- •2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
- •3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
- •4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
- •5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
- •6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
- •7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
- •8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
- •9.Тұқым сапасы мен өнімділігіне агротехникалық фактордың әсері
- •10 Балауыз сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар
- •11 Өсімдік өмірі факторларына қиын қыстау кезеңдері заңдылықтарына қатынасы
- •12 1 Жане 2 топ дақылдарына қоректік элементтері мен ылғалға қиын қыстау кезеңдері
- •13.Егін жинау мерзімдері мен әдістеріне байланысты астықтың тұқымдылық,өнімділік және технологиялық сапасы.
- •14.Ерекше сипаттамалары бойынша астықтың I тобын анықтаңыз:
- •15. Астық дақылдарын айрықша белгілері бойынша (жапырақ белгілері) анықтаңыз.
- •16.1 Және 2 топ астық дақылдарының тұқымдық айырмашылықтары.
- •17. 1 Топ астық дақылдарын егін көгі бойынша анықтау:
- •18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы
- •3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері
- •4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.
- •5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері
- •6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары
- •7.Жаздық жұмсақ бидай
- •18.Солтүстік Қазақстандағы жаздық қатты бидай егістігінің күтімі.
- •3.Егістік сұлу сорттарының өсіру технологиясы.
- •12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері
- •1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.
- •2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.
- •4.Тіркелген күздік қара бидай сорттарының сипаттамасы.
- •1.Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері.
- •3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.
- •1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері
- •2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.
- •3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.
- •4.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге өсірудің индустриалды технологиясы.
- •5.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса: 1000 дәннің салмағы – 220 г., себу жылдамдығы - 98%, себу коэффициенті 80 мың, өнгіштігі1 га.
- •6.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса:себу схемасы 70*20, м1000-280 г., себу жарамдылығы 90%.
- •8.Жүгері түртармақтарының ерекшеліктері.
- •9.Жүгерінің биологиялық өнімділігін анықтаңыз, 70 * 35 жүгері отырғызу схемасы, бір өсімдіктегі масақ саны 2, масақтағы дән саны 420, m1000 дән -215г.
- •V бөлім Тары. Құмай.
- •1.Тары.Морфологиялық құрылымы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •2.Солтүстік Қазақстан жағдайында тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы.
- •3Кәдімгі тары түршесін анықтау:
- •5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.
- •6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру ерекшеліктері.
- •3. Кәдімгі қарақұмық түрлерін анықтау:
- •4.Қарақұмықтың биологиялық өнімін анықтаңыз, егер егін ору алдындағы 1 м2-тағы өсімдік саны – 250 дана, өсімдіктегі дән саны - 320 дана, м 1000 дән -30,2 г болса.
- •6.Гүлшелердің диморфизміне анықтама беру,оның әрбір мәдениетке тән өзгешелігі. Ол гүлдің фертильділігінде қандай көрініс табады?
- •8.Күріш. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •9.Күріш.Өсу және даму сатылары,органогенез кезеңдері және өнімділік элементтері.
- •10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
- •VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
- •7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.
- •13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
- •7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
- •X Бөлім. Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •3.Рапс.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.
- •6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.
- •7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.
- •9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •10.Майлы дақылдарының тұқымдары,дәндері,жапырақтары,гүлшоғырлары бойынша ерекшеліктерін анықтау.
- •11.Күнбағыс дәндерінің қабықсыз массасын анықтаңыз, егер бүтін дәннің массасы 10 гр,қабық массасы -4,7гр болса.
- •12. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды өсіру технологиясы.
