Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.

Майбұршақ ауыспалы егісте ең жақсы алғы дақылдардан кейін көпжылдық шөптердің қыртысы, тыңайтылған парға егілген күздік дақылдар, аударылған қыртысқа орналастырылған жүгері, суармалы жерлерде жүгері, техникалық және көкеніс дақылдары, күріш күздік бидайдан кейін орналастырады. Өзі жаздық дәнді дақыл, қант қызылшасы үшін жақсы алғы дақыл. Бір орынға қатарынан 2 жыл орналастыруға болмайды, оған қаныққан ауыспалы егісте, оны бір орынға 2-3 жылдан кейін, тіпті 4-5 жылдан кейін қайтарған орынды. Себу мерзімі топырақтың тұқым сіңіретін тереңдігінде жылудың +10-120-қа дейін жетуімен анықталады. Республиканың оңтүстік аудандарында календарлық себу мерзімі сәуірдің 25-нен 15-ші мамырға дейінгі аралық. Оны кең қатарлап себеді – бір немесе 2 жолақты әдіспен және қатар аралықтың ені 60 см етіп егіледі, жолақтардың аралығы – 15 см. Оңтүстік облыстарда суармалы жерлерде таспалы 2 жолақты әдіспен әр га 400-500 мың ө.т. (60-80 кг/га), шығыс облыстарда 300-350 мың ө.т., оңтүстік аудандарда суарылмайтын алқаптарға кең қатарлап 300-350 мың ө.т./га (50-60 кг/га) себіледі. Мал азығына оны жүгері, сорго, судан шөбі, сұлымен араластырып өсіреді. Тұқымның сіңіру тереңдігі 4-5 см, топырақтын беті кеуіп кеткенде 6-7 см. Себілген алқапты ең әуелі жеңіл топырақты тығыздайды, соңынан арамшөпке қарсы күресу мақсатымен – егін көгі шыққанға дейін малалайды. Өсімдік тамырланғаннан кейін үштік жапырақ кезеңінде өркендерді малалайды. Өсіп-өну кезеңінде қатараралықтарды 3 рет өңдейді: алғашқысын – көктегеннен кейін 2-15-15 күннен кейін және 3-ін гүлденудің алдында жүргізеді. Бұршақтардың түсі қоңырланып тұқымы қатайғанда егінді жинауға кіріседі, бұл уақытта көптеген сорттарда жапырағы қурап түсіп қалады. Оның бұршағы жарылмайды, алайда егін бастыруды кешеуілдетуге болмайды. Салқын, ылғалды ауа райы жағдайында пісуді тездету үшін майбұршақты десикациялайды, ол үшін төменгі және орта қатардағы бұршақтар қоңырланғанда 60 пайыз магний хлоратымен (20-30 кг/га) егістікті өңдейді. Егінді тікелей комбайндау әдіспен аласа кесуге реттелген комбайндармен жинайды, барабанның айналу жылдамдығын минутіне 500-600 айналымға дейін төмендетеді. Тұқымды тазалап 12-14 пайыз ылғалдылыққа дейін кептіреді.

9.Солтүстік Қазақстанда дәнді бұршақты дақылдарды өсіру (бұршақ, ноқат,ноғаттық) ерекшеліктері.

Асбұршақ.Солтүстік Қазақстанда асбұршақты дәнді-парлы ауыспалы егісінде пардан кейінгі бидайдан соң екінші үшінші дақыл ретінде орналастырады. Өз тарапынан асбұршақ бидайға жақсы алғы дақыл болады. Оны бұршақ тұқымдас өсімдіктерден және бұршақтан кейін себуге болмайды. Асбұршақ топырақты қайырмасыз құралмен өңдеген жөн. Себу алдындағы топырақ өңдеу бидайға дайындалатын технологияға ұқсас. Ас бұршақ Р2O5 – тыңайтқыштарын жақсы қабылдайды, алайда әрбір жекеленген жағдайда тыңайтқыш еңгізу нормасын есептеу жолымен анықтаған жөн. Ас бұршақты жаздық бидайдан ертерек сепкен дұрыс, өйткені бұл мерзімде тұқым ылғалмен жақсы қамтамасыз етіледі. Ас бұршақтың ылғалға деген қиын-қыстау кезеңі (генеративтік органдардың қалыптасуы) ерте мерзімде себілгенде және көпшілік жылдары Солтүстік Қазақстанда мамырдың алғы маусымның басында болатын құрғақшылыққа сәйкес келеді. Егер себу мерзімін мамырдың үшінші онкүндігінің басына қарай жылжытса, онда генеративтік органдарының қалыптасу мерзімі кейінірек ығысады да жазда түсетін мол ылғалға сәйкес келеді. Сондықтан аймақта орташа мерзімде пісетін және ортадан кештеу пісетін сорттардың мамыр айының екінші онкүндігінің соңы – үшінші онкүндігінің басында себу қажет деп қорытынды жасауға болады. Солтүстік Қазақстан облыстарында қатардағы әдіспен сепкенде 0,8-1,0 млн./га және тарқатарлап сепкенде 1,2 млн/га ең қолайлы себу нормасы деп есептеу керек. Кейде асбұршақты астыққа өсіргенде жапырылып қалмауға сүйеуіш дақылдармен сұлы, арпа, бидаймен – 1,3 ара қатынасымен араластырып себуді ұсынады. Көпшілік жағдайда бұл шара тиісті нәтиже бермейді де асбұршақтың өнімі төмендеп кетеді. Тұқымды 6-8 см тереңдікке сіңіреді, ал топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде және көктем құрғақ болғанда тұқымды 10-12 см дейін сіңіру қажет. Себуді аяқтасымен егістікті тығыздайды.

