- •Түркі халықтары әдебиетінен емтихан жауаптары.
- •Әзербайжан әдебиеті, дамуы, өкілдері.
- •Н.Ганжауи шығармашылығы.
- •Сәйфи Құдаш шығармашылығы.
- •Қарақалпақ әдебиеті.
- •5 . Жиен жырау Тағайұлы.
- •6. Бердақ Қарғабайұлы.
- •7. Манас жырының зерттелуі.
- •8. Қырғыз әдебиеті.
- •9. Әлішер Науаи шығармашылығы.
- •10. «Сәлделі Сайтан» б.Назым идеясы.
- •11. Боранды бекет.
- •12. Біләл Назым ғазалдары.
- •13. Н.Ганжауи «Ләйлі - Мәжнүн»
- •14. Ғабдолла Тоқай
- •15. Ғалымжан Ибрагимов
- •16. Мақтымқұлы Фраги
- •19. Әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері.
- •20. Н.Ганжауи «Ескендір» дастаны
- •21. М.Физули.
- •23. М.Физули. Ләйлі Мәжнүн дастаны.
- •30. «Манас» жыры оның зерттелуі.
- •32. Айбектің «Науаи» романы.
- •33. Айбектің өмірі мен шығармашылығы.
- •34. С.Юлаев пен Махамбет өлеңдерінің ұқсастықтары.
- •39. Салауат өлеңдері «Туған елім», «Оралым». Екеуі де осы бір жауапта.
- •35. «Қырық қыз» дастаны.
- •45. Ә.Науаи ғазалдарының көркемдік ерекшелігі.
- •46. «Манас» жыры және м.Әуезов.
- •47. Ғ.Тоқайдың балаларға арналған өлеңдері.
- •48. Ғ.Ибрагимов «Қазақ қызы».
- •53. Бабырнама
- •55. Ә.Науаи «Фархад-Шырын» дастаны.
- •56. Татар әдебиеті. Ғ. Ибрагимов.
- •57. Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •58. Ә.Науаи «Жеті планета».
- •61.Физули шығармашылығы.
- •62. Ә.Науаи «Ескендір қорғаны» дастаны.
- •63. М.Фраги «Керекті», «Ер» өлеңдері.
Сәйфи Құдаш шығармашылығы.
Сайфи Құдаш, Сайфи Фаттахеддинұлы Құдашев (21.9.1894, Башқортостан, Уфа губерниясы Уфа уезінің (қазіргі Чишмин ауданының) Кляш ауылы — 26.6.1993, Уфа) — татар-башқұрт ақыны. Башқұрт АКСР-інің халық ақыны (1964), РСФСР-дің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984). Ауыл медресесінде (1904 — 13), Уфадағы “Ғалия” медресесінде (1915 — 18) білім алған. “Ғалия” медресесінде Б.Майлин, Ж.Тілепбергенов, Х.Бәсімов, Н.Манаевпен бірге оқыған, онда қазақ шәкірттерінің “Садақ” журналын шығарысқан. Қостанай өңірінде мұғалім болған (1913 — 15). 1930 ж. “Октябрь” журналының редакторы, 1943 — 48 ж. Башқортостан Жазушылар одағының басшысы болған. Қазақ ақыны Н.Наушабаевты ұстаз тұтқан, оған еліктей отырып, алғашқы өлеңдерін 1913 жылдан қазақ тілінде жазған. Оның “Азаттық жырлары”, “Ақ билеттілер туралы” (екеуі де 1917), “Қызыл жауынгер” (1926), “Дауыл шықты”, “Соқа жырлары”, “Күрес батыры” (1928), “Бақыт заңы” (1932), “Республика жырлайды” (1940), “Шақыру” (1942), “Шын жүректен” (1944), “Менің махаббатым” (1956), т.б. жинақтары жарық көрген. “Хат” (1930), “Менің ауылдасым” (1943) атты поэмалары бар. Сайфи Құдаш балаларға арналған “Баярлар бар кезде” әңгімесін (1928), “Әзір бол” өлеңдер жинағын (1935), “Бақытты балалық шақ” (1935) кітаптарын жазған. “Ұмытылмас минуттар” (1957) мемуарлық еңбегі жарық көрген. Ол “Жастық шақтың ізімен” (1964, 1984) естеліктер жинағында Абай шығармаларынан үзінділер келтіріп отырған. Сайфа Құдаштың Абай туралы екі мақаласы (“Абай Құнанбаев” “Қызыл Башқұртстан” газеті, 1945 ж. 19 тамыз; “Менің ұстазым” “Қазақ әдебиеті” газеті, 1971 ж. 25 мамыр) башқұрт және қазақ тілдерінде жарық көрді. Өмірінің соңына дейін қазақ әдебиетінен қол үзбей, қазақ қаламгерлерімен әдеби байланыста, тығыз қарым-қатынаста болды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Әр жыдларда жазған мақалаларында, естеліктерінде Абай есімін қастерлеп, оның шығармаларынан үзінділер келтіріп отырған. С-дің бұл саладағы еңбектері «Жастық шақтың ізімен» (А., «Жазушы», 1984) деген естеліктерінде топтастырылған. «Ақмоланың өзімен үндес, ағартушы ұлы ақын Абайдың:
«Көп адам дүниеге бой адырғал,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сез қалдырған»,
- деген елеңі Ақмолаға арнай айтылғандай. Меніңше, Абайдың бұл сездері кездейсоқ айтылмаған болса керек», - деп жазды (сонда. 465-6. ). Ол 1940 ж. Абайдың Москвада орыс тілінде жарық көрген елеңдер жинағына М. Әуезов жазған алғы сезіне: «Ол татардың бірінші ағартушы новаторы Шиһабетдин Марженидың еңбектерімен де танысқан» деген пікірін келтіре отырып, Абайды «атақты ақын», «ұлы ақын»деп бағалайды да, оның:
«Өлең - сездің патшасы, сез сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»,
деген төрт тармағына сілтеме жасайды.
Қарақалпақ әдебиеті.
Қарақалпақ әдебиеті. Қазақ - қарақалпақ, қарақалпақ - қазақ тілдері - түркі тілдес халықтар арасында ең жақын тілдердің бірі. Абайдың сөз өнері, туындылары қазақ халқына қандай ардақты болса, «сұрасқанда түбі бір, көріскенде түрі бір» қарақалпақхапқына«Қарақалпақ классикалық әде- биетінің биік шыңы Бердақ» шығармалары сондай бағалы, әрі қадірлі, әрі таныс. Екі халықтың сөз өнерін жасаушы қайраткерлері көркем сөз өнерін жасау жолында бірімен бірі қоян-қолтық араласып жүрді. «Түркістан уәлаяты» газетінің 1978 жылғы N° 11, 12 сандарында Күнқожа Шернияз ақынмен дос болып, хабарласып тұрғаны, Күнқожаның қазақ ақындары Күдерімен, Ұлбикемен, Құлымбет шайырдың Әбубәкірмен, Әжінияз қожаның Торғай облысындағы кіші жүз Тама руының Меңеш атты ақын қызымен айтысқаны туралы мақалалар басылған. Бердақ өзінің көлемді «Айдос би» дастанын қазақша жазды. Қарақалпақ поэзиясының лирик ақыны Әжінияз да өлең-жырларын қазақша жазған. Қарақалпақ ақындарының қазақтың суырып салма ақындарымен өнер сайысына түсуі, Бердақ пен Әжінияз секілді қарақалпақ әдебиеті саңлақтарының шығармаларын қазақша шығаруы - қарақалпақтардың Абайды түпнұсқада оқитындығын білдірді. Абай шығармалары қарақалпақ халқы арасында алғашында кеңінен насихатталды. 1899 ж. Т. Ізтілеуов Бұқарадағы әйгілі оқу орны Мир-Арабтың Кекелташ медресесінде оқыған. Жас ақын медресе сабағынан қолы босаған кездерде қарақалпақ еліндегі қазақтар мен қарақалпақтар арасында болып, соларға шығыс әдебиеті маржандарын, қазақ жырларын, Абай шығармаларын насихаттап, ел арасына таратумен айналысқан. Ол: «Хорөзм жұрты хабарлы, Шорахан, Төрткүл, Шымбайды Киіз үйлі қазактың Есіткен жері сөзімді Аяқасты қылмайды...»