- •14.Зығырдың түрлері мен түртармақтарын анықтау
- •15.Қыша.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •XI Бөлім. Талшықты дақылдар
- •1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар
- •XIII Бөлім. Бақша дақылдары
10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
Қылтықтылығы |
Түсі |
Түрше |
||||
Гүл қауыздары |
Қылтықтары |
Дәні |
||||
Үнді түр тармағы |
||||||
Қылтықсыз |
Сабанды-сары |
- |
Ақ |
Мутика |
||
Қылтықты |
Сабанды-сары |
Сабанды-сары |
Ақ |
Аристата |
||
Қылтықсыз |
Сабанды-сары |
- |
Ақ |
Гиланика |
||
Қытай –жапон түр тармағы |
||||||
Қылтықсыз |
Сабанды-сары |
- |
Ақ |
Италика |
||
Қылтықсыз |
Қабырғасы сабанды сары,қырлары қоңыр сары |
- |
Ақ |
Зеравшаника |
||
Қылтықты |
Сабанды-сары |
Сабанды-сары |
Ақ |
Вульгарис |
||
Қылтықты |
Сабанды-сары |
Қызғылт-сұр |
Ақ |
Эритроцерос |
||
Қылтықты |
Сабанды-сары |
Қоңыр |
Ақ |
Амаура |
||
Қылтықты |
Сабанды-сары,қырлары қоңыр сары |
Сабанды-сары |
Ақ |
Дихроа |
||
|
Қылтықты |
Қызыл |
Қызыл |
Ақ |
|
|
|
|
|
|
Рубра |
||
VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
1.Азық-түлік және жем ретіндегі бұршақ,ноқат,ноғаттық,майбұршақтың маңызы.
Құрамындағы ақуыз мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ. Олардың тұқымдарында дәнді дақылдарға қарағанда ақуыз 1,5-3 есе артық – асбұршақта 20,4-35,7 %, ноқатта - 22-31 %, сиыржоңышқада - 22,3-37,8 %, майбұрщақта - 27-30 %. Бұршақ өсімдіктерінің ақуызы толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені олардың құрамына амин қышқылдарының жеңіл еритін фракциялары – тирозин, триптофан, лизин ж.б. кіреді. Қазақстанның солтүстік облыстарында өсіруге ең жарамды асбұршақ, Қарағанды, Жезқазған, Торғай мен Ақ облыстарының оңтүстігінде суармайтын жерлер үшін ноғатық пен ноқат, ал суармалы жерлерге ноғатық пен асбұршақ жарамды. Құрғақшылық аудандарда тұрақты өнімді құрғақшылыққа төзімді дәнді бұршақтарды – ноқат пен ноғатықты өсіруге болады. Дәнді бұршақ дақылдарының Қазақстан республикасында орташа өнімі 9,0 ц/га шамасында.
2.Егістік бұршақтың морфологиялық құрылымы.
Морфологиялық ерекшеліктері.
Асбұршақ бір жылдық жаздық дақыл, алайда қысы жылы болғанда оңтүстік аудандарда оның қыстайтын формаларын күзде себу жолымен өсіруге болады. Екі түрі өсіріледі: егістік асбұршақ (Pisum sativum), гүлі ақ, және тұқымы бір түсті (ақ, қызғылт, көкшіл) және далалық асбұршақ (Pisum arvense) гүлі қызғылт-көкшіл, тұқымы қоңыр, кейде сепкіл түсті.
Далалық асбұршақ сабағының айналасында жанама жапырағының қуысында өсімдіктің алғашқы өсуі кезінде анық көрінетін қызыл дақ болады. Далалық асбұршақтың жемазықтық мәні зор, оны құнарсыз топырақтарда да өсіруге, құрғақшылық жылдары да жақсы астық және көк балауса өнімін алуға болады. Егістік ас бұршақта ол арамшөп болып табылады. Далалық ас бұршақ құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен ноғатық пен егістік ас бұршақтың аудандастырылған сорттарының арасынан орын алады. Ыстық, әрі құрғақ күндері оның (жапырақ саңылауы) тыныс тесігі ерте жабылады және ұзақ уақыт жабылып тұрады да транспирацияның күшеюіне жол бермейді
3.Бұршақ. Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Биологиялық ерекшеліктері.
