Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

3Кәдімгі тары түршесін анықтау:

а) түртармағы қысылған, дәні ақ, антоциансыз. Альбум

б) түрмағы тармақты, дәні қызыл(гүл қабыршағы), антоциансыз. Кокцинеум

4. Жалпы сипаттамалары бойынша тарының түр тармақтарын анықтау:

а)сіпсебас ұзын,өте борпылдақ,бұтақшалары жан-жаққа қатты ауытқыған (90º гр. шамасында) барлық бұтақшаларында жастықшалары бар. (Қомақты) (Patentissimum)

а)сіпсебас ұзын салбыраңқы,борпылдақ және орташаборпыл,сіпсебастың

бұтақтары орталық білікке және өз біліктеріне қысыңқы,жастықшалары жоқ немесе әлсіз байқалады. (Қысылған)(Contractum)

5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.

Африкалық тары мен құмай дақылдарын интенсивті технология бойынша өндіруде жерді тиімді пайдалануды, мамандандыру аймақтары бойынша өндіріс пен еңбек ресурстарын тиімді орналастыруды, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен тұқымдарының жоғары өнімді түрлерін шығаруды, олардың гендік қорын сақтауды, ауыл шаруашылығы аймақтарының жағдайына бейімделген, өнім өндіруге жұмсалған шығынды азайту мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін технологиялар мен механикаландыру құралдарын жасауды, ауыл шаруашылығы өнімін барынша ұқсататын жаңа технологиялар әзірлеуді ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етудің басым бағыттары деп белгілеу қажет.

 Бүгінгі күнгі егін шаруашылығы жағдайында африкалық тары мен құмайды интенсивті технология жағдайында өсірудің мәнісі:

1) Егістікті ауыспалы егіс жүйесіндегі ең жақсы дақыл бойынша, ең алдымен таза қара парлар бойынша орналастыруда;

2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке жататын сорттарды өсіруде;

3) Өсімдіктерді минералдық қорек элементтерімен және олардың топырақтың мөлшерін есепке ала отырып үйлесімді түрде қамтамасыз ету, вегетация кезінде оларды бөлшектеп қолдануда;

4) Өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесін құруда;

5) Топырақты эрозиядан қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологиялық тәсілдердің уақытылы және сапалы орындалуында интенсивті технологияның түпкі мақсаты дақыл өнімінің өсуі мен тұрақтылығын арттыруды және дәннің жақсартуды қамтамасыз ету.

Африкалық тары мен құмай дақылдарын өсіруде интенсивті технологияны енгізу шараларын жүргізгенде;

1) Күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы жөніндегі ұсыныстарды зерттеп, оның негізгі элементтерінің мазмұндарын қорыту керек;

2) Интенсивті технологияны енгізген озат шаруашылықтарды таңдап алып, солардың ұқсас мәліметтерін қорыту қажет.

3) Пайдаланып отырған шаруашылық бойынша белгілі африкалық тары мен құмай дақылдары үшін негізге алатын мәліметтер қолда болуы тиіс.

4) Ауытқуларды анықтап, тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға келтіріп мазмұндау керек.

 

6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.

Құмай(өсімдік) (лат. Sorghum halepense)[1] - астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп.

Құмай (дәні, жапырағы, сабағы).

  • Биіктігі 1-1,5 м-дей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас.

  • Жапырақтары ұзын, диаметрі 1-3 см.

  • Көп гүлді сыпртқы гүлшоғырының биіктігі 60 см-дей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы - үш, аналығы - біреу. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

  • Жемісі - дән.

Құмай құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі және азықтық құндылығы жоғары. Жерорта теңізінен Үнді және Қытайға дейінгі аралықта,Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде және Солтүстік Кавказда таралған.

Құмай көміртекке, белокқа, амин қышқылдарына, каротинге, минералды заттарға, А провитаминіне, В тобының дәрумендеріне бай. Оның дәнінде 70-73% крахмал, 12-15% белок, 3,5-4,5% май болады.

Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күз айларында жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң және жүйке ауруларын емдейді.

Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ қызыл бояу және балауыз алынады. Көк шалғыны мал жайылымы, сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады. Тұқымы, жасыл шөбі құнарлы жемшөп, пішені құстарға, ауыл шаруашылығы малдарына және тоған балықтарына бағалы азық. Құмай суғармалы егістікке, мақтаға көп зиян келтіреді

VI бөлім. Қарақұмық. Күріш.

1.Қарақұмық. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.

Қарақұмық жармасы жоғары қоректілік және диэтикалық қасиеттерімен бағаланады: оның құрамында 82 % дейін крахмал, 10-11 % ақуыз, 3 % май, 0,3 % қант, 2,1-2,5 % әртүрлі күлдік заттар бар. Қазақстандағы қарақұмық егістігінің көлемі 0,3 млн.га оның ішінде Павлодар облысында 0,2 млн.га, Қостанай 24 мың, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облысы 10,3 және Ақмола 0,1. Соңғы жылдары орташа өнім Қазақстан республикасында 4,3 ц/га болады.

