- •2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
- •3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
- •4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
- •5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
- •6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
- •7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
- •8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
- •9.Тұқым сапасы мен өнімділігіне агротехникалық фактордың әсері
- •10 Балауыз сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар
- •11 Өсімдік өмірі факторларына қиын қыстау кезеңдері заңдылықтарына қатынасы
- •12 1 Жане 2 топ дақылдарына қоректік элементтері мен ылғалға қиын қыстау кезеңдері
- •13.Егін жинау мерзімдері мен әдістеріне байланысты астықтың тұқымдылық,өнімділік және технологиялық сапасы.
- •14.Ерекше сипаттамалары бойынша астықтың I тобын анықтаңыз:
- •15. Астық дақылдарын айрықша белгілері бойынша (жапырақ белгілері) анықтаңыз.
- •16.1 Және 2 топ астық дақылдарының тұқымдық айырмашылықтары.
- •17. 1 Топ астық дақылдарын егін көгі бойынша анықтау:
- •18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы
- •3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері
- •4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.
- •5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері
- •6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары
- •7.Жаздық жұмсақ бидай
- •18.Солтүстік Қазақстандағы жаздық қатты бидай егістігінің күтімі.
- •3.Егістік сұлу сорттарының өсіру технологиясы.
- •12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері
- •1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.
- •2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.
- •4.Тіркелген күздік қара бидай сорттарының сипаттамасы.
- •1.Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері.
- •3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.
- •1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері
- •2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.
- •3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.
- •4.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге өсірудің индустриалды технологиясы.
- •5.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса: 1000 дәннің салмағы – 220 г., себу жылдамдығы - 98%, себу коэффициенті 80 мың, өнгіштігі1 га.
- •6.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса:себу схемасы 70*20, м1000-280 г., себу жарамдылығы 90%.
- •8.Жүгері түртармақтарының ерекшеліктері.
- •9.Жүгерінің биологиялық өнімділігін анықтаңыз, 70 * 35 жүгері отырғызу схемасы, бір өсімдіктегі масақ саны 2, масақтағы дән саны 420, m1000 дән -215г.
- •V бөлім Тары. Құмай.
- •1.Тары.Морфологиялық құрылымы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •2.Солтүстік Қазақстан жағдайында тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы.
- •3Кәдімгі тары түршесін анықтау:
- •5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.
- •6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру ерекшеліктері.
- •3. Кәдімгі қарақұмық түрлерін анықтау:
- •4.Қарақұмықтың биологиялық өнімін анықтаңыз, егер егін ору алдындағы 1 м2-тағы өсімдік саны – 250 дана, өсімдіктегі дән саны - 320 дана, м 1000 дән -30,2 г болса.
- •6.Гүлшелердің диморфизміне анықтама беру,оның әрбір мәдениетке тән өзгешелігі. Ол гүлдің фертильділігінде қандай көрініс табады?
- •8.Күріш. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •9.Күріш.Өсу және даму сатылары,органогенез кезеңдері және өнімділік элементтері.
- •10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
- •VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
- •7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.
- •13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
- •7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
- •X Бөлім. Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •3.Рапс.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.
- •6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.
- •7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.
- •9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •10.Майлы дақылдарының тұқымдары,дәндері,жапырақтары,гүлшоғырлары бойынша ерекшеліктерін анықтау.
- •11.Күнбағыс дәндерінің қабықсыз массасын анықтаңыз, егер бүтін дәннің массасы 10 гр,қабық массасы -4,7гр болса.
- •12. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды өсіру технологиясы.