Асбұршақ суыққа төзімді және ылғал сүйгіш дақыл. Тұқым +1-20C жылылықта өне бастайды. Асбұршақ үшін минимум +4-50C тең. Ең қолайлы температура +15-200C деп есептеледі, ал максимумы 350C. Генеративтік органдардың қалыптасуы мен гүлденуі +6-70C орташа тәуліктік температурада және күндізгі максимальды температурада 18-200C болғанда жүзеге асады. Олардың қалыптасуына ең қолайлы температура +16-200C, бұршағының жетіліп, тұқымының толысуы үшін 22-160 қолайлы, +26-тан жоғары температура өсімдікке зиянды әсер етеді, өнімнің азаюы мен оның сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Бұршақтың сортына байланысты толық пісуіне қажетті тәуліктік орта температура жиынтығы 1300-14000. Асбұршақтың өркендері -4-60, тіпті -80 бозқырауды көтереді. Бозқырауға ең төзімдісі далалық асбұршақ, ол -120қа дейінгі бозқырауға шыдайды. Орта Азия мен Закавказьяда бұршақтың қыстайтын сорттарын себеді, олар -220C-қа дейінгі аязға шыдайды. Бұршақ – ұзақ күннің өсімдігі.
Асбұршақтың тұқымы бөрту кезінде өзінің салмағының 100-110 % мөлшерінде ылғал сіңіреді. Алайда 66 % мөлшеріндей ылғал қажет ететін сорттары да бар.
Бөртуіне қажетті ылғал мөлшері тұқым қабығының қалыңдығына, тұқым ірілігіне, олардың биохимиялық құрамына байланысты. Өсімдік әсіресе бүршіктену-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп тілейді. Бұл кезеңде бұршақ өнімді жеделдете құрайды. Ылғал жетімсіздігі өсімдіктердің тозаңдануы мен астық себу мерзіміне байланысты маусымның алғы – шілденің бірінші жарытысында басталады. Т.к. есеппен 400-450, ауытқуы 300-ден – 600-ге дейін.
Асбұршақ ылғал сүйгіш өсімдік, алайда ол құрғақшылықты аудандарда да өсіп-жетіле алады, бұл оның жақсы дамыған тамыр жүйесіне байланысты. Өсіп-өну кезеңінде 130-140 мм ылғал мөлшері болса тәптәуір өнім алады. Мұның өзі асбұршақты Солтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында өсіруге болатындығын тағы да дәлелдейді. Асбұршақ өсімдігі тез өседі. Көктеп шығып гүлденуіне дейін асбұршақтың көптеген сорттарына 30-40 күн қажет. Өсімдік төменгі қабаттан бастап гүлдейді. Ерте пісетін сорттардың алғашқы гүлдері 7-10 жапырақтың қуысында, орташа пісетін сорттардың гүлдері 11-15 жапырақтың қуысында, ал кеш пісетін сорттардың гүлдері 18-20 жапырақтың қуысында қалыптасады. Төменгі қабаттағы бұршақ піскенмен өсімдіктің өсуі жалғаса беруі мүмкін. Ең жақсысы бұршаққа жеткілікті мөлшерде фосфор, калий және ізбес бар саздақ және құмдақ топырақтар, құмды, сортаң, батпақтанған, қышқыл топырақ асбұршақ өсіруге жарамсыз. Ең қолайлы топырақ pH 6,0-7,0, бұларда түйнекті бактериялар белсенділігі жоғары. Ас бұршақ қара-қоңыр топырақта жақсы өсіп дамиды.
4.Қазақстандағы астық және ақуыз мәселелерінің шешілу жолдары.
Ақуыздық құрамы 8 ден 22% дейін өзгеріліп тұрады. Орталық химиялық зертхана мемлекеттік сорт сынау комиссияның деректері бойынша Солтүстік –Батыста өсірілген бидай құрамындағы ақуыз 12,6%, ал Солтүстік Қазақстан аудандарында 17,3%.
Ақуыз мөлшерін көбейту агротехниканың арқасында болады. Оның жиналуына миниралды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, ең жақсы алғы дақылдарға орналастыру тиімді. Балауызданып пісу кезенінде жинағанда тұқымда ақуыз мол болады, ал толық пісу кезенінде азырақ болады.
Ақуыздар- адам және жануар ұлпаларын құрастырудағы негізгі материал. каллориялығы жағынан ақуыздар крахмал, қанттардан жоғары, тек өсімдік майлардан кейін болады. Олар жай (протеиндер)және күрделі (протеидтер) болып бөлінеді. Протеидтерде күрделі химиялық құрамы, оларға нуклеопротеидтер мен минопротеидтер жатады.
