үй жануарларының және ауыл шаруашылық жануарларының географиялық сызбалары.Электронды оқулықтар: жануарлардың әлемiнiң жан – жақты жинақталған мәлiметтерi, олардың мiнез – құлықтары мен тiршiлiк орталары туралы толық қарастырылған оқулықтар.Ылғалды препараттар, тұлыптар, макеттер, модельдер, слайдтар т.б.

Өсімдіктанудан табиғи көрнекі құралдарды дайындауда басты назар неге аудару керек деп ойлайсыз?

Өсімдіктанудан табиғи көрнекі құралдарды дайындауда басты назарды неге аудару керек деп ойлайсыз?Табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған өсімдіктер (бөлме өсімдіктері, оқу – тәжірибе алаңынан немесе топсеруеннен әкелінген ) тірі табиғат мүйісіндегі, аквариумдегі, инсектарийдегі, тордағы жануарлар саналады. Табиғи препараттарға кеппешөптер, ылғалды препараттар, микропрепрепараттар, коллек-циялар, омыртқалы жануарлардың қаңқалары мен олардың бөлшектері, тұлыптар, практикалық жұмыстарға арналған таратпа материалдар жатады. Ең маңызды табиғи оқыту құралдарының бірі – микропрепараттар. Бұлар ағзалардың жасушалық құрылымын ұсақ табиғи нысандарды, бактериялар, зең саңырауқұлақтарын, саңырауқұлақтар, папоротниктер спора-ларын оқуда аса құнды болып табылады. Кептірілген табиғи нысандар - кеппешөптерден басқа бунаденелілер және өсімдіктер мүшелерінің коллекциялары (тұқымдар, гүлшоғырлар, жемістер, бүрлер) жатады.

Өсімдіктанудан табиғи көрнекі құралдарды дайындаудың тәрбиелік мәнін сипаттаңыз.

Өсімдіктер бөлімінен қолдан жасалынған құралдарды дайындауда керекті құралдарды атаңыз. Биологиядан оқу құрал – жабдықтары.Көрнекі оқыту – оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы қабылдауы,түсінігі абстрактылы оймен ұштастыра оқыту деген сөз. осындай оқыту нәтижесінде құбылыс арқылы оқушылар ағзалардың құбылысы мен тіршілігінің мәнін біледі, түсінік қалыптасады, негізгі заңдылықтарын ұғынады. Биология курсы бойынша оқу жабдықтары мынадай топтарға бөлінеді: Ι топ. Табиғи объектілер (түпнұсқалар): 1. Тікелей оқып үйрену үшін объективті шындықтың заттары мен құбылыстары. 2. Құбылысты демонстрациялауға және лабораторияда бейнелеуге, оларды сапалық және сандық жағынан зерттеуге қажетті приборлар мен тетіктер. ΙΙ топ. Объектілердің (түпнұсқалардың) көрінісі және бейнеленуі:1. Визуальді табиғи және символды бейнелеу: а) көлемдік, б) жазықтық 2. аудиовизуалді табиғи және символды көрінісі. ΙΙΙ топ. Заттар мен құбылыстарды сипаттау. ΙV топ. Табиғи объектілерде олардың бейнелерінде және сипаттамаларында болатын хабарды анықтауға және жеткізуге, бақылауға кері байланысын көрсетуге және жаттығуға қажет техникалық жабдықтар. V. Түпнұсқалар жинауға және оларды дайындауға, оларды бейнелеу \мен сипаттап жазуға, оларды күтуге және жөндеуге, оқушылардың еңбек әрекетіне қажет материалдық және техникалық жабдықтар. Муляж – табиғи объектінің көшірмесі, мұнда объектінің мөлшері, пішіні және реңі дәл көрсетіледі. Муляждарды стеарин массасынан жасайды, мақта,а орап жылытқыш приборлардан алыс жерде картон қорапта сақтайды, өйткені t0С жоғары болса, олар пішінін өзгертеді. Модельдер – табиғи объектілерді көлемді бейнелейді, бірақ объектіні дәл бейнелемейді, оны схема түрінде көрсетеді. Схема түрінде көрсетудің мәні – оқушылардың назарын аударуы қажет маңызды белгілерін айқын көрсету. Модельдерді сәйкес табиғи объектілермен бірге пайдалану керек. Модельдердің өздерін ғана пайдалану оқушыларға табиғи объектілердің құрылысы жөнінде теріс ұғым тудыруы мүмкін. Модельдерді шкафта бөлшектенген күйде, картон қорапта сақтайды. Көрнекілік құралдардың негізгі түрлері мен топтары 1.Табиғи 2. Жасандыы 1.Табиғи көрнекілік құралдар: Тірі және өлі табиғаттың түрі;Топырақ түрлері мен қазбалы заттар, өсімдіктер мен жануарлар, заттар,адамдардын шығармашылығына байланысты, тарихи нақты заттар, мәдени заттар,еңбек құралдары және тұрмыстық құралдар. Кеппешөп – өсімдіктердің кепкен түрлерінің жиынтығы.Коллекция - нақты бір тақырыбы бар, систематикалық заттар жиынтығы.Бағалы заттардың үлгі ретінде коллекциялап көрсету. Таратпа материалдар – табиғи және өндірісті. Препараттар – жануарлар мен өсімдіктердің препараттары кептірілген түрде немесе сұйықтыққа салынған түрінде болады. Чучела – белгілі бір жануарлардың түрлерін, түсін, көлемін, яғни сыртқы келбетін көрсетеді. Нақты заттар – адамдардың өткен өмірін көрсету үшін, олардың еңбектерін, мәдениетін, тұрмыстық жағдайын бейнелеу. 2. Жасанды Шартты көрнекі құралдар заттар мен құбылыстарды схемалы түрде, шартты белгілермен, логикалық абстрактілі турде өңделген және ең негізгі, қажет мағынасын жеткізіп бейнелейді. Шартты көрнекі құралдар тобына жататындар: схемалық суреттер, схемалар, сызбалар, графикалық диаграммалаар, сондай- ақ картографиялық қосымшалар – жоспарла, карталар, карталық сызбалар, атластар, глобустар.

Өсімдіктер бөлімінен қолдан жасалынған құралдардың тиімділігі қандай деп ойлайсыз.Мысалдармен негіздеңіз. Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысы, олардың, тіршілігі жөніндегі мәселелермен танысу үшін біздің, кәдімгі бөлме өсімдіктеріміздің маңызы үлкен. Оларды мектепті безендірумен  қатар, ботаника  курсының белгілі тақырыптары мен жеке мәселелерін өткенде пайдалануға болатындай етіп өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың биологиясымен танысу үшін, тәжірибе жасау,  бақылау жүргізу үшін, систематика топтарын анықтау үшін — таңдап алу керек. Бөлме өсімдіктерінің декоративтік және мөлшері жөніндегі сапасын да ескеру қажет. Мысалы, ірі фикустар, драцендер, барқытшөп, циперустар көп қиыншылық тудырады, өсімдіктердің аласа түрлері болғаны жақсы. Кейбір бөлме өсімдіктерін қалемшелеу жөніндегі практикалық жұмыстарда пайдалануға болады.Өсімдіктердің табиғи пішінін сақтай немесе сақтамай кептірілетін тәсілдің түрлері. Соның бірі пресстің арасында кептіру әдісі қолданылатын - гербарийлер. Ботаника сабағында жиі қолданылатын бірнеше гербарийлерді қарастырайықVI     сынып ботаника курсы үшін гербарий үш бөлікке бөлінеді.I  бөлігі — «Өсімдіктер органдары », гербарийдің бұл  бөлігі тамыр  жүйесінің  түрлі  типтері   көрсетілген   15   табақша;   мұнда тамыр  өсуіне  түптеудің, шырпудың,   жапырақтардың әр  түрлі пішіні   мен  олардың  сабаққа бекінуінің,  жапырақтың  орналасуы, сабақтың әр түрлілігі, жер асты өркендерінің әсері көрсетілген.II       бөлік — «Ерте гүлдейтін өсімдіктер», жеті табақша гербарийде тал, жанғақ ағашы, терек, қазжуа,   желайдар,   балшытыр  суреті салынған.III      бөлік — «Өсімдіктердің   көбеюі»,   мұнда   жеті   табақшагербарий бар. Гербарийдің бұл бөлігінде вегетативтік көбеюдің әр түрлі әдістері, гүл  мен гүл шоғы құрылыстарының типтері, тозаңдануға   бейімділігі,   жемістердің   әр   түрлілігі,   жеміс   пен  тұқым таралуына бейімділігі көрсетілген.