Асбұршақ, сиыр бұршақ, ноғатық егістіктерінде біржылдық астық арамшөпке қарсы прометин гербицидін пайдалану жақсы нәтиже береді. Құрғақшылық аймақта бұл гербицидті топыраққа асбұршақты сепкенге дейін еңгізу керек, ылғал мол болғанда оларды дәл себер алдында немесе себуді бітірісімен топырақ бетіне шашады. Асбұршақ егістігі қос жарнақты арамшөппен ластанғанда 4-6 жапырақ кезеңінде өңдейді, ал біржылдық арамшөпке қарсы ... қолданады. Егін жинауға ылғалы жеткіліксіз және тұрақсыз ылғалдану аймақтарында бұршақтың 60-70 %, ылғалы жеткілікті аймақтарда 85 % дейін піскенде кіріседі. Дестеге шабуға әртүрлі алқымды арнаулы дәнді бұршақ жаткаларын (ЖБА-3,5) түріндегі пайдаланады.

Ноғатық.Ауыспалы егісте астыққа өсірілгенде ноғатықты дәнді дақылдардан кейін орналастырады, жаздық дақылдарға оның өзі жақсы алғы дақыл. Алғы дақылдарға оның талғамы зор. Көк балаусаға немесе пішенге өсіргенде ноғатықты ферма маңы ауыспалы егісінде орналастырады, дәнді парлы ауыспалы егісінде – пардан кейінгі 3-4 дақыл етіп отамалы дақылдардан кейін орналастыруға болады. Топырақ өңдеу асбұршақ егістігіне ұқсас жүргізіледі. Тұқымға өсіргенде ең қолайлы себу мерзімі – мүмкіндігінше ерте (10-20к), мал азығына мамырдың аяғы маусымның басы, қатарлы әдіспен га 0,7-0,8 млн өнгіш тұқым (150-170кг/га), сепкенде барынша мол өнім жиналады. Тұқым сіңіру тереңдігі қалыпты жағдайда 6-8 см, ал құрғақшылық жылдары 8 см дейін тереңдетіледі.

Ноқат.Ауыспалы егісте ноқат үшін таза пардан, отамалы дақылдардан кейінгі жаздық бидай ең жақсы алғы дақыл болып табылады. Жаздық дақылдарға өзі өте жақсы алғы дақыл болып табылады. Топырақты терең өңдеу ноқаттың өнімін молайта түседі. Ноқатқа топырақ асбұршақ егістігіндей өңделеді. Барлық аймақтарында ноқаттың тыңайтқышқа қайтарымы мол. Оның тұқымы өнгіштігін тез жоғалтады, сондықтан себу алдында оны тексеруден өткізеді. Ноқаттың түйінді бактериялары тар түрде мамандырылған, жаңа орынға себілгенде түйінді бактериялардың түзілмеуі мүмкін, сондықтан ноқат тұқымын инокуляциялайды. Солтүстік Қазақстанда оны 20-25 мамырда себеді. Себу әдісінің ең қолайлысы қатар аралығы 45-60 см кең қатарлы әдіс, алайда, арамшөптерден таза алқаптарда қатардағы немесе тар қатарлы әдісті де қолдануға болады. Себу нормасы кең қатарлап сепкенде 0,4-0,5 млн/га өнгіш тұқым (100-120 кг/га), қатардағы әдіспен сепкенде 0,7-0,8 млн/га өнгіш тұқым (175-200 кг/га). Ноқат пен ноғатықты араластырып себу жақсы нәтиже береді (0,2 млн/га) ноқат және (0,3 млн/га) ноғатық тұқымы. Мұндай егістікте ноқат демеуші дақылдың ролін атқарады. Тұқымды ертерек сепкенде 4-6 см дейін тереңдікке сіңіреді, кеш сепкенде 8 см-ге дейін. Сеуіп біткеннен кейін егістікті тығыздайды. Арамшөппен күресу үшін егін көктегенше және көктегеннен кейін алқапты малалайды, ал кең қатарлап себілген өсімдіктердің қатар аралықтарын қопсытады. Ноқатты толық піскен кезде тікелей комбайнмен орып бастырады. Өсіп тұрған арамшөбі көп болса бөлектеп жинау ұсынылады.

