Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПНИ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.28 Кб
Скачать

15. ЖОО-дағы ғылыми жобаларды жіктеу

Жоғары оқу орындарында ғылыми, білім берудің нормативтік құжаттарын (мемлекеттік стандарт, типтік бағдарлама) әзірлеу, оқу басылымдарын дайындау тәрізді жобалар орындалады. Жоғары оқу орындарында орындалатын ғылыми қызметті үш негізгі топқа бөлуге болады:

1) Теориялық (ғылыми): ғылымның басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу;

2) Қолданбалы:

- жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне қатысты ғылыми проблемаларды зерттеу

- нәтижелері оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін зерттеулер мен жобалар;

3) Білім беру:

– ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

– ғылыми-педагогикалық құрамның ғылыми біліктілігін көтеру

Жоғары оқу орындарында ғылыми қызметті ұйымдастырудың негізгі формасы – ғылыми жобалар, олар зерттелетін проблемалардың деңгейі мен құрылымы, салалық бағытталуы, қатысушылардың құрамы, қаржыландыру сипаты мен орындалу мерзімі бойынша жіктелуі мүмкін.

ЖОО-да жобаларды іске асыру өзіндік ерекшеліктерге ие:

  • Ғылыми қызметтік басқару жүйесінің өзіндік иерархиялық құрылымының болуы;

  • Тиісті салалық Министрліктердің тапсырысы бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • Көптеген жобалардың коммерциялық сипатта болмауы және бюджеттен қаржыландырылуы

  • Ғылыми әлеуеттің оқу-ғылыми бөлімшелерде таралып кетуі (факультет, кафедра).

Жоғары оқу орындарында орындалатын ғылыми жобалар мынадай принциптер негізінде жүзеге асырылады:

– ғылыми және білім беру процестерінің бірлігі және олардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына бағытталуы;

  • Мемлекеттік реттеу мен өзін-өзі басқарудың ұтымды ұштастырылуы;

  • Зерттеудің басым бағыттарында ресурстардың шоғырландырылуы;

– ғылыми қызметке жастардың тартылуы

– ғылым мен білім берудің ұштастырылуы және халықаралық деңгейдегі байланыстарды жүзеге асыру.

ЖОО-да орындалған жобалардың тиімділігін тексеру барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі сараптамалар ұйымдастырады. Сараптамада мына мәселелерге көңіл бөлінеді:

  • Жобада көрсетілген тапсырмалар көлемі мен бюджеттік қаржыландыру көлемінің сәйкестігі

  • Бұрын жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін бағалау

  • Ұсынылған жоба тақырыбының мемлекетте ғылымның дамуының басым бағыттарына және ЖОО ғылыми бағдарына, кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетіне сәйкес келуі

  • ЖОО жетекші ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсету

  • Жобаларды орындауға магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың (35 жасқа дейінгі) қатыстырылуы

  • Ғылыми жобаны индекстеудің Ғылыми-техникалық ақпаратты мемлекеттік рубрикаторы (ГРНТИ) кодтарына сәйкестігі

  • Ғылыми жобаның түрінің (іргелі, қолданбалы, инновациялық) дұрыс анықталуы

Жоғары оқу орындарында жобаларды (ғылыми жоба, білім берудің нормативтік құжаттарын әзірлеу және т.б.) орындауды ұйымдастыру процесстік ұстаным негізінде жүргізіледі.

16. Іргелі және қолданбалы жобалар

Ғылымда іргелі және қолданбалы бағыттарды анықтайды. Іргелі зерттеулер табиғат пен қоғам дамуының объективті заңдарын арнайы бір практикалық міндетке сәйкестендірмей-ақ танып-білуге бағытталады. Ал қолданбалы зерттеулер теорияны практикаға бағыттайды, яғни қоғам сұранысы бойынша белгілі бір проблеманы шешуге ұмтылады. Бірақ бұл бөлудің өзі шартты сипат алады. Өйткені теориялық білім көп жағдайда қолданбалы сипатқа ие болады, одан соң практиканың құрамдас бөлігіне айналады.

Сонымен, ғылым практикаға теория негізінде енеді, ал практика ғылымға тәжірибе арқылы енеді. Екеуінің ұштасуынан теориядан практикаға өтудің әдіснамасы деп атауға болатын білім негізі қалыптасады.

Іргелі зерттеулер деңгейінде мынадай әрекеттер жүзеге асады:

  • Объективтендіру, яғни зерттеу объектісінің мазмұнын ғылыми түсіндіру

  • Жүйелеу, зерттелетін объектінің қасиеттерін, сапалық белгілерін, қатынастарын белгілі бір тәртіппен орналастыру

  • Құрылымдау, объектіні талдау арқылы бөліктерге ажырату және маңызды негіздері бойынша топтастыру.

Қолданбалы зерттеулер мыналардан тұрады:

  • Трансформациялау, теорияны практикалық мұқтажға бейімдеу

  • Актуализациялау, практика үшін ең маңызды ҒЗЖ нәтижелерін таңдау

  • Аттрактор-құрылымдарды анықтау, (аттрактор – латынша «өзіне тарту», яғни кез келген жүйенің тұрақты жағдайын анықтайтын құрылымдар), зерттеу объектісінің болашақта дамуының жетекші факторларын анықтау.

