- •2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
- •3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
- •4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
- •5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
- •6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
- •7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
- •8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
- •9.Тұқым сапасы мен өнімділігіне агротехникалық фактордың әсері
- •10 Балауыз сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар
- •11 Өсімдік өмірі факторларына қиын қыстау кезеңдері заңдылықтарына қатынасы
- •12 1 Жане 2 топ дақылдарына қоректік элементтері мен ылғалға қиын қыстау кезеңдері
- •13.Егін жинау мерзімдері мен әдістеріне байланысты астықтың тұқымдылық,өнімділік және технологиялық сапасы.
- •14.Ерекше сипаттамалары бойынша астықтың I тобын анықтаңыз:
- •15. Астық дақылдарын айрықша белгілері бойынша (жапырақ белгілері) анықтаңыз.
- •16.1 Және 2 топ астық дақылдарының тұқымдық айырмашылықтары.
- •17. 1 Топ астық дақылдарын егін көгі бойынша анықтау:
- •18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы
- •3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері
- •4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.
- •5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері
- •6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары
- •7.Жаздық жұмсақ бидай
- •18.Солтүстік Қазақстандағы жаздық қатты бидай егістігінің күтімі.
- •3.Егістік сұлу сорттарының өсіру технологиясы.
- •12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері
- •1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.
- •2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.
- •4.Тіркелген күздік қара бидай сорттарының сипаттамасы.
- •1.Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері.
- •3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.
- •1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері
- •2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.
- •3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.
- •4.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге өсірудің индустриалды технологиясы.
- •5.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса: 1000 дәннің салмағы – 220 г., себу жылдамдығы - 98%, себу коэффициенті 80 мың, өнгіштігі1 га.
- •6.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса:себу схемасы 70*20, м1000-280 г., себу жарамдылығы 90%.
- •8.Жүгері түртармақтарының ерекшеліктері.
- •9.Жүгерінің биологиялық өнімділігін анықтаңыз, 70 * 35 жүгері отырғызу схемасы, бір өсімдіктегі масақ саны 2, масақтағы дән саны 420, m1000 дән -215г.
- •V бөлім Тары. Құмай.
- •1.Тары.Морфологиялық құрылымы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •2.Солтүстік Қазақстан жағдайында тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы.
- •3Кәдімгі тары түршесін анықтау:
- •5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.
- •6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру ерекшеліктері.
- •3. Кәдімгі қарақұмық түрлерін анықтау:
- •4.Қарақұмықтың биологиялық өнімін анықтаңыз, егер егін ору алдындағы 1 м2-тағы өсімдік саны – 250 дана, өсімдіктегі дән саны - 320 дана, м 1000 дән -30,2 г болса.
- •6.Гүлшелердің диморфизміне анықтама беру,оның әрбір мәдениетке тән өзгешелігі. Ол гүлдің фертильділігінде қандай көрініс табады?
- •8.Күріш. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •9.Күріш.Өсу және даму сатылары,органогенез кезеңдері және өнімділік элементтері.
- •10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
- •VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
- •7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.
- •13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
- •7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
- •X Бөлім. Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •3.Рапс.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.
- •6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.
- •7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.
- •9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •10.Майлы дақылдарының тұқымдары,дәндері,жапырақтары,гүлшоғырлары бойынша ерекшеліктерін анықтау.
- •11.Күнбағыс дәндерінің қабықсыз массасын анықтаңыз, егер бүтін дәннің массасы 10 гр,қабық массасы -4,7гр болса.
- •12. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды өсіру технологиясы.
- •14.Зығырдың түрлері мен түртармақтарын анықтау
- •15.Қыша.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •XI Бөлім. Талшықты дақылдар
- •1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар
- •XIII Бөлім. Бақша дақылдары
4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
Егілетін тұқымдар міндетті түрде нұсқаулықтар бойынша препараттармен дәріленуі керек. Тұқым дәрәлеудің тиімді препараттары – витавакс, фундозол-хшоин, олар тозаңды қаракүйелердің спорларын жақсы құртады. Қазіргі таңда, пайдаланып жатқан дәрілегіш фунгицидтер: — раксил, бүрку нормасы 2-10 л/т-на; юнта – құрамалы жүйемелік препарат, бүрку нормасы 10 л/т-на және басқалары. Соңғы уақытта қолданылып жүрген дәрілегіш машиналар: ПС-10АМ, ПС-10А.
Ас бұршақ тұқымдарын, бұршақтың дән қоңызына қарсы, газ арқылы өңдейміз және кейбір жағдайда тұқымдарды өсімдік өсуін реттеуіштеріменде (физикалық және химиялық) өңдеулерді қарастырған дұрыс.
5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
Подгон немесе сабан өркен – Гүл шоғыры бар,бірақ дән пісіп үлгермеген сабақтарды айтады
Подсед немесе мамық шөп – Гүл шоғыры жоқ сабақтарды атайды
6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін жер асты бұтақтануы жүреді,түктену түйінінде екінші тамырлары түзіледі және топырақ бетінде қосымша өркендер пайда болады.Тәжірибеде мұны түптену кезеңі деп атайды.
