Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:

а)тілшесі күштірек дамыған,шеттері ара тісті,құлақшалары жоқ (Сұлы)

б)тілшесі қысқа,құлақшалары өте ірі кірпіксіз,бір-біріне кіріге орналасқан (Арпа)

19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:

а)тілшесі қысқа,құлақшалары кішірек,жиі орналасқан (Бидай)

б)тілшесі күштірек дамыған,шеттері ара тісті,құлақшалары жоқ (Сұлы)

20. Бидай тұқымының сапасын бағалау.

Бидай дәнінің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткішке ақуыз (белок) мөлшері мен дән уызы (клейковина) жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың пайдалану сипатын анықтайды. Өндіру өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға ақуызы/ белогі мен дән уызы мол жұмсақ бидай жатады. Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақты көрсеткіш – ұнның күшіне қарай күшті, орташа және осал (әлсіз) болып үш топқа бөлінеді. Күшті бидай ақуызының/ белогінің көптігі, уызының жиырымдылығы және созылымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, жұмсақ, өте дәмді, сүйкімді иісі болады.

Сонымен қатар күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар. Әлсіз бидайдың ұныңа аздап күшті бидайдың ұның қосқанда, одан шығарылатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады.

Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады, сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары.

Орташа нандық күші бар бидай, басқаша айтқанда ешқандай қоспасыз-ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар ақуызының/ белогының мөлшері орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен. Мұндай сорттар әлсіз бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.

Әлсіз бидайдың ақуызы (белогі) шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан сапасы төмен болады. Әлсіз бидай нанының сапасын жарсарту үшін күшті бидай ұнын қосады.

2 бөлім

Бидай

1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы

Бидай (Poaceae) тұқымдасына және Triticum туыстығына жатады. Бұл туыстық 22 түрді біріктіреді. Ол 4 генетикалық топқа бөлінеді.

І. Диплоидты бидайлар, олардың соматикалық жасушасында (клеткасында) 14 хромосом (2п-14) болады. Бұл топқа мәдени бірдәнді, жабайы бірдәнді т.б. жатады. Диплоидты түрлердің ішінде дәндегі ақуыз (белок) мөлшері 35-37% жететін, саңырауқұлақ ауруларына төзімді үлгілері де бар.

ІІ. Тетраплоидты түрлер, соматикалық жасушаларда (клеткаларда) 28 хромосом (2п-28) бар, бұл қатты бидай, жабайы қос дәнді бидай, персикум ж.б. айтуға болады. Тетраплоидты бидайлардың ішінде қатты бидай (Т.Durum) барынша үлкен маңызға ие, ол дүние жүзінде егіс көлемі бойынша екінші орын орын (жұмсақ бидайдан кейін) алады.

ІІІ. Гексаплоидты түрлер (2п-42) соматикалық жасушасында (клеткасында) 42 хромосомы бар көптеген бидай түрлерін біріктіреді (жұмсақ бидай, спельта, кармен, мах т.б. бидайлары). Олардың ішінде көп таралған жұмсақ бидай (Triticum.a). Ол бүкіл дүние жүзінде барынша көп тараған астық дақыл. Бұл жер шарының барлық континентінде өсіріледі. Осының бәрі бұл дақылдың үлкен бейімділігін көрсетеді. Тіршілікке бейімділігі бойынша да (күздік, жаздық, жартылай күздік және жаздық) жұмсақ бидай айтарлықтай полиморфты болып келеді.

IV. Октаплоидты түрі (2п-56) қолдан жасалған, оған грибобой бидайы жатады.

Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежелеріне қарай, барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді.

2 Солтүстік Қазақстанда жұмсақ бидайдың сорттық агротехникасы

\ Жұмсақ бидай сорттары:

Ақмола 2. А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институ-

тында шығарылған. Лютесценс түршесі. Масақтары ақ, қылтықсыз, қабығы түксіз, дәні қызыл. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетация ұзақтығы 85-95 күн. Жатып қалуға төзімді, өнімділігі жоғары.Аймақтағы орташа өнімділігі 20 ц/га. Күшті дән қалыптастырады: клейковинасы – 27,8 30,1%, ақуызы – 14,0-15,0%, мың дәннің массасы-36,0г. Интенсивті сорт түрі.

