- •2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
- •3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
- •4.Егістік материалдарын егіске және сақталуға дайындау
- •5.Подгон және подсед ұғымдарына анықтама беру
- •6.Жалпы және өнімді түптену ұғымдарына анықтама
- •7.Дәнді дақылдар өнімінің құрылымы және тұқым себу нормасын анықтауда құрылымдық формуланы қолдану
- •8.Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
- •9.Тұқым сапасы мен өнімділігіне агротехникалық фактордың әсері
- •10 Балауыз сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар
- •11 Өсімдік өмірі факторларына қиын қыстау кезеңдері заңдылықтарына қатынасы
- •12 1 Жане 2 топ дақылдарына қоректік элементтері мен ылғалға қиын қыстау кезеңдері
- •13.Егін жинау мерзімдері мен әдістеріне байланысты астықтың тұқымдылық,өнімділік және технологиялық сапасы.
- •14.Ерекше сипаттамалары бойынша астықтың I тобын анықтаңыз:
- •15. Астық дақылдарын айрықша белгілері бойынша (жапырақ белгілері) анықтаңыз.
- •16.1 Және 2 топ астық дақылдарының тұқымдық айырмашылықтары.
- •17. 1 Топ астық дақылдарын егін көгі бойынша анықтау:
- •18. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •19. Тілшелері мен құлақшалары бойынша астық дақылдары анықтау:
- •1.Бидайдың негізгі түрлері мен олардың сипаттамасы
- •3.Солтүстік Қазақстанда қатты бидайдың өсіру ерекшеліктері
- •4.Бидайдың жетілуі мен өсуі.Өнімділік элементтері мен органогенез кезеңдері.
- •5.Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың өсіру технолгиясының ерекшеліктері
- •6. Жаздық қатты бидавйдың сорттары
- •7.Жаздық жұмсақ бидай
- •18.Солтүстік Қазақстандағы жаздық қатты бидай егістігінің күтімі.
- •3.Егістік сұлу сорттарының өсіру технологиясы.
- •12. Сұлы түрлерінің ерекшеліктері
- •1.Арпа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму кезеңдері, органогенез кезеңдері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда арпа өсірудің интенсивті технологиясы. Сорттары.
- •2. Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік қара бидай өсірудің ерекшеліктері.
- •4.Тіркелген күздік қара бидай сорттарының сипаттамасы.
- •1.Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері.
- •3.Солтүстік Қазақстанда күздік бидай мен қара бидайды астық және мал азығы ретінде өсірудің интенсивті технологиясы.
- •1.Жүгері. Өсу кезеңі мен дамуы.Өнімділік құрылымының элементтері
- •2.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астық ретінде өндіру технологиясының элементтері.
- •3. Жүгері. Биологиялық ерекшеліктері. Будандары.
- •4.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге өсірудің индустриалды технологиясы.
- •5.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса: 1000 дәннің салмағы – 220 г., себу жылдамдығы - 98%, себу коэффициенті 80 мың, өнгіштігі1 га.
- •6.Жүгеріні себу нормасын анықтаңыз, егер келесілер белгілі болса:себу схемасы 70*20, м1000-280 г., себу жарамдылығы 90%.
- •8.Жүгері түртармақтарының ерекшеліктері.
- •9.Жүгерінің биологиялық өнімділігін анықтаңыз, 70 * 35 жүгері отырғызу схемасы, бір өсімдіктегі масақ саны 2, масақтағы дән саны 420, m1000 дән -215г.
- •V бөлім Тары. Құмай.
- •1.Тары.Морфологиялық құрылымы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •2.Солтүстік Қазақстан жағдайында тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы.
- •3Кәдімгі тары түршесін анықтау:
- •5.Солтүстік Қазақстанда астық ретінде құмай өсіру технологиясы.
- •6.Құмайдың халық шаруашылығындағы мәні және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру ерекшеліктері.
- •3. Кәдімгі қарақұмық түрлерін анықтау:
- •4.Қарақұмықтың биологиялық өнімін анықтаңыз, егер егін ору алдындағы 1 м2-тағы өсімдік саны – 250 дана, өсімдіктегі дән саны - 320 дана, м 1000 дән -30,2 г болса.
- •6.Гүлшелердің диморфизміне анықтама беру,оның әрбір мәдениетке тән өзгешелігі. Ол гүлдің фертильділігінде қандай көрініс табады?
