Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері

Өсіру технологиясының ерекшеліктері

Бидай өнімін арттырудың негізгі жолдарының бірі – оны өсірудің интенсивті технологиясын қолдану болып табылады. Ол негізінен материалдық-техникалық ресурстар және жаңа ғылыми жетістіктер мен тәжірибені кеңінен пайдалануға сүйенеді.

Жаздық жұмсақ бидай өнімін арттыруда алғы дақылға үлкен маңыз беріледі.

Ең жақсы алғы дақылдар – таза пар, пардан кейінгі екінші дақыл, дәнді бұршақ дақылдар, сүрлемдік жүгері. Пішенге немесе балаусаға өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидай себуге дейін) және монокормге жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады.

Солтүстік Қазақстанның далалық және орманды-дала аудандары үшін Бараев және басқа ғылыми мекемелердің оқымыстылары қысқа айналым (төрт, бес, алты, танапты) дәнді парлы және дәнді отамалы дақылдар ауыспалы егістерін зерттеп жасады.

Жаздық жұмсақ бидай орналастырылған көп тараған ауыспалы егістер мыналар:

  1. Пар 2 танап бидай, арпа немесе сұлы

  2. Пар 2 танап бидай, жүгері, бидай, арпа (сұлы)

  3. Пар 2 танап бидай, біржылдық шөптер, бидай, арпа (сұлы)

  4. Пар 2 танап бидай, арпа, бидай

  5. Жүгері, бидай

  6. Жүгері, бидай, арпа (сұлы)

  7. Біржылдық шөптер, бидай, тағы басқалары

Эрозияға қауіпті алқаптарда жаздық бидайды жолақты парларда орналастырады: пар+бидай, бидай+пар, бидай, арпа.

Топырақты өңдеу

Топырақты негізгі және себу алдындағы өндеу керек. Мұнын өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның Солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сақтауға, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту – қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Паясы сақталған танаптарда топырақ аз тереңдікке қатады да көктемде ерте жібіп қар суы жақсы тоқтатылады. Топырақты негізгі өңдеу ең алдымен алғы дақылға байланысты, сондықтан таза парды дайындауды қарайық. Алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жаздық тілгіш культиваторлармен (ОПТ-3,5; КПШ-9) 12-14 см тереңдікте өңделеді. Соның нәтижесінде өсіп тұрған арамшөптер қырылады, олардың тұқымының бір бөлігі топыраққа сіңіріледі және қопсытылған топырақ суды жақсы жұтады.

Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзе жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 ине тісті тырмалармен 4-6 cм тереңдікке қосымша қопсытылады. Ал бұл агротехникалық шара қара сұлы мен басқа арамшөптер тұқымдарының ерте көктемде жаппай өсіп шығуына мүмкіндік жасайды.

Көктемгі жұмыс таза парды қара сұлы жаппай көктегеннен кейін КПШ-9, КТС-10 ОВТ-3,5 культиваторларымен өңдеуден басталады. Күшті ластанған танаптарда бұл жұмысты дәнді дақылдарды сепкенге дейін жүргізген дұрыс, соның нәтижесінде арамшөптер тым өсіп кетпейді, топырақты өңдегенде олар жеңіл құртылады, әрі топырақ артық кеуіп кетуден сақталады. Пар танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты – олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн. Осы мақсатпен парды өңдегенге дейін (тамыздың соңғы онкүндігі) әрбір 18-20 күнде 10-12 см тереңдікте культивацияланады да жаз бойы кем дегенде 4 рет жүргізіледі. Құрғақшылық жылдары таза парды 2 рет культивациялаудан (тамыздың 1/10) кейін арамшөп көп болса, оны құрту үшін топырақты жаздық тілгіш құралдармен өңдеумен қатар 2,4Д немесе Пума-супер-комби гербицидімен бүрку жұмыстарын жүргізу қажет. Гербицидтерді бүрку қажеті парды 2 өңдегеннен кейін 25-30 күн өту керек.

Таза парда тамыр сабақты арамшөп болса пар танабын 4-5 рет 14-16 см тереңдікте КПЭ-3,8 немесе КТС-10-01 культиваторымен өңдеген жөн.