Өсімдіктер бөлімінен табиғи көрнекі құралдарды дайындау .Ботаника курсы бойынша табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған бөлме өсімдіктері, оқу тәжірибе алаңынан алынған немесе танымжорықтардан әкелінген, тірі табиғат мүйісіндегі, аквариумдегі, террариумдегі өсімдіктері жатады.Оқушылар ботаника курсын нақты және терең білу үшін оларға өсімдік дүниесі объектілері мен құбылыстары жөнінде дұрыс түсінік беру керек, ол үшін оқыту процесінде білімнің алғашқы бұлағына—тірі табиғатты тікелей көруге көңіл аударылады, ол сабақты көрнекі оқыту арқылы  жүзеге асырылады. Ботаниканың әр сабағын тірі және арнайы әзірленген табиғи материалдармен қамтамасыз ету қиын емес, өйткені оны жинау, дайындау, сақтау іс жүзінде женіл, және оған әр мектептің мүмкіндігі бар.Табиғи құралдарды сабақ үстінде көрсету үшін ғана емес, оқушылардың жұмыс істеуіне, яғни лабораториялық сабақта оқушыларға үлестіріліп беруге жететіндей болуы керек. Өсімдікті әр оқушыға беру қажеттігін мұғалім әрқашан да есінен шығармауы керек. Тірі объектілерді тікелей бақылау, олармен жұмыс істеу, эксперимент жасау оқушылардың толық және нақты түсінік алуына мүмкіндік жасайды. Бұның өзі өсімдік организмінің құрылысы мен тіршілік процестері туралы дұрыс және саналы түсінік қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл мектеп ботаника курсының алдындағы оқу тәрбиелік маңызды міндеттердің бірі.Ботаника сабағында табиғи объектілерді, әдетте, басқа топтағы құралдармен бірге пайдаланады, өйткені осындай жағдайда ғана оқушылардың түрлі өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарының және тіршілігінің, олардың систематикасының заңдылықтарын білуге ең қолайлы жағдай туады. Өйткені көрнекі құралдың әр түрінің оқушылардың білім алу әрекеті мен ынтасын арттыратын өзіндік дидактикалық мүмкіншіліктері бар. Сондықтан белгілі бір сабақта көрнекі құралдарды таңдауда ескерілетін жағдай: міндеттерді орындау үшін белгілі сабақтъң мақсаты, міндеті және материалына байланысты түрлі көрнекі құралдар педагогикалық тұрғыдан  дұрыс пайдалану керек.

Өсімдіктерді жылыжайлар мен көктемелерде өсірумен таныстыру бойынша жоспар құрастырыңыз. Мақсаты: Жылыжайлардың түрлерін, оларды жабу, жылыту тәсілдерін білу Жоспар:1.Жылыжай 2.Көшетхана Керекті құрал-жабдықтар: Шыны, судырлақ Жалпы түсініктеме Жылыжай жарық бөлме, шынымен немесе жарық өткізгіш басқа да материалмен жабылады. Ол өсімдікті көбейту және өсіру үшін қолданады. Жылу режиміне сәйкес қыста жылыжайлар мынадай түрге бөлінеді: а) 14-180С температурадағы және одан жоғары, тропикалық өсімдіктерге арналған; б) шамалы жылы 9-130С жылуды аз сүйетін өсімдіктер үшін; в) Салқын 4-80С температурада мәңгі жасыл өсімдіктерді бөлек ұстау үшін, кейбір аналық өсімдіктерді және тағы басқа. Жылы жайдың шыныдан жасалған шатырын ұстап тұру үшін темірден, темірбетоннан сирек болса да ағаштан жасалған тіреуіш қаңқалар пайдаланылады. Шыны шатырды жарық жақсы түсуі үшін, жаңбыр суы ағып кетуі үшін жоғарыдан төмен қарай еңкіш етіп жасайды. Жылыжайда терезенің жәй шынысын емес арнайы қалың беріктігі 95-98% болатын шыныларды пайдаланады. Жылыжайға ең жоғары бағаланатын ультракүлгін сәулені жақсы өткізетін ульвиолды шыны болып табылады. Көшетхана бірнеше түрлі: 1) құрылысы бойынша бір қатарлы, оңтүстікке қараған және екі қатарлы жарық түсетін терезелері шығыс пен батысқа қараған; 2) пайдалану түріне қарай тұрақты немесе уақытша (яғни тасымалданатын); 3) биологиялық отынмен және техникалық қыздырғыштарымен; 4) олар дайындалған материалдың түріне қарай ағаштан, темір бетоннан, тастан жасалған. Кейінгісі бұл алдыңғы екеуінен суық болады. Көшетхананың көлемі пайдаланатын рамалардың стандартты 160х106 см өлшемімен анықталады. Сондықтан ені тұрақты 160 см, ал ұзындығы пайдаланылған рамалардың санына байланысты. Мысалы: жиырма рамалық 21,2 метр, он рамалық 10,6 метр т.б. Тапсырма: 1.Жылыжайдың құрылысына сипаттама беру 2.Көшетхананың құрылысына сипаттама беру 3.Жылыжайларды жабу түрлерін айту 4.Жылыту тәсілдерін түсіндіру Бақылау сұрақтар: 1. Жылыжайлардың қандай түрлері бар? 2.Тұрақты булы жайда ең жоғарғы температура қанша? 3.Ең жақсы биотынды және оларды дайындау уақытын атаңыз?

Өсімдіктерді қорғау іс-шараларына қатысу: көшет отырғызу, өсіру, оларды күту бойынша тәрбиелік шараның қысқаша жоспарын құрастырыңыз Мақсаты:Өсімдіктерге қамқорлық жасап, қорғау жайлы түсінік беру.1.Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тереңдете түсу, нығайту.2.Балалардың ойлау дағдыларын қалыптастыру, жүйелі сойлеуге үйрету , пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.3.Өсімдіктерге деген сүйіспеншіліктерін ояту , жасыл әлемді қорғай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жарыс сабақ.Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс.Көрнекіліктер:суреттер, тірек-схемалар,бүктеме.Сабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.1- Қатар- жай отыр,2- Қатар-сенде отыр,3- Қатар-тез отыр.Өтілген тақырыпқа шолу«Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы »Тірек білімдерін анықтау «Ой қозғау» -Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын атаңдар. Күтілетін жауаптар:-таза ауа,-баспана,-қорек,-тағам,-дәрі –дәрмек,-демалыс орындары,-жиһаз.-Міне балалар, өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы мол екен .Олар адам мен жануарлардың асыраушысы. Жаңа сабақ - Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктерді қорғау.»- Сабағымыздың мақсаты :Өсімдіктерді қорғау үшін не істеу керек?-деген сұраққа жауап іздейміз.-Бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз, ол үшін әр қатарға сұрақтар қоямын сол сұрақтарға жауап алынған соң сол топтың аты анықалады.1-топ -Өсімдіктердің пайдасы мен зияны туралы не айтасыңдар?2-топ -Өсімдіктер өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?3-Топ -Адамдар өз әреккеттерімен өсімдіктерге қалай әсерін тигізеді?4-Тапсырма Кез келген жерге қоқыс шашып кетуге болмайды.Өсімдік-ті таптап не сындырып бүлдіру –зиянкестердің ісі.Қорытындылау -Адам ертеден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана береді де.Бірақ адамдардың шаруашылық мақсат үшін өлшеусіз ойланбай немесе білместіктен істегендері бар, жер бетіндегі өсімдіктер елеулі зардап шекпес үшін балалар біз оларды аялауымыз керек.

