- •4. Тбткос мақсат, міндеттері
- •Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау бағалау (тбткос) процедурасы.
- •2. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау
- •Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау
- •№4 Дәріс тақырыбы: тбткс экологиялық бағалау жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар.
- •№6 Дәріс тақырыбы. Жер бетіндегі топырақ қыртысының (литосфераның) ластануы және оны бақылау.
- •Топырақтың санитарлық жағдайының номенклатуралық
- •№ 8 Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.
- •Атмосфераны газ тәрізді ластағыштардан тазалау
- •Суды тазалау әдістері
- •1.Сарқынды суларды механикалық тазалау.
- •2. Химиялық немесе реагенттік тазалау.
- •3. Биохимиялық тазалау.
- •4. Суды залалсыздандыру.
- •5.Суды тазалаудың арнайы әдістері.
- •Электродиализ сызба-нұсқасы
- •Дәріс жалғасы Қоршаған ортаның ластануының негізгі түрлері және оның әсерін бағалау.
- •Таза ауа компоненттері
- •Біріккен ұлттар ұйымы бағдарламасының юнеп деректері
- •Жер беті сулары мен сарқынды сулардың сапасын биотестілеу негізінде бағалау критерийлері.
Суды тазалау әдістері
Таза сарқынды сулар - өндіріс технологиялық процесіне қатысып іс жүзінде ластанбай, су объектісінің сапа нормативтерін бұзбай тазаланбай шығарыла алатын суларды айтады.
Ластанған сарқынды сулар - бұл сулар қолдану барысында әр түрлі компоненттермен ластанып, тазаланбай ағызылады, сонымен бірге тазалануы жүргізілетін сарқынды сулар, бірақ тазалау дәрежесі жергілікті бақылаушы органдар (санитарлық-эпидемиологиялық, қоршаған ортаны қорғау) тарапынан белгіленген нормалардан төмен болады. Бұндай сулардың ағызылымы су объектісіндегі су сапасының нормативтерін бүзады.
Өндірістің сарқынды суларын тазалау - бұл үнемі кешенді әдістермен жасалады. Көбінесе, кең түрде қолданылатын тазалау әдісі, бұл механикалық тазалау мен өндіріс сарқынды суларын бейтараптандыру немесе реагентті тазалау және биохимиялық тазалаумен комбинациялау арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар іс жүзінде барлық кешенді тазалағыш қондырғыларда, сонымен қатар тұрмыстық сарқынды сулармен аэрациялау станцияларында да тұрмыстық қалдықтардан тазалауда қолданылады.
Осылардың кейбіреуін толығырақ қарастырайық.
1.Сарқынды суларды механикалық тазалау.
Бұған арнайы тұндырғыштардағы сарқынды сулардың тұндырылуы, яғни тұндырғыш қондырғы түбіне қалқып жүрген, бөлшектер мен жүзгіндердің тұнуы; мұнай және басқа да суда ерімейтін сұйықтардың сарқынды сулар қоймасынан механикалық қол қондырғысы көмегімен жинау және 1,5 метрлік құм қабатынан суды өткізу арқылы сүзу.
2. Химиялық немесе реагенттік тазалау.
а) Сарқынды суларды өңдеудің бір түрі - бейтараптандыру реакциясы. Бейтараптандыру - ерітіндінің қышқылдық қасиетін сілтілер қосу арқылы жою, ал сілтілік қасиеттерін қышқылдар қосу арқылы жоятын химиялық реакциялар болып табылады. Химиялық қалдықтардың табиғаты әр түрлі болатындықтан, қалдықтардың бір түрін бейтараптандыру үшін қышқылдығын азайту қажет болса, басқа түрлі қалдықтар үшін сілтілігін азайту қажет болады. Ерітіндінің қышқылдығын немесе сілтілігін оның рН-на қарап анықтайды.
Бейтараптану реакциясының толық жүріп жүрмегенін бақылау үшін титриметриялық әдісті қолданып қосылатын қышқылдың немесе сілтінің мөлшерін титрлеу графигі бойынша есептейді.
б) Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану дегеніміз бір мезгілде бір компоненттердің тотығын екіншілерінің тотықсыздануы болып табылады.
Жиі қолданылатын тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар: тотықтырғыштар тотықсыздандырғыштар
оттек немесе ауа хлорит
озон сульфат ұны2+
хлор, гипохлорит гидросульфит
пергидроль күкірт диоксиді
калий перманганаты күкіртгі сутек
Ең маңызды тотықтырғыштар қатарына хлор жатады, сондықтан сарқынды сулардың өңделуі алдымен хлорлаудан басталады, сөйтіп реагеттік өңдеудің соңында жоғары токсикологиялық хлор судан біршама бөлініп тасталады. Тотығу-тотықсыздану реакциялары улы заттарды залалсыздандыру үшін де қолданылады.
