Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.

Күздік бидай азық-түліктік маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып од-

ан бірқатар артықшылықтарымен ерекшелінеді: ол күзгі- қысқы және ерте көктем-

дегі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғай-

ды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз залалданады, астық сұр көбеле-

гінің жарақаттайтын кезеңінен сәтті өтіп кетеді және анағұрлым өнімді.

Соңғы жылдары Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күздік бидай аз-

ық-түліктік дәнді дақыл есебінде өсіріледі. Аталған атыраптарда қолайлы жылдары

ол жаздық бидаймен салыстырғанда, өнімділігі артық (15-20 ц/га).

Солтүстік Қазақстанда күздік бидайды азық, мал азығы есебінде пайдаланады. Ол тез өседі, көктемде ең ерте көк балауса береді.Сондықтан, күздік бидайды шөпке

өсіру Солтүстік Қазақстанда мал азығы өндірісінің негізгі қоры болып есептелінеді.

Күздік бидай және күздік қара бидай жаздық дәнді дақылдардан өнімді. Ауыс-

палы егісте оларды тыңайтынған таза сүрі жерлерде өсірген дұрыс, өйткені сүрі ем- ес және екпе сүрі жерлерде күзде нашар өсіп, қыста өліп қалады. Күздік қара бидай- ды мал азығы үшін өсіргенде, оны біржылдық шөптерден кейін орналастырады. То-

пырақта ылғал қорын жинақтау және қысқа шыдамдығын арттыру үшін таза сүрі жерлерде қыша, күнбағыстан әрбір 10-12 метр сайын ықтырма себеді. Егісті қолай-

лы мерзімде жүргізеді: күздік қара бидайды 5-ші тамыздан 10 қыркүйекке дейін

(солтүстік аудандарда одан да ерте), күздік бидайды 20-25 тамызда себу керек.

Жақсы өнім алу үшін, өнімді жинап алудың алдында 1 ш.м.жерде 500-550 өнім-

ді сабақтардың болуы керек.Ол үшін ылғал қоры жақсы болған жылдары 5,0-5,5млн,

ылғал жеткіліксіз болғанда – 4,0-4,5 млн/га өнгіш тұқым (130-170 кг/га) себіледі.

Күздік бидай органогенездің әр кезеңінде білгілікті –бір өсімділік өнімді элеме-

нттер құрастырады, оны (Ж қосымшасы)-нан көруге болады.

Жоғары сапалы тұқыммен себу-күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды ша- рттарының бірі. Сондықтан осы мақсатта өткен жылы өнімнен дайындалған бірінші

класты пайдаланған дұрыс. Себу тереңдігі 5-7см. Себілетін сорт осы аймаққа аудан-

дастырылған болуы басты шарт.

IV бөлім. Жүгері

1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері

Жүгерінің тамыр жүйесі басқа астық тұқымдастар сияқты шашақты, топырақта 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгерінің тамырлары өркен шыққаннан кейін алғашқы кезеңде қарқынды дамиды да, үшінші жапырақ пайда болғанда 30-50 см тереңдікке жетеді. Жүгеріде бес тамыр түрлері ажыратылады: ұрықтық, гипокотильді немесе бүйір, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамыр. Сүйеніш тамырлар төрт қабат құрады. Ұрықтық тамырлар егін көктегеннен кейін алғашқы 20-30 күнде өсімдіктерді су мен қоректік заттармен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады, алайда олардың рөлі шашақтануға дейін сақталады. Жүгерінің түйін тамырлары 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін түзіле бастайды. Топырақтын 0-20 см қабатында тамырдың 55-60% шоғырланады, тар қатарлы егістерде кең қатарлыға қарағанда жүгерінің тамыры топыраққа тереңірек бойлайды, мұнын өзі ең әуелі топырақтын, су режимі ерекшеліктерімен байланысты. Тамыр жүйесінің ең қарқынды дамуы жетінші (7) жапырақтың түзілуі мен 12-13 жапырақтың пайда болу кезеңінде байқалады. Тамырдың тереңдігі 2 метрге дейін кетеді.

Жүгерінің сабағы тік тұрады, биіктігі 0,5-2,5 м, мұнын өзі ылғалдану жағдайы мен агротехникаға байланысты. Сабақтың өзегі борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5% дейін қант болады. Сабақтың жуандығы 1,5-2,5 см, ал сирек сабақ жиілігінде 3-3,5 см дейін жетеді. Сабақ түйіндерден тұрады, олардың саны сорттарына байланысты 8-ден 30-ға дейін жетеді. Сабақта орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында собықтар түзіледі. Көптеген будандардың өсімдіктерінде әдетте 1-2 собық түзіледі, кейде көп собықты өсімдіктер де кездеседі.

Төменгі жапырақтардың қолтығындағы бүршіктерден кейде бүйір бұталары (бөгде) өсіп шығады, әдетте олар жақсы қоректену жағдайына байланысты түзіледі, сорттық ерекшеліктеріне байланысты.

Жүгерінің жапырағы кең созыңқы. Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы әртүрлі, сорттары жапырақ санымен де ажыратылады, ерте пісетін сорттарда жапырақтар мен түйін саны аз болады. Сібірлік ультра ерте пісетін сорттардың өсімдіктерінде 8-10, кеш пісетін сорттарында 23-25 жапырақ болады. Солтүстік Қазақстанда 12-16 жапырақ түзетін орташа мерзімде пісетін және 17-19 жапырақ түзетін ортадан кеш пісетін сорттар аудандастырылған.

Біздің тәжірибелерімізде табиғи ылғалдану жағдайында ортадан кеш мерзімде пісетін будандар әр га жерде 20-30 мың м2, ал ерте пісетін будандар 12-16 мың м2 жапырақ бетінің ауданың қалыптастырады, көк балауса өнімі 280-300 және 180-220 ц/га болады.

Өсімдіктер көк балаусасының ең қарқынды ұлғаюы максимальды жапырақ беті ауданының қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді – шашақтану алдында және шашақтану соңында.

Жүгері – бір үйлі өсімдік, бірақ гүлшоғырлары бөлек. Аталық гүлдері шашаққа жиналған және олар сабақтың басында орналасқан, ал аналық гүлдері собықпен жапырақ қолтығында орналасқан. Аналық гүлдері аталықтарға қарағанда 2-4 күн кеш дамиды, ал құрғақшылық жылдары одан да көп, мұнын өзі өсімдіктердің өздігінен тозаңдануын болдырмайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]