Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.

Күнбағыс – Қазақстандағы негізгі майлы дақыл. Күнбағыс майы – біздің елдегі

ең көп тараған азық-түліктік өсімдік майы, және сонымен қатар ол маргарин, майо-

нез өндірісінде кеңінен қолданылады. Майлардың төменгі сорттары лак пен сыр

және сабын қайнату өндірісінде пайдаланылады.

Дәндерді май алу үшін өңдегенде, қосалқы өнім ретінде күнжара алынады. Бұл

құрамында 32-35% жай ақуызы бар, белок пен майға бай, бағалы құнарландырыл-

ған мал азығы.

Күнбағыс сүрлемдік дақыл ретінде кеңінен пайдаланылады. Мезгілінде және сапалы жиналған күнбағыс сүрлемі қоректілігі және сінімділігімен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары Қазақстанның солтүстік облыстарында күнбағысты май тұқымда-

рын алу үшін өсіре бастады. Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың орташа тұқым-

дық өнімі, гектарына 12-15 центнердің маңында.

Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың ең жақсы алғы - дақылдары зиянкестері, аурулары және арамшөптері әртүрлі, топырақтың терең қабатынан ылғалды пайдаланбайтын дақылдар, яғни жаздық бидай, арпа, бұршақ, сиыр жоңышқа – сұлы қоспасы болып табылады.

Ауыспалы егісте күнбағысты 1 егітен жеріне 6-7 жылсыз қайталап себуге болмайтындай етіп орналастырады. Ал күнбағыс сұңғыласымен залалданғанда 7-9 жылдан кейін егілетіндей етіп орналастырылады. Себуге тек тіркелген сорттар ғана қолданылады.

9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.

Зығырдың тұқымы 35-42% майды құрайды. Зығыр майы тез құрғайды. Жоғары сапалы зәйтүн,лактар, эмальдарды жасау үшін берік,жіңішке және иілгіш үлдірді белгілей отыра қолданылады. Бүкіл әлем бойынша орташа техникалық майлар ішінде зығыр өндіріс көлемі бойынша бірінші орын алады. Оны электротехника, қағаз және сабын шығару өндірісінде,сонымен қатар медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Зығыр майы тағамдық мақсатта аз мөлшерде ғана пайдаланылады. Май шығару өндірісінде (күнжара,шрот) –бағалы,жоғары ақуызды азық. Бұл 6-12%май, 30% дейін шикізат ақуызын құрайды. 1кг зығыр күнжарасында 1,15а.ө. бар.

Зығыр Солтүстік Қазақстан Облысында, Қостанай Облысында, Ақмлоа Облысының солтүстік бөлігінде өсіріледі. ҚР бойынша орташа өнімділігі 1,2-3,1ц8-/га-дан жоғары емес. ҒЗИ және сртучаскесінің мәліметі бойынша бұл аймақтарда тұқым өнімін 9-12ц/га дейін алу мүмкін.

Майлы зығырдың сабаны қалдық талшыққа және қысқа талшық өңдеу үшін,жуан,қап тігетін мата ,жіп және т.б. жасауда қолданылады. Майлы зығырдың тауар өндірісіндегі негізгі аймақтары: Солт.Кавказ, ОҚА, Орта Азия, Украина, Ресей( Орал,Батыс Сібір), Солтүстік Қазақстан. Алыс шетелдеррдергі: Аргентина, АҚШ, Канада мен Үндістанда шоғырланған.

  1. Майлы зығырдың биологиялық ерекшеліктері.

Зығыр juim түріне, Jinaceae тұқымдасына жатады. Оның 200 түрі белгілі. Зығыр көбінесе кәдімгі мәдени маңызға ие. Қазіргі классификация бойынша зығыр 5 түрге бөлінеді. Олардың келесі 3 түрі сараманда кеңінен қолданылады: 1)Жерорта теңізі биіктігі 50см, М1000 -10-15г, жемісі, қорапша және ірі тұқым.2)Түртармақ аралығы – бикітігі 50-60см, гүлдері, қорапшалар, М1000 -3-5г. Ең жақсы кең таралған түртармақ. Температураға талабы. Майлы зығырдың тұқымы +30С -40С температурада өне бастайды. Тұқым өнуінің оптимальді температурасы 120С. -40С-тағы үсікті аурусыз көтере алады. Майлы зығыр жылылықты көп мөлшерде гүлденуі-пісіп жетілу кезеңінде талап етеді (200С -220С). Суық, құбылмалы ауа-райында гүлденуі созылады. Вегетациялық кезеңнің белсенді температура жиынтығы 16000С-18000С.

Ылғалға талабы. Майлы зығыр топырақ ылғалдығына күшті талап қояды. Вегетация уақытында топырақта ылғалдың артығымен болуы, сонымен қатар, жетіспеушілігінен зығыр өнімі төмендейді. Майлы зығырдың тұқымының бөртуі үшін олардың массасынан 140% су қажет. Зығыр басты вегетациялық кезеңде (көктеу) ылғалға аз талап етеді, сол уақытта тамыр жүйесінің өсуі және өсімдіктің тереңге енуі де қарқында өтеді. Шиеленіскен (қыстау-қиын) кезеңінен бастап ылғалға талабы өседі, 0-20-30см-ден көп қабатты азықты ылғалдың қорында болатын өсімдіктер өсу мен дамуы қалыпты болады. Топырақта ылғалдың сақталуы - жақсы сапалы жоғары өнімнің қалыптасуының ең бір маңызды шарты. Т.К- 400-500, шиеленіскен сатыда гүлденген кезеңінде ылғалдың қолданылуы – тұқым пісуі, ылғалдың жетіспеушілігінен осы кезеңде өнімде тез төмендетеді. Зығыр алаңы жерасты суымен жақын орналаспауы қажет.

Топыраққа талабы. Майлы зығырға ең жақсы топырақ- арамшөптерден тазартылған, қара топырақ. Өңделу үшін күзде топырақтар, ауыр саздақ , батпақтанған алаңдар, жарамсыз Рн-5,6-6,0 , топырақтың көлемді массасы 1,2- 1,3 г/см3 .

Жарыққа талабы. Ұзақ күнді өсімдік, өздігінен тозаңданады, жоғарғы температурада және төменгі ауа ылғалдылығында айқас тозаңдандыруға бейімділігі шығарылады. Жеке гүлдің гүлденуі 3-5 сағатқа созылады, бірақта 1 алаңнын гүлденуі 30-40 күнге созылады. Вегетациялық кезең 80-114 күн. Қазақстанның орманды-далалы аймақтарында күнбағыспен салыстырғанда төмен сатының өсуі мен дамуы байқалады:

1. Егін көгі (3-7 күнде оптимальді шарттар);

2. Шиеленіскен гүлдін толысуы(18-20 күн, 5-8 жұп нағыз жапырақты болуы жоғарғы налетпен);

3. Гүлдің толысуы;

4. Гүлденуі;

5. Пісуі ;

Майлы зығырдың тіркелген сорттарының мінездемесі.

Карабалыкский7 – Қарабалық а/ш станциясында шығарылған. Орташа пісетін сортқа жатады, (90-95 күн), орташа құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді, тұқым майы 41%-43% , М1000 – 7-7,2г. Ақмола және Қостанай облыстарында шығарылған.

Исикульский – Сібір а/ш станциясында шығарылған, түртармаққа жатады, орташа пісетін сорт, құрғақшылыққа орташа төзімді, өнімді тұқым майы 42%-44% М1000-7,6-8 г, Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған.

Опал-СҚО аудандастырылған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]