Ақуыздың құнарлығы оның құрамындағы амин қышқылдардың мөлшерінен анықталады, неғұрлым олар көп болса соғұрлым мал азық бағасы жоғары болады. Ең үлкен бағысы осы амин қышқылдарда болады: валин, мизик, триптофан.
Жай ақуыздар осы фракциялардан тұрады:
сула еритін- альбуминдер
бейтарап тұзардың әлсіз еретінділерде еритін- глобулиндер
70- 80%этил спитрінде еритін – глиадиндер
Қышқылдар мен сілтілердің әлсіз еретінділерінде еритін- глютениндер
Ең көп бағалығы глиадин және глютениинде бар. Нан пісіруде 1:2 қатынаста қолдану қолайлы. Суда ерімейтін ақуыздарды –дән уыз деп атайды. Ол ақуызды заттардың жиынтығы, крахмал және басқа да заттардан тазартылғаннан кейінгі. Дән уызының кұнарлығы мен қасиетінен нанның дәмі байланысты.
Бидайдағы шикі дән уыз құрамы 16дан 50% дейін өзгеріп тұрады, қара бидайда 3,1- 9,5%, арпада 2- 19%. дән уызының бағалығына сыртқы орта күшті әсер етеді. Мысалы, ыстық, құрғақ күндері тұқым толысқанда дән уыз мөлшері көбееді. Тұқымның зиянды тасбакамен зақымдалған кезде ақуыз мөлшері азаяды.
Жақсы дән уыз ұзартып созады, және де үзілмей кедеріске жол бермейді. Сондықтан бидайдың дән уызы созылған болады, қара бидаймен салыстырғанда және бидайдан жасалынған нан қара бидайдан жасалынған нанға қарағанда қуыстау және жақсы көтеріледі.
5.Ноғаттық. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Ноғатық – құрғақшылыққа өте төзімді дәнді бұршақ дақылы. Оны құрғақшылық аудандарда астыққа, көк балаусаға және пішенге өсіреді, мұндай жағдайда асбұршақты толықтырады. Ноғатық пішенінде 10-11 % қорытылатын ақуыз, тұқымында 26-30 % ақуыз болады. Ноғатықтың биіктігі 1 м, сабағы тік тұрады. Тамыр жүйесі - кіндік, топыраққа терең сіңірілген (1-1,5 м), гүлдері ұсақ, жеке келген, түсі ақ. Жемісі – бұршақ, 1-2 тұқымды, 1000 тұқымның массасы 250-300 г.
2. Биологиялық ерекшеліктері.
Ноғатық тұқымы 2-30C жылылықта өне бастайды. Оның өсіп-өну кезеңі 70-120 күн. Ерте пісетін сорттарына қажетті белсенді температура жиынтығы 1400-15000C, орташа мерзімде пісетіндерінде 1600-17000, кеш пісетін сорттарында 2000-24500;
Ноғатық топырақ талғамайды, тіпті жеңіл құмдақ топырақтарда өсе береді. Тат және басқа аурулармен аз залалданады. Егістік ноғатық құрғақшылыққа төзімді дәнді бұршақ дақылдарының бірі. Көкшетау аудандары жағдайларында ноғатық асбұршаққа тамаша толықтырма және астық пен пішенге өсіруге болады. Алайда Солтүстік Қазақстанда ноғатықтың аудандастырылған сорттары жоқ. Шаруашылықтарда өнімділігі жөнінен басқа дәнді бұршақтармен салыстыру үшін Ақтөбе мен Семей облыстарында аудандастырылған Степная 287, Кинельская 7 сорттарын пайдалануға болады. Көкшетау жағдайында жүргізілген тәжірибелерде Чигла сорты өзін жақсы жағынан көрсетті.
6.Ноқат. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Ноқат – азық-түліктік және жемазықтық дақыл. Тұқымында көп мөлшерде ақуыз (22-31 %), май (4,1-7,2 %) және азотсыз экстротивтік заттар (47-60 %) бар. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған ноқат сорттарының тұқымында 24-27 % ақуыз болады. Ноқат сабағын көмкеріп тұратын талшықтарда сүт және қымыздық қышқылы болғандықтан оның көк балаусасын малға тікелей жемшөп ретінде пайдаланбайды, тек ұсақталған күйінде кәдеге жаратады.
