- •2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
- •3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
- •4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
- •5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
- •6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
- •7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
- •8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
- •9.Тұқым сапасы мен өнімділігіне агротехникалық фактордың әсері
- •10 Балауыз сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар
- •11 Өсімдік өмірі факторларына қиын қыстау кезеңдері заңдылықтарына қатынасы
- •12 1 Жане 2 топ дақылдарына қоректік элементтері мен ылғалға қиын қыстау кезеңдері
- •13.Егін жинау мерзімдері мен әдістеріне байланысты астықтың тұқымдылық,өнімділік және технологиялық сапасы.
- •14.Ерекше сипаттамалары бойынша астықтың I тобын анықтаңыз:
- •15. Астық дақылдарын айрықша белгілері бойынша (жапырақ белгілері) анықтаңыз.
- •16.1 Және 2 топ астық дақылдарының тұқымдық айырмашылықтары.
- •17. 1 Топ астық дақылдарын егін көгі бойынша анықтау:
- •18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы
- •3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері
- •4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.
- •5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері
- •6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары
- •7.Жаздық жұмсақ бидай
- •18.Солтүстік Қазақстандағы жаздық қатты бидай егістігінің күтімі.
- •3.Егістік сұлу сорттарының өсіру технологиясы.
- •12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері
- •1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.
- •2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.
- •4.Тіркелген күздік қара бидай сорттарының сипаттамасы.
- •1.Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері.
- •3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.
- •1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері
- •2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.
- •3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.
- •4.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге өсірудің индустриалды технологиясы.
- •5.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса: 1000 дәннің салмағы – 220 г., себу жылдамдығы - 98%, себу коэффициенті 80 мың, өнгіштігі1 га.
- •6.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса:себу схемасы 70*20, м1000-280 г., себу жарамдылығы 90%.
- •8.Жүгері түртармақтарының ерекшеліктері.
- •9.Жүгерінің биологиялық өнімділігін анықтаңыз, 70 * 35 жүгері отырғызу схемасы, бір өсімдіктегі масақ саны 2, масақтағы дән саны 420, m1000 дән -215г.
- •V бөлім Тары. Құмай.
- •1.Тары.Морфологиялық құрылымы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •2.Солтүстік Қазақстан жағдайында тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы.
- •3Кәдімгі тары түршесін анықтау:
- •5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.
- •6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру ерекшеліктері.
- •3. Кәдімгі қарақұмық түрлерін анықтау:
- •4.Қарақұмықтың биологиялық өнімін анықтаңыз, егер егін ору алдындағы 1 м2-тағы өсімдік саны – 250 дана, өсімдіктегі дән саны - 320 дана, м 1000 дән -30,2 г болса.
- •6.Гүлшелердің диморфизміне анықтама беру,оның әрбір мәдениетке тән өзгешелігі. Ол гүлдің фертильділігінде қандай көрініс табады?
- •8.Күріш. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •9.Күріш.Өсу және даму сатылары,органогенез кезеңдері және өнімділік элементтері.
- •10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
- •VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
- •7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.
- •13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
- •7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
- •X Бөлім. Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •3.Рапс.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.
- •6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.
- •7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.
- •9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •10.Майлы дақылдарының тұқымдары,дәндері,жапырақтары,гүлшоғырлары бойынша ерекшеліктерін анықтау.
- •11.Күнбағыс дәндерінің қабықсыз массасын анықтаңыз, егер бүтін дәннің массасы 10 гр,қабық массасы -4,7гр болса.
- •12. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды өсіру технологиясы.
- •14.Зығырдың түрлері мен түртармақтарын анықтау
- •15.Қыша.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •XI Бөлім. Талшықты дақылдар
- •1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар
- •XIII Бөлім. Бақша дақылдары
7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
9 бөлім
Түйнек жемістілер
1.Картоп. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен және әртүрлі тамаққа пайдаланылады. 1 кг түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады. Картоп түйнегінде 22-25% құрғақ зат, 18-22% крахмал және 3%-ке дейін ақуызды заттар болады. Картоп ақуызы (белогі) өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары көп. Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер: (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі (Fe, Ca, K, Mg, Na, P) болып табылады.
