Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар

1.Темекі мен мохорканың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

  • Маңызы. Темекі және қаратемекіден негізінен тартатын темекі және никотин кислотасын алады. Темекіден – папирос, сигарет, сигар, трубкалы темекі дайындайды. Қаратемекіден – махорка, иіскейтін темекі, төменгі сортты папирос дайындайды. Қаратемекі жапырағынан никотин және никотин препараты жасалады. Темекінің жапырағында 1-3% никотин, 4-7% смола, 1% эфирлік май, ал қаратемекінің жапырағында 2-12% никотин, 7-18% лимон кислотасы, 3-4% алма кислотасы бар.

  • Бағалы техникалық дақылдардың бірі - темекі.Ол негізінен шылымдайындауға пайдаланылады.

  • Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Темекінің және қаратемекінің отаны Америка. ХVІ ғасырда Америкадан Еуропаға әкелінген. Темекіні әуелі дәрі есебінде, кейін темекі тартуға пайдаланған. ХVІІ ғасырдың басында Еуропадан оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азия елдеріне тараған. Қазір табак көптеген елдерде егіліп, пайдаланылады, әсіресе АҚШ –та, Үндістанда, Түркияда, Грекияда, Қытайда егеді.

  • Ботаникалық құрылымы. Темекі, қаратемекі – алқа тұқымдас бір жылдық өсімдік.

  • Тамыр жүйелері – кіндікті, жақсы дамыған 1,5-2 м тереңдікке кетеді. Негізінен 40 см топырақтың жоғарғы қабатына орналасқан.

  • Сабағы – тіке тұрады. Темекінің сабағының биіктігі 0,8-2 м, қаратемекініңң сабағы тарамдалған, биіктігі 0,6-1,5 м.

    Жапырағы – үлкен, шеті түгел. Қаратемекінің жапырағының сабағы бар, жуан, қыртыс, дөңгелек немесе жүрек тәріздес. Темекінің жапырағының сабағы жіңішке немесе отыратын, формасы бар.
  • Гүлшоғыры – масақ.

  • Гүлі – екі ұрықты, бес бөлікті, гүл серігі бар.

  • Жемісі – екі бөлек ұялы, көп тұқымды қорап, піскенде ашылады.

  • Тұқымы – қара-қоңыр, уақ. 1000 шт. темекінің дәнінің салмағы 0,06-0,12 гр, қаратемекінің дәні 0,25-0,5 гр.

  • Биологиялық ерекшелігі.Темекі әсіресе қаратемекі жылылық сүйгіш өсімдік. Тұқымы темекінің 10-12°, қаратемекі 7-8° жылылықта өседі. Өсіп, дамуы үшін ең ыңғайлы температура 25-30°. Жазғытұрымғы 2-3° салқындықта жапырағы тоңады. еккен тұқым парникте 3-5 күнде көрінеді. 30-45 күннен кейін 5-6 жапырағы бар көшеті (рассадасы) далаға отырғызылады. Көшетті (рассаданы) жерге отырғызғаннан кейін, гүлденгенге дейін 40-60 күндей қажет. Гүлденуі 3-5 жұма болады. Әр қораптың пісуі гүлденгеннен кейін 20-25 күндей. Көшетті (рассаданы) отырғызғаннан техникалық пісуіне дейін сортына байланысты 70-100 күндей болады. Темекі және қаратемекі бір қалыпты ылғалды талап етеді. Уақытша құрғақшылықта жапырағы кішірейіп, сапасы төмендеп, өнімі азаяды. Транспирациялық коэффиценті 500-800.

  • Темекі жылу сүйгіш бір жылдық техникалық дақыл. Оның тұқымының көктеп шығуы үшін 27-28°, ал көшеттің өсіп-дамуына 18-22° жылу керек.

  • Танапқа көшіріліп отырғызылғаннан кейін темекінің сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура 24-28° шамасында болуы қажет.

  • Темекі үшін —1-3° суық қауіпті.

  • Суды көп пайдаланатын кезеңі жапырақтары толық шыққан мезгіл. Осы кезеңде судың кем не артық болуы өте зиянды.