Целинная 3С. А.И.Бараев атындағы Қазақ астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт.Құр-

Ғақшылыққа төзімді. Нандық сапасы жоғары. Ақуыз құрамы-14,5-15,8%, клейкови-

насы -29-31%, 1000 тұқымның массасы – 362-35г. Ақмола облысында 2001 жылы жоғары өнім 33ц/га алынды.

Карабалыкская 90. Қостанай АҒЗИ-ның Қарабалық ауылшаруашылық тәжіри-

белік станциясында шығарылған. Лютесценс түршесі.Орташа мерзімде пісетін сорт

Ерте жазғы құрғақшылыққа төзімді, жазғы жауын-шашынды жақсы пайдаланады.

Жатып қалуға, шашылуға төзімді. Сорт жоғары икемділігімен сипатталады. Күшті

бидай. Жоғары өнімі 33,2ц/га.

Астана. А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институ-

тында шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа ерте мерзімде пісетін сорт. Ақмо-

ла 2 стандарттан 2-3 күн бұрын піседі. Құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімді.

Сорт жоғары сапалы астық қалыптастырады: клейковинасы – 32,8- 30,0%, ақуызы – 13,3-16,8%. 2003 жылы ең жоғары өнімді- 32,0ц/га құрады. Ауруларға (қара күйе,

тот, септориозге) төзімді, жасырын сабақ зиянкестеріне төзімдігі стандарт Ақмо-

ла 2-ден жоғары.

Казахстанская раннеспелая. В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ҒЗИ және Қара-

Балық ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында шығарылған. Лютесценс түр-

шесі. Орташа ерте мерзімде пісетін сорт, 68-85 күнде пісіп жетіледі. Жатып қалуға төзімділігі жоғары. Күшті бидай. 1000 тұқымның массаы -35,8-38,0г. Қара күйе жә-

не тамыр шірігі ауруымен орташа залалданады. Жоғары өнімділігі - 33,8ц/га.

Омская 31. Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа ерте мерзім-де пісетін сорт, 78 күн мерзімінде пісіп жетіледі. Көктемгі-жазғы құрғақшылыққа,

ақұнтақ ауруына және қара күйе ауруына төзімділігі жоғары. Жатып қалуға төзім-

ділігі орташа. Күшті бидай. Дәні ірі, шынылы, натурасы жоғары. 1000 тұқымының

массасы 38,2-42,0г. Жоғары өнімділігі – 52,2 ц/га.

Омская 18. Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа кеш мерзім-

де пісетін сорт, кезең ұзақтылығы 81-103 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары,

аурумен залалдануы орташа, Саратовская 29 деңгейінде. 1000 тұқымның массасы-

28,8-33,2г. Сорт өнімді түптенумен және масақтың дәнділігімен ерекшеленеді. Жо-

ғары өнімділігі интенсивті фонда 62 ц/га құрайды.

Омская 28. Сорт Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа кеш пі-

сетін сорт. Вегетация ұзақтығы және өнімділігі Омская 18 сортымен бірдей. Жатып

қалуға және шашылып қалуға төзімді. Дән ірілігі орташа, жоғары натуралы. Күшті

бидай.

Росинка 3. Сорт Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа кеш пі-

сетін сорт, 79-85 күн мерзімінде пісіп жетіледі. Тозаңды және қатты қара күйе ау-

руына төзімді. Күшті бидай. Дәні ірі, 1000 тұқымының массасы 38,2-45,0г. Жоғары

өнімділігі – 47 ц/га.

Эритроспермум 35. Сорт Қостанай АҒЗИ және А.И.Бараев атындағы Қазақ ас- тықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Эритроспермум түршесі. Масағы қылтықты, ақ, қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Жатып қалуға төз-

імділігі -3,5 балмен бағаланады. Саратовская 29 сорты деңгейінде. Құрғақшылыққа

төзімділігі жоғары, шашылмайды. Тозаңды қара күйе ауруымен залалдануы төмен,

бурыл және сабақтық тот ауруымен тез залалданады. 1000 тұқымның массасы-30,5-

38,0г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]