Қолданбалы зерттеуден практикаға өту мына ретпен жүреді:

  • Субъективтендіру – шешім қабылдайтын тұлғаның жаңа білімдерге қатынасын негіздеу

  • Ұйымдастыру – қойылған мақсаттарға жету бағытындағы практикалық әрекеттерді рангтерге жіктеу және сабақтастыққа келтіру

Ұйымдасу құрылымдары мен институттарын қалыптастыру – жаңа білімдерді игеру процесін басқару.

17. Географиялық ақпараттық жүйелердің қызметі

География ғылымдары тұрғысынан алғанда, географиялық ақпараттық жүйелер табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді танып-білу, зерттеу және үлгілеудің құралы болып табылады. Қазіргі кезде географиялық зерттеулердің барлық кезеңдерінде де ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Әсіресе ақпаратты жинақтау мен жүйелеу, сақтау, өңдеуді ақпараттандыру технологияларынан бөліп алу тіптен мүмкін емес. Зерттеудің үшінші кезеңінде ақпараттық технологиялар көмегімен үлгілеу жүргізіледі. Үлгілеулер қатарында қазіргі заманғы ГАЖ-технологиялар арқылы құрастырылған сандық негіздегі карталар, сызбанұсқалар мен компьютерлік имитациялық үлгілер бар.

Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) – географиялық ақпарат әртүрлі мазмұндағы карталар түрінде сақталатын, бұл карталарға түсірілген объектілер бойынша сандық және мәтіндік ақпарат берілетін деректердің компьютерлік базасы. Кеңістік ауқымы бойынша ғаламдық, жалпымемлекеттік, аймақтық, аудандық және қалалық ГАЖ ажыратылады. Сонымен, ГАЖ ең жаңа техникалық деңгейде деректерді жинап, жүйелеп, сақтап, өңдеп, бағалау, бейнелеу мен таратуды жүзеге асырып, осының негізінде жаңа географиялық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін айрықша жүйелер болып табылады. Ең соңында, зерттеу нәтижелерін таратуда да ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Сонымен, ГАЖ Жер туралы ғылымдар мен оған жапсарлас әлеуметтік-экономикалық ғылым салалары зерттейтін объектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін қолданылады.

Технологиялық тұрғыдан алғанда, ГАЖ кеңістіктік географиялық (геологиялық, экологиялық және т.б.) ақпаратты жинақтау, сақтау, түрлендіру, бейнелеу және тарату құралы болып табылады.

Өндірістік тұрғыдан алғанда, ГАЖ құрылғылар мен басқару, шешімдер қабылдау үшін қажет бағдарламалық өнімдердің кешені болып есептеледі, бұл кешендегі ең басты құрамбөлік қызметін автоматты картографиялық жүйелер атқарады.

Геоақпараттану мен картографияның өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болып, дамып жатқан геоақпараттық картография саласы ГАЖ негізінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді автоматты түрде ақпараттық-картографиялық үлгілеумен айналысады Қазіргі кезде географиялық зерттеулер мен қолданбалы карталарды жасауда геоақпараттық картография дәстүрлі карта жасау және карталарды басып шығару әдістерін алмастырып болды.

Жер туралы ғылымдар қазіргі кезде толығымен дерлік геоақпараттық картографиялауға көшті деуге болады. Қазақстанда жасалған, 3 томнан тұратын, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тұңғыш Ұлттық атластың карталары да осы әдіспен құрастырылған. Қазіргі кезде осы әдіспен Қазақстанның тақырыптық карталары, 1:100 000, 1:500 000, 1:1000 000 масштабындағы топографиялық негіздегі карталар жасалған. Республикалық «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» құрастырылған карталар сатылымға шыққанда олардың көпшілігінің электрондық нұсқалары қоса ұсынылады. Бұл Қазақстанда осы саланың даму үстінде екендігін дәлелдейді. Қорыта келгенде, геоақпараттық жүйе технологиялары географиялық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданыс тапқан. Бүгінгі таңда оның барлық салада рөлі біршама артқанын көреміз.

16. Ғылым жүйесінің құрылымы

Жобаны құрылымдау жоспарланған жұмыстарды иерархиялық құрылым түрінде алып, оны жекелеген басқарылатын бөліктерге (жұмыс пакеттері) айналдыруды қамтиды. Құрылымның әрбір төменгі тұрған деңгейі жоғары деңгейдегі жұмыстардың элементі болып табылады. Әрбір жұмыс пакеті белгілі бір өзіндік объективті және өлшенетін нәтижеге ие болуы тиіс. Жұмыс пакетінің мазмұны жобаның жеке міндеттерін немесе оның тармақшаларын қамтуы мүмкін. Құрылымдау ұйымдастыру құрылымы және ресурстар құрылымынан тұрады.

"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады.

Ғылымда зерттеудің екі — эмпириялық және теориялык деңгейлері болады. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне корыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой корытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан зандар шығарылады. Ал заңның өзі айғактар мен оларды корыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялык және теориялық болып бөлінді. 