Өсімдіктерді қорғау іс-шараларына қатысу: көшет отырғызу, өсіру, оларды күту (жоғарғы сұрақтың жауабын жаз)

Өсімдіктердің көптүрлілігімен, маусымдық өзгерістермен, өсімдіктің тіршілік жағдайларымен, жемістер мен тұқымдардың таралу әдістерімен танысу. Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің көптүрлілігімен, маусымдық өзгерістермен, өсімдіктің тіршілік жағдайларымен, жемістер мен тұқымдардың таралу әдістерімен танысу. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру. ә) тәрбиелілігі: Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлы түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу. б) дамытушылығы: Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту. Пәнаралық байланыс: биология, табиғаттану, экология, зоология, әдебиет. Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Қорытындылау. Ү. Үйге тапсырма беру. І. Ұйымдастыру кезеңі ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды. Микроскоп арқылы көрінетін түрлерін есептегенде қазіргі кезде өсімдіктердің ғылымға белгілі түрі 500 мыңдай. Өсімдіктердің өмір сүру ортасы әртүрлі. Олар ауада да, топырақта да, тіпті адам мен жануарлар денесінде де өмір сүреді.Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің жалпы саны 5000. Қазақстанның таулы жерлерінде кездеседі, оның аса бағалысы – каучук беретін тау сағызы. 1930 жылы Қаратауда да кездескен екен. Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп. Жер бетіндегі табиғат жағдайлары әр жерде әртүрлі. Бір жерде үнемі жаз, екінші жерде үнемі қыс , ал тағы бір тұста жылдың барлық мезгілдері айқын байқалады. Өсімдіктер құрлықта және суда, тундра мен шөл далада , тауларда және мұздықтарда да кездеседі. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп.Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады.Өсімдіктерден дәрі – дәрмек, бояулар алынады.Картоптан крахмал мен спирт алынады, ал мақта – матаның негізгі шикізаты . Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байтып отырады. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді. ІҮ. Қорытындылау. 1. Өсімдіктер жер шарында біркелкі таралған ба ? 2. Суық жерлер мен мен жылы жерлердегі өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай ? 3. Өсімдіктер адамның тіршілігінде қандай рөл атқарады? 4. Мәдени өсімдіктер отаны 5. Өсімдіктер өсіп –өну үшін қандай жағдайлар жасау керек? 6. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар? ҮІ. Үйге тапсырма:тақырыпты оқып,түсінік айту,өзіндік ізденіс жұмыстарын жасау.

Өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау қалай жүзеге асырылады. Өсімдіктің өсуі:Өсу - өсімдіктің өсіп тұрған мерзімінің ішінде жасушаның бөлінуі мен дамуына байланысты, оның өсімдік салмағының, мөлшерінің жəне көлемінің артуы. Тұқымның өнуін бақылағанда өсімдік көлемінің қалай өзгергенін өздерің де байқаған боларсыңдар. Төбе бүршік, бүршік жəне тамыр ұшының жасушалық құрылысын естеріңі түсіріңдер. Онда түзуші ұлпа орналасады. Түзуші ұлпаның жасушасы үздіксіз бөлініп, саны артады, сөйтіп, тамыр мен өркен өседі. Өсімдіктің өсуі - айқын байқалатын құбылыс. Ол жасушалардың көбеюіне жəне өсімдік құрамына кіретін заттардың қайта бөлініп таралуына байланысты. Жарықта жасыл өсімдіктің өсуі əдетте, оның салмағының өзгеруіне əкеліп соғады. Өйткені жиналған органикалық заттардың мөлшері олардың тыныс алуына жұмсалған мөлшерінен асып кетеді. Қараңғыда өсімдіктердің өсуі, тыныс алуы, органикалық заттардың жұмсалуы есебінен жүреді. Өсімдікдің дамуы:Тірі ағзалардың тіршілігі мен құрылысындағы сапалы өзгерістерді "даму" деп атаймыз. Ағзаның дамуы өнуден бастап тіршілігінің соңына дейінгі түзілуден "жеке даму" деп атаймыз. Өсімдік ағзасының жеке даму процесін бақылап қарайтын болсақ, оның барлық жасындағы (ұрықтық, жастық, жетілу жəне қартаю) ерекшелігін байқауға болады. Ұрық өнген кезде өсінді пайда болады. Оны "жас өсімдік" деп атаймыз. Өсімдік гүлдеп тұқым бере бастағанда - ол жетілген өсімдік болады. Ал ол өсімдік қартайғанда көбеюді, яғни өсімдік тіршілігін тоқтатады.

Сирек кездесетін, пайдалы, индикатор өсімдіктермен танысу.Қоршаған ортаның өзгерісін өсімдік-индикаторлар бірден сезеді, олардың сыртқы құрылысы немесе химиялық құрамы өзгеріп, саны көбейіп не азайып кетуі мүмкін. Өсімдік-индикаторларды қолдана отырып, топырақтың механикалық және химиялық құрамына бағаберуге, шөлейт жерлерде тұщы суды және пайдалы қазбаларды іздестіруде көмектеседі.Өсімдіктің жағдайы бойынша, жапырақтарының немесе басқа да мүшелерінің түрімен топырақтың құрамын, оның қоректік заттарының құрамын анықтауға болады.И.В.Ларин топырақты өсімдік бойынша анықтауға үлкен әдістемелік қызығушылық танытып, белгілі бір географиялық аудандағы өсімдік индикаторларды зерттеп, тәжірибе жүргізген. Индикаторларды зерттеу тарихына қарасақ индикаторларды анықтау кейбір кездейсоқ бақылаулардың және геоботаника, экология, топырақтану бойынша зерттеулердің нәтижесінде анықталғанын көрсетеді. Арнайы индикациялық зерттеулердің аз жүргізілгенін көрсетеді, олар гоеботаникалық, экологиялық, өсімдік физиологиясы және морфологиялық әдістерсіз жүргізілген. Көптеген фитоценоздардағы әртүрлі маусымдық экологиялық топтағы өсімдіктердің үйлесімділігі топырақ жағдайының маусымдық өзгерісіне тән индикатор болып табылады. Галофитті бұтақшалы бірлестіктерде және жазғы вегетациясы, көктемгі вегетацияланатын мезофитті шөптер тау алды шөлейт топырақтарының маусымдық тұздану ауысымын көрсетеді. Көктемде жаңбырлы кезеңде топырақтың жоғарғы қабаты шайылады да мезофиттер басым болады. Жазда топырақ құрғақталады, тұздар жоғарға қарай шығады, мезофиттер қурап, галофиттер максимальды басым болады. Топырақтың маусымдық өзгеріс ритмикасының индикаторы болып жеке өсімдіктер де атқарады, олар топырақ ылғалдылығының маусымдық өзгерісіне бейімделген. Топырақтың қышқылдығы - топырақтарға тән қасиет. Топырақтағы қышқылдылықтың артуы өсімдік түрлерінің өсуіне және дамуына әсер етеді. Бұл топырақ қышқылдылығынан өсімдіктерге зиянды заттар бөлінуі мүмкін, мысалы, еріген алюминий немесе марганецтің болуы, өсімдіктерде көмірсу мен ақуыз алмасуын бұзып, генеративті мүшелердің өсуін тежеп, көбеюіне кері әсер етіп, өсімдіктердің тіршілігін тоқтатуға әкеп соғады.