10.Бұршақтың түрлері мен түршелерінің өзіндік белгілері.

түрі

мөлшері

пішіні

түсі

түктілігі

Егістік асбұршақ

Ірі тұқымды

Түзу немесе орақ

Сабанды сары

Жалаңаш

Далалық асбұршақ

Ірілеу

Түзу кеңдеу

Қоңыр түске боялған

Жалаңаш

Атбас бұршақ

Ірі

Ұзын қампиған

Қара немесе қоңыр

Әлсіз барқытты

жасымық

Кішірек

Ромбы тәрізді

әлсіз

дөңестенген

Сабанды сары

Жалаңаш

ноғатық

Кішірек

Енді,ұзынша

Кері қайырылған

Сабанды сары

Жалаңаш

Ноқат

Қысқа

Сопақ қампиған

Сабанды сары

Жиі түктелген

11.Дәнді-бұршақты астықтардың өсу және даму фазалары,органогенез кезеңдері, өнімділік құрылымының элементтері.

Дәннің ісінуі және өнуі. Дәннің өнуі үшін, оның бойына белгілі мөлшерде су сіңіп, ісінуі қажет. Суды сіңіріп, ісінуіне байланысты тұқым бойында биохимиялық және физиологиялық процестер жүреді.

Ферменттердің (амилаза, диастаза және тағы басқалардың) әсерінен күрделі химиялық қосылыстар — крахмал, белок, май және басқалар дәннің қажетіне жарайтын ерімелі жағдайда болады. Ал, тіршілік қабілеті бар дән тыныштық кезеңінен, жігерлі тіршілік әрекетіне көшіп, ылғал, ауа және белгілі жылу жағдайы болған кезде өне бастайды.

Осы кезде ылғалдың жетіспеуі, температураның төмен, топырақтағы ауаның аз болуы тұқымның өнуін және көктеуін бөгеп кідіртеді.

Түптену. Астық тұқымдас өсімдіктердің, жер асты буындарынан жаңа сабақтың көктеп шығуын түптену деп атайды. Алғашында сабақтың жер бетіне жақын орналасқан қолтықтық буындарынан жанама тамырлар, соңынан бас сабаққа ұқ-сас бүйірлік көктер пайда болады.

Сабақтың бүйірлік көктері жер асты буындарының қайсысынан болса да пайда болуы мүмкін, оның ішінде көп жағдайда мол түптену, әдетте жер бетінен 1-3 см тереңдікте жатқан, ең жоғарғы буында пайда болады. Ол буын, өзінің күшті дамуына байланысты - түптену түйіні деп аталады.

Түптену түйінінен бүйірлік көктердің және астық тұқымдастардың шашақты тамырларының негізін құрайтын, жанама тамырлардың көпшілігі пайда болады.

Қара бидайдың, арпаның және бидайдың алғашқы жер асты буыны, көктеп шыққаннан кейінгі 5-7 күндері, ал тары тәріздес астықтарда және сұлыда көктеп шығумен қатарлас пайда болады.

Түптену түйіні - өсімдіктердің басты, тіршілікке қажетті органдарының бірі. Оның даму дәрежесі тамырларының жуандығына, сабақтың шоқтануына, құрғақшылыққа, күздік дақылдардың суыққа төзімділігіне, т. б. белгілеріне тікелей әсер етеді.

