- •2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
- •3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
- •4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
- •5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
- •6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
- •7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
- •8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
- •9.Тұқым сапасы мен өнімділігіне агротехникалық фактордың әсері
- •10 Балауыз сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар
- •11 Өсімдік өмірі факторларына қиын қыстау кезеңдері заңдылықтарына қатынасы
- •12 1 Жане 2 топ дақылдарына қоректік элементтері мен ылғалға қиын қыстау кезеңдері
- •13.Егін жинау мерзімдері мен әдістеріне байланысты астықтың тұқымдылық,өнімділік және технологиялық сапасы.
- •14.Ерекше сипаттамалары бойынша астықтың I тобын анықтаңыз:
- •15. Астық дақылдарын айрықша белгілері бойынша (жапырақ белгілері) анықтаңыз.
- •16.1 Және 2 топ астық дақылдарының тұқымдық айырмашылықтары.
- •17. 1 Топ астық дақылдарын егін көгі бойынша анықтау:
- •18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы
- •3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері
- •4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.
- •5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері
- •6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары
- •7.Жаздық жұмсақ бидай
- •18.Солтүстік Қазақстандағы жаздық қатты бидай егістігінің күтімі.
- •3.Егістік сұлу сорттарының өсіру технологиясы.
- •12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері
- •1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.
- •2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.
- •4.Тіркелген күздік қара бидай сорттарының сипаттамасы.
- •1.Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері.
- •3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.
- •1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері
- •2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.
- •3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.
- •4.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге өсірудің индустриалды технологиясы.
- •5.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса: 1000 дәннің салмағы – 220 г., себу жылдамдығы - 98%, себу коэффициенті 80 мың, өнгіштігі1 га.
- •6.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса:себу схемасы 70*20, м1000-280 г., себу жарамдылығы 90%.
- •8.Жүгері түртармақтарының ерекшеліктері.
- •9.Жүгерінің биологиялық өнімділігін анықтаңыз, 70 * 35 жүгері отырғызу схемасы, бір өсімдіктегі масақ саны 2, масақтағы дән саны 420, m1000 дән -215г.
- •V бөлім Тары. Құмай.
- •1.Тары.Морфологиялық құрылымы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •2.Солтүстік Қазақстан жағдайында тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы.
- •3Кәдімгі тары түршесін анықтау:
- •5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.
- •6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру ерекшеліктері.
- •3. Кәдімгі қарақұмық түрлерін анықтау:
- •4.Қарақұмықтың биологиялық өнімін анықтаңыз, егер егін ору алдындағы 1 м2-тағы өсімдік саны – 250 дана, өсімдіктегі дән саны - 320 дана, м 1000 дән -30,2 г болса.
- •6.Гүлшелердің диморфизміне анықтама беру,оның әрбір мәдениетке тән өзгешелігі. Ол гүлдің фертильділігінде қандай көрініс табады?
- •8.Күріш. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •9.Күріш.Өсу және даму сатылары,органогенез кезеңдері және өнімділік элементтері.
- •10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
- •VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
- •7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.
- •13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
- •7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
- •X Бөлім. Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •3.Рапс.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.
- •6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.
- •7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.
- •9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •10.Майлы дақылдарының тұқымдары,дәндері,жапырақтары,гүлшоғырлары бойынша ерекшеліктерін анықтау.
- •11.Күнбағыс дәндерінің қабықсыз массасын анықтаңыз, егер бүтін дәннің массасы 10 гр,қабық массасы -4,7гр болса.
- •12. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды өсіру технологиясы.
