Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.

Солтүстік Қазақстанда жүгері таза егістікте, астық және бұршақ дәнділермен қосылып негізгі сүрлемдік дақыл болып есептелінеді.

Ауыспалы егісте ол дәнді, бұршақдәнділерден кейін, болмаса гербицидтерді мо- лынан қолдану арқасында тұрақты танаптарда өсіріледі. Ақмола облысында, жүгері-

ні сүрлемдік дақыл есебінде, астықтық технологиямен өсіру үшін, келесідей агротә- сілдерді пайдаланады:

1. Жергілікті аймақ жағдайына жерсінген және икемденген ертепісетін, жоғары-өнімді будандарды пайдалану.

2. Механикалық өңдеулерді үнемді пайдаланып, гербицидтерді қолдану арқа-

сында арамшөптер, аурулар және зиянкестермен интегралды күресу.

3. Шектеулі көлемде нитраттанған тыңайтқыштарды тиімді пайдалану.

4. Жүйектерде тұқымдардың бірқалыпты орналасуын қамтамасыздандыратын

және керекті себу мөлшерін сақтайтын – сепкіштерді пайдалану.

5. Дәлдікті себу мерзімі 15 – 20 мамыр.

6. Агрегаттардың бір өтуінде, екі немесе оданда көп операцияларды міндетті

түрде біріктіру.

Жылдардың қуаңшылығына байланысты, кепілді өнім алу үшін осы аймақта себуге рұқсат етілген 3-4 будандарды пайдалану керек

3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.

Биологиялық ерекшеліктері. Жүгері топырақ пен ауаның температурасына жоғары талап қояды, ол температураның үлкен өзгерісін және тәуліктік кенеттен болатын төмендеуі мен жоғарылауын көтере алмайды.

Тұқымы 8-10оС жылылықта өне бастайды. Ең қолайлы температура тұқымның өнуіне 19-26оС, бұл жағдайда егін 5-6 күннен кейін көктейді. Жүгерінің көгі -2-30C бозқыраудан жарақаттанады. Көктемгі қысқа мерзімді бозқыраулар өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін жарақаттайды, егер өсу нүктесі сақталған болса олар қайтадан өсіп-өнуін жалғастыра алады. Өсімдік 5-тен 00C дейінгі аралықта тоңазып қалады. Жүгерінің генеративтік органдарының түзілуі мен гүлденуі 120Cтан жоғары температурада жүреді, ал одан төмен температурада ол созылып кетеді. Өскен сайын жылылықты ұнатады, ал жүгерінің өсіп дамуына ең қолайлы температура +20-280C. Көктегеннен кейін өсіп өнуінің алғашқы кезеңдерінде 13-190C температураның өзінде жүгері өсімдігі топырақтан Р2О5 сіңіру қабілетін жоғалтады және соның нәтижесінде оларда фосфорлы аштық байқалады.

Будандардың пісу топтарына қарағанда белсенді температура жиынтығы 1700-2100. Солтүстік Қазақстан жағдайында мамырдың екінші онкүндігінде сеуіп және тамыздың үшінші онкүндігінде жинағанда жүгері осы кезеңде орта есеппен 1600-17000C жиынтығын алады, ал қыркүйектін басында жинағанда 1700-19000C. Ерте және орташа мерзімде пісетін сорт пен будан сүттене пісу кезеңіне жетеді. Ол үшін оларға мамырдың екінші жартысында сеуіп қыркүйектің басында жинап алу шарты қойылады.

Жүгерінің будандары. Жүгері (Zea Mays) қазіргі заманғы жіктеу бойынша 8 түр тармақтарына бөлінеді: тіс тәрізді, кремнийлі, крахмалды, қанттық, крахмалды-қанттық, жарылмалы, балауыз тәрізді, қабықты.

Сүрлемге өсіретін жүгері буданын таңдап аларда екі шартты ескерген дұрыс: жоғары көк балауса өнімін қамтамасыз етуге тиіс және егін жинау қарсанында сүттене-балауыздана піскен, немесе тіпті сүттене піскен собықтары болуы керек.