- дейді. Шорахан, Терткүл, Шымбай-Қарақалпақстандағы жер аттары. Төрткүл, Шымбай - елдің Нөкістен бұрынғы астанасы. Тұрмағамбет - Абай шығармаларын қарақалпақ еліне тұңғыш таныстырушы болса, Бердақ шығармаларын да Сыр бойындағы қазақтарға жыл құсындай алғаш жеткізуші. «Келд ңағы Жайхун бойын аралап, Қазақтарға жырлап бердің Бердакты...», - деген ақын 3. Дәулетбаевтың өлең тармақтары пікіріміздің дәлелі болмақ. Т. Ізтілеуовпен жиын- тойда талай бас қосқан, сырлас, сапарлас, дос болған ақын Қуаныш Баймағамбетов: «Ол Бердақ шығармаларын жаттап, қарақалпақ әнімен Садрид- дин Айниге жырлап берген», - дейді. Демек, Т. Ізтілеуов - Бердақ жырларын қазақтарға тұңғыш таныстырушы болса, әрі Бердақ шығармалары арқылы қарақалпақ әдебиетін С. Айни арқылы тәжік халқына, тәжік әдебиетіне бірінші жеткізуші. Абай шығармаларының қарақалпақ халқына таралуына әдебиетші ғалымдар елеулі еңбек сіңірді. Әдеб- иетшілер қарақалпақ әдебиеті тарихын зерттеу көзеңдерінде Абай есімін, шығармаларын атап отырды. Қарақалпақ халқының алғашқы академигі М. К. Нурмухамедов Бердақтың қарақалпақәдеб- иетіндегі алатын орнын «Пушкин - орыс, Шевченко украин, Руставели - грузин, Науаи - өзбек, Абай - қазақ, Мақтымқулы - түрікмен халықтары үшін қандай болса, Бердақ та қарақалпақ халқы үшін сондай», - деп бағалағанда, Абайдың дара ақын екенінмойындау, БердақтытануүшіносыҰлыақын- дарды тану қажеттігін нүсқағандығы. Қарақалпақ әдебиеті тарихының білікті зерттеушісі Баекеш Қалімбетов«Әжінияздыңлирикасы»еңбегінжазған- даАбайдыңӘжіниязбен, Әжінияздыңайырымшығ- армаларын Абай сатираларымен салыстырып, об- разжасаушеберліктеріненүндестіктабады. Ғалым Әжінияздың «Ала қүс» сатирасын былай талдайды: «Аспанда жүр ала-ала керініп, Жерге тұссе қүйрығынан сүрініп. Балақ жүні тепкірінен түріліп, Тарландай тітіренер біздің ала күс. Ала қүстың бүркіт көбі тырнагы, Хасла жаздырылмас үрса қармагы, Елге ауыр тұссе керек салмағы, Сонындай бимаза біздін ала күс». Халқымыз көбінесе түрақсыз, сатқын адамдарды сауысқанға теңейді. Ал сүм адамдарды - түлкіге, аңқауадамдардытүйегетеңеп.тағылымды сөздер- менен көпшілікті дүрыс болуға уағыздайды. Көпүна- мсыз адамдарға «хақкедей шық-шықтап» дейді. Міне, Әжінияз бұлжерде «Ала қүс» арқылы өзі жасағ- ан дәуірдегі ел билеген алаяқтарды хәккеге теңеп, көркем образды сөзбен әжуа етіп, түйреп отыр. Ал Абай шығармаларында бұл образ былай берілген: «Болыс болдым, мінеки, Бар малымды шығындап... Сөйтсе-дағы елімді, Ұстай алмадым мығымдап, Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбыңдап... Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап...» Абай сол дәуірдегі болыстардың барлық сырын астарламай-ақ сол табиғи қалпында беріп отыр. Бұдан біз тақырып бір болғанымен, көркем образ бен баяндау әдісінде әрбір өлеңнің өз стилі мен өз тәсілі бар екендігін кереміз. Абай пікірін болыстың монологі арқылы берсе, Әжінияз сол дәуірдегі би- лерді астарлы мәнде беріп, сынға алады. Ал шайы- рдыңдидактик.