Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары

Қатты бидай сорттары:

Омский рубин. Сорт Сібір АҒЗИ шығарылған. Гордеиформе түршесі. Масағы

призма тәрізді, қылтықты, қабықшасы түссіз, дәні ақ. Орташа мерзімде пісетін сорт. Кезең ұзақтығы 90-95 күн. Жатып қалуға төзімділігі 4,8 балмен бағаланады.

Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, тозаңды қара күйемен, сабақты тат ауруымен

тез залалданады. 1000 тұқымның массасы 28-38г.

Безенчукская 139. Куйбышев ҒЗИ-да шығарылған. Гордеиформе түршесі. Ор-

таша мерзімде пісетін сорт. Жатып қалуға төзімділігі орташа. Құрғақшылыққа төз- імділігі орташадан жоғары. Қара күйе және бурыл тот ауруымен залалдану дәреже-

сі төмен. Дәні ірі, 1000 тұқымының массасы 35-46г. Макарон өнімдік. Сапасы жо-

ғары. Ең жоғары өнімділігі -32ц/га.

Алтайка. Алтай егіншаруашылық және ауылшаруашылық дақыл селекциясы-

ның ҒЗИ-да шығарылған. Гордеиформе түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Ке-

зең ұзақтығы 75-100 күн. Тамыр шірігі және тозаңды қара күйемен аз залалданады.

Сорт өнімділігі жоғары. Дәндегі клейковина мөлшері 32%, ал дән натурасы 770-800

г/л. Макарон өнімдік сапасы жоғары. Ең жоғарғы өнімділігі 43,4 ц/га.

Дамсинская 90. А.И.Бараев атындағы Қазақ астықшаруашылығы ғылыми-зерт-

теу институтында шығарылған. Леукурум түршесі. Масағы қылтықты,ақ, қабықша-

сы түксіз, дәні ақ. Орташа мерзімде пісетін сорт. Шашылып қалуға төзімді, жатып

қалуға бейім. Макарон өнімдік сапасы жоғары. Дәндегі клейковина мөлшері -41,8%

дейін жетеді. Ақуыз құрамы -17,8%, шынылығы -95-99%, 1000 тұқымның массасы

62г-ға жетеді.

Сид 88. Сорт Қостанай АҒЗИ және А.И.Бараев атындағы Қазақ астықшаруашы- лығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. . Гордеиформе түршесі. Орташа

кеш пісетін сорт. Құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімді.

7.Жаздық жұмсақ бидай

Жаздық жұмсақ бидай

а) Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық жұмсақ бидай салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-20C жылылықта өне бастайды. Алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +4-50C пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура 50C болғанда егін көгі 30 күнде, 80C – 13 күнде, + 100C – 9 күнде, 150C – 7 күнде пайда болады.

Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді – 100C дейін аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандану кезеңдерінде -1-20C бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен өседі. Себу-көктеу кезеңінің ұзындығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Жаздық бидайдың түптенуі +10-120C жақсы өтеді. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптену кезеңіндегі температураның төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына оң әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Түптену кезеңін Ақмола облысында 12-17 күн созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді.

Жаздық бидай өсіп-даму кезеңінде, әсіресе түптену-түтікке шығу және түтіктену-масақтану кезеңдерінде температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуші фактор болып табылады. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн, және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті құрғақшыл жылдары маусымның соңында өтеді. Жоғары температурада гүлдену кезеңі де тездетіледі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану-пісіп жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге созылады. Бұл кезеңдегі қолайлы температура 16-230C. Жалпы алғанда орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-19000C, ал біздің жақта температура жиынтығы 2200-25000C дейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа орта есеппен 110-115 күннен аспайды.

Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дән массасына шаққанда 45-50 пайыз мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшін ол өзінің ағзасынан/ организмінен 400-500 өлшем су буландырады, немесе т.к. 400-500 тең деген сөз.

Жаздық бидайдың даму кезеңдеріңе қарай ылғалды пайдалануы біркелкі емес: барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде 5-7 %, түптенуде 27,8 %, түптену мен масақтануда 37-40 %, сүттене пісуде 20 %, ал балауызданып піскенде 3-5 % жұмсалады. Сондықтан жаздық бидайдың қиын-қыстау кезеңі түптену-масақтану ылғалға көп қажетсінеді. Бұл кезеңде топырақтың ылғалы төмен болса, және бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Қолайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың қиын-қыстау кезеңі ауа-райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтың 1 м қабатында 60-80 мм болғанда – төмен, 100-120 мм орташа, және 140 мм артық болғанда – жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидай мен тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап қояды. Тамыр жүйесінің сіңіру қабілетінің және оның басқа дәнді дақылдарға қарағанда айтарлықтай әлсіз дамитындығынан жаздық бидай топырақ құнарлығына өте жоғары талап қояды.