Одесский 80 МВ – БСГИ пен Жеребков ТС шығарылған алты буданды будан. Дәні тіс тәрізді, кейде кремнийлі сары, ақ түсті, 1000 дәннің массасы 250-300г. Бу-

дан ортадан ерте пісетін топқа жатады. Өсіп-өну кезеңі 110-120 күн. Будан жығылу-

ға, көбікті татқа өте төзімді және жоғары тұқымдылық өнімділігімен ерекшелінеді.

Молдовский 257СВ - Молдован жүгері ҒЗИ-да шығарылған, дәні ашық сары

түсті, жартылай кремнийлі және қызыл собықты сорт түріне жатады. Өсімдігінің би-

іктігі 150-209 см, жапырақ саны 15, ерте піседі. 1000 дәннің массасы 218г. Қуаңшы-

лыққа және суыққа төзімді. Аурулар және зиянкестермен аз зақымданады.

Алатау 107 ТВ – В.Р.Вильямс атындағы ҒЗО-да шығарылған. Қуаңшылыққа тө-

зімділгі орташа. Дәні тіс тәрізді сары кремнийлі және ақ собықты сорт тобына жата-

ды. 1992 жылдан Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан облыстарында аудандастыр-

ылған. Өсімдіктің биіктігі 210-220см. Негізгі сабақта 14 жапырақ қалыптасқан. Со-

бық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 22см. Собық массасы 210г. 1000 дәннің мас-

сасы 230-250г. Ерте пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі 118 күн. Өнімділігі орташа. Аудан-

дастырылған аймақтағы астық өнімділігі 43,4 ц/га дейін және құрғақ заттары 67,6

ц/га болды.

Алтай 250МВ – Қазақ егіншілік ҒЗИ және Зыряновск МСС-да шығарылған. Екі

буданды будан. Дәні жартылай тіс тәрізді сары, ақ және қызыл собықты сорт тобына жатады. 1994 жылдан Ақмола, Павлодар және тұқымшаруашылығы үшін Алматы облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 250см. Негізгі сабақта 14 жа- пырақ қалыптасқан. Собық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 22см. Собық масса- сы 243г. 1000 дәннің массасы 334г. Ерте пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі 120 күн.

Сары – Арқа 150 АСВ - Қазақ егіншілік ҒЗИ шығарылған. Екі буданды будан.

Дәні тіс тәрізді сары кремнийлі және ақ собықты сорт тобына жатады. 1994 жылдан Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 220см, жапырақтар саны 13, собықтың ұзындығы -20см, собық

массасы -236г, 1000 дәннің массасы 315г. Ерте пісетін сорт. Оригинаторлардың мағ- лұматы бойынша өсіп-өну кезеңі -85 күн, сортсынау учаскелерінің мағлұматы бой-

ынша 105-125 күн, көк балаусаға үшін -110-117 күн. Оригинаторлардың мағлұматы

бойынша астық өнімділігі -54,9 ц/га. Жинау алдындағы ылғалдылығы 29,3%. Аудан-

дастырылған аймақтарда қолайлы жылдары бұдан да жоғары өнімдер алынған.

Целинный 160 СВ - Қазақ егіншілік ҒЗИ шығарылған. Екі буданды будан. Дәні

жартылай тіс тәрізді сары және ақ собықты сорт тобына жатады. 1993 жылдан Ақ- мола, Қарағанды, Қостанай облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 253см, жапырақтар саны 14, . Собық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 18см. Со- бық массасы 236г. 1000 дәннің массасы 317г. Ерте пісетін сорт. Оригинаторлардың мағлұматы бойынша өсіп-өну кезеңі 97 күн. , сортсынау учаскелерінің мағлұматы

бойынша 105-128 күн, сүрлемдік көк балаусаға үшін -76-111 күн. Өнімді сорт. Сорт- сынау учаскесінің мағлұматы бойынша астық өнімділігі 41,7-58,1 ц/га, құрғақ зат- тары 3,9-77,0 ц/га. Астық ылғалдылығы 29,2-33,3%, құрғақ заттар көлемі 15,8-35,9%

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]