Түптену түйінінің тіршілікке қабілеттілігі көп жағдайда себілген дәннің ірілігіне, тұқымның себілу және топырақтың жыртылу тереңдігіне, ылғалдылығына, механикалық құрамына (тығыз топырақтарда жер бетіне жақын орналасады), ауада көмір қышқыл газының болуына, жарықтың күштілігіне, топырақтың жылылығына, түрдің және сорттың ерекшеліктеріне тікелей байланысты (тары тәріздестерде түптену буыны жоғарыда көрсетілген жағдайлардың өзгеруіне қарамастан тығыз жатады).

Жапырақтың әлсіздігі немесе қысқа болуы түптену түйінінің тайызда жатуына, ал жапырақтың күшті немесе ұзын болуы түйіннің тереңге орналасуына байланысты.

Сабақтың масағы жетілмесе «тықыртпа масақ», ал масағы болмаған жағдайда «қосымша сабақ» деп атайды.

Түтік шығару. Түтік шығарудың бастамасы, басты сабақ буын аралықтарының ұзарып, топырақ бетінен 5 см биіктегенде, жапырақ сабағының ішінде түйіннің пайда болуымен анықталады.

Бас алу. Температураның 15°С да жоғары көтерілуі масақтың әр түрлі бөлшек-терінің ерекшеленуін тездете түседі.

Гүлдену және тозаңдану.

Гүлдену сипатына қарай астық тұкымдастарын өздігінен тозаңданатындар (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатындар (жүгері, қара бидай, сорго) деп бөлуге болады.

Дәннің толысуы және пісуі. Құрғақ, ашық ауа райында, ерте, қалың себілген және фосфорлы-калий тыңайтқыштары берілген егістіктерде дәннің толысуы, әсіресе пісуі тезірек жүреді. Дәннің толысуы мен пісу кезеңінде температура жоғары болуы, аңызақтың соғуы, топырақ ылғалының жетіспеуінен дән уақ, қатпарлы, толық болмайды, соған байланысты өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Керісінше ауа райының тым жаңбырлы және жылы болуынан дән бойындағы крахмал жеткіліксіз болады.

12.Жаздық сиыржоңышқа өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Сиыржоңышқа (Vіcіa) — бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдік, азықтық дақыл. Дүние жүзінің қоңыржай белдеулерінде 150-дей түрі кездеседі. Қазақстанның барлық аймағында өсетін 25 түрі бар. Ең көп тарағаны — егістік Сиыржоңышқасы . Оның биікт. 20 — 80 см, сабағы жіңішке, төрт қырлы. Жапырағы күрделі, гүлі күлгін, қарақошқыл, кейде ақ түсті болады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, шілде — тамыз айларында жемісі піседі. Жемісі — көп тұқымды бұршақ. Вегетац. кезеңі 75 — 130 күнге созылады. Ылғалды жерде жақсы өседі. Пішен, көк шөп, сүрлем дайындау үшін өсірілсе, көбіне арпа, сұлы, бір жылдық райграспен қосып егіледі. Гектарынан 350 — 400 ц көк шөп, 25 — 35 ц тұқым алынады. Дән құрамында 30%-дан артық протеин болады. Сиыржоңышқа — малға жақсы жемшөп, жас төлге құнарлы азық, төл тез семіреді. Сиыржоңышқа егістігі қара топырақты аймақта екпе пар, ал ылғалы мол оңт. аймақта аңыздық дақыл ретінде пайдаланылады.

Ауыспалы егісте көпжылдық астық тұқымдас шөптерді отамалы дақылдан кейін жаздық жемдік (арпа, сұлы т.б.) дақылдарды жамылғы ретінде пайдаланып орналастырған тиімді. Əсіресе, көпжылдық шөптерге жақсы жамылғы ретінде біржылдық шөптерді алған қолайлы. Жамылғы дақылының себілу мөлшері 20-25% төмен алынады. Астық тұқымдас шөптердің топырақтан қоректік зат пайдалануы бір шамада болады. Орта есеппен 1т көк балаусамен топырақтан 3,8-4,0 кг азот, 1,6-1,8 кг фосфор, 7,8-8,2 кг калий алынады. Осыған байланысты шөптің өніміне қарай топыраққа берілетін тыңайтқыш мөлшерін есептейді. Азот тыңайтқышын ерте көктемде немесе əр орғаннан кейін берген тиімді. Фосфор жəне калий тыңайтқыштарын негізгі топырақ өңдеу кезінде (жырту кезінде) береді. Көпжылдық шөптерді бейтарап топырақта себу керек. Көпжылдық шөптерді жамылғысыз жаз кезінде де себеді. Осы мерзімде себілген шөптен күзде жақсы өнім алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]