Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать

12. Біләл Назым ғазалдары.

Назым Біләл ұйғырдың көрнекті ақыны немесе молла Билал бин молла Иүсүп (1825-1900) – Шығыс Түркістандағы және ҚР дағы қазақ және ұйғыр халықтары тарихына мәлім шығармашылық тұлға. Ақын қоғамдық-әлеуметтік қызметі, шығармашылық қалыптасуы Шығыс Түркістанда болған. Қмірінің кейінгі кезеңінде қазіргі Қазақстанда болған. Ғазалдары – ақынның негзгі шығармалары. Ақынның насихат ғазалдары – адамгершілік тәлім-тәрбиесіне арналған. Араб әдебиетіндегі ғазалдарда негізінен ғашықтық, махаббат мәселелері ғана қарастырылған. Түркі, парсы халықтары ақындары поэзиясында ғазалдардың тақырыптық ауқымы кеңейген. Түркі халықтары әдебиетіндегі ғазалдардың Х- ХVIII ғғ кезеңдерінде тақырыптық, жанрлық, көркемдік даму ерекшеліктері поэтикалық жаңалықтары мол болды. Ақынның «Нұх пайғамбар өткен екен ізгілікті дәріптеп», «налыма сен дүниеге тыңда одан да зарлыны», «Әр адамның жүрегінде махаббаты болмаса», «жабырқаған көңіліңді серпілдірші, ей, досым» және т.б. ғазалдарында жақсы адамдардың қасиеттері жырланған. Адамдардың қайғы-қасиеттерін түсінетін, адалдықпен, әділеттілікпен өмір сүретіндер өнегесі айтылған. Ақынның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс», «Назыгум», «Сәлделі сайтан» дастандары –ХІХ ғ-ғы Шығыс Түркістандағы халықтардың тағдырларын поэзиялық тілмен бейнелеген елеулі эпикалық шығармалар. Ақынның дастандарындағы жырлаған оқиғалар мен кейіпкерлер көркем әдебиет пен фольклор дәстүрлерінің өзара сабақтаса, өрілуімен танылады.

Ақынның аталған дастандарында ортақ негіз болған нәрсе –тарихилық. Тарихилық дегенімізі –көркем шығармалардың тақырыбы мен идеясына, композициясы мен сюжетіне, стильдік өрнектеріне арқау болатын өмірдің нақты деректілік мазмұны.

Ақынның «Назыгум» дастанында Қашқар жеріндегі ұйғыр халқының батыр қызының қайсарлығы, отаршыл жауларға бас имеген ерлігі жырланады. Дастандардың сюжетіне Шығыс Түркістан тарихындағы Жәңгір қажы бастаған 1826-1827 жыл/ғы ұлт-азаттық қозғалысының күрескерелір арқау болған. Қашқардағы Қытай манчжур билеушілеріне қарсы көтеріліп, уақытша жеңіске жеткенмен ақыры жеңіліске ұшыраған халық ерлігінің ішіндегі тұтқынға түскен Назымгумнің жауға бас имеген өжет мінезі сипатталады. Қытай мен қалмақ билеушілерінің тұтқынынан қашып, қайтадан қолға түсіп жүргенде де Назымгул зорлықшылардан өлтіріп кегін алады. Жау қолына қайтадан түскенде де бас имеген батыр қыздың жендетте басын шауып өлтіреді. Дастанның билеген отаршыларға қарсы халықтың ызасын, ашу-кегін Назыгум сынды батыр қыздың көркем бейнесі арқылы таныту.

Біләл Назымның «Сәлделі Сайтан» атты сатиралық дастанныда да Шығыс Түркістанның тарихындағы әлеуметтік мәні болған шындық оқиға сыншыл тілмен жырланған. Шығыс Түркістан ұйғыр. Қазақ,дүнген халықтарының ХІХғ тұрмысына Қоқаннан барған қожалардың әсері, ықпалы мол болған. Дастанның басты кейіпкері Юсуфхан өзін «исламның насихатшысы қожамын» деп өтірік таныстырып халықты алдайды.

Қожаларды әулиедей құрметейтін халық осы әзәзілдің сөзіне нанып, оған сый-құрмет жасап, оның шарапаты арқылы бақытты болатындарына сенеді. Адамдардың арамзалық қылықтарын шындық етіп насихаттайтын қошеметшілері де табылды. Бұл – дастан оқиғасының Шығыс Түркістан қожалар ықпалы жүрген кезеңмен сәйкестігін танытатын ерекшелік. Дастанның сатирлаық тілі халықтың аңқау көңілін де, алдаушыны да, өтірік қолпаштап пайда табушыларды да осылайша мысқылдайды.

Елді алдаушы Юсуфханның шын сырын білетін Әбдішәпітрің әзәзіл қожаың жұмсаған адамдарының қолынан қаза таыуы да нанымды суреттеледі. Ақын алдаушыларды әшкерлейтін адалдық иелерінің осылай мерт болуына бүкіл тіршіліктің де қайғыратын қалпын кейіпкерлік суреттермен өте әсерлі елестетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]