- •8.Күріш. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •9.Күріш.Өсу және даму сатылары,органогенез кезеңдері және өнімділік элементтері.
- •10.Кәдімгі күріштің түрлері мен түршелерін анықтау.Күріш өсіруінің ерекшеліктері. Сорттары.
- •VII бөлім. Дәнді-бұршақты дақылдар.
- •7.Майбұршақ.Халық шаруашылық маңыздылығы.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •8.Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақты өсіру.
- •13.Жаздық сиыржоңышқа.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •14.Майбұршақтың биологиялық өнімділігін анықтаңыз: бір м2 аумақтағы өсімдік саны-22 дана, бір сабақтағы бұршақтар саны 25 дана, 1000 дәннің салмағы 150 гр., бір собығында 4 дән.
- •7.Қант қызылшасының биологиялық өнімділігін анықтаңыз:отырғызу схемасы 70 * 20, жемісінің салмағы 700 гр.
- •X Бөлім. Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •3.Рапс.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •5.Күнбағыс. Морфологиялық құрылысы. Өсіп-өну кезеңдері.
- •6.Күнбағыстың тобы мен түртармақтарын анықтау.
- •7.Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
- •8.Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың майлы тұқымын алу бағытында өсіру ерекшеліктері.
- •9.Майлы зығыр.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •10.Майлы дақылдарының тұқымдары,дәндері,жапырақтары,гүлшоғырлары бойынша ерекшеліктерін анықтау.
- •11.Күнбағыс дәндерінің қабықсыз массасын анықтаңыз, егер бүтін дәннің массасы 10 гр,қабық массасы -4,7гр болса.
- •12. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды өсіру технологиясы.
- •14.Зығырдың түрлері мен түртармақтарын анықтау
- •15.Қыша.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •17.Мақсары.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •XI Бөлім. Талшықты дақылдар
- •1.Мақта. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары.
- •XII Бөлім. Наркотикалық дақылдар
- •XIII Бөлім. Бақша дақылдары
1 бөлім
1.Өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде және ауыл шаруашылығының саласы ретінде
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті – өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға азық болмайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары.
Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру және жеміс өсіру сияқты кіші салаларды енгізеді.
Өсімдік шаруашылығы өсімдіктің нақты мүмкін өнімділігін зерттеп және агротехникалық кешендік әдістерін, сонымен бірге оларды зиянкестерден, аурулардан және арамшөптен қорғауды құрастырады. Өсімдік шаруашылығы агрохимия, агрометериология, физиология, морфофизиология, энтомология, фитопатологиямен тікелей байланысты.
Елдің өсімдік шаруашылығының теориясы мен практикасының дамуына зор үлес қосқан ғалымдар Тимирязев К.А.,Стебут И.А. Прянишников Д.Н., Вавилов Н.И., Якушкин И.В., Носотовский Л.И., Кулешов, Майсурян Н.А. және т.б.
Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде даму барысында одан жеке бірнеше сала бөлінді: көкініс , жеміс, орман, шалғындық шаруашылықтары, ауыл шаруашылық технологиясы және т.б.
