Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать

21. М.Физули.

ФИЗУЛИ Мұхаммед Сүлейманоғлы (1494-1556) — азербайжан ақыны. Азербайжан, парсы, араб тілдерінде жазған. Шығармалары қолжазба күйінде тарап, 19ғ-да Азербайжан, Түркия, Ирак және Орта Азия елдерінде бірнеше рет жарияланған. Бізге жеткені 11 қасида мен бір өлеңнен тұратын (барлығы 450бәйіт)араб тіліндегі жинағына. Ф-дің поэтика. мұрасынан елеулі орын алатыны - лирикалары мен қасидалары. Ф. туындылары қазақ оқырмандарына кептен таныс. Оның мұрасының шырқау шыңы - «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын Абайдың немере інісі, қазақтың көрнекті ақыны Ш. Құдайбердиев қазақ тіліне аударған. Абай Ф-ді езіне ұстаз санаған. Ақынның шығыс поэзиясы классиктерімен, соның ішінде Ф. туындыларымен танысуы медреседе оқып жүрген кезінде басталған (қ. Шығыс әдебиеті). Осы кезеңде жазған «Фзули, Шәмси, Сәйхали» өлеңінде шығыс классиктерін тілге алып сиынады, олардан медет тілейді.

Мухаммед Физули - әзербайжан халқының үлы ақыны (1448- 1556). Алғашқы еңбегі "Пікірлержүйесі" - еекі грек философтарының шығармаларынан мьісалдар келтіреді. 1537 ж, "Ләйлі - Мәжнүн" п о эмасын жазды. Оның "Жүрек досы", "Денсаулық пен дерг", "Шарық- тау менсезім", "Кезбе мен Та куда" атты шығармалары үш тілде жазы-лған ғазалдары, Физули поэзиясы туралы: ГІоәзия- ақыл- оңцыңжиын-

тығы - өленді анаиың өзі де жек көрмейді, Өлеңці бағаламау - өмірді бағаламаумен бірдей. Оңда айтылатын пікірііер адамға ой салады. Сон- дықтан халық оны жақсы көреді. Оны шығарушы ақыңдары кұрмет

түтады... "Мен поэзия бақшасының ішіңде жүргеңде шындықтыңхош иісті ауасымен дем аламын"- дейді. Физули ғазалдарыныңтақырыбы- махаббат, қоғамға деген көзкарас, дін иелерін сынау, ғылым мен мәде-

ииет. "Бір құдайға", "Жүрек досыи деген ғазалдары "Ләйлі- Мәжнүн"- XVI ғ. феодалдық - патриархалдьіқ құрылысты сынау, жастар бостан- дығыныц Ләйлі мен Мәәжнүн бейнелерінің таиғаты.

23. М.Физули. Ләйлі Мәжнүн дастаны.

Дастанның негізгі кейіпкері Ләйлі мен Мәжнүн. Олар ата-анадан жалғыз, кішкене кезінен бірге тәрбиеленген. Екі жастың өсе келе өртке айналған махаббат сезімдеріне қыздың әкесі қарсы болады. Оқиғаның шиеленісуі де осы тұстан басталады. Сүйіктісіне қолы жетпеген Қайыс елден безіп, аңдарға қосылып кетеді, сөйтіп Мәжнүн аталады. Ләйліні әкесі өзге біреуге бермек болады, бірақ, онысы іске аспай қалады. Ақыр соңында ғашықтар бір қабірде табысады. Дастанның басқа да кейіпкерлерінің барлығы дерлік екі жастың махаббаттына тілеулес. Осындай қоғамда дүниеден өткен Ләйлі мен Мәжнүн хикаясы кіршіксіз сезімнің, адалдық пен махаббаттың белгісіндей көрінеді.

30. «Манас» жыры оның зерттелуі.

Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдеби дастанының белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан Уәлиханов еді. Бірақ Шоқан жазып алған «Манас» жырының қырғызша мәтіні көп замандар ғылымға белгісіз болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шығаруды Шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдардың талайы талап еткен еді, алайда, өкінішке орай, оның сәті түспеді. Өйткені Шоқан нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, ұшты – күйлі жоқ болды. Шоқанның еңбектерін бірінші рет баспаға дайындаған – Н.И. Веселовский, 1902 жылы 21 наурыз күні, Археология қоғамының Шығыс бөлімі мәжілісінде ғалымдарды Шоқанның «Манас» жырын аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың қырғыз мәтінінің жоғалып кеткеніне қатты күйзелген болатын «Көкетай ханның ертегісі» деп аталатын бұл жырды тегінде Шоқан түгел аудармаған және бұл аударманың өзін Р.Н.Потанин болмағанда табу оңай емес еді. Аударма Шоқанның ескі досы К.К. Гутовскийдің үйінен табылады. «Көкетай ханның асы» деп аталатын бұл үзінді аудармасын Н.И. Веселовский қысқаша түсініктермен Шығыс бөлімінің журналында жариялайды. Одан кейін Шоқанның аудармасы баспадан бірнеше рет жарияланып, Шығыс, Еуропа ғалымдары «Манас» жырымен ең алғаш осы арқылы танысты.