- •14.Зығырдың түрлері мен түртармақтарын анықтау
- •15.Қыша.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •XI Бөлім. Талшықты дақылдар
- •1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар
- •XIII Бөлім. Бақша дақылдары
17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Мақсары (лат. Carthamnus) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл. Негізгі отаны – Эфиопия мен Ауғанстан. Сабағы тік, бұтақты келеді, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры – себет, бір өсімдікте 5–6-дан 30–50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20–50 г. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді. Өсу мерзімі 90–150 күн. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы), өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. 1 гектарға 6–10 кг тұқымды 5–6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45–60 см етіп себеді. Әр гектардан 8 ц-ге дейін өнім алынады. Мақсары тұқымынан 25–35%, дәнінен 46–60% май, гүлінен бояуалынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады, тұқымы құстарға жақсы азық болып табылады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен Мақсарыны кейде егістікалқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 — 15 м жерге егіп отырады. Үндістанда, Түркияда, Иранда, Қытайда, Өзбекстанда өседі. Облыстың Қазығұрт, Бәйдібек,Сайрам, Төле би аудандарында өсіріледі
XI Бөлім. Талшықты дақылдар
1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
Мақта (Cossypіum), қоза–құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында,Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген.
Маңызы. Мақта – ең басты өсімдік, дәнінен талшық алатын өсімдік. Дүние жүзінде өсімдік талшығының 80% мақтадан алынады. Мақта талшығынан жіп жасап, мақта тоқиды. Мақта жеңіл өнеркәсптің негізгі шикізаты болып саналады. Мақтадан жеңіл өнеркәсібінде мақта, фетр, целлюлоза және әртүрлі заттар, қағаз, фотопленка жасайды. 1 кг. мақта талшығынан 3 м. киім тігетін, 8 м. простыня, 12 м. ситца, 20 ақ мата алуға болады. Сол сияқты 1ц. мақтадан 32 кг. талшық, 65 кг. тұқым алады. Мақта дәнінің құрамында 20-27% жәй кебетін май бар, оны тамаққа және техникалық бағытта пайдаланады.
Мақтаның дәнінен май алғаннан кейін, қалатын қалдықтан жмых дайындайды, оның құрамында 40% белок болады. Жмыхты малға аз мөлшерде береді, себебі құрамында улы алколойд госсипол бар.
Тұқымының қабығынан әртүрлі органикалық кислота және спирт дайындайды. Сабағын құрылысқа және отынға қолданады. Мақта гүлдеген кезде одан бал алуға болады.
Негізгі шыққан жері, таралу, егілу аймақтары. Мақта өсіру ерте заманнан белгілі болған. Үндістанда, Қытайда біздің эрамызға дейін 3000 жыл бұрын мақтаны егіп, одан жіп дайындаған. Қытайдан мақта 500 жыл б. эр. дейін Египетке келген. ІV-V ғасырда мақта Орта Азияға жетіп, бұнда ІХ-Х ғасырда мақтадан талшық алып, сапалы мата шығара бастаған. ХІІІ ғасырда мақта Ираннан Кавказға тараған, Америкаға, Мексикаға, Перуға соңғы кезде келген. Мақтаны пайдаланып, өндірістік негізде мақта талшығын алу Еуропа және Америкада ХVІІ ғасырда басталған. ХVІІІ ғасырда 1767 ж. жіпті машинамен тоқитын әдісті ойлап шығарғаннан кейін және 1793 ж. мақтаны тазалайтын машина шыққасын, мақтаны өндірістік өңдеу, пайдалану кеңінен өседі. Дүние жүзінде мақтадан тоқитын жіп алу жеңіл өнеркәсіпте пайдалану дамыды. Мысалы, ХVІІІ ғасырда 5 %-ға, ХІХ ғасырда 75%-ға, ХХ ғасырда 84 %-ға дейін дамып отырған. (Н. А. Майсурян, В. И. Степанов 399 с.). Ресейде 1913 жылы 744 мың т, ал 1968 ж. 6 млн. т. мақта өндірілген. Кеңес Одағы кезінде мақтаға тәуелді болудан құтылып, дүниежүзінде өнім алу және өнім өндіру көлемі жөнінен бірінші орынға ие болды. Дүние жүзінде мақта 35 млн гектарға егілді. 60-тан астам елдер мақта егумен айналысады. Мақта егісімен айналысатын елдерде мысалы, Үндістанда (8 млн. га.), АҚШ (6,8 млн. га.), Қытайда (5,8 млн. га., Бразилияда (26 млн. га.), Пакістанда (1,4 млн. га.), ОАР (0,8 млн. га.) мақта егіледі.
|
Пайдалануы. Қазақстанда мақта — бағалы талшықты дақыл. Ол халық шауашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең бастысы — мақта тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат.Мәселен, бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг. тұқым және 30-40 кг. линера (қысқа талшық) алынады.
Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар-бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады.
Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады.
Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағыш және басқа да заттар алынады.
Мақтаның тұқымында 20-25 процентке дейін май болады, сондықтан 1 тонна шитті мақтадан 100-110 кг жоғары сапалы май алынады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Мақтаның 1 тонна тұқымынан 400 — 420 кг күнжара алынады. Оның құрамында 40 процентке жуық белок бар, сондықтан ол мал азығы үшін де пайдаланылады. Бірақ, күнжараның құрамында улы зат госсипол болады, сол себепті оны тәулігіне 2-3 кг-нан ғана ірі қара малға береді, ал шошқаға беруге болмайды.
Мақтаның 1 тоннасынан 380-400 кг тұқым қабығы шығады. Ол этил, метил спирттерін, лак, қағаз, органикалық қышқылдар, целлюлоза және басқа заттар алуға пайдаланылады.
Мақтаның сабағы (козапая) отын ретінде қолданылады.
Отамалы дақыл болғандықтан егіншілікте мақта дәнді және басқа дақылдарға алғы дақыл болып есептеледі.
Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл — мақта. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі.
Мақтаның түрлері мен сорттары. Мақтаның екі түрі өсіріледі. Бірінші түрі – орташа талшықты кәдімгі немесе мексикалық мақта. Оның көсегі ірі, жұмыр, жоғарғы жағы үшкір, қауашағы 3-5 жерден ашылады, әр көсектің қауашығында 5-10 тұқымы бар. Талшығының сапасы жоғары, ұзындығы 30-35 мм, жіңішкелігі 17-20 мкм.
Екінші түрі жіңішке талшықты перу немесе египет мақтасы.
Оның көсегі ұсақ конус тәрізді, ұзынша келеді, қауашағы 3-4 ұялы, онда жалаңаш тұқым бар. Талшығының сапасы жоғары, ұзындығы 38-40 мм, жіңішкелігі 12-18 мкм.
Қазақстанда негізінен мақтаның орта талшықты сорттары өсіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның Киргизский -3, С-4727, С-6524 және 108 –Ф үш сорты аудандастырылып себілді.
2.Мақта өсіру ерекшеліктері.
Ауыспалы егістегі орны. Мақтаның ең жақсы алдыңғы дақылы жоңышқа қыртысы мен оның аударылған қүйқасы. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады. Осының арқасында топырақ құрылымы жақсарып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Сонымен қатар жоңышқа топырақты екінші рет тұзданудан сақтайды және мақтаның негізгі ауруы солдырманы (вилт) азайтады.
Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отырғызуға тура келеді. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың тәжірибесі органикалық және толық минералдық тыңайтқыштарды қолданса ауыспалы егісте мақтаның меншікті салмағын 70-75 процентке жеткізіп, бір танапта қатарынан 5-6 жыл сепкенде, оның өнімділігі төмендемейтіндігін дәлелдеді.
Тыңайтқыш беру және қоректендіру. Мақта егісіне минералдық тыңайтқыш енгізудің мөлшері жоспарланған өнімге, топарықтағы қоректік заттардың қорына, қолданылатын агротехникаға байланысты.
Шитті мақтаның 1 тоннасы топырақтан 40-50 кг азот, 15-20 кг фосфор және 60 кг калий сіңіреді. Осы алынған элементтердің орны топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы толтырылады.
Мақта өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде қоректік заттарды аз мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, көктеп шыққаннан кейін бүрлену кезеңіне дейін барлық пайдаланылатын азот пен фосфордың 3-4 процентін, ал калийдің небәрі 2-3 процентін сіңіреді.
|
Мақтаны интенсивтік технологиямен өсіргенде, осы көрсеткіштерге сүйене отырып, берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен мезгілін белгілеу керек.
Берілетін барлық азот тыңайтқыштарының 25 процентін егін себер алдында, ал қалған 75 процентін тұқым себу кезінде және үстеме қоректендіру арқылы берген дұрыс.