Су маңында және суда өсетін өсімдіктердің әртүрлілігімен танысу және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу қалай жұзеге асырылады? Су маңында және суда өсетін өсімдіктердің әртүрлілігімен танысу және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу қалай жұзеге асырылады? Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурапкетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдері судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді)да, тозаңданған сон қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң).Гидрофиттер - су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған.Гигрофиттер - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады.

Су маңында және суда өсетін өсімдіктердің әртүрлілігімен танысу және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде басты назарды неге аудару керек деп есептейсіз. Су маңында және суда өсетін өсімдіктердің әртүрлілігімен танысу және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде басты назарды неге аудару керек деп есептейсіз. Суда өсетін өсімдіктер, немесе гидрофиттер, суға бүкіл денесімен батып тұрады немесе олардың сабағының жарым-жартысы судың үстіндегі және су бетіндегі вегетативтік мүшелерінің пішіні мен құрылысы жағынан бір-бірінен өзгеше морфологиялық айырмашылығы болады (жебе жапырақ, су саргалдағы). Жалпы су өсімдіктері су жиегінде мекендейтін гидрофиттер төрт топқа жіктеледі:1) еркін жүзетін.2) суға батып тұратын және бекіген,3) жапырақтары қалқып жүретін, суға батып тұратын және бекіген,4) жағалаудағы су өсімдіктері (әрі ауада, әрі құрлықта, әрі суда). Еркін жүзетін өсімдіктер су қабатында немесе оның бетінде тіршілік етеді. Олардың құрылысының ерекшеліктерімен танысу үшін өзен көлдердің жағасына барып, ағысы баяу түбі құмайт жерлерді іздеп табу керек. Осындай өсу орталарында, жағаға жақын су бетіндегі нәзік өсімдіктер - бақа оты (Hydrocharis morsus гаnае),үш жапырақты балық от (Lemnatrisula), кішкентай балық от (L.minor) кәдігімгі дүңгіршек (Utricularis vulgaris) кездеседі.Еркін жүзетін өсімдіктерде вегетативтік көбею қабілеті жақсы дамыған. Суға батып тұратын және бекіген өсімдіктердің тамырлары (элодея, шалаңның түрлері, валлиснерия) немесе тамыр сабақтары (егеу шөп - уруть) болады. Шалаңдар майшабақтардың уылдырық шашатын орны болғандықтан, балық шаруашылығында үлкен маңызы бар және құрамында кальцимен азоттың едәуір мөлшерде болуына байланысты, олар тамаша жасыл тыңайтқыш ретінде мпйдаланылады, сондай-ақ малға құнды азық болып табылады. Суға батқан және су түбінде бекіген бірақ жапырақты сабақтары қалқып жүретін өсімдіктер әдетте су қоймаларының таяз жерлерінде кездеседі. Олардың кейбіреуі су түбіне тамыр сабақтары арқылы бекиді (сары тұңғиық, су лалагүлі) немесе тамырларымен (жүзгіш шалаң).Құрлықта мекендейтін қос мекенді самалдықтың сабағының биіктігі небәрі 30-40см болады, ондағы буын аралықтардың саны көп болғанымен олар қысқа келеді және сабақтары мен жапырақтарының сыртын түк басқан. Су жағалауында өсетін өсімдіктер вегетативтік жолмен көбеюден басқа, олар тұқымдары арқылы да көбейе алады (жалпақ жапырақты қоға (рогоз широколистный)-ТурҺа latifolia, қамыс құрақ (тростник обыкновенный)- Phrngmites communis). Тұқымдары жел арқылы таралады.

Су маңындағы жануарлардың әртүрлілігімен танысу және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу. (жоғарғы сұрақтың жауабын жаз)

Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық компоненттері және элементтер туралы өз ойыңызды кластер арқылы көрсетіңіз.

Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық компоненттері және элементтерін сипаттаңызқұрылымдық комп. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.Екіншіден, Сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, Үшіншіден, Сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етедіТөртіншіден, Сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Бесіншіден, Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.Алтыншыдан, Сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Жетіншіден, Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы туралы клстер құрастырыңыз

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі

1Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады

2 Шығармашылық ізденіске жетелейді.

3 Өз ісіне деген сенім пайда болады.

4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді

6. Шығармашылдық белсенділік артады.

5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі – биологиялық кеш Дені саудың жаны сау тақырыбының қысқаша жоспарын құрастырыңызСабақтың тақырыбы: Дені саудың жаны сау ашық сабақСабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету;Дамытушылық: Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;Тәрбиелік: адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Сабақтың түрі: бекітуӘдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ауызша,пікірталас,Көрнекіліктер:презентацияПән-аралық байланыс: валеология. Сабақтың барысы:1. Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу. 2.Топ оқушыларын үш топқа бөлу.1- топ «Денсаулық»Ұраны:  «Денсаулық –зор байлық».2- топ «Салауат»Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»3-топ  «Тазалық»Ұраны. «Мәдениеттің белгісі-тазалық»І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. ІІ Кластер құру. (денсаулыққа не жатады?)Ойын «Сөзтудырым»Денсаулық – сау, ау, ақ, су, лақ, қу, ну, ас, қал, саулық, қас, т.б ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.кім көп біледі? (спорт секцияларының түрі)4. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.

Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі – биологиялық кешті өткізуде басты назарды неге аудару деп ойлайсыз?Тәрбие беру бағытында биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Оның көптеген түрлері мен формалары бар: пікірталас, биологиялық әдебиеттер мен басылымдарға шолу, тақырыптық кештер, рөлдік ойындар, компьютерлік биологиялық ойындар, ғалымдармен кездесу, конференциялар, табиғат туралы көркемсуреттердің, биологиялық плакаттар байқауылары, биологиялық кештер, туған өлке табиғатын зерттеу, мектеп мұражайының жұмыстары, ауызша журнал өткізу т.б. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты сабаққа қарағанда әлдеқайда кеңірек, олар оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталып, сабақтағы материалдарды саналы, тез ұғып қабылдауына жетелейді.Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың биология пәндерінен алған білімдерін дамытуға және тереңдетуге, оқу үрдісінде олардың белсенділіктерін арттыруға, материалды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар белгіленген әдебиеттерді оқуына, қарапайым тәжірибелер жасай білуге, өз өлкесінің экологиялық жағдайына бақылау жүргізуге үйретеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың жекеше түріне сипаттама беріңіз. Жеке -оқу-танымдық, өз бетімен іздену жұмыстары, үйірме жетекшісінің тапсырмаларын орындау, табиғат объектілерінің суретін салу, макетін жасау, коллекция, альбом, гербарий жасау.

Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық компонеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?Белгіленген зерттеу мүмкіндіктерін жүзеге асыруда мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың құрылымдық моделі негізге алынды. Оның басты компонттері болып мотивациялық, мазмұндық, психологиялық, процессуалдық саналады.Мотивациялық компонент бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығындағы ұлттық тәжірибеге деген саналы қарым – қатынасымен сипатталады. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің құрылымдық моделі.

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарында бейнеленген тәжірибеге қарым -қатынасы

Сыныптан тыс жұмыстардың ұлттық тәрбиелік мәнін санамен түсінуі,

- сыныптан тыс тәжірибеге қызығушылығы

Мазмұндық

Ұлтық тәрбие туралы білімдерінің көлемділігі, жүйелілігі

- ұлттық тәрбие туралы білімдерінің көлемділігі

- жүйелілігі

-бүгінгі таңдағы тәрбие проблемалары туралы мағлұматтардың болуы.