Түптену жалпы және өнімді түптену болып ажырайды.
Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ санын атайды Тж=Сб/Ө;
ал Өнімді түптену – егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ көрсетеді Тө=СД/Ө;
Солтүстік Қазақстан жағдайында өнімді түптену айтарлықтай емес жұмсақ бидайда 1,2-1,3,қатты бидайда 0,9-1,1,арпада 1,3-1,5,сұлыда 1,2-1,3,тарыда1,3-1,6.Жалпы түптену өнімді түптенуге қарағанда 0,2-0,3 жоғары болады.
7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
Нақты себу мөлшері
Сн=K*M*100/Cж,
Мұнда К-себу коэффиценті /гектарына млн өнгіш тұқым/
М-1000 тұқымның массасы ,г
Сж-себуге жарамдылық,
Себу мөлшері мына анықтамамен анықталады:
Сн=(Ск*М*100)/(К*Сө*Сж),
Мұнда Сн - тұқымның себу мөлшері,кг/га
Ск - Егін жинау кезіндегі нақты аймаққа есептелген сорттың сабақ бітігінің жиілігі дана/м2
М – 1000 тұқымның массасы.г
К –өнімді түптену коэффиценті
Сө – өсімдіктің жалпы тірі қалуы
Сж – тұқымның себуге жарамдылығы
8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
Бұл ғылым Ресейде ХVІІІ ғасырда дами бастаған. Оның негізін салушының бірі М.В. Ломоносов (1711-1765) . Ресей Ғылыми Академиясының ішінде , «класс земледельства» қалыптастырып, ресейде ауыл шаруашылық дақылдарды өндеу тәжірибесінің бағалы нәтижелерін еңгізді.
Өсімдік шаруашылығының әрі қарай дамуы, картоп және көпжылдық шөптерді өндеудің бірнеше әдістерін «О земледелии» деген кітабінда қарастырған, Комов И.И. (1750-11792) атымен байланысты. Сонымен бірге топырақты өндеу, тыңайтқыштарды еңгізу және т.б. мәселелерді қарастырған Болотов Б.Г. (1738-1833).
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген агрохимиялық ғылымдар бойынша маңызды тәжірибелер өткізілді, олар елдің өсімдік шаруашылығының негізі болды.
Тимирязев К.А., Стебут, Вавилов, Прянишниковтардың ілімдерінің маңызы өте зор болды.
К.А.Тимирязев (1843-1920) – қазіргі ғылыми биологияның және өсімдіктанудың классигі. Оның негізгі еңбегін сіңірген мәселе, өсімдіктің фотосинтезінің эксперименттік теоретикалық проблемеларын анықтау. Фотосинтездің күн сәулесінің сапасы мен санына тәуелділігін дұрыс және толығымен анықтай отырып, құрғақшылықтың өсімдікке әсерін түсіндіру мен бірге, бұл жағдаймен күресу шараларын құрастырды. К.А.Тимирязев физиология мен өсімдіктану тәжірибелерінде вегетациялық әдісті еңгізіп, оның кеңінен қолданудың насихатшысы болды.
И.А.Стебут (1833-1923) өте белгілі ғалым өсімдіктанушы, ауыл шаруашылық мәселерін шешуде үлкен үлес қосты. «Основы полевой культуры и меры ее улучшения в России» деген кітабінда өндеу туралы мәліметтер берілген. Елдің өсімдік шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан Д.Н.Прянишников (1865-1948). Оның зерттеулерінің негізгі мәселелері өсімдіктердің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануы болды. Физиологиялық және биологиялық негізге сүйене отырып ол «Частное земледелие» деген ғылыми сала қалыптастырды. Сонымен бірге жоғары оқу орнына арналған «Агрохимия» оқулығының авторы. Өсімдік шаруашылығы мен агрохимия бойынша өткізілген терең және жанжақты ғылыми ізденістері Прянишниковтің дүние жүзіне атағын шығарды.
Н.И.Вавилов (1887-1943) өсімдік шаруашылығына, әсіресе өсімдіктердің биологиясы, систематикасы және географиясына қосқан үлесі өте зор және бағалы. Ол өсімдіктердің дүниежүзілік шығу орталықтарын ашты және гомолог қатарының заңын қалыптастырды, бұл ашылыстардың селекциялық жұмыстағы маңызы өте зор. Вавилов және оның шәкірттерінің жинаған ауыл шаруашылық өсімдіктерінің коллекциясы дүние жүзінде ең бай және негізгі материал ретінде селекцияда, интродукцияда және эволюцияны зерттеуде кеңінен қолданады. Вавиловтың жұмысы бүкіл елдерде кеңінен белгілі.
Егістік дақылдардың селекциядағы жетістіктері өсімдік шаруашылығы үшін өте маңызды. Кеңес одағының селекционерлері - Лукьяненко, Пустовой, Ремесло,
Юрьев, Кириченко, Мамонтова, Цицин және т.б.