Негізінен оған фосфор тыңайтқыштарының 75 процентін күзде сүдігер жырту алдында, 25 процентін үстеп қоректендіру кезінде береді. Алайда, Мақтаарал тәжірибе станциясында мақтаның жақсы дамуына және фосфор тыңайтқыштарының ең жоғарғы тиімділігіне жыртылған жерге 20-30 см тереңдікте фосфор тыңайтқышының жылдық мөлшерінің 60 процентін, ал егу алдында 10-12 см тереңдікке оның 40 процентін енгізгенде қол жетті.
Егін себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ауыспалы егіске фосфор енгізудің мөлшері бірінші және екінші жылы әр гектарға 140-150 кг, үшінші жылы 130-140 кг, ал одан кейінгі жылдарда 120-130 килограмнан болу керек.
Азоттың фосфорға қатынасы жоңышқа қыртысы және оның аударылған құйқасы бойынша 1:1,5, үшінші жылы 1:0,8, ал кейінгі жылдары 1:0,6-0,7 болуы керек.
Алайда әрбір танапта фосфор енгізудің, мөлшерін анықтағанда агротехникалық картограммалардың көрсеткіштеріне қарай өзгертулер енгізген жөн.
Мақта егісі өсу кезеңінде екі-үш рет үстеп қоректендіріледі. Екі рет үстеп қоректендірілген жағдайда тыңайтқышты шанақтану мен гүлденудің басында, ал үш рет қоректендіргенде —2-4 нағыз жапырақ шыққанда, шанақтану кезеңінде және гүлденудің басында енгізу керек.
Үстеме қоректендіру ретінде берілетін тыңайтқыштарды мақта өсімждігінің жақсы сіңіру үшін оларды тамырларға жақынырақ орналастыру керек. Бұл арақашықтық тамыр жүйенің өсуіне қарай алыстай түседі. Мысалы, 2-4жапырақша пайда болған кезде минералдық тыңайтқыштар қатардан 12-15 см қашықтықта және мүмкіндігінше тереңдеу, ал шанақтану кезінде қатардан 15-18 см қашықтықта 14-16 см тереңдікке енгізіледі.
Үстеп қоректендіруді шілденің ортасына дейін аяқтау керек.
Минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру тәсілдершің бірі оларды органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көңмен бірге енгізу. Көңді ауыспалы егісте жоңышқаны жыртқаннан кейін төртінші немесе бесінші жылы енгізген жөн. Оның мөлшері гектарына 20-40тонна.
Жерді дайындау және өңдеу. Мақтадан жоғары және тұрақты өнім алудың маңызды шарттарының бірі — топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін қолдану болып табылады. Ол күзде және көктемдегі егіс себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Күзде топырақты негізгі өңдеу тәсілі мақтаның алдынғы дақылдарына байланысты.
Алдыңғы дақыл жоңышқа қыртысы болған жағдайда жерді сыдыра жырту жоңышқалықтың көктеп кетуін тежейді.
Жер ПЯ-3-35 плугтарымен жыртылатын болса ғана оны сыдыра жыртқыштармен өңдеген дұрыс. Өйткені аталған плугтар жоңышқаның 30 проценттей кесілмеген түсімін қалдырып отырады. Олар көктемде өсіп кетеді де, топырақты өңдеуді қиындатады. Сыдыра өңдеу мен жыртудың арасы 10-15 күн болғаны дұрыс, себебі бұл уақытта жоңышқа қалдықтары қурап кетеді.
Алдыңғы дақыл мақта болса, онда солдырма ауруына қарсы күресу үшін танап қоза-паялардан босатылуы керек. Қоза-пая топыраққа көміледі.
Мақтаарал тәжірибе станциясының деректері мақтаның алғы дақылы мақта, яғнн бұрыннан жыртылып жүрген, арам шөптен таза жер болса, оны 30-35 см тереңдікте, ал ажырық сияқты зиянды арам шөптер басым болған жағдайда 35-40 см тереңдікте жыртқанда мол өнім алынатындығын көрсетті.