Процессуалдық

Ұлттық тәрбие туралы дағды, іскерлігі, белсенділіктері рефлекс жасай білуі

- Тәрбиелік іс – шараларға қатысу белсенділігі

- тәрбие саласында, ғылыми зерттеу насихаттау, істеріне араласу белсенділігі

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері және оның дарынды балалардың дамуына әсері. Биологиялық топсеруеннің сыныптан тыс жұмыстардағы мәні.Табиғат көп нәрсені тек үйретіп қана қоймайды және тәрбиелейді де. Сондықтан биология мұғалімі: туған табиғатты білуі және оқушылар алдында оның байлығын әдемілігін аша алуы тиіс; адамның қызметіне және оның коллективтік еңбегіне байланысты болған табиғаттағы ора-сан өзгерісті көрсету; табиғат байлығын еселеп көбейту және қорғау, сүюге үйрету. Үй тапсырмасы - оқылған тақырыпқа байланысты берген мұғалімнің тапсырмасын өз беттерімен үйде орындау формасы. Сабақта білім меңгеру үрдісі әр оқушыда жекелей жүреді. . Сыныптан тыс орындалатын жұмыстардың формалары, оқушы-лардың өз қалауымен орындалады, міндетті түрде емес. Оның мазмұны сабақтың мазмұнын қайталамайды. Сабақтағы биологиялық түсініктер мен практикалық дағдылардың дамуы үй тапсырмаларын орындауда экскурсия кезеңдерінде қарай дамиды. Оқытудың әрбір формасы өзінің жүйесін қарастырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың элементтерін сабақтан тыс жұмыстармен салыстырыңыз. Жеке оқушыны жан–жақты дамыту және тәрбиелеу ісінде сабақтан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор, тек осы жағдай нәтижеге жетуге болады. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар мазмұндары бірін – бірі ұдайы толықтырып, дамытып отыруы қажет. Белгіленген жоспар бойынша жүргізілген сабақтар әр уақытта оқу-шыларды қызықтыратын, ойландыратын, экологиялық проблемаларды жан–жақты ашып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілген материалдарды тереңдетіп оқып – үйрету үшін сыныптан тыс жұмыс-тарды өткізудің маңызы зор. Сабақтан тыс жұмыстарды орындау үшін, белгілі өсімдіктер, арнайы құрал-жабдықтар, микроскоп-тар қажет. Бұл жұмыстар тірі табиғат мүйісінде, оқу-тәжірибе үлескіле-рінде, табиғатта жазғы тапсырмалар түрінде де орындалады. Сыныптан тыс орындалатын жұмыстардың формалары, оқушы-лардың өз қалауымен орындалады, міндетті түрде емес. Оның мазмұны сабақтың мазмұнын қайталамайды. Сабақтағы биологиялық түсініктер мен практикалық дағдылардың дамуы үй тапсырмаларын орындауда экскурсия кезеңдерінде қарай дамиды. Оқытудың әрбір формасы өзінің жүйесін қарастырады. Биология сабақтары жүретін барлық сынып-тардың тақырыпқа сәйкес топсеруен өткізуге, сабақтан тыс,сыныптан тыс жұмыстарын жүргізуге оқу – тәжірибе алаңы қолайлы.

Сыныптан тыс оқу дегенімізді қалай түсінесіз?

Сыныптан тыс жұмыстардың элементтеріне нені жатқызар едіңіз? Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың табиғаттану, география және биологиядан алған білімдерін дамытуға және терендетуге, оқу іс-әрекеттерінде белсенділіктерін арттыруға, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалды тез меңгеруге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайыындық барысы оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыстар өз өлкесінің экологиялық жағдайы, қоршаған орта, дүние туралы ғылыми білім мен тұжырымдарды, құбылыстарды сипаттайды. Экологиялық тәрбие беру мақсатында қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қоғамдық әлеуметтік қарым-қатынастардың элементі болуы тиіс. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жан-жақты ойлауы мен іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетін педагогикалық білім, экологиялық тәрбие беруде басты орын алатын жұмыстардың рөлінің артуына бірнеше жағдайлар әсер етеді.

Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыстар. Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде (реті келсе) немесе биология кабинетінде орналастырылады. Табиғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер тек қана сакталмайды, ол - сабақта және сыныптан тыс, Сыныптан тыс жұмыстарда бақылаулар мен тәжірибелер жүргізілетін орын. Бұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру. Балалардың ой-өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз. Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе - оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды.Тірі табиғат материалдарына өсімдіктердің тұқымы, жемісі және басқа жер беті, жер асты бөліктері, мектепке бір жолы пайдалану не кейбіреуін ұзақ сақтауға әкелінетін жабайы және мәдени есімдіктер жатады.

Табиғатқа жасалатын ботаникалық топсеруендер. Табиғи препаратталғандарға гербарийлер, ылғалды препаратта, микропрепрепараттар, коллекциялар, омыртқалы жануарлардың қаңқалары мен олардың бөлшектері,тұлыптар, практикалық жұмыстарға арналған таратпа материалдар жатады. Топсеруен кезінде табиғи нысандардың құрастырылған түрін беретін коллекциялар жиі қолданылады. Мысалы коллекциялар ағзалардың сыртқы пішінін,олардың бөлшектерін оқуда пайдаланылады. Олар:«Жемістер мен тұқымдар коллекциялары», «Бунақденелілер отрядының өкілдері» т.б. Осындай коллекцияларды морфологиялық деп те атайды.Бұлар нысандарды салыстыру үшін, ұқсасық және айырмашылық белгілерін ажырату үшін қолданылады. Өсімдіктер бөлімі бойынша топсеруен жүргізу барысында жергілікті табиғатты оқып үйретеді. Мәселен сол өлкедегі ағаштар мен бұталарды есепке алу, өсімдіктердің « биологиялық » сағатттарын анықтау.т.б. Дәрілік өсімдіктерді жинау, орман шаруашылығына көмек беру.т.б. 6 сынып бағдарламасы өсімдіктер бөлімі бойынша мынадай тақырыптар бойынша топсеруен жүргізу ұсынылған: 1. Өсімдіктердің көптүрлілігімен, маусымдық өзгерістерімен, өсімдіктің тіршілік жағдайларымен, жемістер мен тұқымдардың таралу әдістерімен танысу.Өсімдіктерді жылыжайлар мен көктемелерде өсірумен таныстыру. 2. Табиғи қоректену ортасында өсімдіктер мен өсімдік бірлестіктерін зерттеу. Барлық топсеруендегі дербес жұмыстар оқушылардың қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттырып,зерттеушілік, біліктілік, бақылағыштықтарын дамытады, табиғат заңдылықтарын түсініп, тірілердің ерекшеліктерін және тірі табиғаттың адамға тәуелді болып қалғанын түсіндіреді.

Табиғатта жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелерін күнделікті күнтізбеге белгілеу. Табиғатты танып зерделеудегі ең жауапты кезең - құбылыстың мәнділік қырларын ашатын ғылыми болжамды ұсыну. Құбылыстың мәнділік қырларын айқындау зерттеуші білімі мен ойының ауқымдылығын, батылдығын, болжағыштығын, көрегендігін талап етеді. Адамның мұндай қасиеттері шешілуге тиіс проблеманың жауабы болатын ғылыми болжам жасауға мүмкіндік береді. Болжамда құбылыстың туу себептері, әр түрлі кұбылыстардың арасындағы байланыстар, жаңа құбылысты қалай алуға болатыны және одан қандай салдарлар туындайтыны түсіндіріледі. Ғылыми деректермен негізделген жорамал – болжам (гипотеза) деп аталады. Ғылымның даму тарихында шындықтан алыс жалған болжамдар да, сондай-ақ өркениетті өрге тартқан акиқат ғылыми болжамдар да болды. Әр түрлі эксперименттер жүргізуде адамдарға арнайы жасалған құралдар мен аспаптар үлкен көмек жасайды. Кейбір физикалық аспаптар өте карапайым болып келеді. Олардың қатарында сызғышты, тіктеуішті, таразыны атауға болады. Сондай-ак термометр, секундомер, әр түрлі ток көзі (батареялар, аккумуляторлар) сияқты аспаптар тұрмыста да, экспериментте де кең колданылады. Астрономиялық бақылаулар үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) козғалыстарын бақылап, бет-бедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін баска да аспан денелерін зерттеп, ғылыми деректер жинақталады.