- •14.Зығырдың түрлері мен түртармақтарын анықтау
- •15.Қыша.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •XI Бөлім. Талшықты дақылдар
- •1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар
- •XIII Бөлім. Бақша дақылдары
13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Біржылдық бұршақ тұқымдас шөптердің ішінде шаруашылықта көп тарағаны егістік сиыржоңышқа (vicia sativa). Дүние жүзінде сиыржоңышқаның 120 түрі, ал ТМД көлемінде 72 түрі кездеседі. Егістікте ең көп тарағаны жаздық сиыржоңышқа. Одан пішен, көк азық, сүрлем, дəнінен малға сапалы жем дайындалады. Сиыржоңышқа пішенінде 15-20, дəнінде 28- 30% дейін протеин болады. Көкбалаусасында өсімдік гүлдене бастағанда 21- 22% протеин, ал толық гүлдегенде 19-20% дейін төмендеп кетеді. Сиыржоңышқа белогінің құрамында айырбасталмайтын амин қышқылдары (оның ішінде лизин, трифтофан) көптеп кездеседі. Барлық агротехникалық шараларды қолдана отырып, өсірілген сиыр жоңышқаның əр гектарынан 250 ц дейін көкбалауса жəне 20 ц дейін дəн алуға болады. Сиыр жоңышқа кіндік тамырлы, тамыры орташа дамыған. Сабағы жіңішке, түкті немесе тақыр, биіктігі 50-60 см-ден 100-150 см дейін жетеді. Жапырақтары тарамдалған мұртшалармен аяқталатын 4-8 жұп əр түрлі пішіндегі жапырақшалардан тұрады (кең эллипс, кері жұмыртқа тəрізді, жіңішкелеу, сопақ, сызықты, сына, жүрек тəрізді). Гүлдері ірі, гүл шоғырында, əдетте екі гүл орналасқан, олар жапырақ қойнындағы қысқа гүлсабағында бекіген. Түстері əр түрлі, бірақ көбінесе ақшыл көк қарақошқыл, қызғылт. Гүлденуі төменнен басталады да бірте- бірте жоғары қарай жүреді. Екінші күні гүлденуі аяқталады. Сиыржоңышқа - өздігінен тозаңданатын өсімдік. Бұршағында дөңгелек келген 7-9 тұқымы болады. 1000 тұқымның массасы 50-70 г. Сиыржоңышқа – суыққа төзімді өсімдік. Тұқымы +1-20 жылылықта өне бастайды, қысқа мерзімді -4-60 суыққа шыдайды. Жаздық сиыржоңышқа ылғал сүйгіш өсімдік. Транспирациялық коэффициенті 400-500. Сиыржоңышқа көбінесе республиканың орманды далалық аймағында, өсіріледі, немесе орталық, оңтүстік аймақтарда суармалы жағдайда өсіріледі.
14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
15. Өркеніне қарап дәнді-бұршақты өсімдіктің түрін анықтаңыз:
а) жапырақтары үшсалалы Бадана
б) саусақ тәрізді Бөрібұршақ
в) қауырсын тәрізді Асбұршақ,Атбас бұршақ,ноқат,ноғатық
16. Бұршағына қарап мәдениетін анықтаңыз:
а)жиі түкті,жалпақ,әлсіз иілген,тұқым ұялары дөңестеліп біткен,3-4 тұқымды Майбұршақ
17.Дәнді бұршақты дақылдарының өркендеріне,жапырақтарына, жемістеріне, тұқымдарына қарап ерекшеліктерін анықтау.
Түрі |
жапырақтары |
жемістері |
Егістік асбұршақ |
Қос қауырсынды |
Ірітұқымды сабанды сарры |
Далалық асбұршақ |
Қос қауырсынды |
Ірілеу көп тұқымды,қоңыр түске боялған |
Атбас Бұршақ |
Қос қауырсынды |
Ірі қара немесе қоңыр |
Жасымық |
Қосқауырсынды |
Кішірек сабанды сары |
Ноғатық |
Қос қауырсынды,жұмыртқа тәрізді |
Кішірек сабанды сары |
8 бөлім
Тамыржемістілер.
1.Қант қызылшасы өсуі мен дамуы
Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыр жемістілерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары. Қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұнын өзі мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы – оны сортандау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар комплексі жасалады.
Қызылша алабұталар тұқымдасына жататын Веta туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде тараған.
Қызылша – 2 жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы себілген тұқымнан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайда тұқым себілгеннен кейін 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі. Бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді «қосқұлақ» кезеңі деп атайды. Жақсы дамыған «қосқұлақ» кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді. Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сабақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос-қостан, ал соңынан бір-бірден пайда болады. Өсіп даму кезеңінде 50-70 тіпті 90-100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25-тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімдік дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0-1,2 м-ге дейін жан-жағына тарайды. Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жеміс тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді қысқа болады да топырақ бетінен шығыңқы орналасқан. Қант қызылшасының сырттарында тамыр жеміс негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Топырақ бетіне шығыңқы орналасқан дөңгелек пішінді тамыр жемісті жинау оңай және азықтандыруға дайындау жеңіл. Егіс көлемі шамалы аудандарда бұл сорттардың практикалық маңызы зор, ал оларды картоп жинайтын машиналарды бейімдеп жинайды.
Қызылшаның гүлдері қос жынысты, жел мен бунақденелілердің әсерімен айқас тозаңданады. Жеміс – жаңғақша пісерде бірнешеуі қабысып жеміс шоғырына айналады (2-6 жаңғақшадан тұрады). 1000 жеміс шоғырының массасы 20-50 г. Бір жеміс шоғырынан 6 өсімдікке дейін өніп шығады.