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 а.ө. және 1,6 кг сіңімді протеин бар. Картоп көптеген ауылшаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл, тыңайтқыш пен мелиорацияға қайтарымы мол. Жоғары агротехникажағдайында бір орында қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді дақылдардың бірі. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның 6 облысы мен Қарағанды облысында республикадағы картоп егістігінің 60%-тен астамы шоғырланған.
Аталған облыстардың картоптан, әсіресе суармалы жерлерде жақсы өнім алуға мүмкіндік береді. Картоптын орташа өнімі соңғы жылдары облыстар бойынша 80-120 ц/га аралығында өзгерді. Мұның өзі өсірудің агротехникалық шараларының бұзылуынан және тұқым шаруашылығының жолға қойылмағандығынан деп қарау қажет. Биологиялық ерекшеліктерін еске ала отырып картоптың өсіру технологиясының негізгі шараларын дұрыс іске асырғанда және ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені өндіріске енгізгенде картоп өнімін суармасыз жерлерде 140-180 ц/га, ал суармалы жерлерде 250-300 ц/га дейін жеткізуге болады.
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberasum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген жерлерінде бір жылдық өсімдік ретінде өсіріледі.
Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше) және бүршіктер мен тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен – қысқарған жерасты өркенінің өзгерген түрі – көбейтіледі. Тұқымымен көбейтілгенде картоп кіндік тамырмен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамыр жүйесімен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады. Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті – тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі – қысқа кезеңге сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режимін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады.
а) Биологиялық ерекшеліктері
Мәдени сортты картоп қоңыржай климатының өсімдігі және тұрақты мол өнім t0-сы айтарлықтай жоғары емес, орта ендік аудандарында алынады. Картоп жоғары пластикалы және өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда онша қолайлы емес табиғи жағдайларда жақсы өнім береді. Тыныштық күйін өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3- +5 температурада өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7-+8-ге дейін көтерілгенде түйнектердің қалып өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура +16, +18 деп есептелінеді.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5, +6. олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17, +22 температурада байқалады. +25-тен жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 420C-тан жоғары температурада жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал, -1, -1,5 суықтықта және ауаның жоғарғы салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16, +18 немесе +22, +25 ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6 градустан төмен және 25 градустан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26, +29 градуста түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (10 градустан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600 градуста, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1800-2000 градус. Бұл көрсеткіш солтүстік Қазақстанда 1800-2200 градус аралығында, ал негізінен 1600-2600 градусқа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ертежәне орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады. Картоп топырақ ылғалдылығына жағымпаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ жапырақтар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға қажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар құрғақшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өте келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану – гұлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезеңде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жогұлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезеңде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету – жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургаздың төмендеуі мен жапырақтың солып қалуына әкеліп соғады, ал мұның өзі фотосинтезге кері әсерін тигізеді. Өнімнің мөлшері мен саласы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдығын температурасы 70-80% дәрежесінде ұстағанда өнімінің қорлануына ең қолайлы жағдайлар жасалады. Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектіс өсуі төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына қарай қалыптасқан жылы әрі құрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабықтң пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақатталады қыста жақсы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жұқа, әлсіз қабық түзіледі жинаған кезде лезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады. Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жетімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді. Түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен залалдану артады. Картоптың транспирациялық коэффициенті 430-570 өлшем бірлігінде өзгереді. Орташа есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 литр су қажет. Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп, сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің алғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мал түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (құрғақшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршектену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Оптималды отырғызу жілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдық көлеміне, ылғалмен, отырғызылатын материалдық көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлденуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады. Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режимі тығыздығы1,1 – 1,2 г/см3 қара және қоңыр топырақта жасалады. Қатты тығыздалған әсіресе сортандау-сазды топырақта өсімдік көгі. Кешігіп (5-7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да тез өліп қалады.
Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3 – 1,4 г/см3 жеткенде түйнектер қиқы-шиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады. Мұның бәрін Сотүстік Қазақстан жағдайында көп тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жон, себебі олар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып қалады. Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометологиялық қолайлы жағдайларда өтеді. Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектернінің ең қарқынды өсуі тамыз айна сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80%, ал кейбір жылдары 93-95% ға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттардат тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтьарлықтай салмақ қосылады.
б) Сорттар:
Солтүстік Қазақстан қысқы аязсыз өсіп-өну кезеңімен сипатталады және картоп мұнда негізінен азық-түлік мақсатына өсіріледі, сондықтан бұл аймақта егістікке ернте және ортадан ерте мерзімде пісетін асханалық сорттар басым болу қажет, ал ортадан кеш пісетін әмбебап сорттар шамалы ғана алқапта өсіріледі.
Прискульский ранний – ерте пісетін, рак ауруына төзімді, жоғары өнімді сорт. Дәмдік сапасы қақсы, крахмалдығы орташа 13-15%, сақталуы қанағаттанарлық. Түйнектері ақ, формасыдөңгелек, көзшелері таяз, қабығы тегіс, жұмсағы ақ. Өркендері қызғылт-күлгін түсті.
Мурманский: Дәмдік сапасы жақсы, асханалық ортадан ерте пісетін, жоғары өнімді сорт. Түйнектерні дөңгелек келген, ақ түсті, төбесі көкшіл түсті дақпен бітеді. Қабығы тегіс, көзшелері бетіне қарай орналасқан өркендері қоңыр-көкшіл күлгін түсті. Торғай, Ақмола, Қарағанды облысы аудандарында.
Шортандинский: Ортадан ерте пісетін асханалық сорт, түйнектерінің дәмдік сапасы жақсы, ракқа төзімді, құрғақшылыққа төзімді және жоғары өнімді. Ақмола облысы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы аудандарында.
Полет, Зуральский, Тулуский ранний, Көкшетау ранний.
2.Жералмұртының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Жер алмұрты , топинамбур (Неlіanthus tubеrоsus) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны — Солтүстік Америка. Жер алмұртыныңның сабағы, жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1 — 5 м. Тамыр сабақтарынан көптеген (5 — 6, кейде 30 — 40) ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды. Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ болады. Құрамында протеин, фосфор, темір, С1, В1 витаминдері бар. Түйнегі тағамға, малға жем ретінде, спирт және фруктоза алуға пайдаланылады. 100 кг тамыр түйнегі 25 — 27 азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді протеин бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді. 1 га-дан 200 — 250 ц түйнек, 350 — 500 ц көк шөп алуға болады. Тамыр түйнектерін топырақ астында сақтап, қажет кезде қазып алуға болады. Жер алмұрты мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі.[1]
Жералмұрттың 100 граммында 306 ккал бар
Құрамында A, B1, B2, B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор, темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары бар.
Үндістер жералмұртты Колумбтың Американы ашпас бұрын көп жылдар бойы өңдеген. Түйнектері аздап картоп тәрізді, бірақ кішкене өскіндері зімбірге де ұқсас. Дәмі бөрікгүл немесе алмұрт дәмдеріне ұқсайды, сондықтан оны жер алмұрты деп атап кеткен. Шикі қалпында салаттарда, пісірілген қалпында және картоп сияқты қуырылған қалпында да қолдануға болады. Францияда жералмұрт түйнектері салаттардың әдепкі құрамдасы. Германияда жералмұрт негізінде жасалған, «Жералмұрт брендиі» деп аталатын арақ та бар, өсімдік құрамындағы алкоголь түрлі алкоголь сусындарын даярлауға мүмкіндік туғызады.
