Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать

32. Айбектің «Науаи» романы.

Науаидің өміріне, заманына, бас қасиеттеріне, ұлы еңбектеріне арналып шыққан шығармалардың ең зоры — "Науаи" романы. Өзбекстанда Әлішер шығармаларын, оның заманын, өмір тағдырын ең мол зерттеп, тегіс таныған, әрі үлкен талантты жазушы, әрі білгір, ізерлі ғалым Айбек бұл романында өзінің қанатын кең жайған. Социалистік реализм әдісін осы романды жазуда өзінің анық айқын арнасы етіп алған жазушы өзбек тарихында Герат мәдениетінің дәуірін кең ашып көрсетеді. Оқушыға мол білім береді. Адамдарын заманының, ортасының өзіне сәйкес тілімен сөйлетіп, ойымен ойлатып, көңілге қонымды сезімімен сезіндіре біледі. Бұл романда әр түрлі қоғамдық орталардың көп өкілдері майданға шығады. Бір жағы халық, бір жағы патша сарайы, қанаушы топтардың саты-саты тартыстарын, Әлішер айналасындағы қоғамдық өмірдің бар қайшылықтарын ашады.

Мұнда адал еңбек соңындағы момындар, солардан шыққан адамдық қасиет иесі ерлер, әйелдер көрінеді. Ауыр еңбек, үмітсіз бейнет басқан, жоқшылық жүдеткен жабайы көпшілік те түгел танылады. Мастыққа, азғындыққа ауысқан хан сарайында елді жеуден тояры, тынымы жоқ, жеміт уәзірлері таңбаланады. Ел басына солар салып жатқан соғыс, салық, зорлық, қиянат апаттары әйгіленеді. Осындай ортада ғылымның, өнердің, азаматтық сананың биік шыңындай боп, заманынан иығы асып жүрген халық қамқоры Науаи өз ортасымен тығыз байланыста, алыс әрекет үстінде суреттеледі.

33. Айбектің өмірі мен шығармашылығы.

Мұса Ташмұхамедов.

Айбек (шын аты-жөні — Мұса Ташмұхамедов; 10.1.1905, Ташкент, — 1.7.1968, сонда) — өзбек жазушысы, әдебиет зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері. Өзбекстанның Халық жазушысы (1965 жылы), Өзбекстан Ғылым Академиясының академигі (1943). Ленинград халық шаруашық институтында оқыған (1927 — 29 жылдары), Орта Азия мемлекеттер университетін бітірген (1930 жылы). 1943 — 59 жылдары педагогикадық қызметпен шұғылданды. “Шарқ юлдузи”, “Өзбек тілі мен әдебиеті” журналының бас редакторы, Өзбекстан Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Сезім” 1926 жылы жарық көрді. “Киелі қан” (1940 жылы), “Науаи” (1945 жылы; КСРО Мемлекет сыйлығы, 1946 жылы), “Алтын алқаптың желі” (1950 жылы), “Күн сөнбейді” (1958 жылы), “Ұлы жол” (1967 жылы) романдары, “Жарық іздеу жолы” (1956 жылы), “Әлішердің балалық шағы” (1974 жылы) повестері жарияланды. “Жүрек сырнайы” (1929 жылы), “Поэмалар” (1949 жылы), “Күн туралы ән” (1965 жылы), “Отты жылдар” (1965 жылы), “Жүрек әні” (1966 жылы), “Науаи” (1968 жылы) т. б. поэзиялық жинақтары жарық көрді. Өзбек, қазақ халықтарының туысқандық ынтымағына арналған “Бақтығұл мен Сағындық” (1933 жылы) поэмасы бар. “Киелі қан”, “Науаи” романдары, “Балалық шақ” повесі қазақ тіліне аударылған. 2 рет Ленин орденімен марапатталған.

34. С.Юлаев пен Махамбет өлеңдерінің ұқсастықтары.

39. Салауат өлеңдері «Туған елім», «Оралым». Екеуі де осы бір жауапта.

