- •І. Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
- •1.1. Өздік орындайтын жұмыстар туралы түсінік
- •1.2. Өздік орындайтын жұмыстардың түрлері
- •1.3. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
- •Іі. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
- •2.1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
- •2.2. Оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастыру
- •Ұйымдастыру кезеңі.
- •III. Жаңа сабақ:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Қорыта келгенде, оқушылардың өздік жұмыстарының өздiгiнен орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану тиiмдi болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өз бетінше орындау бiлiктiлiгi, олардың белсендiлiгiн арттырып, ұқыптылыққа, ұстамдылыққа, өз бетінше іздене білуге үйренеді.
Өздік жұмыстарды орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру моделi компоненттер, ерекшеліктер мен көрсеткіштерден құралады. Модель оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру барысында бiлiм, бiлiктiлiк, дағды деңгейiн анықтауға негiз болады.
Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс.
Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш – жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек, оқушылардың өзіндік істетейтін жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өз бетінше жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі мен қабілеті жұмсалады.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көз жеткізуге болады. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады.
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Өз беттерінше жұмыс жасауға үйретуде негізінен кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру және тапсырманы өзіндік жұмыс істей біуге, орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге ерекше жағдайлар жасау болып табылады.
Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу. Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Бұдан шығатын қорытынды:
1) Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.
2) Оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары ой-әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
Енді осы қорытындыға байланысты мынандай екінші мәселе туады: оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының бәрі бірдей оның ой дербестігін дамыта, қалыптастыра ала ма? Мысалы, У-УІІ сыныптарда оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді, жасалған жоспар бойынша цитаттар, үзінділер жаттайды, оқыған мәтінінің мазмұнын айтып береді, жолдастарының жауаптарын толықтырады, сұрақтар береді т.б.
Оқушының бұл сияқты оқыға қатысы өзі істейтін жұмыстары оқу процесінде олардың белсенділігін туғызып, сол арқылы сабақтың әсерлілігін арттырады, оқушының қабілеті ұштап, жұмыс дағдыларына үйренеді.
Біздiңше, өзіндік істелетін жұмысты есепке алудың жолдары болуға тиiстi: сынып бойынша қысқаша байқау әңгiмесiн өткiзу және оқушылардан ауызша сұрау, көлемi ықшам жазбаша бақылау жұмыстарын өткiзу немесе жаттығулар орындату т. 6.
Оқушылардың бұл жөнiндегi бiлiмi мен жаттығу дағдыларына бағалар қойылып отырады. Бұл жұмысты оқушы ешкімнің көмегінсіз, жеке өзінің күшімен ғана орындап шығарады. Міне, бұл шын мәнінде оқушының өздігінен істеген жұмысы болып табылады.