Табиғатта топтен өткізілетін сабақтарды ұйымдастыруда интербелседі әдістерді қолдануға болда ма? Қайсысы тиімді деп ойлайсыз.Мысалдармен көрсетіңіз. . Үйірме жұмысына осы пәнге қызығатын ең белсендірек оқушылар өз еркімен қатысады. Үйірменің мақсаты: Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын арттыру, олардың білімін тереңдету, кеңейту және тәжірибелер жүргізу арқылы оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, байқағаштық қабілеттерін ұштау. Мектепте жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі үйірмелер болады. Себебі оқушылардың жасына байланысты олардың қызығушылығы да әр түрлі болады. Олардың арасында байланыс болуы тиіс. Үйірмедегі оқушылардың саны 15-20 дан аспағаны жөн. Ол аптасына бір немесе айына екі рет болғаны дұрыс. Мұғалімнің міндеті: өзі кірісіп кетпей басқару, олардың сұрақтарына дайын жауап бермей, оны өздері шешуіне мүмкіндік жолдарын көрсету. Мұғалім жұмыстарды ұйымдастрады, күнделік жүргізуді үйретеді, оқушылардың жұмыстарын бақылап отырады, тапсырма орындауда әрқайсысымен жеке әңгімелеседі, баяндамаларын тыңдайды.Өсімдіктану курсы бойынша тақырыптар: «Орман байлықтары», «Мәдени өсімдіктер жайлы не білесіңдер?», «Көзге көрінбейтін әлем», «Көгалдандыру», «Жергілікті өсімдіктер, пайдасы.», «Арам шөптердің тір-шілігі», «Көзге көрінбейтін әлем», «Терезе алдындағы бақ» т.б.Жануартану курсы бойынша тақырыптар: «Бір тамшы су ішіндегі көрінбейтін әлем», «Ауру туғызатын жануарлар», «Жібек құрттары», «Теңіз тұңғиығындағы өмір», «Ғажайып зоологиялық жаңалықтар», «Үй жануарлары біздің досымыз», «Жануарлардың мінез құлқы» т.б.Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы курсы бойынша та-қырыптар: «Адам өмірі және денсаулығы үшін», «Салауатты өмір салты», «Адам миының құпиясы», «Алғашқы жәрдем» т.б.Жалпы биология курсы бойынша тақырыптар: «Жердің және адам-ның тарихына саяхат», «Табиғатты зерттеуші ұлы ғалымдар», «Космостық биология», «Биология және келешек», «Тірі клетканың химиялық құрамы» т.б

Топсеруенге арналған он ережесін кім құрастырды, тәрбиелік мәні қандай? Б.Е. Райков кезінде топсеруен өткізуге байланысты мұғалімге бірқатар пайдалы кеңестер берген (1920), бұл қазір де маңызды болып есептеліп « Топсеруеннің 10 өсиеті » деп аталады: 1.Топсеруен қыдыру не демалыс емес, оқу – тәрбиенің міндетті бір бөлігі.2. Топсеруенге апаратын жерді зерттеп біл, оның тақырыбын анықта және жоспарын құр. 3. Топсеруен тақырыбын сақта, көлденең сұрақтармен алданба. 4. Топсеруен кезінде тек көрсетуге болатын нысандар жөнінде ғана әңгімеле. 5. Ұзақ түсіндірулерден аулақ бол. 6. Балаларды тек тыңдаушы етіп қалдырма,оларды белсенді жұмысқа тарт. 7. Оқушыларды көптеген атаулармен, терминдермен жүктеме, олар оны ұмытып қалады. 8. Нысандарды дұрыс көрсете біл, тыңдаушыларды дұрыс көруге үйрет: барлығына бәрі көрінуі керек. 9. Топсеруеншілерді аса шаршатпа: олар сені тыңдамай қояды. 10. Материалды келесі талқылау арқылы топсеруенді еске сақтауға тырыс.

Топсеруенге дайындық жүргізуде мұғалім мен оқушының іс әрекетін сипаттаңыз Мектеп топсеруені мектептен тыс бір нысаннан келесісіне, олардың табиғи ортасында немесе қолдан жасалған жағдайда, бағдарламамен байланысты тақырып бойынша және мұғалімнің таңдауымен, танымдық мақсатпен жылжып отыру арқылы сыныппен немесе бір топ оқушылармен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмысының формасы, ол қосымша сабақ, табиғатқа көшірілген сабақ ретінде жүргізіледі. Демек мұғалім сабақты мұқият жоспарлайды. Алуан әдістерді қолдануға болады. Мектеп топсеруендерін өткізу мектеп бағдарламасының міндетті талабы. Алайда оны барлық мұғалімдер орындай бермейді, өйткені ол қиындау іс, ұзақ уақыт кетеді, ерінеді. Ешқандай қиыншылыққа қарамастан оқушыларды жылына 23 рет топсеруенге апаруға мұғалім міндетті. Топсеруен әлеументтік, психологиялық, педагогикалық, этикалық, эстетикалық, адамгершілік, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие береді. Топсеруен барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне моральдық нормалар мен мінезқұлық ережелеріне қөзқарасы қалыптасады. Табиғатқа топсеруенге шыққанда оқушылар әртүрлі биологиялық нысандармен танысып, нақты түсініктері баий түседі, сыныптағы сабақтан алған тірі табиғат жөніндегі білімдері кеңейіп, тереңдей түседі. Тұрған жерін бағдарлауға, табиғаттағы күрделі байланысты анықтауға, табиғаттағы маусымдық жағдайды оқып білуге жағдай осы топсеруен кезінде тудырылады. Балалар мұғалімнің тапсырмасы бойынша табиғи нысандарды табуды, табиғат құбылыстарын салыстыруды үйреніп натуралистік дағды игере бастайды. Танымжорық сабақ – білім беруде және тәрбиеде маңызы зор сабақ түрі болып есептеледі.

Топсеруеннің жалпы қасиеті. Топсеруенді сипаттайтын белгілерге сипаттаманы кластер құрастырыңыз1. Топсеруенді өткізу уақытының әртүрлілігі: 1 академиялық сағаттан (45 минут) бірнеше тәулікке дейін.2.Топпен және жеке шығу3.Топсеруен жүргізетін арнайы адамның болуы4.Топсеруен жүргізілетін жердің адамды баурайтындай шырайлы болуы5.Алдын-ала жоспарланған маршрут бойынша жүріп отыру6.Топсеруенге дайындық барысында оның мазмұны мұқият ойластырылады Топсеруенннің белгілі бір тақырыбының болуы.7.Топсеруенге қатысушылардың белсенділік көрсетуі

1.Биологиялық нысандар мен құбылыстарды оқып үйрену тікелей табиғат жағдайында, мұражайда,өндіріс орындарда, көрмелерде және т.б. жерлерде өтуі тиіс;

2.Таным әрекеті нақты нысандар мен құбылыстарды олардың табиғи ортасында немесе арнайы жасалған жағдайда оқып – үйренуге бағытталған;

7. Оқу үрдісі сыныптан, мектептен тыс өтеді, түсіндіруді үнемі мұғалім жүргізе бермейді. Осы қасиеттері болмаса топсеруен өтті деп есептелмейді.

3.Топсеруен кезінде нысандарды табиғи ортасында қабылдап табиғи иіс, дыбыс, бояу оқушыларға қоршаған ортадағы әсемдікті сезінуді, көруді үйретеді оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапты көзқарас.