Оңтүстік Қазақстан облыстың ауыл шаруашылық станциясы да осындай қорытындыға келді. Осы станцияның мәліметтері бойынша 20 см тереңдікте жыртылған сүдігерге шитті мақта түсімі әр гектрдан 23,0 центнер, ал 30 см тереңдікте жыртылғанда —26,8 центнер болған.
Егер жыртылатын қабаттың қуаты жеткіліксіз болса, оны қажетті тереңдікке бірте-бірте жеткізу керек.
Жерді ярустық жыртудың артықшылығы мол, өйткені ол топырақтың құнарлылығын арттырады, ластануын тежейді, соның нәтижесінде мақта өінімі артады.
Сүдігер жыртудың тиімді болуы көктемде егін себер алдында топырақ өңдеу жүйесіне тығыз байланысты. Топырақ тұқым себуге дейін жақсы өңделсе, өскендер тез өсіп шығады, топырақта ылғал жақсы сақталады, арам шөптер азаяды, мақтаның аурулары мен зиянкестері кемиді.
Ерте көктемде топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Егер топырақты тырмалауды 10 күнге кешіктірсе, әр гектардан 200-300 текше метр ылғал жоғалады.
Сондықтан топырақ дегдісімен оны екі ізбен тырмалау керек.
Ылғал жабудан кейінгі ең бірінші жұмыс егістікті, бөлгіш бороздаларды, топырақ жолдарын тегістгу болып табылады. Топырақ жалдары мен бөлгіш бороздаларды ПР-5 тегістегіш-түзеткіш және ұзын базалы тегістегіштердің көмегімен екі рет тегістейді.
Шитті мақтаның сапасын және өнімділігін арттыруда тұқымды егісіке әзірлеудің маңызы ерекше зор.
Гаммоз жұқпалы ауруын жою және тұқымдарды сусымалы ету үшін мақта заводтары мен дайындау пункттеріндегі арнаулы цехтарда тұқым аршығыш машиналармен тұқымның түбіт-түгін механикалық ажырату, бір орталықтан дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, шаруашылықтар тұқымды заводтардан себуге әзір күнінде алады. Себу алдында тұқым тек ылғалдандырылады. Бір тонна тұқымға 900 литр су жұмсап, полиэтилен пленкасының астында 12-20 сағат ұсталады. Ылғалдандыру көрсетілген мөлшермен үш рет жүргізіледі.
Мақта жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан оны топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі 12-14°С қызғанда себеді. Тым ерте немесе ерте себілген тұқым температураның төмен болуына байланысты топырақта 20-25 күннен астам уақыт өнбей жатып қалып шіри бастайды. Ал көктеп шыққан өніктер өте сирек және әлсіз, ауруға шалдыққыш келеді.
Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып және облыс аудандарындағы табиғи аймақтардың топырақ климат жағдайларын ескеріп мақта себудің мына қолайлы мерзімдері ұсынылады: ауа райы жақсы оңтүстік аймақ үшін — сәуірдің 10-нан 20 на дейін, солтүстік аймақ үшін — сәуірдің 15-нен 25-не дейін.
Тұқымды себуге әзірлеу және тәсілдері. Мақтаны қатар аралығы 60 және 90 см жиі ұялы, немесе нүктелі әдіспен себеді. Қазіргі кезде мақта өсіруді комплексті механикаландыру, қол еңбегімен қаржыны аз жұмсау үшін қатар аралығын кең —90 см етіп себеді.
Пунктирлі әдіспен қатар арылығы 90 см етіліп себілген өсімдіктер 90X20-2 схемалары бойынша орналасады.
Ұялы әдіспен қатар аралығы 60 см етіліп себілгенде өсімдіктер 60X25 —2-3 схемалары бойынша орналасады.
Тұқым себу мөлшері мен тереңдігі. Себу схемасына байланысты әр гектарға 40 тан 100 кг.-ға дейін тұқым себіледі. Орта талшықты мақталар үшін бір гектардағы өсімдік жиілігі 100-120 мың, ал жіңішке талшықты мақтаныкі —120-130 мың дана болуы керек. Интенсивтік технологаямен өсіргенде мақтаны төрт қатарлы СХУ-4 және сегіз қатарлы СХС-8 сеялкаларымен 4-5 см тереңдікке себеді.
