Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері

Жаздық қатты бидайды гүл кенесімен зарасызданбауы үшін таза парға (арпа-

дан кейінгі), асбұршақ, отамалы ауыспалы егістеріне және көпжылдық шөптен кей-

ін ерте жыртылған жер қыртысына себеді. Күзгі топырақты өңдеу астықты жинау-

дан кейін жүргізіледі. Топырақ тығыздығын, механикалық құрамын, ылғалдылы- ғын, ластану типін және жер бедерін ескере отырып, өңдеу тереңдігін бекітеді.

Барлық агротехникалық шараларды өсімдіктердің өсу жүйесіне сәйкес, дәлдеп,

олардың қоректік жағдайларын ескеріп жүргізу керек. Оларды сақтамау өнімнің аз-

ды-көпті кемуін тудырады. Тұқымның көктеуіне оттегі, ылғал және сәйкестік тем-

пература қажет. Әртүрлі астық дақылдарының дәніне керекті температура және су

мөлшері(Б қосымшасында) көрсетілген.

Көктемде топырақтың физикалық пісуі кезеңінде, себу алдындағы, өңдеуге дейін, ықтырманы жоймай парлы егістерді инеше тырмалармен Биг-3,БМШ-15 немесе тісті тырмалармен ылғалды жабу агротехникалық шаралары жүргізіледі. Қара сұлымен күшті ластанған егістерге қарасұлыға қарсы гербицидтерді (авадекс БВ,триаллат) топыраққа еңгізу қажет. Арамшөптерден таза егістерде, сонымен қатар егіске гербицид енгізілуі қарастырылса, себу алдындағы өңдеу шарасы жүргізілмайді.Себілетін тұқымды сұрыпталған, кондициялы және дәріленген жұмсақ және қатты бидай сорттарының тіркелген тұқымдары қолданылады.

Жаппай тат ауруы байқалған жылдары қатты бидай өнімі жаздық бидайға қарағанда біршама жоғары болады, өйткені ол жергілікті танаптарда ауруға төзімдірек. Қазақстанның солтүстігінде қатты бидай егістігінде тамыр шірігі үлкен зиянын тигізеді: егін көгі селдірейді, өсімдіктер әлсіреп өнімі төмендейді. Сорттары: Безенчукская 139, Омский рубин, Сид-88 (ортадан кеш піседі), Донецская 90.

4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.

Дәннің ісінуі және өнуі. Дәннің өнуі үшін, оның бойына белгілі мөлшерде су сіңіп, ісінуі қажет. Суды сіңіріп, ісінуіне байланысты тұқым бойында биохимиялық және физиологиялық процестер жүреді.

Ферменттердің (амилаза, диастаза және тағы басқалардың) әсерінен күрделі химиялық қосылыстар — крахмал, белок, май және басқалар дәннің қажетіне жарайтын ерімелі жағдайда болады. Ал, тіршілік қабілеті бар дән тыныштық кезеңінен, жігерлі тіршілік әрекетіне көшіп, ылғал, ауа және белгілі жылу жағдайы болған кезде өне бастайды.

Осы кезде ылғалдың жетіспеуі, температураның төмен, топырақтағы ауаның аз болуы тұқымның өнуін және көктеуін бөгеп кідіртеді.

Түптену. Астық тұқымдас өсімдіктердің, жер асты буындарынан жаңа сабақтың көктеп шығуын түптену деп атайды. Алғашында сабақтың жер бетіне жақын орналасқан қолтықтық буындарынан жанама тамырлар, соңынан бас сабаққа ұқ-сас бүйірлік көктер пайда болады.

Сабақтың бүйірлік көктері жер асты буындарының қайсысынан болса да пайда болуы мүмкін, оның ішінде көп жағдайда мол түптену, әдетте жер бетінен 1-3 см тереңдікте жатқан, ең жоғарғы буында пайда болады. Ол буын, өзінің күшті дамуына байланысты - түптену түйіні деп аталады.

Түптену түйінінен бүйірлік көктердің және астық тұқымдастардың шашақты тамырларының негізін құрайтын, жанама тамырлардың көпшілігі пайда болады.

Қара бидайдың, арпаның және бидайдың алғашқы жер асты буыны, көктеп шыққаннан кейінгі 5-7 күндері, ал тары тәріздес астықтарда және сұлыда көктеп шығумен қатарлас пайда болады.

Түптену түйіні - өсімдіктердің басты, тіршілікке қажетті органдарының бірі. Оның даму дәрежесі тамырларының жуандығына, сабақтың шоқтануына, құрғақшылыққа, күздік дақылдардың суыққа төзімділігіне, т. б. белгілеріне тікелей әсер етеді.

Түптену түйінінің тіршілікке қабілеттілігі көп жағдайда себілген дәннің ірілігіне, тұқымның себілу және топырақтың жыртылу тереңдігіне, ылғалдылығына, механикалық құрамына (тығыз топырақтарда жер бетіне жақын орналасады), ауада көмір қышқыл газының болуына, жарықтың күштілігіне, топырақтың жылылығына, түрдің және сорттың ерекшеліктеріне тікелей байланысты (тары тәріздестерде түптену буыны жоғарыда көрсетілген жағдайлардың өзгеруіне қарамастан тығыз жатады).

Жапырақтың әлсіздігі немесе қысқа болуы түптену түйінінің тайызда жатуына, ал жапырақтың күшті немесе ұзын болуы түйіннің тереңге орналасуына байланысты.

Сабақтың масағы жетілмесе «тықыртпа масақ», ал масағы болмаған жағдайда «қосымша сабақ» деп атайды.

Түтік шығару. Түтік шығарудың бастамасы, басты сабақ буын аралықтарының ұзарып, топырақ бетінен 5 см биіктегенде, жапырақ сабағының ішінде түйіннің пайда болуымен анықталады.

Бас алу. Температураның 15°С да жоғары көтерілуі масақтың әр түрлі бөлшек-терінің ерекшеленуін тездете түседі.

Гүлдену және тозаңдану.

Гүлдену сипатына қарай астық тұкымдастарын өздігінен тозаңданатындар (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатындар (жүгері, қара бидай, сорго) деп бөлуге болады.

Дәннің толысуы және пісуі. Құрғақ, ашық ауа райында, ерте, қалың себілген және фосфорлы-калий тыңайтқыштары берілген егістіктерде дәннің толысуы, әсіресе пісуі тезірек жүреді. Дәннің толысуы мен пісу кезеңінде температура жоғары болуы, аңызақтың соғуы, топырақ ылғалының жетіспеуінен дән уақ, қатпарлы, толық болмайды, соған байланысты өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Керісінше ауа райының тым жаңбырлы және жылы болуынан дән бойындағы крахмал жеткіліксіз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]