  • Темекі қоректік заттарды көп мөлшерде қажет етеді. Ол бір гектар жерде 15 центнер жапырақ құрау үшін топырақтан 90 кг. азот, 24 кг. фосфор және 58 кг. калийді сіңіріп алады.

  • Темекінің және қаратемекінің структурасы бар. Жеңіл, қопсытылған, құнарлы топыраққа жақсы өнім береді. Ауыр, сазды, тұзды, 

2.Темекінің тобын,топшасын және түрін анықтау.Темекі сорттарына анықтама беру

Табак Кеңес Одағында Украйнада, Молдавияда, Грузияда, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда Оңтүстік Алматы, Талдықорған т.б. облыстарда егілді. Темекі негізінде жылы аймақтарда егіледі. Темекі Алматы облысының Еңбекші қазақ, Шелек аудандарында өсіріледі. Аталған аудандарда темекінің мына сорттары аудандастырылды: Дюбек 44-07, ДюЕгістегі орны. Темекі негізінен көшіріп отырғызылатын дақыл. Сондықтан сапалы көшет өсіру темекі шаруашылығындағы жауапты жұмыстың бірі.

Қазіргі уақытта шаруашылықтарда көшетті парниктер мен теплицаларда өсіреді.

Темекінің жақсы алғы дақылы — дәнді дақылдар, жоңышқа құйқасы, дәнді бұршақты дақылдар. Осыған орай Алматы облысында қолданылатын ауыспалы егіс схемасы төмендегідей:

1 — дәнді дақылдар + жоңышқа;

2— жоңышқа, 3— жоңышқа, 4— дәнді масақты дақылдар, 5 — темекі, 6— темекі, 7— сүрлемдік жүгері.

Тыңайтқыш беру. Топырағында фосфор жеткіліксіз шаруашылықтарда күзде жер жырту алдында әр гектарға 3,5-4 центнер аммофос және 1,5 центнер күкірт қышқылды калий тұзын берген жөн.

Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу оны жырту алдындағы суарудан және жерді терең етіп жыртудан тұрады. Жер жырту тереңдігі 22-25 см. Көктемде ылғал жабу үшін танапты тырмалайды. Арам шөптер шыққаннан соң көшет отырғызғанша тағы да танапты бір рет тырмалау, ал көшет отырғызуға 5-7 күн қалғанда культивациялау жүргізіледі.

Көшет отырғызу. Танапқа көшетті отырғызудың қолайлы мерзімі20-25 сәуір мен 20 мамырдың аралығы.

Талгарский-25 сортының көшетін 70X25 см схемасы бойынша әр гектарға 50-55 мың дана отырғызады.

Дюбек сортының көшетін төрт немесе алты қатарлы СКНБ машинасымен 70X14 см немесе 70X18 см схемасы бойынша 80-100 мың өсімдік отырғызады.

Парниктерде өсіргенде темекінің тұқымының себу мөлшері бір шаршы метре жерге 0,4-0,7 грамм.

Темекіні күтіп-баптау және жинау. Егістікті күтіп-баптауға арам шөптерді жою, егістікті суару және қатар аралықтарды қопсыту шаралары жатады.

Қатараралықты бірінші өңдеуді КРН-4,2 немесе ФПУ-4,2 культиваторларымен бірінші суарудан кейін, яғни көшеттерді отырғызғаннан соң 7-12 күннен кейін жүргізеді.

Суару бороздамен, немесе ДДН-70 жаңбырлатқыш агрегаты арқылы жүзеге асырылады.

Темекі шаруашылығындағы ең қиын кезең — оны жинау, өйткені барлық жұмсалатын шығынның 60-70 проценті осы операцияны орындауға жұмасалады.

Темекі жинаудың ауыр процессі — жапырақтарды жіпке тізіп кептіру. Оны негізінен қолмен істейді, сонымен қатар ТПМ 69М машинасымен жүзеге асырады. Алайда кейінгі кезде жапырақты жіпке тізбей, арнаул

бек-13, Талгарский-25, Талгарский-28.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]