Мақтаны күтіп-баптау. Себуден кейінгі топырақ өңдеу жүйесін себуге дейінгі өңдеу жүйесін себуге дейінгі өңдеу жүйесімен ұштастырып жүргізу керек.
Әдетте, мақта себу кезінде жауын-шашын жиітүседі, яғни топырақ бетінде қабыршақ пайда болады. Бұл мақта тұқымының жер бетіне көктеп шығуына кедергі жасайды. Сондықтан мақта әлі көктеп шыға қоймаған кезде егістікті себу бағытына кесе-көлденең «зиг-заг» тырмаларымен тырмалап, қабыршақты жояды.
Ал өсімдік әр жерден қылтиып көріне бастаған кезде қабыршақты ротациялық шабықтаушпен бұзады.
Өскіндер толық өсіп шыққаннан бастап екі нағыз жапырақ пайда болғанша мақтааралықты сиретеді. Осыдан кейін өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу басталады. Оның басты мақсаты — арам шөптерге қарсы күресу және топырақтың беткі қабатын қопсыту.
Қатар аралықты бірінші рет қопсыту мақта өсімдігі көктеп шыққан бойда КХУ-4 өсімдік қоректендіргіш культиваторымен жүргізіледі.
Қатар арылығы 90 см егістіктегі топырақты өңдеу үшін аталған культиваторға ені 165 мм, екі пар кескіш және ені 120-150 мм бір және тәрізді табан орнатады.
Қатар аралықты бірінші культивациялау кезінде шеткі өсімдікке жақын бірінші пар кескіштерді 8-10 см тереңдікке қойылады. Қатар аралығы 60 см мақта егісіндегі топырақты өңдеу үшін культиваторға бір пар кескіш жебе тәрізді табан орнатылады.
Екінші культивациялаудан бастап кескіштерді қопсытқыш табандар-наральниктермен ауыстырады.
Қең қатарлы әдіспен себілген егістіктегі қатар аралықты өңдеу үшін культиваторға үш пар қопсытқыш табан, бір кіші және бір үлкен терең қопсытқыш жебе тәрізді табан орнатады.
Қопсытқыш табанныц бірінші жұбын 6-8 см, екіншісін —10-12 см тереңдікке қояды. Қатар аралықтың ортасын өңдеу үшін кіші жебе тәрізді табан 10-12 см, ал үлкені—12-14 см тереңдікке қойылады.
Келесі қатар аралықтарды қопсыту әрбір суарғаннан 1-2 күннен кейін топырақ дегдігесін жүргізіледі.
Мақта гүлдеген кезде қорғау аймағының енін 14-16 см қылып, қатар аралықтың ортасын кіші жебе тәрізді табанмен 12-14 см, ал үлкен жебе тәрізді табанмен 14-26 см тереңдікте қопсытады.
Қатар аралықтардың топырағын қопсыту қатарлардағы өсімдіктердің түйіскен шағына дейін жүргізіледі.
Мақта егісін суару. Мақта егісіне берілетін су мөлшерін топырақтың сортаңдану, ыза суының тереңдігі мен минералдану дәрежесін ескере отырып белгілеу керек.
Мақтаарал тәжірибе станциясының зерттеулеріне қарағанда, ыза суының деңгеиі жер бетінен 1 м тереңдікте жатқанда мақта егісінің жылдық пайдаланған су мөлшерінің қосындысы 11700 текше метр болып, оның ішінде 9140 текше метр ыза суын пайдаланған. Бұл жалпы пайдаланылған судың 78 проценті.
Ыза суы 3 метр тереңдікте жатқанда бұл көрсеткіштер осыған сәйкес 4780 текше метр және 5,6 процент болған. Осы келтірілген деректерден ыза суы неғұрлым жер бетіне жақын жатса соғұрлым қолдан берілетін су мөлшері аз болатынын көрсетеді.
