Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Н.Ганжауи шығармашылығы.

Низами Гәнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами (17.8.1141, Гәнжа қ. – 1209, сонда) – Әзірбайжан ақыны. Негізгі шығармалары парсы тілінде жазылған. “Гәнжауи” – оның лақап аты. Әкесі Иранда, кейін Гәнжа шаһарында тұрған, ұлын түркі халқының дәстүрінде тәрбиелеген. Низами 11 – 12 ғасырлардағы Тұран, Иран, Кавказ билеушілерінің тақ таласын батыл сынап, ел тұрмысын жырлады. Оның басты шығармасы – “Хамса” (“Бес кітап”), оған “Құпиялар қазынасы” (1173 – 80), “Хұсрау – Шырын” (1181), “Ләйлі – Мәжнүн” (1188), “Жеті сұлу” (1197) және “Ескендірнама” (1203) атты бес дастаны кірген. Лирик. өлеңдер жинағының жеке бөлімдері, 6 қасида, 116 ғазел, 2 қыта, 30 рубаи, тағы басқа туындылары сақталған. Низами дастандары композициялық құрылымы, сюжет тартымдылығы, тіл көркемдігі және биік адамгершілік идеясымен ерекшеленді. “Құпиялар қазынасы” – 20 тараудан тұратын діни философиялық поэма, ақын мұнда ел билеушілерін әділдікке, халқына қамқор болуға шақырады. “Ләйлі–Мәжнүн” көне араб аңызының сюжеті негізінде жазылса, “Жеті сұлу” Баһрам Гур шаһ жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баһрам Гурдің жеті әйелінің әңгімесі арқылы мазмұндалып, патшаның әділдік жағында болуы мен зұлымдыққа қарсы күресі суреттелген. Ақын “Ескендірнама” немесе “Даңқ” кітабында Ескендірді данышпан, әділетті патша ретінде бейнелеген. Низами шығармалары көптеген шығыс ақындарына әсер етті, 13 ғасырдан оның поэмаларына еліктеп жазылған туындылар пайда болды. Мысалы, Әмір Хұсрау Дехлеуи, Ә.Науаи, Ә.Жәми, тағы басқа ақындардың дастандары. “Хұсрау – Шырынды” 1383 ж. Сарай Беркедегі қыпшақ Құтып жырға қосса, “Жеті сұлу” дастанының “Турандот ханшасы” атты бөлімін неміс ақыны Гете жырлаған. Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына тараған. Низами дастаны негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазса, Шәкерім де шығармасында Низами сюжеттерін пайдаланған.

Азербайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде жазған. өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас кезінде лирикалық өлеңдер жазып көрді. 1173 жылы Аппақ атты қыпшақ қызына үйленіп, көп өлеңдерін соған арнаған. Низами Гәнжауидың негізгі шығармасы ''Хомсе'' (Бес кітап''). Оған ''Құния қазына'' (1173-80), ''Ләйлі мен Мәжну'' (1188), ''Жеті ару'' (1197), және ''Ескендірнама'' (1203) атты бес дастаны кіреді. Лирикалық өлеңдер жинағының (динаванның) жекеленген бөлімдері 6 қасида, 116 ғазел, 20 рубай сақталған. Низами дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гумманистік идеясымен ерекшеленеді. ''Құпия қазына'' - дидактикалық-философиялық поэма. Ақын онда өкімет басшыларын әділ болуға, қармағындағы халқына қамқорлық жасауға шақырады. Поэма діни сарында жазылғанымен негізінен гуманистік мақсатты көздейді. ''Хұсрау мен Шырын'' поэмасында Хұсрау Шаүхтың Шырын сұлуға деген махаббаты суреттелген. Шығармада басты кейіпкер ретінде Шаүх емес, әйел бейнесі алынған. Автор Шырынды ғажайып қасиет иесі етіп көрсетеді. Поэмада ерлік пен адамгершілік үлгісі ретінде Фаррүад суреттелген, ''Ләйлі-Мәжнүн'' поэмасы екі араб аңызының сюжеті негізінде жазылған. ''Жеті ару'', Баүрам Гоур шаү жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баүрам Гурдің жеңіл мінезді Шаүзададан біртіндеп ақылды да әділ патшаға айналуы, жолсыздық пен зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халін көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерлейді. Соңғы поэма ''Ескендірнама'' деп аталады. Автор бұл поэмасын өз творчествосының қортын-дысы - деп санайды. Низами Гәнжу творчествосы кейінгі дәуірлерде, шығыстың көптеген ақын-жазушыларына елеулі әсер етті. 13 ғасырдан бастап Низами поэмаларына еліктеп жазылған ондаған шығарма пайда болды. Мысалы, оған Әмір Хұсрау Дехлеун, Ә. Науаи, Ә. Жәми Каши тағы басқалардың дастандарын жатқызуға болады. Низами шығармалары қазақ еліне көптен мәлім. Оның дастандары ерте кездің өзінде-ақ қазақ арасына ауызша және жазбаша түрінде кеңінен таралған. Низами Гәнжауи негізінде Абай ''Ескендір'' атты поэма жазып, ұлы ақынның идеяларын одан әрі дамыта түсті. Совет өкіметі жылдарында Низами творчествосы Қазақстанға кеңінен тарады. Оның ''Ләйлі-Мәжнүн'' дастаны қазақ елінде бірнеше кітап болып басылды. Ақын шығармасы жөнінде қазақ ғалымдары М. Әуезов, Е. Исмайлов, А. Нұрқатов т. б. мақалалар жазды.

