Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.

Жемдік астық дақылдары үшін ең жақсы алғы дақылдары: отамалы, дәнді бұр- шақ кең таралған астық дақылдары, бір жылдық шөптер.

Күзгі 20-22 см сыдыра жырту дақылдың өсіп–дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қыста қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Көктемгі ылғалды жабу шаралары тырмалау немесе көлденең өңдеу арқылы жүргізіледі. Егін себер алдындағы топырақ өңдеу сыдыра жыртқыштармен 6-8см тереңдікте жүргізіледі. Танаптарды қара сұлы басып кеткен жағдайда егін себер алдындағы топырақ өңдеумен бір мезгілде триаллат және авадекс БВ гербициді шашылады. Бидаймен салыстырғанда арпа мен сұлының вегетация мерзімі қысқа және кеш мерзімде себілген егін себер алдындағы кезеңді арамшөптермен агротехникалық және химиялық жолдармен күресу жақсы мол өнім қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Тұқымдық материал ретінде жақсы сұрыпталған, тіркелген сорттардың кондициялы тұқымдары қолданылады.

Арпа сорттары:

Донецкий 8. Сорт Донецк мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Медикум түршесі. Масағы қос қатарлы, борпылдақ. Масақ қабықшасы тор, түксіз. Қылтығы ұзын, жіңішке, өн бойына тегіс, серпімді. Дәні–ақшыл сары, қауызды, ірі. 1000 тұқымның массасы 40-45г. Орташа мерзімде пісетін сорт. Вегетация ұзақтығы 75-85 тәулік. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Тозаңды қара күйемен тат ауруына тез шалдығады. Тұқымның жармалық сапасы–жақсы. Жатып қалуға төзімділігі орташа және орташадан жоғары.

Целинный 30. Сорт А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ–да шығарылған. Медикум түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Дәні ірі, 1000 тұқымның массасы 45-50г. Құрғақшылыққа төзімді, тозаңды қара күйе ауруына тез шалдығады.

Кедр. Сорт Краснояр ауылшаруашылық ҒЗИ–да шығарылған. Нутанс түршесі. Масағы қос қатарлы, борпылдақ. Масақ қабықшасы тар. Қылтығы ұзын, өн бойына тісті болып келеді. Дәні қауызды, ірі, 1000 тұқымның массасы 45-55г. Орташа мерзімде пісетін сорт. Жатып қалуға төзімділігі орташа және орташадан жоғары, дән құрамындағы ақуыз мөлшері 12-16 %

Тозаңды қара күйе ауруына, гельминтоспариозбен және сабақ тат ауруына шалдығуы орташадан жоғары. Ең жоғары өнімділігі–47,2 ц/га.

Медикум 85. Сорт Қостанай ауылшаруашылық ҒЗИ–да шығарылған. Медикум түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Жатып қалуға және шашылуға төзімді. Тозаңды қара күйе ауруына шалдығуы–орташа. Дәні ірі, 1000 тұқымның массасы 48-53г.

Арна. Сорт В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ҒЗИ–да шығарылған. Нутанс түршесі. Ерте мерзімде пісетін сорт. Масағы қос қатарлы, сары түсті. Ұзындығы 9-11 см, тығыздығы орташа. Дәні ірі, сары түсті. 1000 тұқымның массасы- 50-52 г. Өнімі жоғары. Тұқымның ең жоғары өнімділігі 50 ц/га. Сорт сыра қайнатуға арналған.

Астана 2000. Сорт А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ–да шығарылған. Медикум түршесі. Жармалық және азықтық бағытта пайдаланылады.

Орташа пісетін, Целинный 30 сортымен бірдей піседі. Биіктігі орташа, масағының

ұзындығы мен тығыздығы да орташа, жатып қалуы аздап. Дәні ірі,1000 дәннің мас-

сасы 47,3-50,1г. Құрғақшылыққа төзімді, сонымен қатар ылғалдылыққа да бейімді.

Шашылмайды, жатып қалуға төзімділік деңгейі стандартқа сай (4 балл). Жасанды-

лық ортада, стандарт сияқты сабақ тат ауруына шалдығуы жоғары, тозаңды қара күйе ауруына аздап шалдығады, қатты қара күйемен орташа деңгейде залалданады.

Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Сібір және Алтай өлкелері үшін ұсынылған.

3.Арпаның түршесін анықтаңыз:

а) масақты өзектің түбінде 3 жемісті масақшасы бар. көпқатарлы

б) масақты өзектің түбінде1-3 жемісті масақшасы бар.аралық

4. Көп қатарлы арпа түрлерін анықтаңыз:

а) масағы сары, борпылдақ, дәні қабықты,қылтықтары өң бойы ара тісті. Палладиум

б) масағы қара, дәні қабықты, қылтықтары тегіс, ұшы ара тісті. Лейоринхум

5.Жаздық арпаның жалпы түптенуын анықтаңыз, егер өсімдік көлемі 290 дана / м2, жалпы сабақтарының саны 420 дана/ м2 блса.

6.Жаздық арпаның биологиялық шығымдылығын есептеңіз ц/га. Өсімдіктердің жинау алдындағы тығыздығы 280 өсімдік 1 м2-қа, өнімді түптенуі 1.2, масағындағы орташа дән саны 20 дана, 1000 дәннің салмағы - 41,3 гр.

7.Қос қатарлы арпаның түрлерін анықтау:

а)дәні қабықты,масағы борпылдақ,масағы сары,қылтықтары тегіс, үстінен аздап тісті.Эректум

б)дәні жалаңаш,масағы борпылдақ,масағы сары,қылтықтары тегіс. Нудум

III бөлім. Күздік қара бидай

1.Күздік қара бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.

Күздік қара бидай тағамдық, мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдаланылады. Ол тез өседі, көктемде ең ерте көк балауса береді. Солтүстік Қазақстанда күздік қара бидайды пішенге өсіреді. Бұл дақылдың жоғары дәрежедегі түптену және тез өсуіне байланысты қара сұлы, қалуен сияқты арамшөпті басып өсірмей тастауға көмектеседі. Сондықтан ол алқаптарды арамшөптерден тазалайды, тағыда отамалы дақылдарға жақсы алғы дақыл.

2. Морфологиялық ерекшеліктері. Мәдени күздік қара бидай (Secale ceriabe) Кіші және Орта Азия, Кавказдың таулы аймақтарындағы егістіктерді ластайтын далалық жабайы қара бидайдан шыққан.

Тамыр жүйесі - шашақты, жақсы дамыған 1,5 м тереңдікке дейін бойлайды. Түйін тамырлардың негізгі массасы топырақтың 25см тереңдікте орналасқан. Өзінен кейін 1 га 5,9 тоннаға дейін тамыр қалдығын қалдырады. Қысқы қара бидай 3,9т. Тамыр жүйесі топырақта қиын еритін фосфорды сіңіре алады.

Сабағы - қуысты сабан, жалаңаш немесе түкті болады, 5-6 түйін аралығы бар биіктігі 1,5-2 м дейін.

Жапырақтары сызық жолды, бидайға қарағанда кең.

Гүл шоғыры - масақ, масақшалары қос гүлді өсімдіктері айқас тозаңданады.

Жемісі - дән. 1000 дәнінің массасы 18-35 г. Масақ сынып қалмайды, ақ, сары, немесе күңгірт сары, жартылай ашық немесе ашық орналасқан дәннің түсі сары және қоңыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]