Егер топырақта тұз мөлшері шамалы болса, онда жырту алдында әр гектарға 2000-2200 текше метр тұзы көп жерлерге 3000-3500 текше метр, яғни1,5 есе су көп береді. Жырту алдында танапты осылайша 2-3 рет суарады.
Мақта егістігі үшін ең қолайлы ылғалдылық жалпы топырақтың ылғал сиымдылығының 70% болып есептеледі. Мақта пісуі кезеңінде бұл көрсеткішті 60 процентке дейін төмендету керек.
Мақтаны суландыру мөлшері оның даму кезеңіне байланысты. Мысалы, бүрлену кезеңінде суландыру мөлшері әр гектарға 500-700 текше метр, гүлдеу-жеміс құрау кезеңінде 800-1000, ал пісу мезгілінде —500-600 текше метр болып есептеледі. Өсу кезеңіндегі барлық жұмсалатын су мөлшері суару санына және мөлшеріне байланысты. Мақтаны негізінен оның екі-үш жапырағы пайда болғаннан бастап гүлдегенше 2-3 рет, гүлдену кезеңінде 3-4 рет, ал пісе бастағанда —1-3 рет суарады. Өсу бойы кезеңінде мақтаның әр гектарына 5700-7500 текше метр су жұмсалады.
Мақта егісін негізінен жүйектік әдіспен суарады. Суару жүйегінің ұзындығы жер бедеріне, топырақтың су өткізгіштік қабілетіне және өсімдіктердің қатар аралықтарының кеңдігіне байланысты.
Мақта кең қатарлы әдіспен, яғни өсімдіктердің қатар аралығы 90 см етіліп себілгенде, топырақтың су өткізгіштігі нашар, жердің еңістігі үлкен болса, жүйектің ұзындығы 350-400 м, еңістігі өте аз болғанда —200-250 метр, ал топырақтың су өткізгіштігі жоғары жағдайда бұл көрсеткіштер осыған сай 250-300 және 120-150 метр шамасында болуы керек.
Топырақ ылғалдылығының тапшылығын ескеретіп аз суару мөлшері тек ДДА-100М жаңбырлатқыш агрегаттарының көмегімен жүзеге асырылады.
Әр түрлі топырақтық-климаттық жағдайларда жүргізілген зерттеу жұмыстары жаңбырлата суару әдісі тек минералдануы шамалы немесе тұщы ыза судың деңгейі жақын орналасқанда ғана тиімді екенін көрсетті.
Егінді күтіп-баптаудағы басты агротехникалық шаралардың бірі — арам шөптерге қарсы гербицид қолдану.
Бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арам шөптерді жою үшін әр гектарға 1,6-3,5 кг 80 проценттік которан гербицидін СХС-8 сеялкасына икемделген ПВГ-8 құралымен шашады.
Танапты тырмалау кезінде бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арам шөптерге қарсы әр гектарға 3,3-8,3 литр 30 проценттік которан топыраққа енгізіледі.
Көп жылдық құмай, ажырық, жатаған бидайық сияқты арам шөптерді құрту үшін сүдігер жыртқаннан кейін әр гектарға 40-55 кг 80 проценттік далопонды бүркіп, тырмалар арқылы топыраққа сіңіреді.
Өсімдік бойындағы қоректік заттарды реттеуге, пісуінің тездеуіне және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шаралардың бірі-шырпу.
Дер кезінде және дұрыс шырпылған жағдайда мақта көсегінің салмағы артады, олардың пісіп жетілуі тездейді және алынатын өнім көбейеді.
Шырпу өсімдіктердің көпшілігінде 10-15 өнім беретін бұтақ пайда болған кезде КРХ-5,4 қопсытқышына ЧХВ-5,4 шырпуышын тіркеу арқылы жүргізіледі.
Шырпудың нақты мерзімдері өсімдік дамуының жағдайына байланысты белгіленеді.
Мақтаны жинау. Мақтаның бір ерекшелігі — оның көсектері бір мезгілде пісіп-жетілмейді. Көсектердің ашылуына байланысты мақтаны бірнеше рет жинауға тура келеді.