«Манас» жырының Шоқан жазып алған нұсқасын табуға себепкер болған Шоқанның замандас досы, белгілі татар ғалымы Хұсаин Фаизхановтың Шоқанға жазған хаттары болған.

Мақалалары мен зерттеулерінің арасында Шоқан Уәлиханов «Манас» тақырыбына жиырма шақты рет арнайы тоқталып, сөз еткені мәлім. Солардың басы құралып келгенде Манастанудың алғашқы айрықша бағалы тарауы келіп шығады. Ғалым «Манас» мәселесіне өзінің «Қырғыздар туралы жазбалар» деген еңбегінде неғұрлым көбірек назар аударған. Сондай-ақ зерттеуші» Ыстықкөлге 1856 жылғы сапар күнделігінде», «Оңтүстік Сібір рулары тарихынан жазбалар» атты очерктерінде де бұл жырдың тарихына, таралу, сақталу жағдайына мән бере қарайды. Осылардың әрқайсысында «Манастың» генезисі, эволюциясы, тарихи шындыққа қатысы жөнінде күрделі ойларын тізеді. Шоқан мен В.В. Радловтан бұрын «Манас» жыры Еуропа әдебиетінде мүлде белгісіз болатын. Оның қысқаша мазмұнын ең алғаш қағаз бетіне түсіріп кеткен ХVІ ғасырдың бас кезінде Ферғанада жасаған Сейфуддин Аксикенти еді.1 Бірақ Сейфуддиннің жазғандары Орта Азия халықтарының әдебиетіне кеңінен тарамай, сол дәуірдің өзінде белгісіз болып қалып қойған. Ол «Манас» жырын бірінші рет қағаз бетіне түсіріп, оның қандай мазмұнда айтылғанын болжап кеткен кісі. Бірақ Сейфуддин дәуірінен ХІХ ғасырдың ортасына дейін, көп заман өтіп (3,5 ғасыр), «Манас» жыры мәдениет дүниесінде бүтіндей белгісіз болып келген. Бұл жырды бірінші жарыққа шығарып, оны ғылымның игілігі еткен – Шоқан, одан кейін бар өмірін түркі тілдес елдердің әдебиеті мен тілдерін зерттеуге жұмсап, жойқын еңбек қалдырған қадірлі ғалым академик В.В. Радлов. «Манас» жырын зерттеуші ғалымдар бір ғасыр бойы екі саңлақты бетіне ұстап, олардың еңбектеріне сүйеніп келді, әлі де сүйенбекші. Қазақ пен қырғыз халқының әдебиет мұраларын, оның ішінде «Манас» жырын жинауға бірталай үлес қосқан татар мұғалімдері болды. Олардың ішінен ең алғаш жинаушылар қатарында Бахтияр Абдул – Уахабты көрсетуге болады. 1889 жылы бұл кісі қазақ пен қырғыз халқын кең аралап, олардың айтуынан көптеген қызықты ертегі, жыр, тақпақ, нақыл сөздер жазып алады. Бахтиярдың жазғандарынан «Манас» жырын зерттеуге көмекші болғандары «насихат», өсиет өлеңдер» болмаса «керәәз». Бұл соңғы жырлар Көкетай мен Манастың өсиет сөздерімен тығыз ұштасып жатады.2

Ә. Диваевтың кеңесі бойынша, төңкерістен бұрын «Манас» жырын жазып алуға шұғыл кіріскен кісінің бірі–Қаюм Мифтах. Ол көптеген жыл бойы ауруды, шаршауды керек қылмай, «Манас» жырының толық түрін жазып алуды өзіне мақсат етіп қойып, он үш мың беттік қолжазба тізеді.

31. Ш.Айтмаов.

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов [1](12.12.1928 жылы туылған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Европа Ғылым Академиясының академигі, Социалдық Еңбек Ері. «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты. “Әшім” атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін “Аспалы көпір” (1956), “Бетпе бет” (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі “Жәмила” повесі (1958). Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы, Луи Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмила бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]