2.Қант қызылшасы. Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары
Қызылша – 2 жылдық өсімдік. Тұқымы 4-5ºС жылылықта өне бастайды, алайда қаулап көктеуі 3-4 күнде +20 t-да болады. Егін көгі «қосқұлақ» кезеңінде бозқырауға сезімтал және -3-4 ºС аязға төтеп бере алмай өліп қалады, алғашқы қос жапырақтар пайда болған кезеңде -8 ºС-қа дейінгі аязды көтереді.
Күз өсімдіктер-5 ºС аязға, қазылып алынған тамыр жемістер -2 ºС бозқырауға шыдайды. Өсіп-дамуға қолайлы температура 15-23ºС. Ылғал сүйгіш дақыл, т.к. 240-400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп-даму кезеңінде 300 мм жауын-шашын түскенде алуға болады. Тұқым өну үшін 150-170 % ылғал құрғақ тұқым массасынан керек. Ылғалға барынша көп қажетсінуі қарқынды өскен кезеңде – шілде-тамыз айларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі жиналады, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады. Қызылша – тұзға төзімді өсімдіктердің бірі, реакциясы рН 7-8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек. Борпылдақ жеңілш және орташа саздақ, құмдақ, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50-100т/га) еңгізгенде ғана алады.
Сорттары: (Сахарная округлая 0143, Тимирязевская 56, Эккендорфская желтая, Обрушинская желтая, Тимирязевская односеменная) мал азықтық қызылша сорттары; Ялтушовская однороставская)
б) Агротехникалық ерекшеліктері
Суармалы жерлерде өсіргенде тамыр жемістерді төмендегідей шөпті-отамалы дақылдар ауыспалы егістерде орналастырады: көп жылдық шөптер (жоңышқак), мал азықтық тамыр жемістер, немесе мал азықтық біржылдық шөптер – мал азықтық тамыр жемістер немесе ерте картоп – мал азықтық тамыр жемістілер.
Табиғи ылғалдану жағдайында қызылша ауыспалы егіс буынында орналастырады: таза пар – қызылша, жүгері көк балаусаға өсірілетін біржылдық шөптер – мал азақтық тамыр жемістілер. Тыңайтқыштар жоспарланған өнім дәрежесіне есептелген нормамен енгізіледі. Себу алдында топырақ өңдеу мынадай технологиямен жүргізіледі: ылғал жабу - әдеттегі мерзімде сүйретке тіркелген агрегатпен 2 ізбен тырмаланады. Қызылша қатар аралығы 45 немесе 60-70 см кең қатарлы әдіспен себіледі. Өсімдік шығынын азайту және арамшөптерді құрту үшін егістікті күтіп-баптау жұмысында саңылау жасағыштарды қолданған жөн.
Тәжірибе көрсеткендей, минимум қол еңбегінің шығыны жасалатын қант қызылшасының қолайлы өсімдік жиілігін қалыптастыру үшін әрбір метр қатарда 10-15 қызылша көгін алу қажет.
Өнгіштігі жоғары (75 пайыздан жоғары) тұқымды пайдаланғанда метр бойына кем дегенде 12-15 өнгіш жеміс шоғырын себеді. Кәдімгі свекламен әр гектарға сапасына байланысты 10-12 кг тұқым себіледі. Қазіргі уақытта берілген өсімдік жиілігіне есептелген төменгі себу нормасы қолдануда, алайда бұл әдісті жақсы ылғалданған жағдайда (суармалы жерлерде), жоғары агротехника дәрежесінде және танаптардың арамшөптерден таза болғанда ғана іске асыруға болады. Қызылшаның себу мерзімі топырақтың физикалық пісіп-жетілуімен 6-10 см тереңдікте 5-6 дейін жылынуымен анықталады, мұның өзі мамырдың 1-2 он күндігіне сәйкес келеді.
Ең қолайлы себу мерзімі 20-25 мамыр. Тұқымның себу тереңдігі 3-4 см. Себілгеннен кейін немесе онымен бір мерзімде топырақ тығыздалады. Сеялкалар ССТ-6, СОН 2,8 сеялкалар қолданады.
3.Қызылша тамыржемісінің анатомиялық құрлысы мен химиялық құрамы.
Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0-1,2 м-ге дейін жан-жағына тарайды. Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жеміс тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді қысқа болады да топырақ бетінен шығыңқы орналасқан. Қант қызылшасының сырттарында тамыр жеміс негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Топырақ бетіне шығыңқы орналасқан дөңгелек пішінді тамыр жемісті жинау оңай және азықтандыруға дайындау жеңіл. Егіс көлемі шамалы аудандарда бұл сорттардың практикалық маңызы зор, ал оларды картоп жинайтын машиналарды бейімдеп жинайды.
4.Қант қызылшасын өсіру технологиясының ерекшеліктері.
3. Өсімдікті күтіп-баптау:
Арамшөптермен күресу үшін егін көгі шықпай боронование өткізеді (
Қатараралықтарды культиваторлармен алғашқы өндеуді ұстара табандармен 3-4 см тереңдікте қатарлар анық көрінгенде жүргізілуі, кейін арамшөптер пайда болса 2 культивациялау 6-7 см тереңдікте жүргізіледі
Алғашқы қос нағыз жапырақтар түзілген кезде өсімдіктер жиілігін қалыптастыруға кіріседі, ол үшін сиреткіш агрегаттар қолданылады. Көшеттерді қалыптасуы үшін ротоциялық сиреткіш УСМП-5,4 қолданылады, олар шоқтауға дейін қатарлар боймен де, шоқтарда да сирету жұмысын орындайды. Сиреткіштер болмаған жағдайда қызылшаны ең қарапайым және еңбек шығынын көп талап ететін әдіспен – қолмен сиретіп шоқтайды. Шоқтаудың мынадай схемасы көп тараған: әрбір 27 см сайын 18 см қызылша шоғы қалдырады, немесе 30см сайын 15 см шоқ қалдырады. Ол шоқтарды талдағанда тиісінше 1-2 өсімдік қалдырады. Барлық аталған әдістер өсімдік жиілігін қалыптастыруда қызылша көгінің жиілігіне, алқаптың арамшөптермен ластануына, топырақтын тығыздығына, қажетті құралдардың барлығына т.б. байланысты. Өсімдік жиілігін қалыптастырғанда мал азығына өсірілетін қызылшаның өсімдік саны әр гектарда 60-70 мың дана болуға тиіс.
Өсімдік жиілігін қалыптастырғаннан кейін қатар аралықтар қабысқанша 2-3 қатараралық өндеу жүргізіледі, үстеп қоректендіріледі, жаздың жағдайына қарай 4-5 рет суарылады. Суаруды өсімдіктердің ең қарқынды өсетін кезеңімен шілде-тамыз айларында байланыстыра жүргізген дұрыс болады.
Арамшөптермен күресу үшін Зелек супер 0,5-1 л/га гербицидқолдануға болады, оны қос жапырақ шыққан кезеңде қолданады.
Зиянкестермен күресу үшін «қосқұлақ» кезеңінде Дилор 1,2-3, Альбум 25% өндейді.
Қызылшаның жинау мерзімі күзгі бозқыраудың түсу мерзімімен анықталады. Қызылшаны РКС-4 комбайнымен жинайды, кортап қазатын және жинайтын комбайндарды пайдалануға да болады.
5.Нағыз жапырақтары бойынша тамыржемісті өсімдікті анықтаңыз:
а)жапырақ тақтасы бүтін,пішіні жүрек тәрізді,беті жылтыр,жасыл,балауыз өңезі жоқ Қант қызылшасы
б)жапырақ тақтасы бүтін немесе тілінген,ұзынша сопақ пішінді,түкті,түсі ашық-жасыл, балауыз өңезі жоқ. Тарна
\
6.Тамыржемістілердің жемістері,тұқымдары,жапырақтары мен тамырларының өзіндік белгілері.
|
||||||
Тамыр жеміс
|
Жемістері Мен тұқымдары
|
Пішіні
|
Беті
|
Түсі
|
Мөлшері,мм
|
Тұқым жарнағы жапырақтары |
Қант қызылшасы
|
Жеміс шоғыры |
Домалақ тау бұрышты |
Бұдырлы |
Сары- қоңыр |
2-6 |
Ұзын ланцетті |
Сәбіз
|
Екі айрық тұқым |
Ұзынша Жұмыртқа пішінді |
Қырлы Инелері бар |
Сары- қоңыр |
2-3 |
Ұзын,сызықты |
Тарна
|
Тұқым
|
Шар тәрізді |
Жылтыр |
Қара |
1-2 |
Сопақ шеттерінде Ойығы бар |
Турнепс
|
Сондай |
Сондай |
Сондай |
Қоңырлай қара |
1-2 |
Сондай |
