Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.

Жақсы себу әдісі қатарлап себу. Тыңайтқыштар, машиналар мен құралдар және

сол сияқты қорғау заттарымен толық қамтамасызданғанда әрбір 10,8 немесе 21,6 м

сайын, шаруашылықтарда қолданылатын бүркегіштердің жұмыстық алымына бай-

ланысты технологиялық табанаралықтар жасалынады (И қосымшасы).

Күздік бидай және күздік қара бидай органикалық және минералдық тыңайтқыш-

тарға жақсы қайырымды. Оларды топырақтың құнарлығын ескере отырып, жоспар-

ланған өнімге, қоректік элементтердің шығындығына және пайдалану коэффициент-

теріне сәйкесті есеппен сіңіру қажет.Негізгі тыңайтқыш есебінде күздік дақылдарға

көң шашады (15-20 т/га). Күздік дақылдардың өнімділігін арттыру үшін себу кезінде

(Р15 – 20) сіңіргеннің маңызы зор. Ең көп минералддық қоректік элементтер түптену және түтікке шығу кезеңінде қарқынды сіңіріледі. Күздік дақылдарды көктемдік үс-

теп қоректендіруді астықтық сепкіштермен жасайды. Ал самолетпен жасау одан да жақсы тиімді. Азоттық үстеп қоректендіруді, түптену кезеңінде, топырақ тоңы жібі-

мей тұрғанда, бұл кезде қар еріп жатады, бірақ тыңайтқышты ағызып әкететін су ағысы болмайды, екінші үстеп қоректендіру түтікке шығу – масақтану кезеңінде

(Қазақстанның оңтүстігінде) жасау керек. Түптену кезеңіндегі азоттық үстеп қорек-

тендіру сабақ жиілігінің тығыздығына, ал түтікке шығу кезеңіндегі – масақтағы дән санына, масақтану кезеңіндегі-ең бастысы 1000 дәннің салмағы мен ақуыз көлеміне,

әсерін тигізеді. Тұқымдарды себу алдында 3-5 күн бұрын инкрустирлейді. Егістерді

күзде қарлылық өңезге, тамыр шіруіне қарсы фундозолмен өңдейді.

Көктемде егістерді міндетті түрде тырмалау керек, ал кейде егістің бетімен сеп-

кіштермен көлденең немесе қиғаш бағытта қоректік үстемер шашқан болса, тырма-

лаудың қажеті жоқ. Күздік дақылдар егістерінің жағдайларына байланысты көктем- гі-жаздық шаралар жоспарланады. Ерте көктемде,селдір шыккан егістерді қайта жа- ңартуда, 1 м² жерде 200 өсімдік болса, қайталап сеппейді.Азоттық үстелеп қоректен-

діруді тамырдың өсу деңгейінде жасайды, ал жақсы егістіктерде олардың жығылып қалмаулары үшін репарданттарды (тур немесе кампазон) пайдалану тиімді.

Көктемде кеште болса, селдір шыққан егістерді қайтадан жаңарту үшін, қосым-

ша себу абзал. Азоттық үстеп қоректендіруді ерте топырақ тоңы жібімей тұрғанда

( N40-45) сіңіреді, репарданттарды қолданбайды.

Қоңыр тат, ақ ұнтақ ауруларына қарсы – Тилт 25% к.э., және Альто Супер33% к.э.-мен өңдейді.

Егіні жинап алу балауызданып пісудің аяғында және дәннің ылғалдылығы 25-30% болғанда, екікезеңдік әдіспен жүргізіледі, ал егістер арамшөптерден таза және

жауын-шәшін мөлшері көп болса, дәннің ылғалдылығы 17% кезінде тікелей комбай-

нмен жинап алынады.

3.Күздік қара бидайдың биологиялық ерекшеліктері.

3. Биологиялық ерекшеліктері.

Күздік қара бидайдың тұқымы 1-20C өне бастайды. Өніп-өсудің ең қолайлы температурасы 20-250C max 300. Астық дақылдардың ішіндегі қысқа ең төзімді өсімдік. Қар мүлде жоқ болғанның өзінде өсімдік -250C дейін аязды көтереді, ал қар қабатының астында (20-30 см) -50-550 дейін шыдайды. Алайда өсімдіктің аязға төзімділігі күзгі шынығуға байланысты.

Қажетті белсенді температура жиынтығы 14000, орташа сөткелік температура +10о жоғары жылылықта кем дегенде 100 күн болу керек. Белсенді температуралар жиынтығы: ерте пісетіндерде 1000-1700, орта мерзімде пісетіндерде 1200-1800, кеш пісетіндерде 1300-1850. Жақсы дамыған тамыр жүйесі мен күзгі және көктем кезіндегі ылғалды пайдаланудың нәтижесінде күздік қара бидай құрғақшылыққа төзімді өсімдік қатарына жатады. Түптену кезіндегі ылғалды пайдалану 3есе жоғары. Түптену кезіндегі судың жетіспеушілігі қыстық бидайдың қысқа дейін түптенуге мүмкіндік бермей, өнімділіктің төмендеуне әкеледі. Т.к. – 340-420. «Қиын-қыстау» кезеңі түтіктену-масақтану. Тұқым өнуіне 60% ылғал құрғақ тұқым массасына керек. Дәннің дәнденуі кезіндегі судың жетіспеушілігі бір дәннің жетіліп, екінші дәннің жетілмеуін тудырады. Бидай және басқа дақылдарға қарағанда топыраққа талғамы төмендеу.Әлсіз саздақ пен құмдақ топырақтарда, борпылдақ құмды топырақтар да өсіруге болады. Фосфорды бүкіл вегетация кезеңі бойында бірқалыпты қолданады. Бірақ өсімдік күшті сілтілі топырақтарды нашар көтереді. 1ц дән түзу үшін N-3кг, P-1,5кг, K-2,5кг қажет етеді. Қиын қыстау кезеңі түптену мен түтікке шығу фазаларына сәйкес келеді, күз бен ерте көктемдегі қоректік заттардың 60% қажет етеді. Өсіп-өну кезенінің ұзақтығы 270-350 күн. Негізінен күзде түптенеді. Күзгі өсіп-өнуінің сонында жалпы түптенуі бір өсімдікте 4-6 сабақ құрайды. Масақтануға күздік бидайға қарағанда ерте кіріседі, бірақ 10-15 күн кеш гүлдейді. Гүлденуі 10-15 күнге созылады. Күздік бидайдан 8-10 күн, ал жаздық бидайдан 13-16 күн бұрын піседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]