Башқұрт халқының жауынгері, батыры және ақыны Салауат Юлаевтің (1752-1800) бабалары аманат етіп қалдырған Отанына, туған жеріне, атамекеніне арналған өлеңдері қазақ ақын-жырауларының тектес туындыларымен үндестігімен баурайды. Салауат ақынның «Туған елім», «Оралым», «Киіз үйім», «Юрузән – туған өзенім», «Ақеділ ақса қиядан», т.б. өлеңдері ұрпақтардың азаматтық-отаншылдық дүниетаныммен рухтанған болмысын айқын аңғартады. Ақын туған жері Орал тауы атырабындағы қырларды, суларын, ормандарын, қарлы шыңдарын перзенттік махаббат сезімімен тебірене толғайды:

Қайран, менің қырларым,

Балдай тәтті суларым.

Сайын-сахарам, орманым,

Көкке өрлеген Оралым!

Ақ мекенім – ізгі елім,

Мен ғашықпын Сізге, елім!

Салауат ақынның атамекенді ардақтаған мәңгілік сағынышқа, перзенттік-отаншылдық сезімге толы жыр жолдары («Ай, Оралым, Оралым, аяулым, ару Оралым! Тілімде сөзім бітсе де, бітпей-ақ қойды жырларым», «Мадақтап қурай ойнасам, бітпейтұғын күй екен, даңқыңды айтып жырласам, бітпейтұғын жыр екен») қазақ жырауларындағы атамекенге арналған толғауларымен үндес жырлануымен ерекшеленеді. Мысалы, Қазтуған жырау Сүйінішұлының (XV-ғасыр) «Қайран менің Еділім, мен салмадым, сен салдың; қайырлы болсын Сіздерге менен қалған мынау Еділ жұрт…», Доспамбет жыраудың (XVI ғасыр) «Азау, Азау дегенің әл-Ғұсман-паша жұрты екен, дін ісләмнің кірті екен», «Айналайын, Ақ Жайық, ат салмай өтер күн қайда», «Еділдің бойын ен жайлап, Шалғынына бие біз байлап, орындықтай қара сабадан бозбаламен күліп-ойнап, қымыз ішер күн қайда!», Жиембет жырау Бортоғашұлының (XVII ғасыр) «Қол-аяғым бұғауда тарылды байтақ кең жерім», «Қайрылып, қадам басарға күн болар ма мен сорға, Өзен, Арал жерлерім?!», Ақтамберді жырау Сарыұлының (1675-1763) «Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар, Жағалтайдың жағасы жасыл да байтақ ну болар», «Еділ, Жайық екі өзен, талсыз болар деймісің, Көкшетаудың көп көлі елсіз болар деймісің, Абылай қонған кең қоныс елсіз болар деймісің» және т.б. жыраулар толғауларындағы байырғы ата-бабалар қоныстарын ұрпақтардың атамекендерін перзенттік сағынышпен жырлауы ортақ дүниетаным тағылымын байқатады. Әсіресе жауынгерлік қаһармандық жырларымен ұлттық-тәуелсіздік-отаншылдық күрес қызметін тұтастандырған Махамбет Өтемісұлы (1802-1846) өлеңдеріндегі атақоныстарға арналған бейнелі өрнектер мен Салауат жырлары поэтикалық үндеспен жырланған. Мысалы, «Қоғалы көлдер, құм, сулар, кімдерге қоныс болмаған?! Саздауға біткен құба тал кімдерге сайғақ болмаған?!», «Ағыны күшті ақ дария қаһарланып толқиды», «Қарақұс қонбас көк сеңгір басына құсты қондырмас», «Біз ер едік, ер едік, ен Нарында жүргенде қалмаққа шатыс хандарды қабыландай қайраңға салып етін талай жеп едік», «Жайықтың бойы көп шалғын күзерміз де жайлаймыз», «Аймақ та аймақ, аймақ көл, дария болып шалқымас аяғы төмен аққан соң», «Адыра қалған Нарынның Теңіз деген суы бар, Жағасына жағалай біткен қамыс деген нуы бар. Адыра қалған Нарынның Жайық деген суы бар, жағасында жары бар, қабығында қары бар», т.б. көркем кестелі тармақтардың поэтикалық-мағыналары азаматтық ой тереңдіктерімен баурайды.

