Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osimdik_sharuash_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.2 Кб
Скачать

12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері

Астыққа, көк балауса мен пішенге және азыққа қолданылады, ол таза және біржылдық бұршақ дақылдарымен – сиыр жоңышқа, ас бұршақ ж.б. аралас күйінде өте жақсы азық. Сұлының сабағы берік, негізгі өсіп-өну кезеңдерінің ұзақтығы бұршақ тұқымдас дақылдарының өсіп-даму кезеңдеріне сәйкес келетіндіктен ол аралас егістіктің маңызды астық тұқымдас түрі. 100 кг көк балауса массасында орта есеппен 17 азықтық өлшем, және 2,2 қорытылатын протеин, 100 кг пішенде 48 а.ө., 6,2 кг протеин, 1 кг сұлыда 1 а.ө.

Сабаны жақсы ірі сабақты мал азығы. Соңғы жылдары 5тен-18ге дейін өнімі болды. Егістік сұлының (A.Sativa) қабықты және қабықсыз формалары бар. Өнімі жоғары болмағасын егістік алқаптарда қабықсыз сұлы аз. A.s. тамыр жүйесі жақсы дамыған және жоғары сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Тамыры дән түзілу кезеңінде 120 см дейін кіреді, және жайылады да топырақтан қиын сіңірілетін қоректік заттарды жақсы пайдаланады. Өнімді түптенуі 1-6,5 дейін болуы мүмкін, бірақ шаруашылық жағдайында 1,1-1,3тан аспайды. Сұлы өздігінен тозаңданатын өсімдік. Шашағы жоғары жапырақ қынабынан көтеріледі де оның басы сыртқа шығады, гүлдену жоғарғы бөлігінен басталады. Шашақтану 5-6 күнге созылады. 1000 тұқымының массасы 22-36 г.

а) Биологиялық ерекшеліктері. Сұлы жылуға талғамы аз дақыл, тұқымы 2-30C өне бастайды, ең қолайлы температура 12-160C вегетативті органдарына, генеративті органдарына 16-220C.

Егін көктемгі -6-90C бозқырауды, гүлдену кезінде -1-20C, дәннің сүттене пісу кезінде -4-50C бозқырауды көтереді Σ16500C.

Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 70-100 күн, шабылмалы пісу кезеңі 55-60 күн (шашақтану). Сұлы ылғал сүйгіш өсімдік, оның т.к. 400-520. Топырақтан қиын еритін заттарды сіңіре алатын қабілетіне байланысты сұлының қоректену режиміне талғамы арпаға қарағанда жоғары емес. Ол әртүрлі топырақта өсе алады, алайда құмдақ және саздаған топырақта өсе алмайды, сортаң жерлерде нашар өседі. Топырақ рН(4,4-5,5).

Арпа.

1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.

Солтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді дақылдардың ішінде арпа барынша өнімді және арзан құнарлы мал азығы болып табылады. Арпаның 1 кг дәнінде 1,28 азықтық өлшем мен 100 г дейін сіңімді протеин бар. Жалаңаш дәнді сорттарынан арпа жармасын дайындайды, нан өндірісіне жарамды формалары анықталады. Құрамында ақуызы/ белогі аз арпа негізінен сыра қайнату өндірісінде маңызды шикізат болып табылады. Hordeum туысы 50 астам түрлерді біріктіреді, олардың ішінде диплод (14) тетраплоид (28) және гексаплоид (42) арпалар болады. Барлық мәдени арпалар – диплоидты. Шаруашылықтағы ең көп тараған түрі Н.Sativum. Бұл жаздық және күздік формада дамитын біржылдық өсімдіктер. Масақ сабақшасында орналасқан жемісті масақшаның санына қарай арпа үш түр тармағына бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық.

Арпаның көпқатарлы түр тармағы екі қатарлыға қарағанда тез піседі.

а) Морфологиялық ерекшеліктері. Арпа шашақты тамыр жүйесінен тұрады. Ол түп және екінші тамырларды біріктіреді. Бастапқы тамырлар бидай мен сұлыға қарағанда алғашқы кезде тезірек өседі, бойлай кіруі 100-120 см. Өсімдіктердің қоректенуінде олар құрғақшылық жағдайда ерекше маңызға ие болады. Құрғақшылыққа төзімді сорттарында бастапқы тамырлар саны көп болады. Екінші тамырлардың қалыптасуы, дамуы және топыраққа бойлап енуі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы мен түптену қарқындылығына байланысты.

Қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде 3-5 түптену өркені пайда болады. Арпаның өнімді түптенуі 1,5-2,5 тең.

Сабағы сабан, жағдайларға байланысты 40-160 см биіктікке дейін өседі. Ол бидай сабағынан әлсіз. Гүлшоғыры масақ, бірақ соңғы жеміс беретін масақшасы жоқ. Әрбір масақшасы жалғыз гүлді, бір дән түзеді. Көпқатарлы арпада әдетте әрбір масақ кемерінде үш жемісті масақша орналасқан, қосқатарлыда бір масақша дамып дән береді де, қалған шеттегі екеуі жеміссіз қалады.

б) Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1-20C өне бастайды. Ең қолайлы температура +15-200C. Өсіп-өну кезеңінде жарамды астық алуға қажетті белсенді температура жиынтығы орта мерзімде пісетін сорттарға 13000 және кеш пісетін сорттарға 14000. Егін көгін 4-50C алуға болады, түтікке шығу-масақтану кезеңіндегі ең қолайлы ауа температурасы 20-290C, ал дәннің пісуі кезіндегі 23-240C. Арпа көктемгі -6-80C бозқырауды зиянсыз көтереді, гүлдену кезеңінде -1-20C, сүттене піскенде -2-40C бозқырауды көтереді.

Арпа бидай мен сұлыға қарағанда құрғақшылыққа төзімдірек. Т.к. 300-450. Арпаның ылғалға максимум қажетсінуі түтікке шығу-масақтану кезеңіне дәл келеді.

Арпа топырақ құнарлылығына айтарлықтай жоғары талап қояды.

Арпа тамырының сіңіру қабілеті де әлсіздеу, сондықтан ол сіңімді қоректік заттарды қажетсінеді. Арпа қышқыл топырақтарда (рН-6,5-7,5) нашар өседі, алайда тұзды ортаға айтарлықтай төзімділігінің нәтижесінде сортаңдау топырақтарда бидайға қарағанда жақсы өнім береді. Гүлдену мен ұрықтану жиі түрде масақ жапырақ қабатында тұрғанда байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]