Мәдени қарақұмық – біржылдық шөптесін бұтақты өсімдік, іші қуыс сабағы қырлы, биіктігі 30-дан 150 см дейін. Қолайлы жағдайларда сабақ 10-12 бұтаққа дейін қалыптастырады. Жапырақтары жүрек тәрізді үш бұрышты немесе жүрек-садақ оғы тәрізді төменгі бөлігінде ірі, жоғары бөлігінде ұсақтау келеді.

2. Морфологиялық ерекшеліктері.

Тамыр жүйесі – ұзын бүйір тамыршалары бар бірінші кіндік (ұрықтық) және жеткілікті ылғалдану жағдайында сабақ төменгі бөлігінде пайда болатын екінші қосалқы тамырлардан тұрады. Тамырлар топырақта 70-90 см дейін тереңдікке бойлауға қабілетті, алайда олардың негізгі массасы беткі (25-30см) қабатта шоғырланады. Дегенмен қарақұмық тамырының ұзындығы сұлыға қараңанда 2 есе қысқа. Гүлдену қосжынысты, ақ қызғылт немесе қызыл түсті бунақденелерді/ насекомдарды тартатын сүйкімді және айтарлықтай күшті иісті. Олар шоқгүлге жиналған, жоғары жағында гүл табақшасы түрінде болады. Жеміс – үшқырлы жаңғақ, 1000 тұқым санының массасы 18-32 г.

Сорттары.

Богатырь. Алята түршесіне жатады, 1000 дәнінің массасы 25-26 г., қабықтылығы 17-18 %, орта мерзімде піседі. Барлық Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

Сумчанка. Алята түршесіне жатады, 1000 тұқымының массасы 27,5-31,4 г, қабықтылығы 19-22%. Ерте пісетін сорт Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

Курская 87. Алята түршесіне жатады, орташа мерзімде пісетін сорт. Ақмола облысында аудандастырылған. 1000 тұқымының массасы 21,5-37,7 г, қабықтылығы 19-20%.

3. Биологиялық ерекшеліктері. Қарақұмық гүлдену мен өсу кезеңі созылыңқы, тіпті егін жинауға немесе бозқырауға дейін созылатын өсімдіктер тобына жатады.

Өсімдіктін жапырақтануы мен массасының ұлғаюы жаппай гүлдену кезеңіне сәйкес келеді және бұл процесс жемісінің жаппай пісу кезеңінде кенеттен төмендейді.

Қарақұмық – жылу сүйгіш өсімдік. Қалыпты дамуына ол айтарлықтай жоғары температураны қажетсінеді, оның үстіне бұл талабы өсімдіктің барлық өсіп-даму кезеңдерінде бірдей. Тұқым 7-80C жылылыққа өне бастайды, біркелкі көктеуі 12-150 температурада жүреді. Ең қолайлы өну температурасы 20-250C. Себу-пісу кезеңіндегі температура жиынтығы 1200-14000, орташа мерзімде пісетін сорттарға шамамен 13000 қажет.

Егін көгі -20C бозқырауда зақымданады, ал -40C толық өліп қалады, гүлдеп тұрған өсімдік -10C, ал пісіп келе жатқан өсімдік -20C-та өледі. Қарақұмық өсімдігі көктегеннен кейін, әсіресе алғашқы 2-3 күнде өте сезімтал. Гүлдену және жеміс түзу кезеңінде өсімдіктін дамуына 15-тен төмен температура теріс әсер етеді, ал 350C тан жоғары температурада өсімдік әлсірейді. Жоғары температурада гүлдердің тәтті шірін бөлуі қысқарады, гүлдерге аралардың қатынасуы азаяды да тозаңдану нашарлайды.

Далалық дақылдардың ішінде қарақұмық ылғал сүйгіштігімен ерекшеленеді. Т.к. 500-600. Қарақұмық шапшаң дамиды. Көктегеннен кейін 8-10 күннен соң қауыздары түзіледі, ал 25-30 күннен кейін ол гүлдейді де бір өсімдік 1000 және одан да көп гүл қалыптастырады. Бұл уақытта өсімдіктің тамыр жүйесі мен ассимиляция аппараты әлі өзінің толық даму мерзіміне жетпейді. Жапырақ беті үлкен, алайда бір гүлге шаққандағы жапырақ беті ауданы мен қарақұмықтың жапырақпен қамтамасыз етілуі бидайға қарағанда 1,5-3,0 есе аз. Қарақұмық құнарлы, борпылдақ, механикалық құрамы және орташа саздақ және құмдақ топырақтарда жақсы өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]