Бүгінгі күні өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде мынандай анықтамасы бар: « Өсімдік шаруашылығы – егістік мәдени өсімдіктер туралы ғылым, өсімдіктердің алуан түрлігін, олардың биологиялық және физиологиялық қоршаған орта фактор әсеріне қатынас ерекшеліктерін және өнімділі мен сапасын артатын өсірудің жаңа әдістемелері
2.Егістік дақылдардың өндірістік және ботаника-биологиялық топтамасы
№ р/б |
Дақылдардың алынған өнімдерінің қолдану негізіне қарай топтары |
Биологиялық топтастыру |
Егістік дақыл |
1
|
Дәнді дақылдар
|
1. І топ астық 2.ІІ топ астық
3.Астық-бұршақтылар
|
Бидай, қарабидай, сұлы, арпа Жүгері,шай жүгері,күріш,тары,
Асбұршақ, , үрмебұршақ майбұршақ, ноғат, атбас бұршақ, ноғатық, жасымық, бөрі бұршақ |
2
|
Тамыржемістілер
Түйнектамырлылар Бақша дақылы Малазық орамжапырақ |
1.тамыржемістер
2.түйнектамырлар 3. бақша дақылы 4.малазықтық ормажап
|
Қант ж/ә малазылық қызылша, сәбіз,турнепс, тарна,
Картоп, жер алмұрты Қарбыз,қауын, асқабақ. Картоп, жер алмұрты, Малазықтық орамжапырақ |
3
|
Мал азықтық дақылдар
|
1.Көпжылдық бұршақ шөптер 2.Астық тұқымдас көпжылдық шөптер 3.біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер 4. Біржылдық астық шөптер 5.Жаңа көпжылдық малазық шөптер 6. Жаңа біржылдық шөптер |
Жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет, беде, Еркекшөп, арпабас, тамырсыз бидайық, қияқ Сиыржоңышқа, сераделла, біржылдық беде Судан шөбі, итқонақ,
Шығыс ешкібұршағы, таран забайкалдық, Майлы шоңыр, ақ алабота
|
4 |
Майлы және эфирлі майлы дақылдар |
|
Күнбағыс, мақсары, қышы, рапс, арыш, жер жаңғағы, зығыр, перилла, Кориандр, анис, тмин, бұрышты жалбыз, мак |
5 |
Талшықтылар |
1.тұқымға арналған талшықты өсімдіктер 2.тінді талшықтылар |
Мақта,
Талшыұты зығыр, қарақурай, |
6 |
Темекі, махорка |
1.есерткіліктер Темекі Махорка |
темекі махорка |
.
3.Қазақстанда ақуыздық және дақылдық мәселелердің шешу жолдары
Ақуыздық құрамы 8 ден 22% дейін өзгеріліп тұрады. Орталық химиялық зертхана мемлекеттік сорт сынау комиссияның деректері бойынша Солтүстік –Батыста өсірілген бидай құрамындағы ақуыз 12,6%, ал Солтүстік Қазақстан аудандарында 17,3%.
Ақуыз мөлшерін көбейту агротехниканың арқасында болады. Оның жиналуына миниралды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, ең жақсы алғы дақылдарға орналастыру тиімді. Балауызданып пісу кезенінде жинағанда тұқымда ақуыз мол болады, ал толық пісу кезенінде азырақ болады.
Ақуыздар- адам және жануар ұлпаларын құрастырудағы негізгі материал. каллориялығы жағынан ақуыздар крахмал, қанттардан жоғары, тек өсімдік майлардан кейін болады. Олар жай (протеиндер)және күрделі (протеидтер) болып бөлінеді. Протеидтерде күрделі химиялық құрамы, оларға нуклеопротеидтер мен минопротеидтер жатады.
Ақуыздың құнарлығы оның құрамындағы амин қышқылдардың мөлшерінен анықталады, неғұрлым олар көп болса соғұрлым мал азық бағасы жоғары болады. Ең үлкен бағысы осы амин қышқылдарда болады: валин, мизик, триптофан.
Жай ақуыздар осы фракциялардан тұрады:
сула еритін- альбуминдер
бейтарап тұзардың әлсіз еретінділерде еритін- глобулиндер
70- 80%этил спитрінде еритін – глиадиндер
Қышқылдар мен сілтілердің әлсіз еретінділерінде еритін- глютениндер
Ең көп бағалығы глиадин және глютениинде бар. Нан пісіруде 1:2 қатынаста қолдану қолайлы. Суда ерімейтін ақуыздарды –дән уыз деп атайды. Ол ақуызды заттардың жиынтығы, крахмал және басқа да заттардан тазартылғаннан кейінгі. Дән уызының кұнарлығы мен қасиетінен нанның дәмі байланысты.
Бидайдағы шикі дән уыз құрамы 16дан 50% дейін өзгеріп тұрады, қара бидайда 3,1- 9,5%, арпада 2- 19%. дән уызының бағалығына сыртқы орта күшті әсер етеді. Мысалы, ыстық, құрғақ күндері тұқым толысқанда дән уыз мөлшері көбееді. Тұқымның зиянды тасбакамен зақымдалған кезде ақуыз мөлшері азаяды.
Жақсы дән уыз ұзартып созады, және де үзілмей кедеріске жол бермейді. Сондықтан бидайдың дән уызы созылған болады, қара бидаймен салыстырғанда және бидайдан жасалынған нан қара бидайдан жасалынған нанға қарағанда қуыстау және жақсы көтеріледі.