Топсеруенді сипаттайтын белгілер

Табиғи нысандарды табиғат жағдайында бақылау оқушыларға әр түрлі пәндерден алған білімдерін жинақтап, оны тануға себін тигізеді

5.Топсеруендер оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады

4.Оқытуда бақылау, тапсырмалар бойынша оқушылардың өздік жұмысы басты рөл атқарады;

Топсеруеннің тақырыбы, мақсаты және міндеттерін айқындауда басты назарды неге аудару Топсеруеннің тақырыбы, мақсаты және міндеттері:Топсеруеннің тиімділігі оның барлық құрам бөліктерінің үйлесімділігіне байланысты. Топсеруенге дайындық тақырыптық жоспар құрудан, оның мақсатын, өтетін орны мен уақытын анықтаудан басталады. Осы кезде жергілікті жердің табиғат ортасы, өндірісі және мәдени ағарту мекемелерінің бар жоқтығы ескеріледі.Туған өлкенің табиғатын, кәсіпорынын алдын – ала оқып зерттеу жүргізіледі, нысандарды шектеп жинау белгіленеді. Топсеруеннің міндетін нақты белгілеп алу аса маңызды. Осы сабақтың алдындағы сабақта қажетті байланыс орнатылып, топсеруен кезінде шешілуге тиісті сұрақтар дайындалады, оқушыларға бақылау үшін және материал жинау үшін тапсырмалар беріледі. Топсеруеннің құрылымы. Топсеруен біраз кезеңдерден тұрады: дайындық өткізу, тұжырым, сабақта және басқа түрлерде нәтижелерді пайдалану.Топсеруенге дайындық кезеңінде оқушыларды ғылымикөпшілік әдебиеттерді оқуға қайталауға кеңес берген орынды. Топсеруен кезінде тақырыппен таныстыру және әрбір топ алатын тапсырманы орындауға бағыттайтын кіріспе әңгімеден басталады. Топсеруеннің мазмұны оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Топсеруен барысында қолданылатын оқыту құралдары–оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтерілуіне әсер ететін әр түрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдармалар. Топсеруен жүргізудің артықшылығы ондағы қолданылатын көрнекіліктер табиғи немесе нақты нысандарды пайдалану болып табылады. Сабаққа құрылған жоспар тәрізді танымжорықтың да жоспары жасалып конспект жазылады. Онда мына мәселелер анықталады:Топсеруеннің бағыты – бұл оқушылар жүріп өтетін жол емес, бірбірімен логикалық байланыстағы «зейін нысандары», бақылау үшін және табиғи заттар мен құбылыстарды оқу үшін аялдаулар. Топсеруеннің жалпы қасиеті:1. Топсеруенді өткізу уақытының әртүрлілігі: 1 академиялық сағаттан (45 минут) бірнеше тәулікке дейін.2.Топпен және жеке шығу3.Топсеруен жүргізетін арнайы адамның болуы4.Топсеруен жүргізілетін жердің адамды баурайтындай шырайлы болуы5.Алдынала жоспарланған маршрут бойынша жүріп отыру6.Топсеруенге дайындық барысында оның мазмұны мұқият ойластырылады Топсеруенннің белгілі бір тақырыбының болуы.7.Топсеруенге қатысушылардың белсенділік көрсетуі

Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыстардың тәрбиелік мәні қандай? Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек. Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсім-діктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппе-шөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады. Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде немесе биология кабинетінде орналастырылады. Таби-ғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер тек қана сақталмайды, ол сабақ-тан және сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыстарда бақылаулар мен тәжі-рибелер жүргізілетін орын. Бұндай оқушылардың пәнге деген қызығу-шылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз. Кез-келген мектепте тірі табиғат мүйісінің болуы оқушы-ларды мәдениетіне, өсімдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор. Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе-оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Оқу–тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ бақылау зертттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғайлы дағдысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлігінің куәсі болады. Жануарлар мен өсімдіктердің орналастырылуы және оларды ұстауда биологиялық, санитарлық-гигиеналық ережелерге сай болуы тиіс.

Үй жануарларына және т.б. бақылау жасау. Үй жануарлары және олардың мінез - қылығына бақылау жүргізу Оқулықта бұл отрядтарының өкілдері ретінде мүйізді ірі қара (сиыр), уақ мал (қой) қарастырылады. «Мал шаруашылығы» тақырыбы бойынша мүйізді ірі қара мен ұсақ малдың тұқымдарымен таныстырғанда, оны мынадай жергілікті материалмен байланыстыру қажет. Қазақтың ақбас сиыры – етті тұқым, жергілікті жердің қатаң табиғи жағдайларына жақсы бейімделген қазақ және қалмақ сиырын Англия мен Уругвайдан әкелген герефорд тұқымымен будандастыру арқылы шығарылған, Қазақстанның қатаң климат жағдайына төзімді, ірі, сиыры 540-560кг, бұқасы 850-1000кг салмақ тартады. Қазақтың арқар мериносы - етті биязы, жүнді кавказ тұқымының саулығын арқар құлжасының ұрығымен ұрықтандыру, одан туған еркек қозыларды іріктеп, қошқар болғанда онымен прекос және рамбулье саулықтарын ұрықтандыру арқылы шығарылған. Бұл тұқымның қойы– шымыр денелі, ұзын сирақты, сүйегі мықты, тау жағдайына көнбіс, жүрдек болады. Еті, жүні үшін өсіріледі. Қазақтың етті биязылау жүнді қойы биязы жүнді прекос қойымен қылшық жүнді қазақы қойды будандастыру арқылы шығарылған, қатаң табиғат жағдайына төзімді, Ұзақ уақыт жайылымда бағылады, дене бітімі мықты, тез жетіледі, жүні биязылау, біркелкі ұзын. Негізінен республиканың оңтүстігіндегі шөл және шөлейт аймақтарында өсіріледі. Оқулықта берілген материалды Қазақстанда өсірілетін жылқы тұқымдары және республикадағы жылқы шаруашылығы туралы мынадай мағлұматтармен байланыстыра өткен жөн. Жылқы өсіру-республикадағы мал шаруашылығының маңызды саласы. Жылқы етінің сіңімділігі сиыр етінен асып түседі. Бие сүтінен дайындалған қымыздың емдік-профилактикалық және тағамдық қасиеті күшті.

Үйірме жұмыстарының түрлері және жүргізілу ерекшеліктерін семантикалық карта арқылы көрсетіңіз Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.

Үйірме жұмысы

Өтілетін орны

Түрі

Уақыты

Шымкент дендробағына топсеруен өткізуде басты назар неге аудару керек деп ойлайсыз? Мектеп курсында биологиялық топсеруендерге көп көңіл бөлінген. Себебі, биологи пәнінің көп материалдарын осы топсеруен барысында көрсетуге болады. Шымкент дендросаябағында топсеруен өткізудің негізгі мақсаты: 1)Күз мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі, өсімдіктердің құрылысы тақырыбына оқушылар өсімдіктердің құрылысы, оның көп түрлілігімен танысып шығады. Жалпылама сабақ ретінде "Жалпы өсімдіктермен танысу" тақырыбы бойынша жүргізуге болады.2)Оқушылардың сана сезімін толықтыру үшін келесі өтілетін сабақтарда өткізілген топсеруен туралы әңгімелесу, оларды еске сақтау, қабілетін байқау.Олар міндетті түрде термин сөздердің мағынасын білу қажет. МысалыҒ өркен, тамыр, гүл, сабақ, жапырақ т.б.