Ежелгі заманнан жералмұрттың жерасты түйнектері үндістер үшін тек қорек қана емес, әрі дәрі-дәрмек болған. Ең соңғы зерттеулер оның ағзадағы холестерол деңгейін төмендетіп, қан қысымын әрі ас қорыту жүйесін реттеп, иммунитетті күшейтіп, күш-қуат беретінін көрсетті. Әсіресе шажырқай безінің ауруына шалдыққан адамдарға аурудың бастапқы кезеңінде қолдануға ұсынылған. Құрамына жералмұрт кіретін диеталардың несеп айдағыш қасиеті бар, сондықтан ол бүйрек ауруына шалдыққан кезде өте пайдалы. Жералмұрт тағамдары мен дәрі- дәрмектеріне ағзадан уыттар мен ауыр металдарды шығарған кезде оны сүйейтін қорғау қасиеттері таңылады.
Жералмұрт тілімшесі қосылған ыстық шайда лимон қосылған шайдың ерекшеліктері бар. Сондықтан жералмұртты «Солтүстік лимоны» деп атайды.
Америкада жералмұрт құтаю өнерімен әуестенетін адамдар үшін өте маңызды. Сонымен қатар ол Америкадағы алғашқы еуропалық қоныстанушылардың да өмірлерін құтқарған.
3.Картоп өсу мен даму ерекшеліктері.Құрылымы шығымдылығы элементтері.
Өсімдік саны
100 тұқымның массасы
Түйнек салмағы
4.Картопты тұрақты отырғызудың ерекшеліктері.
Суармалы жерлерде картопты ең жақсы алғы дақылдан кейін орналастырады. Табиғи ылғал көп түсетін кәдімгі және оңтүстік картопрақты аймақтың бөлігіндегі шаруашылықтарда ғана ықтармалы таза шардан немесе жақсы тыңайтылған отамалы дақылдан кейін, әйтпесе мал азықтың шөптерден кейін орналастырылып суармайтын жағдайда өсіруге болады. Суармалы жерлерде картоп – мал азықтың немесе картоп көкөніс ауыспалы егістіктерінде картоп көпжылдық шөптен, тамыржемістерден, бақшалық және көкөніс дақылдардан кейін орналастыруға болады.
Жүргізу кезегі мен мерзіміне қарай картопқа арнап топырақ өңдеу негізді және отырғызар алдындағы өңдеуден құралады.
Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу қайырмалы сақалармен 30-35 см тереңдікте жүргізіледі және бір мезгілде алқапқа шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармен немесе маламен өңдейді, соның нәтижесінде арам шөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Егер алғы дақыл кеш жиналса онда алқап бірден жыртылады да, кеіннен өскен арам шөпті қосымша культивиация жүргізу арқылы жояды. Көктемде, топырақтың физикалық «пісуі» жеткен кезде орташа ауырлықтарға тиісті бороналис немесе ауыр топырақта ауыр борона өңдейді. Отырған алдындағы топырақ өңдеу сыдыра жыртқыш құралдарымен 18-22 см, ал ауыр саздан топыраққа 30 см тереңдікке дейін өңдейді. Топырақта суармайтын жерлерде өсіргенде топырақты негізгі өңдеу таза пар дайындау немесе сүдігер жырту түрінде терең, қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал қорын жинау мен оны ақтау маңызды рөль атқарады. Ерте көктемгі борона БИГ-3 шамасымен жүргізіледі. Картопты дәл отырғызар алдында топырақты сыдыра жыртқыштар немесе культиваторлармен 14-16 см тереңдікке қопсытады. Дәрежесінде картоп өнімін алу үшін суармалы жерлерде 60-70 г/га көң, 80-100 кг/га Р және 90-100 кг/га К20 тыңайтқыш, ал суармайтын жерлерде 30-40 г/га көң енгізу қажет. Отырғызуға тек қана нақты сортқа тән ауруға ұшырамаған түйнектерді іріктеп алу керек. Осы мақсатпен отырғызар алдында картопты сұрыптап іріктейді, шірігендерін, пішінін өзгерткеннен және жарақаттанғандарын алыстатады. Түйнектерді тазалаған кезде оларды ірілігіне қарай сұрыптайды. Ашық және пішімді дайындау әдістерінің бері отырғызар алдында түйнектерді күн көзіне қыздыру болып табылады. Дәрілерді отырғызардан 1-2 күн бұрын қырмандарда жал, контейнерлерде, немесе арнаулы картоп отырғызатын машиналарға асып қойылатын құралдармен жүргізіледі. Дәрілеуге қолданатын ерітіндінің құрамы мындай: 100 л Н2О 4 кг Р2О аммиак семетрасы, калий тұзы, 0,3-0,4 кг мыс купорасы және 3,0 кг Бенлат препараты ерітіледі.