өлеңдеріненбасқаәзіргетабылған 195 қатардан тұратын Юмұхаммесібар. Оның «Шықты жан» мұхаммесі ешқандай шайырлардың ғазелдеріне ұқсамайды. Шығарма сюжеттік мазмұнда құрылған. «Дарбадар болып гөзибан, бұл алаште нешше ай, Тапмадым хуш бир хабар, кимди сорасаң пазней, Қалмақы хәш бир Алаш, мен гөзмеген мәғәр адай, Бұл пәлекниң гәрдишийдип басымда бардус ак, уай, Ах дәрийға, уақ, дәрийға, мың саңлы әрман шықты жан» -деген қатарларда шайыр лирикалық қаһарман ретінде әрекететіп, сол дәуірдің заман аламатын, өзінің заман қысымымен көрген азабын суреттейді. Әжінияздың мұхаммесіндегі бұл жолдары Абайдың:
«Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық,
Есітсем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздендім қаңғырып,
Баяғы жартас - бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас...» -
деген шумағымен үндес. Абай да өз дәуірінде қазақ халқының мәдениетке, азаттыққа ұмтылуын арман еткен ақын. Міне, бұл жоғарыдағы жолдардан екі ақынның халық деп соққан жүрегінің дұрсілі естіледі. Әжінияз сол дәуірде қазақ халқының мәдени жақтан артта қалғанына налып:
«Бұл казақтың жок дырханы, муфты, рәйис қазысы, Ләхзе саат карары жоқ, гүз, қысы, бахар, жазысы, Өзини суупы тутар, харамы ишип-жеп базысы, Қазан-аяқ, табағын аралап жүрер тазысы, Ах, дарийға, уақдерийға, мың саны әр маншықты жан...» - десе, Абай да өз үнін:
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі кан, бірі май боп енді екі ұртың... Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бүзған жоқ па елдің сиқын?..» және де:
«Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла толғанып,
Жұртым деуге арланып,
Өзге жұрттан ұялып...» -
деп.Әжіниязға үн қосады. Екі өлеңнің де халықты жоғарғы мәдениетке, Озық идеяға шақырғаны көрініп-ақ тұр. Әжінияздың «Керек» мұхаммесі мен Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...» өлеңі мен ғақлияларының «Екінші сөзін» салыстырсақ, екі ақынның туған халқының ғылымнан кенже қалғандығына өкінгенін, күйінгенін, надандығынан жиренгенін байқаймыз. Халықты білімге, мәдениетке жеткізбей тұрып, ел ішінен халық қамын ойлайтын жақсы азамат шығару мүмкін еместігі ақындар ойының түп қазығы. Омар шайырдың өмірі мен шығармашылығын Айымқұл Пірназаров «Омар шығармаларының суреттеу құралдары хақында» деген тарауында теңеу, адам портретін жасауда және феодалдық патриархалдық замандағы қыздардың ауыр тағдырын көрсетуде қарақалпақ қазақ ақыны Абайдың бір-біріне өте жақындығын дәлелдейді. «Алиф, дал әріптерін қыз мүшелеріне теңеп, сол арқылы өзінің ішкі сезімін беруге ұмтылушылық Молланепес, Алтынсарин, Абай, Әжінияз шығармашылығынан да табылады» - дейді. Қарақалпақ әдебиетшілерінің Абай есімін әр кез атап, ғылыми еңбектерінде сүйсіне баяндауы - Абайды қазақтыңғана емес, қарақалпақ халқына да ортақ, өлең өлкесінде шекараны білмейтін ұлы түлға екендігін дәлел.