Қазіргі кезде өсірілген өнімнің басым көпшілігі машиналармен жиналады.
Мақта жинайтын машиналарды тиімді пайдалану үшін өсімдіктердің жапырақтарын химиялық препараттар қолдану арқылы жояды. Бұл агротехникалық шараны дефолиация дейді.
Дефолиация жүргізілу мерзімін дұрыс анықтай білу керек. Ол тым ерте жүргізілсе өнімнің сапасы мен мөлшері төмендейді, ал өңдеуді кешіктіру дефолианттардың нашар әрекет етуіне және механикаландырылған өнім жинаудың қолайлы мерзімдерін өткізіп алуға әкеп соғады.
Дефолиация жүргізудің ең қолайлы мерзімі мақта өсімдігінің басым көпшілігінде 2-3 көсек пайда болған кез, яғни бұл календарь бойынша қыркүйек айының бірінші онкүндігіне сәйкес келеді. Дефолиация 7-10 күннің ішінде, яғни қыркүиектің 20-шы жұлдызынан кешікпей аяқталуы керек.
Дефолянт ретінде бутифос (әр гектарға 2-3 кг), орта талшықты (әр гектрар 8-10 кг) және жіңішке талшықты (12-15 кг) сорттарды бүрку үшін магний хлораты қолданылады. Мақтаны алғашқы машинамен жинау жұмысына өсімдіктердегі көсектердің 60 проценті ашылғаннан кейін кіріседі.
Екінші рет жинауды өсімдік кесектерінің тағы да кемінде 25-30 проценті ашылған кезде бастайды.
Керек болған жағдайда мақта машинамен үішінші рет жиналады. Бүл жолы өсімдікте қалған көсектерді тұтасымен қорек жинағыштармен, механикалық тергіштермен жинайды.
Мақта жинауға ХВН-1,2А, 14ХВ-2,4А (қатар аралығы 60 см) және ХНП-1,8 (қатар аралығы 90 см), ал қорек жинау үшін СКО-24, СКО-3,6, СКО-54 машиналары қолданылады.
Мақта жинайтын машиналармен жұмыс істеген кезде жерге түсіп қалған шитті мақтаны ПХ-2,4 және ПХС-3,6 тергіштермен жинайды.
Машинамен жинаумен қатар шитті мақтаны қолмен жинау да жүргізіледі. Тұқымдық учаскелерде, машинамен жинауға қиынға түсетін егістіктерде мақта қолмен жиналады.
Мақта жиналып біткеннен кейін оның сабағы қоза-паяны жинап, КВ-4А, КВ-3,6А машиналарымен дестеліп егістіктен шығарып, танапты келесі дақылды себу үшін дайындауға кіріседі.
3.Қарақурай. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Қарақурайды талшықпен өсімдік майын өндіру үшін өсіреді.Оның сабағында 27пайыз дейін талшық болады,ал тұқымдарында 35 пайызга дейін кебетін май болады.
Қарақурай қарақурай тұқымдасына жатады.Қарақурайдың 3 түрі ажыратылады:кадімгі қарақурай-талшық пен тұқым өндіруүшін өсіріледі.Үндіқарақурайы, және арамшөп қарақурайы.
Сабақығының биіктігі 75- см ден4-5 мге дейін жетеді.жуандығы 3-30 мм. Аралғында .қатты бездітүктермен көмкерілген.Анатомиялық құрылысы бойынша сабақты талшықты зығырғы ұқсас.Жапырақтары сағақты саусакқ салалы,аталық өсімдіктерде жапырақ бөліктері аналыққа қарағанда аздау болады.Аналық өсімдіктердің гүл шоғыры масақ тәрізді.Аталықтарда борпас шоқ гүл түрінде.Қарақурайдың жемісі 2 жаңғақты жасыл-сұр түсті жаңғақша.1000 тұқымының масссасы 18-25 гр.Тамыржүйесі кіндікті. 2 метр тереңдікке дейін бойлайды.Алайда олардың негіізгі масссаытопырақтың беткі 40 см қабатында дамиды.
Температура:Топырақта өнуіне қолайлы температура 8-10 градус.
4. Кенепшөп. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
