Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.

Күнбағыс майлы және мал азықтық дақыл ретінде өсірілетін біржылдық мәдени өсімдік,ол вегетативтік органдарының қуатты өсіумен ерекшеленеді.Тамыры кіндікті,2-3 метр топырақ тереңдігіне бойлайды,бүйір тамырлары жақсы дамыған.Сабағы тік өседі,дөрекі қатты талшықтармен көмкерілген,борпылдақ паренхимамен толтырылған.Майлы сорттары бұтақты ,биіктігі 2,5 метрге дейін жетеді.Жай жапырақтарысағқты,ірі,сопақ-жүрек пішінді,қатты талшықтармен жабылған.Төменгі жапырақтары қарама қарсы орналасқан,айтарлықтай ұсақ,келесі жапырақтарыкезектесіп келеді.Өсімдіктің өсуіне қарай жапырақ тақтасы да ұлғаяды.Гүл шоғыры-кәрзеңке ,сорттары мен өсіру жағдайларына байланысты диаметрі 15-25 см және одан да жоғары болады.Кәрзеңке негізін гүл тұғыры құрайды,оның шеттерінде жеміссіз тілді гүлдер ,ал ортасында қосжынысты түтікті гүлдер орналасқан.Жемісі шекілдеуік ,қысыңқы,жұмыртқа пішінді,жеміс қабығы мен тұқымнан тұрады.1000 шекілдеуіктің массасы майлы сорттарында 40-80г ,ал шағылатындарында -170 г дейін.

6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.

Біржылдық күнбағыс астра тұқымдасына жаады,жинақты түр болып табылады да екі бейтарап түрден тұрады:

1-мәдени күнбағыс мұнда екпе дақылда өсірілетін барлық күнбағыс формалары кіреді;

2-жабайы күнбағыс бұл барлық жабайы формаларды біріктіреді.

Мәдени күнбағыс екі түр тармағына бөлінеді-егістік немесе далалық күнбағыс және сәгндік күнбағыс

Егістік күнбағыс бірқатар биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері бойынша 4 экологиялық топқа бөлінеді:

Солтүстік-орыс

Орта-орыс

Оңтүстік-орыс

Армян

Солтүстік Қазақстанда өсірілетін селекциялық майлы сорттарының барлығы күнбағыстың орта-орыс тобына жатады.Бұл топ өсіп жетілуінің айтарлықтай ұзындығымен ,өсімдік биіктігімен сабағының бұтақтылығы мен шекілдеуігінің панцирлігімен ерекшеленеді

7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.

Күнбағыс Asteraceae тұқымдасы, Heliantus түріне жатады.Күнбағыс құрлықтық климат өсімдігі.Жылуға талап қояды. Тұқымның өнуі,ылғалды топырақта, 4-60С t-да басталады. 10-120 С топырақ температурасында өнуі толық әрі жедел өтеді.Зақымданған тұқым азуақытты төменгі -100С температураны көтере алады. Жас егін көгі -60С суықты көтереді. Дақылдардың суыққа аса жоғары төзімділігі ерте мерзімде және оңтүстікте қыс мезгілінде себуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде себет элементіндегі 2-3 жұп нағыз жапырақтар құралады.Гүлдену кезеңіндегі төмен температура вегетациялық кезеңін ұзартады.Бұл кезеңдегі аса қолайла температура +25-270С, +300С-ден жоғары температура кері әсерін тигізеді.Гүлдену кезеңінде -1-20 үсікте жарақаттанып,гүлдері толығымен өліп қалады.Тез пісетін сорттар мен будандардың белсенді температура жиынтығы 18500С,ерте пісетіндерде 20000С, орташа мерзімде пісетіндерде 21500С.

Ылғалға талабы. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді дақыл. Тамыр жүйесінің ұзындығынан,ол тереңге бойлап, тұзды топырақтан да суды ала алады.Жақсы түтікті сабағы мен жапырағы, сонымен қатар жасымықша белсенділігі жекелеген гүлденудің басына дейінгі босаңқыған транспирацияға ыстық пен құрғақшылыққа орнықтылығы қамтамасыз етеді. Вегетация бойынша су шығынының жүруі біркелкі емес. Көктеу кезеңінен –себет пайда болуға дейін -23%,себеттің пайда болуынан-гүлденуге дейін -60% гүлдену-пісу кезеңдерінде -17% ылғал пайдаланады. Транспирациялық коэффициент 470-570.Вегетация басында күнбағыс топырақтың жоғарғы қабатындағы ылғалды, себеттің пайда болуынын бастап 50см-дегі,жоғарғы қабатынан пайдаланады. Топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігінің себебінен(шиеленіскен кезең),себеттің ортасы бос түйіршік болады.Күздік-қыстық кезеңде топырақта ылғал қорының мол болуы күнбағыс үшін өте маңызды.

Топырақ пен қоректік элементтерге талабы. Күнбағыс ушін ең жақсы сы қаратопырақ(құмдақ,саздақ)

қоңыр топырақтар.рН6-6,8-ге тең болғанда.Сонымен қатар,аз жарамды,батпақтанған, қышқылды,жеңіл құмдақ ,тұзды құрамында әк бар топырақтарда да өсе алады.

1т.тұқым күнбағыстың шығуы үшін N-50-60, P205 -20-25кг,К20-120-160кг қажет.Қоректік заттарды пайдалану себеттің пайда болуынан гүлденуге дейінгі кезеңде белсенді түрде өтеді.

Гүлдену уақытынан ол жалпы,топырақтан шығуынан,бүкіл вегетация бойы N-60%, P205 80%,К20-90% қолданады. Вегетацияның ерте кезеңінде,генеративтік органдардың пайда бола бастағанда, фосфорға жоғары талап қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]