Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың арасында май бұршақ айтарлықтай ақуыз мөлшерімен (36-48 пайыз) амин қышқылдарымен жоғары дәрежеде тереңдестірілгендігімен (сбалансиров), сонымен қатар жан-жақты пайдаланатын дақыл ретінде ерекшеленеді. Оның тұқымындағы майдың мөлшері шамамен 20-26 пайыз, одан ұн мен май өндіреді. Майбұршақтың ірі бұршағы жануарлар үшін жоғары ақуызды тамаша жемазық болып табылады. Жүгерімен араластырса жақсы сүрленеді 100 кг көк балаусасында гүлдену мен бұршақтың дәндену кезеңінде 21-22,5 азықтық өлшем және 3 кг-ға дейін сіңімді протеин болады немесе 1 азықтық өлшемде 150-300 г протеин келеді. 100 кг пішенінде 47-54 а.ө. және 12-15 кг сіңімді протеин болады. Жемазықтық майбұршақтың жекелеген сорттарын жоғары ақуызды пішен, витаминді шөп ұнын өндіру үшін өсіреді.

Майбұршақ тік тұратын, жапырылмайтын бұтақты, сабағының биіктігі 0,5-0,8 кейде 1,5-2 м болатын біржылдық өсімдік. Жапырақтары күрделі, негізінен түкті, үштік, кейде 4-5 жапырақшасымен, гүлдері ұсақ бес күлте жапырақты көпгүлді шоқгүлді жапырақтардың қуысына орналасқан. Бұршақтары түзу, орақ сияқты имек, жалпақ немесе дөңес, түкті, жиі түрде 2-3 тұқымды болып келеді. Бір өсімдікте 10-нан 4000-ға дейін бұршақ қалыптастыруы мүмкін. Әртүрлі сорттарының 1000 тұқымының массасы 40-тан 500 г дейін өзгереді. Қазақстанда өсірілетін сорттарының 1000 тұқымы – 145-210 г.

2. Биологиялық ерекшеліктері.

Майбұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымының өнуіне қажетті минималды температура +6+80С, себу-көктеу, өсіп-өну кезеңдеріндегі қолайлы температура +18-220С. Көктеу кезеңінде өсімдіктер қысқа уақытта -2-30С бозқырауды көтереді. Көп тараған сорттарының өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 100-ден 160 күнге дейін, ал қалыпты өсіп-дамуы мен пісуінің сорттарына байланысты белсенді ауа температурасын жиынтығы 1700-ден 32000қа дейін. Майбұршақ гүлдену – бұршақтарының пісуі кезеңдерінде жоғары жылылықты талап етеді. Бұл кезеңде қажет жылудың 65-70 пайызы жұмсалады. Ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымының бөртуі мен қалыпты өсуінің өзіне тұқым массасының 130-160 пайыз су қажет. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай Т.к. 390-нан 700 дейін өзгереді. Өсімдіктің өсіп-дамуына қолайлы жағдайлар топырақ ылғалдылығы ТДЫ (толық далалық ылғал сыйымдылық) 80 пайыз шамасында қалыптасады. Өсімдіктердің жылу мен ылғалға қажетсінуін талдай келіп мынадай қорытынды жасауға болады: майбұршақты тұқымға Қазақстан көлемінде үсіксіз кезеңі ұзаққа созылатын аудандарда және ылғалы мол немесе суармалы аудандарға өсіруге болады. Мұндай жағдай тек қана Қазақстанның оңтүстік аудандарына тән, ал көк балаусаға жүгерімен араластырып солтүстік аудандарда да өсіруге болады. Майбұршақ қысқа күннің өсімдігі, бірақ солтүстікке қарай жылжыған сайын көпшілік сорттардың өсіп-өну кезеңі ұзарады, алайда ерте пісетін сорттарға күннің ұзақтығы әсер етпейді. Майбұршақ тұқымы мен балаусаның жоғары өнімі механикалық құрамы әртүрлі қоңыр топырақтарда алынады. Ең қолайлы рН – 6,0-7,0. Сортаң және ауыр батпақ топырақтар жарамайды. Есептелген тыңайтқыш нормасын егізу – майбұршақтан жоғары өнім алудың кепілі. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған сорт – СибНИИК-315.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]