Әсіресе Салауаттың атамекен Орал тауы атырабын, башқұрт халқының ұлттық-этнографиялық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын ғасырлар бойы сақтап келген атамекендер сипатын романтикалық-реалистік сарындар тұтастығымен бейнелеп жырлаған өлеңдерімен үндес өрнектерді Махамбет жырларынан да оқимыз. Мысалы, Махамбет ақынның «Нарында» атты өлеңіндегі бейнелі өрнектер туысқан башқұрт және қазақ халықтарының ортақ дүниетаным көзқарастары рухымен жырланған.

Салауат пен Махамбет – башқұрт және қазақ халықтарының ойшылдық-даналық толғаныстарын филосо­фиялық-дидактикалық мағыналы тұжырымдарымен жырлаған ақындар. Екі ақынның философиялық-дидак­тикалық сарынды жырларында халықтардың адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбие, азаматтық ұстаным заңдылықтары туралы ойлары ұстаздық-тәлімгерлік насихат көзқарастарымен бейнеленген. Ақындардың ұрпақтарды ұлттық-отаншылдық, азаматтық дүниетаныммен тәрбиеленіп өсуін, қалыптасуын, сол арқылы халықтардың мәңгілік сақталуын ойлаған ой, тереңдіктері танылады. Мысалы, Салауат ақынның «Жігітке», «Ауыз ішінде тіл жүрер», «Тойда төсін кергілеп», «Атқа мін, ерлер, ағалар», «Жалп-жалп еткен жапалақ», «Әуелеп ұшқын ақ сұңқар», т.б. өлеңдеріндегі азаматтық-күрескерлік сарындардың ұрпақтардың ұлттық санасын серпілтуге, жақсылық жолынан айнымауға үндейтін әсерлілігі, ықпалы анық байқалады: «Бүгәшәумен қос болып, батыр ермен дос болып» эпикалық толғауындағы көркем кестелі жыр өрнектерінен ұрпақтарды қаһармандық-жауынгерлік рухтан айрылмауға, бостандық, тәуелсіздік жолындағы күрестен ай­нымауға шақырған өршіл оптимизм сарыны айқын естіледі:

… Бетегелі боз дала,

Кімдерге төсек болмаған?

Жағасына құс ұялап,

Жағына шыбын-шіркей балалап,

Ер жігіттің қайда басы қалмаған?

Батпандай жүктен белің бүгілмей,

Қып-қызыл қан түкірмей,

Өткелектен өтпей, от кешпей

Адал қанын бір төкпей,

Башқұртқа ерік тиер ме?

Көк лашынның баласы,

Талпынып-талпынып, торда өлер.

Жақсы атаның баласы

Жорықта күні жауда өлер.

Қаршыға өтпес орманнан

Лашын өтер әрі ұшып.

Қор боп тірі жүргенше,

Жауда өлейік алысып!

…Бүркітпей көкте ұшайық

Балықтай суда жүзейік.

Бұландай қырда желейік,

Тілегіміз қабыл болсыншы!

… Батыр ермен дос болып,

Қазақтармен күш болып,

Сол тілекке жетейік,

Азат өмір етейік!

Салауат ақынның халықтың еркін, азат өмір сүруі, халық ұрпақтарының жауынгерлік-қаһармандық рухынан, азаматтық-адамгершілік асыл қасиеттерден мәңгілік айрылмауы туралы ойлары Махамбет ақын өлеңдерімен де үндеседі. Махамбет ақынның «Ереуіл атқа ер салмай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Атадан туған аруақты ер», «Беркініп садақ асынбай», «Туған ұлдан не пайда?», «Еңселігім екі елі», «Мен едім», «Ұл туса», «Менің атым – Махамбет», «Азамат ердің баласы», «Мұңайма», «Айныман», т.б. өлеңдерінің Салауат батыр-ақынның халқының мәңгілік еркіндікпен, өсіп-өнуін, өркендеуін ойлаған арманды ойларымен үндес жырланатынын сезінеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]