Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать

10. «Сәлделі Сайтан» б.Назым идеясы.

Біләл Назымның «Сәлделі Сайтан» атты сатиралық дастаныныда да Шығыс Түркістанның тарихындағы әлеуметтік мәні болған шындық оқиға сыншыл тілмен жырланған. Шығыс Түркістан ұйғыр. Қазақ,дүнген халықтарының ХІХғ тұрмысына Қоқаннан барған қожалардың әсері, ықпалы мол болған. Дастанның басты кейіпкері Юсуфхан өзін «исламның насихатшысы қожамын» деп өтірік таныстырып халықты алдайды.

Қожаларды әулиедей құрметейтін халық осы әзәзілдің сөзіне нанып, оған сый-құрмет жасап, оның шарапаты арқылы бақытты болатындарына сенеді. Адамдардың арамзалық қылықтарын шындық етіп насихаттайтын қошеметшілері де табылды. Бұл – дастан оқиғасының Шығыс Түркістан қожалар ықпалы жүрген кезеңмен сәйкестігін танытатын ерекшелік. Дастанның сатирлаық тілі халықтың аңқау көңілін де, алдаушыны да, өтірік қолпаштап пайда табушыларды да осылайша мысқылдайды.

Елді алдаушы Юсуфханның шын сырын білетін Әбдішәпітрің әзәзіл қожаың жұмсаған адамдарының қолынан қаза таыуы да нанымды суреттеледі. Ақын алдаушыларды әшкерлейтін адалдық иелерінің осылай мерт болуына бүкіл тіршіліктің де қайғыратын қалпын кейіпкерлік суреттермен өте әсерлі елестетеді.

Дегендей:

Ер түбіне есер жетті

Тұтасып қара бұлт нөсерлетті.

Қайысып қабырғасы тау жылады,

Қайғыдан жапырылды балқұрағы,

Дүние үн қатқандай күйініп бір,

Ақ қайың діріл қағып иіліп тұр.

Халықты алдаған, адал адамдарды өлтірген Эсуфханның оқиға шешімінде дарға асылып жазаланы. Тұрмыстық – салттық әдет –ғұрыптың дәстүріне сәйкес жырланады. Демек, ақын Біләл Назым барлық эпикалық дастандарында көркем әдебиеттің шынайылылығы, хал-ң мазмұн танытатын тарихилық әдісін көркемдік шішммен пайдаланған.

11. Боранды бекет.

Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы ең өзекті мәселесі- адамзат баласының сана-сезімінің рухани катаклизмі. Яғни, адамның рухани мәңгүртке айналуы. Аңыздық деректегі жарық дүниеге алып келген өз анасын атып өлтіру мәңгүрттенудің жеке адами трагедиясы болса керек. Ал бүтіндей бір халық, ұлт өзінің тегін, тілін, ділін, дінін ұмыта бастау-мәңгүрттіктің қоғамдық, ұлттық трагедиясы.

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романында адамзат тағдыры туралы проблема көтерген.

Роман бірден шиеліністен басталады. Едігенің еңбек жолындағы досы, замандасы Қазанғаптың дүниеден өтуінен өріс алады. Суық хабарды естіген Едіге абыржытар қазанын өзі емес, қазамен қашан да бірге жүретін адамның әлеуметтік тегі: Қазанғаптай ұл да, қыз да өсірген ардагердің демі түскен шақта аузына су тамызып, басын сүйеп, бетін жабар жан болмай, қаңыраған бос үйде жан тапсыруы.

«-Ақыр соңы сол болды бишараның. Қандай асыл еді десеңші! Ақырында жүзін жабатын адам да болмай қалды қасында,-деп назаланды Үкілібала жылап отырып.-Мұндай болар деп ойлап па едік! Ақырында...-деп барып «ит өліміндей болды» демекші еді, онсыз да түсінікті болған еді»[3;12]. Едіге іштей егіліп, ер азаматтың «ит өлімімен» дүниеден өтуі күйзеліске түсіреді. Осы оқиға Едігенің роман бойындағы барлық қимыл - әрекеті мен ойына қозғаушы болады. Белгілі ғалым, философия ғылымдарының доктары, профессор С.Ақатаев «Кісілік сабағы» мақаласында:«Әдетте, қаза тек Едіге емес, иісі қазақ үшін үлкен сын. Кезінде соғыстан миы шайқалып, мүгедек болып қайтқан Едіге Қазанғап қол ұшын созып, жәрдемдесіп, дос жолына малын садақа етіп, Едігенің босағасына Қаранарды байлап, шама шарқынша көмегін көрсетсе, енді, қазақ этнографиясының дәстүрлі жосығы бойынша, Қазанғап жолына Едігенің жаны садақа болар күн туды. Қаза дара келмей Едігенің өміріне ғасырға татарлық бір күнді арқалай келді,»-дей келе, Едігенің адам өлімін физиологиялық құбылыс емес, адамгершілік категориялардың тоғысқан, өмірмен жанды қатынаста тұрған философиялық тіршілік проблемасы ретінде қабылдайтынын атап өтеді[4;31].

Едіге тұлғасын театр сахнасына алып шыққан Кеңес Одағының Халық артисі Михаил Ульянов Едігені заманының ірі азаматы, (личность) қайталанбас ардагері (он был он!) деп таниды.

Автор Едігенің еш кедергіге көнбей, өз досын, теміржолшы Қазанғапты «Ана-Бейітке» жеткізуді мақсат ету, оның адамгершілік мөлдір сезімінің көрінісі.

Өмірдің қазығы – Едігелер. Олар үшін өткен тарих, бүгінгі күн, болашақ – бір тұтас, бірінен-бірі өрбіген бірінсіз-бірі жоқ даму кезеңдері. Оны үзбейтін, өмір отын сөндірмейтін осы Едіге секілді абзал жандар.

Едігенің бір күні ғасырға бергісіз. Себебі, суреткер бұл образдар арқылы өткенді, бүгінді, болашақты бір түйінмен беріп отыр.

Ол адам санасы, осы уақыттың ұлы өлшемін ажыратпауға қажет. Тек сондай жағдайда ғана нағыз патриот, гуманист, биік адамгершілік иесі болады. Едіге сондай адам.

Едігеге қарама-қарсы сомдалған бейне-Қазанғаптың жалғыз ұлы Сәбитжан бейнесі. Сәбитжан-рухани мәңгүрт жан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]