Низамидың тәрбие тағылымдарында - халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында поэма мен дастандарында - тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік - ақыл мен еңбек-тің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.

Ғұлама Низами - адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада - айнала ортадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көрініс-теріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарас-тарға қарсы шықты.

Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшы-демократиялық педагогиканың негізін салушы В. Т. Белинский - өзінің 1829 жылы жазған ''Ойлау'' атты тәрбие жөніндегі шығармаларында: ''Тәрбие-нің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдауси мен Низамидей тәрбиенің тегін терең түсінген - ғұлама, тәрбиенің күшімен ''Ләйлі мен Мәжнүн'' мен ''Шаүнамадай'' ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады - деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ Белинский бұл ғұламалардың тәрбие тағылымдарын талдай келіп, өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның рөлін шетінен асыра бағалады. Мысалы, Низамидің лирикалық шығармалары ғасыр біткен сайын, дәуір өзгерген сайын жаңарып, үлгі ретінде қабылданып келген, кейінгі ғасыр-ларда туған лирикалық поэмалар мен дастандар, ''Қызжібек пен Төлеген'', ''Қозы мен Баян'' осы ''Ләйлі мен Мәжнүн'' негізінде жазылған. Бұл шығарма ''Ләйлі мен Мәжнүн'' бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның Кавказ халықтарының төл туындысына айналып келген.

Низамидың қай шығармасын алсаңыз дене еңбегі, оның ішінде еңбек тәрбиесі адамнан ажырамайтын, адамның күнделікті тіршілігінің негізгі борышы делінеді. Бүгінгі педагогикалық еңбек тәрбиесі туралы ой-жүйесі бостандықты, әйел теңдігін, езгіден құтылу, жеке адам-ның қол өнершілдігі, кәсіпкерлігі, ауыл шаруашылық еңбегінің салалары, әр түрлі мамандықты меңгерудің қажеттілігі жатыр делінген. Олардың түсінігінше мамандық - жақсы тұрмыс, молайыр өмір сүрудің өзінің бостан-дығын да қорғай алады.

Низамидің ''Ләйлі мен Мәжнүндегі'' жеке адамдар-дың бас бостандығы, әсіресе әйел теңдігімен оның бостандығы, жастардың арасындағы арақатынастық пен махаббат тақырыбы -бүгінгі адамгершілік, ақыл-ой, еңбек пен еңбек тәрбисінің бастауы - негізгі сілемі.

Низамидың тағылымдары, өзі өмір сүрген ортадағы ой-пікірін, бүгінгі тұрғыдан талдасақ, оның шығарма-ларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцип-тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс. Халыққа деген сүйіспеншілік, бұл сүйіспеншілікті сол халықтың бағыттылығы жолындағы күреспен ажырамас-тай байланыстыру - ғұламалардың артына қалдырған негізгі педагогикалық идеясы еді. Олар бұл үшін өз халқы-ның өмірінен алшақ кетпей алдыңғы қатарлы мәдени қазынаны халық бұқарасының рухани өмірінен азық етуді, сол жолда өмір бойы адал қызмет етуді қатты талап етті. Низами тағылымдарын сұрыптайтын болсақ: өз жеріміз-ден, өз айналамыздан дәуіріміздің алдымызға қойған сұрақтарын сұрыптап алып, сол сұрақтарға қанағат-танарлық толық жауап беру біздің басты міндетіміз - деген тұжырым жасауға болады.

Фирдауси мен Низами мұраларын ғасырдан ғасырға дейін жалғастырып, біздің дәуірімізге -дейін алып келген Жүсіп Баласағұн, Ахмед Яссауи, Әлішер Науай, Омар Хаям, әл Бозажани, әл Бируни, әт Туси, Мақтымқұлы, әбу Бәкір ән Наршаү т. б. болды.

Қазақ жеріне таратқан, тұңғыш таныстырған Абай мен Абай мұрасын зерттеушілер болды. Мұхтар Әуезов 1926 жылы жазған ''Қаракөз'' пьесасын - ''Ләйлі Мәжнүн'' негізінде жазған. Демек, Фирдауси мен Низами туынды-ларының ауқымы кең - бұлар Кавказ бен Азиядан басталып бүкіл Қиыр Шығыс елдерін қамтыған мол мұра.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]