Картоп суармалы жерлерде және ылғал мол түстеін аудандарда өсіргенде картопты алдын ала тілінген қырқаларға отырғызудың тиімді екендігін елімізбен республикадағы қатарлы картоп шаруашылықтарының тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Картоп отырғызуды мүмкінігінше ерте 10-12 см топырақ тереңдігінде жылу 6-7 градусқа жеткенде бастаған дұрыс. Мұндай мүмкіндіктер аймақ жағдайында сәуірдің соңғы онкүндігі - мамырдың бас кезінде болады. Осы мерзімде отырғызылатын картоптың тамыр жүйесі қуатты түрде дамиды. Өйткені салқын температурада жер үсті массасына қарағанда өсімдіктің тамыры тез өседі. Картоп ең алдымен механикалық құрамы жеңіл ал сонан соң ауыр топыраққа отырғызылады. Өсірілетін сорттар және басқа факторларға байланысты картоп отырғызуды 15-17 мамырдан кешіктірмей аяқтау қажет. Негізгі әдісі - қатар аралығы 70 см кең қатарлы әдіс.
5.Солтүстік Қазақстанда картоп өсіру технологиясының ерекшеліктері
Картоп - өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең алдымен
кеңінен және әр түрлі тағамға пайдаланылатын азық-түліктік зат.
Картоп – спирттік, крахмал-сірнелік, декстриндік, глюкозалық, каучуктік және басқа да көптеген өндірістерде пайдаланылатын бағалы шикізат.
Картоп крахмалы азықтық, тоқымалық, қатырма қағаздық, сіріңкелік және басқа
да салаларда кеңінен қолданылады. Картоптың Солтүстік Қазақстандағы басты маң- ызы – азықтық дақыл. Сонымен қатар, ауылшаруашылық жан-жануарлар үшін де
таптырмайтын бағалы азық.
Солтүстік Қазақстанда соңғы жылдары картоптың өнімділігі суармағанда 140-180 ц/га, ал суармалы танаптарда 250-300 ц/га-ның деңгейінде.
6.Тұқымдық мақсаттар үшін картопты тазалау және сақтау
. Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршектену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Оптималды отырғызу жілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдық көлеміне, ылғалмен, отырғызылатын материалдық көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлденуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады. Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режимі тығыздығы1,1 – 1,2 г/см3 қара және қоңыр топырақта жасалады. Қатты тығыздалған әсіресе сортандау-сазды топырақта өсімдік көгі. Кешігіп (5-7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да тез өліп қалады.
Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3 – 1,4 г/см3 жеткенде түйнектер қиқы-шиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады. Мұның бәрін Сотүстік Қазақстан жағдайында көп тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жон, себебі олар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып қалады. Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометологиялық қолайлы жағдайларда өтеді. Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектернінің ең қарқынды өсуі тамыз айна сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80%, ал кейбір жылдары 93-95% ға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттардат тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтьарлықтай салмақ қосылады.
7.Картоптың биологиялық өнімділігін анықтаңыз. Отырғызу схемасы 70 * 28, бір өсімдіктегі түйнек саны 6, түйнектерінің орташа салмағы 80г.