17. Ғылыми гипотеза және оның деңгейлері

Ғылыми гипотеза (болжам). Ғылыми гипотеза ғылымның маңызды элементі болып табылады. Кез келген ғылыми проблеманы шешу тәжірибе жасаумен шектелмейді, тәжірибенің алдында идеялар мен гипотезаларды талдау қажет болады. Гипотеза – белгілі бір құбылысты қарама-қайшылықсыз түсіндіретін, объективті факторлар мен нақты постулаттарға негізделген, бірақ эксперимент түрінде дәлелденбеген болжам.

Нақты фактілер мен гипотезаның айырмашылығы – гипотеза өзі сүйенетін деректерге қарағанда, мазмұнды болады, логикалық жағынан негізделген сипат алады. басқаша айтқанда, гипотеза нақты деректерді жалпылама түрде негіздеп, жаңа идеяларға жол ашады. Гипотеза міндетті түрде тексеруді қажет етеді. Дәлелденген гипотеза нақты ғылыми білімге (теорияға) айналады. Ғылыми гипотезаның маңызды қасиеті – оны тексеру мүмкіндігінің болуы. Гипотеза жоқ жерден пайда болмайды. Ол бұрыннан бар білімге сүйенеді. Гипотезаның ғылыми біліммен байланысын анықтау үшін оның бұрыннан бар, дәлелденген теориялармен сәйкестілігі, гипотезаның ішкі қарама-қайшылығының болмауы тексеріледі. Гипотезалардың 4 деңгейі бар:

негізделмеген гипотезалар, олардың бұрыннан бар ғылыми біліммен де, тәжірибемен де байланысы жоқ;

теориялық жағынан негізделген гипотезалар, олардың тек бұрыннан бар ғылыми біліммен байланысы бар, ішкі қарама-қайшылығы жоқ, оларды эксперимент түрінде тексеруге болады. Бұл гипотезалар нақты тәжірибе нәтижелері арқылы негізделмеген.

эмпирикалық тұрғыда негізделген гипотезалар, олар тәжірибемен байланысты болғанымен, ғылыми біліммен байланыспаған;

толығымен негізделген гипотезалар, олар әдістемелік жағынан бұрын бар біліммен және тәжірибемен байланысқан. Бұл топтағы гипотезалардың көпшілігі кейіннен ғылыми заңдарға айналады.

“Кез келген жалпылау гипотеза болып табылады... ол неғұрлым тез арада және неғұрлым жиі тексеріске түсіп тұруы қажет”, - деп жазған болатын белгілі ғалым А.Пуанкаре. егер гипотезаның негізсіздігі бірнеше рет дәлелденсе, бұл гипотеза өзінен өзі “өледі”. Орынды гипотеза эксперимент жүзінде дәлелденбей шықса, бірақ ғылыми жағынан жеткілікті түрде негізделсе, ғалым-зерттеуші жаңалық ашудың алдында тұр деген сөз.

Ғылымда идея және міндет деген түсініктер де бар. Бұл түсініктер көбінесе күнделікті сөз ретінде де пайдаланылып келеді. Идеялар тарихы – кез келген теориялық жұмыстың маңызды элементі, теориялық еңбектің қажетті кезеңі. Ғылыми зерттеулерде сабақтастық қандай қажет болса, абстрактілі танудан эмпирикалық зерттеуге дейінгі кезеңді қамтитын идеялар тарихы да соншалықты маңызды.

Ғылыми түсінік ретіндегі идея – қоршаған дүниедегі құбылысты ойлау қабілеті арқылы танып-білу. Бұл түсінікке дүниені тану мен іс жүзінде өзгерту мақсаты мен әдістері қоса енеді. Ғылымдағы идеяның ролі ғылыми заңмен, проблемамен немесе гипотезамен салыстырғанда нақты анық емес. Идеяға заңға, проблемаға, гипотезаға қойылатын белгілі бір қатаң талаптар қойылмайды.

Ғылымдағы идеяның негізгі ролі:

бір кездері байқалған құбылысты түсіндірудің белсенді эвристикалық принципі болу;

проблемаларды шешудің жаңа жолдарын іздеу;

Басқаша айтқанда, идея – эвристикалық деңгейдегі гипотеза. Идея болған жерде гипотезаны негіздеу үшін білгілі бір білім жиынтығы мен түсінік аппараты (терминология) қажет, тіпті ғылымның дамуының сол кезеңінде бұл айтылғандардың өзі қалыптаспаған болуы мүмкін. Осындай жағдайда айтылған идеяны сол кезеңде “ақылсыз” идея ретінде қабылдауы да мүмкін. Мұндай идеялар қатарына В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы идеясы, К.Э.Циолковскийдің ғарышқа ұшу идеясын жатқызуға болады. Бұл ғалымдар өз идеяларын ұсынған кезеңде сол ғылым салаларында осы идеяларға негіз болатындай ғылыми білім болмаған еді. Бірақ аталған ғалымдардың ғажайып идеялары келешекте ашылған жаңа заңдар мен теорияларға негіз болды.