Ноқаттың басты бағалы қасиеті – оның құрғақшылыққа төзімділігі. Қазақстанның мал шаруашылықты аудандары үшін ол бағалы дақыл. Құрғақшылыққа – ең төзімді дәнді бұршақ дақыл ретінде ноқат Ақмола облысының оңтүстік бөлігі, Қарағанды, Торғай, Қостанай, және Павлодар облыстары үшін болашағы зор дақыл. Өнімділігі жөнінен барлық дәнді бұршақ дақылдарынан ол көш ілгері тұрады.
2.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Мәдени түрдегі өсімдігінің биіктігі 20-70 см, сабағы берік, жапырылмайды, кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, гүлдері жекелеген, ұсақ, әдетте ақ түсті. Жемісі – 1-2 тұқымды қысқа қампиған бұршақ. Тұқымдары домалақ, сәл сүйір бұрышталған, тұмсықты, қойдың немесе жапалақтың басына ұқсас. Бұршағы жапырылмайды, топырақ бетінен 16-30 см биіктіктегі сабақ бойында орналасқан, бұл тұқымды жинауға жақсы мүмкіндік жасайды. 1000 тұқымның массасы – 250-300 г. Асбұршақпен салыстырғанда ноқаттың айтарлықтай артықшылығы бар: құрғақшылыққа төзімдірек, сабағы жапырылмайды және бұршағы жарылмайды.
Ноқат ас бұршаққа қарағанда жылылықты, әсіресе гүлдену және пісу кезеңінде, көп тілейді. Ол бозқырауға төзімді, өркендері – 60С бозқырауға үсімейді. Тұқымдары 3-4 температурада өне бастайды, қолайлы температура 16-180С егін көгі 9-10 күн дегенде пайда болады. Гүлденген және дәнденген кезіндегі жылылық 200С-тан төмен болмау қажет. Өсіп-өну кезенінің ұзақтығы әртүрлі сорттарында 60-120 күн, орташа мерзімде пісетін сорттарға қажетті белсенді температура жиынтығы 1500-1700. Қысқа мерзімді құрғақшылықты өсімдік жеңіл көтереді, ол үшін қолайсыз кезеңде ноқат өсуін тежейді, қалыпты жағдайда өсуін әрі қарай жалғастырады. Басқа бұршақ тұқымдарға қарағанда ноқат ауа құрғақшылығын жеңіл көтереді, және зиянкестермен аз жарақаттанады. Оның топыраққа талғамы жоғары: қара және қоңыр топырақта жақсы өседі де, ашық-қоңыр, әсіресе сортаң жерлерде нашар өседі. Тыңайтқыш еңгізілгенде жеңіл топырақтарда да жақсы өнім алады. Топырақ ерітіндісінің реакциясы қалыпты жағдайда немесе сәл сілтілі болған жөн.
Сорттары:
Кинельский–17. Биіктігі 35-60 см, 1000 тұқымның массасы – 250-320 г, ақуыз мөлшері 20 пайызға дейін, сорт орташа мерзімде піседі. Құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Павлодар облысында аудандастырылған.
Краснокужский 123. Өсімдіктің формасы бұталы, сабағының биіктігі 26-30 см, 1000 тұқымның массасы 256-330 г, ақуызы 17,3-23,3 пайыз, бұршағының жарылып кетуіне төзімділігі жоғары, сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа өте төзімді. Қостанай, Ақмола облыстарында аудандастырылған.
Юбилейный. Өсімдігі бұталы, биіктігі 45-50 см, сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді, көктемгі бозқырауды жақсы көтереді. Қостанай, Қарағанды облыстарында аудандастырылған. 1000 тұқымының массасы – 260-315 г.
Волгоградский-10. Өсімдігі бұталы, биіктігі 45-50 см, орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді. 1000 тұқымының масссасы – 227-268 г, ақуыздылығы 17-26 пайыз, Ақмола облысында аудандастырылған