Өсімдік тіршілігіндегі қоректік заттардың рөлі әрқилы. N жақсы түптенуге, қуатты сабақ пен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, фотосинтетикалық қызметін күшейтеді, биологиялық массасын, қорлануын, дәндегі протеин мөлшерін арттырады.

Фосфор (Р2О5) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, құрғақшылыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэф. төмендетеді, жаздық бидай пісуін 5-6 күнге тездетеді.

Калий (К2О) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктін ылғал ұстау және тамырдың ылғал сіңіру қабілеттерін арттырады, құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігін арттырады. Қоректік заттарды пайдалану өсімдік ылғал қажетсінуіне ұқсас. Жаздық бидайдың қоректену элементтерін шығару топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір ц. астық пен тиісті сабағына шаққанда) N-3,7-4,0; P2O5-0,9-1,1; және К2O-1,7-1,8 кг тең.

Жаздық бидайды өсіру үшін барынша қолайлы қара және қоңыр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Мұндай топырақтарда, әсіресе құрғақшылық жылдары өнімі күрт төмендейді.

Жақсы өнімді реакциясы қалыпты немесе әлсіз қышқыл топырақтарда алуға болады (РН-6,5-7,5).

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан аймақтарында Каз/рсп, Каз-15, Ом-19, Ом-18, Эрит-35, Ом-21, 24, 26 (перспек) сорттар өсірілуде.

8. Жұмсақ бидайдың түрлерінің белгілерін айтып шығу

А /пиротрикс,барбаросса

Пиротрикс Phyrotrix

Қылтықсыз,түкті,масақ түсі қызыл,дәнінің түсі қызыл

Барбаросса Barbarossa

Қылтықты,түкті,масақ түсі қызыл,қылтығының түсі қызыл,дәнінің түсі қызыл

Б/Велютинум,Лютесценс

Велютинум Velutinum

Лютесценске ұқсайды.Қылтықсыз, түкті ,масақ түсі ақдәнінің түсі қызыл

Лютесценс Lutescenc

Қылтықсыз,түксіз,масақ түсі ақ,дән түсі қызыл

9 есеп

Жаздық бидайдың биологиялық өнімділігін есептеңіз, м2 – 240 дана өсімдік саны белгілі, масақтағы дәнінің саны 24, 1000 тұқымның массасы 40 г., өнімді түптенуі – 1,1

10.Жұмсақ бидайдың түрлерінің белгілерін атап шығу

а/ферругинум,Мельтурум

Ферругинум Ferrugenium

Қылтықты,түксіз,масақ түсі қызыл,қылтығының түсі қызыл,дәнінің түсі қызыл

Мельтурум Melturum

Қылтықсыз,түксіз,масақ түсі қызыл,дән түсі қызыл

11. Жұмсақ бидай түрлерін анықта:

а) дәні қызыл, масағы қылтықты,масағы мен қылтықтары ақ түсті,масағы түксіз Эритроспермум

б)дәні қызыл, масағы мен қылтықтары қоңыр сұр, масағы түксіз Цезиум

12. Қатты бидайдың түрлерін анықта:

а)масағы мен қылтықтары қызыл, дәні ақ, масағы түксіз Гордейформе

б) масағы ақ,түкті,қылтытары қара,дәні ақ Мелянопус

13.Жұмсақ бидай түрлерін анықта

а) масағы ақ,қылтықсыз , дәні ақ, масағы түксіз Альбидум

б) масағы мен қылтықтары қызыл,дәні қызыл,масағы түкті Барбаросса

14.Жұмсақ бидайдың өнімді түптенуын есептеңіз: өсімдік саны 260 дана/м2, өнімді сабақтарының саны 324 дана/м2

15. Қатты бидайдың түрлерін анықта:

а) масағы ақ,қылтықты , дәні ақ, масағы түксіз Леукурум

б) масағы ақ,қылтықсыз , дәні ақ, масағы түксіз Кандиканс

16.Жұмсақ бидай түрлерін анықта:

а) масағы ақ, қылтықсыз, түкті, дәні қызыл. Велютинум

б) масағы мен қылтықтары ақ,түксіз, дәні қызыл. Эритроспермум

17. Бидай түрлерін анықтаңыз:

а)масағы қылтықты орташа тығыздалған,қылтықтары ұзын және қысқа, қабыршақты масағы дөңестелген,қылтықтары тең немесе ұзынырақ, дәні өте ұзын, ірі шыны тәрізді, ұнтақ тәрізді себіндіге төзімсіз, тат ауруы Польша бидайы

б) дәні қабыршақты,масағы қылтықты сынғыш, екі жанынан қатты қысылған, тығыз, қылтықтары ұзын, параллель немесе сәл қиғаш орналасқан, әдетте масағында бір дән болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]