Острец (қарабас шалғын) арамшөбімен ластанған парды дайындаудың технологиясы біршама өзгеше. Оның тамыр сабағы 18-28 см тереңдікке дейін орналасқан. Оны құрту үшін пар танабын қайырмалы плугпен маусымның басында 25-27 см жыртады, жаз бойы жаңа өркендерінің пайда болуына қарай 2-3 рет КПЭ-3,8 немесе КТС-10-11 культиватормен өңделеді. Таза парлардың негізгі өңдеуін тамыздың екінші жарытысында жүргізеді.

Екінші бидай үшін алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жазық тілгіш құралдармен өңделеді (КПШ-9, ОПТ-3-5, КПЭ-3,8 т.б.) тереңдігі (20-22 см) тығыз топырақ, жеңіл топырақ 12-14 см. Қар тоқтату СВУ-2,6 немесе СВШ-10, СВШ-7 іске асырылады. Ол қар қабаты (12-15 см) қараша-желтоқсанда жеткенде басталады да желдің басым бағытына көлденең жүргізіледі. Қар жодарының арасы 4 м болу керек. Ерте көктемгі топырақ өңдеу оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және қара сұлы тұқымын сіңіру. Тәжірибеде оны «ылғал жабу» дейміз. Ол үшін тісті тырмалармен топырақ 4-5 см тереңдікке өңделеді. Тым ірі кезекті топырақ бетін тығыздағыштармен (каток) тығыздайды.

Аралық культивация қара сұлымен қатты ластанған танаптарда жүргізіледі. Культивация қара сұлының жаппай көгі пайда болғанда (1 м2 – 50 өсімдік болғанда) жасалады. Аралық культивация табанды КПС-4 культиватормен жүргізіледі, соңынан тырмаланып тығыздалады (БИГ3 + 3ККШ…).

Себу алдындағы культивация екі мақсатты көздейді: жаздық бидай тұқымы ылғалды қабат пен тығыз орынға орналастырылады және арамшөп көгі құртылады. Бұл жұмысты сеялка СЗС-2,1 істейді, тағыда ол тыңайтқыш еңгізеді, тұқым себеді, содан кейін топырақты тығыздайды. Тұқым дәрілеу жаздық бидай өсіру технологиясындағы маңызды агротехникалық шара. Тұқымды байтан-универсал 2 кг/т, витавакс 2,5-3 кг/т ж.б. улағыш заттармен ПС-10 машиналармен дәрілейді. Дәрілеу жұмысы ылғалдандыру тәсілімен жүргізіледі, ол үшін әрбір тонна тұқымына 10 л су араластырады. Тұқымға улы химикаттардың жабысуын жақсарту мақсатымен оған 0,22-0,25 кг/т NaKMЦ қосылады.

Тұқымды себу алдында күнге қыздыру қарастырылады.

Бұл агротехникалық шара тұқымның өсу энергиясы мен далалық өнгіштігін арттырады. Жаздық бидайдың қолайлы себу мерзімі 15-28 мамыр. Солтүстік Қазақстан аймағында жаздық бидайдың қолайлы себу нормасы: І – 3-3,5 млн/га; ІІ - 2,5-2,8 млн/га; ІІІ - 2,7-3,0 млн/га. Қолайлы себу тереңдігі 6-8 см. Себеді СЗС-2,1, ал қара парды топырақты ылғал мол болғанда дисковый сеялкамен СЗП-3,6 қолданады. Жаздық жұмсақ бидайдың интенсивті технологиясында егінді күтіп-баптау маңызды роль атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады. Гербицид, фунгицид, инсекцид қолданады.

Егін жинау

Солтүстік Қазақстанда дәнді дақылдар әртүрлі піседі, ал бұл егін көгінің әр мезгілде пайда болуына және сабан өркенінің түзілуіне байланысты. Әр пісу кезеңі мен егін жинаудың қолайлы мерзімін дәннің ылғалдылығы, меншікті (удельный) салмағы, сыртқы белгілері мен консистенция, 1000 шикі дәннің массасы бойынша және эозин тәсілімен анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]