Шымкент зообағы мен дендробағының негізгі бағыттарын атап көрсетіңіз. “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы” Оңтүстік Қазақстан облысы 2009жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Негізгі бағыты бұл жерде көптеген дәрілік өсімдіктердің түрлері, жер шарының түпкір-түкпірінен жиналған ағаштар және де флора мен фаунаға өте бай.Шымкент зообағы 1980жылы жойылып бара жатан жануарларды сақтап қалу мақсатында құрылған. Қазіргі қызыметі - ғылыми зерттеу орталығы мен экологиялық қызмет. Тек қана балалар серуентейтін, демалатын мекен емес, сонымен қатар жануарларды өсіріп, көбейтетін ғылыми-зерттеу орталығы.Шымкент зообағы тек қана жануарлар өсірумен шектелмей, сонымен қатар ағаштардың әртүрін өсірумен шұғылданады.:2000тарта декоративті ағаштар, 550 тарта-жемісті ағаштар, 10000 тарта раушангүлділер, 800канны бар.

Шымкент зообағы ұйымдастыру себебіне нақты дәлелдер келтіріңіз. Шымкент зообағы 1980 жылы жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу мақсатында құрылған. Қазіргі қызметі – ғылыми зерттеу орталығы мен экологиялық қызмет.Тек қана балалар серуендейтін, демалатын мекен емес, сонымен қатар жануарларды өсіріп, көбейтетін ғылыми зерттеу орталығы. 2003 жылдан бастап зообақта көрермендерге жануарлар туралы 50 орындық компьютерлермен, телевизормен, видеомагнитофонмен, гербарилармен, коллекциялармен, муляждармен және басқа биологиялық экспонаттармен жабдықталған лекция оқитын залдар пайда болды. Шымкент зообағы тек қана жануарлар өсірумен шектелмей сонымен қатар ағаштардың әртүрін өсірумен шұғылданады. 2000 тарта декоративті ағаштар , 550 тарта жемісті ағаштар, 10000 тарта раушангулдер, 800 канны бар. Тірі изгородь 4 км созылып жатыр.Ауданы: 0,54 км, Жануарлары 1570 ( 2008 ж), Түрлері 219 ( 2008 ж), AZA мүше.

Іс-шаралар кезіндегі мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен оқу тәрбие беру ісінде түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруі туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз? Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы.Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі;инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру, инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын , өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқадай қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Экологиялық топсеруендер жүргізуде қолданатын ойын элементтерін қалай қолданаыз. Мектепке дейінгі мекеме жұмысының ең басты бағыттарының бірі экологиялық білім беру болып табылды. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтарына саяхат.Топсеруен барсында оқушыларға мұғалім жасушадағы процестердің жүруі және ағзаның біркелкі қызмет етуі судың қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болатындығын теориялық жүзінде түсіндіреді. Жұмыстың әр түрлі  әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы оның белсенділігін көтеруге болады. Әдістердің бірі – экологиялық ойындар. Экологиялық ойындар олар:рөлдік, дидактикалық, ұқсату, жарыстық, ойын-саяхаттары. Рөлдік ойындар экологиялық модельдеу әрекеттеріне құрылған, мысалы «Қала құрылысы» ойыны. Ойын мақсаты: Экологиялық тәртіптердің және ережелердің сақталуында ғана құрылыс жұмыстарының жүретіні туралы ойды қалыптастыру. Экологиялық білімдерді, дағдыларды қалыптастыруда және көрсетуде жарыстық ойындар белсенділік танытқызады. Оларға: жарыстар, КТК, экологиялық викториналар, «Ғажайып дала» және т.б. жатады. Мектепалды мекемелердің қолданыстарында саяхат ойындары басым қолданылады, оларда балалар сиқырлы жайлауға немесе теіңздің түбіне шолу жасайды.Мектепалды балалармен жұмыс жасау барысында көбінесе келесі дидактикалық ойындар үлкен  ықпал етеді: «Кім қайда тұрады?», «Ұшады, жүгіреді, секіреді» (тіршілік ету ортасына жануарлардың  бейімделуі);  «Кімде қандай үй» (экожүйе туралы); «Тірі-өлі», «Құстар-балықтар-жануарлар» (тірі ағзалардың дамуы және өсуі); «дұрыс жолды тап» (табиғатта өзін ұстау ережелері) және т.б. Балалармен жұмыс жасау кезінде «Жұлдызды зообақ» атты дидактикалық ойынды қолданамыз. Ойынның  мақсаты: шоқжұлдыздармен таныстыру,  шоқжұлдыздарды құруды үйрету; адам қоршаған ортамен байланысты туралы білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ жұлдыздарды бақылау оларды жұлдыздар тобына  бөлуге әкеліп соққаны  туралы айту. (олардың долбаларын қосу арқылы әртүрлі жануарлардың және құстардың бейнелерін көуге болады). Балаларға ойынға қажет жабдықтар таратылады. (қағаз, шоқжұлдыздарды құрастыру үшін түрлі – түсті қааздар жасалған жұлдыздар). Мақпал қағазды шаршыларға сүйене отырып, балалар шоқжұлдыздарды жасайды, олардың атауларын табады. Бәрін дұрыс жасап, шоқжұлдыздарды дұрыс тапқан дар жеңеді.

Энтомологиялық топсеруен жүргізудің қысқаша жоспарын құрастырыңыз. Аралардың тіршілік әрекетин ( көктемде, жазда, күзде) бақылау.Сабақтың мақсаты: Ұрпақтарына қамқорлығы , тіршілік әрекеті, қоғамдық насекомдар мен танысу.Жылу режимі және денесінің температурасы ерекшеліктерин талдау.Қаралатын сұрақтар:1.Ұрпақтарына қамқорлығы,тіршілік әрекеті, қоғамдық насекомдар.2.Жылу режимі және денесінің температурасы.Шартсыз рефлекстер туа пайда болып , тұқым қуалайды. Тіршілік әрекетінің қарапайым түріне танатоза күйі мысал болады жеміс ағашын кенеттен сілкіген кезде қимылдау процесінің рефлекторлық тежелуі байқалады да насекомдар бұтақтан жерге құлап . біраз уақыт қимылсыз жатып қалады. Тіршілік әрекеттің күрделірек түріне таксистер мен инстинктер жатады. Таксистер- тітіргендіргіштің әсерінен туатын әртүрлі рефлекторлық қимылдар. Оларды тітіргендіргіштің аттарына сәйкес термотаксис жылу, фототаксис жарық, гидротаксис ылғал, хемотаксис химиялық тітіргендіргіш деп атайды. Таксистер насекомнын қимылы қалац қарай тітіркендіргішке қарай немесе оған қарама-қарсы жаққа қарай бағытталуына байланысты ұнамды және ұнамсыз болуы мүмкін.Инстинктер іштен туа пайда болған күрделі рефлекстер болып саналады. Насекомдардың тіршілігі үшін, әсіресе жеке насекомдардың және түрдің күллі популятциясының тірі қалуы үшін олардың маңызы зор. Инстинкт алғаш қарағанда мақсатқа сай, саналы әрекет болар деген ұғым туғызады. Мысалға, аралардың бүкіл әрекетін – ұяшықтар жасауын , бал жинауын, личинкаларын асырауын, үйір құруын және тағы басқа әрекеттерін саналы қадамға жатқызуға болады.

Этнопедагогика элементтерін сыныптан тыс шараларда қолданудың тәрбиелік мәні қандай? оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы – ұрпақтан –ұрпаққа  жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты. Оның мұралары уақыт талабы мен өмірге қайта оралып, мектептің оқу – тәрбие жұмыстарында кең қолданылуда.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.  Халқымыздың ұлттық педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім –тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.

Шымкент зообағына тіршілік ететін жануарларға классификациялық сипаттама беріңіз ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.

Шымкент зообағында тіршілік ететін жануарларға классификациялық анализ жасаңыз (жоғарғы сұрақтың жауабын жаз)

Табиғатта орындалатын жұмыстарды қалай орындауға болады, қысқаша жоспарын құрыңыз

Бауырмен жорғалаушылардың қоршаған ортаға бейімделуі және оның дамып-қалыптасуын және қимыл-қозғалысының күрделенуі.

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер ішінде құрлықтағы тасбақаның қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]