- •4. Тбткос мақсат, міндеттері
- •Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау бағалау (тбткос) процедурасы.
- •2. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау
- •Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау
- •№4 Дәріс тақырыбы: тбткс экологиялық бағалау жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар.
- •№6 Дәріс тақырыбы. Жер бетіндегі топырақ қыртысының (литосфераның) ластануы және оны бақылау.
- •Топырақтың санитарлық жағдайының номенклатуралық
- •№ 8 Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.
- •Атмосфераны газ тәрізді ластағыштардан тазалау
- •Суды тазалау әдістері
- •1.Сарқынды суларды механикалық тазалау.
- •2. Химиялық немесе реагенттік тазалау.
- •3. Биохимиялық тазалау.
- •4. Суды залалсыздандыру.
- •5.Суды тазалаудың арнайы әдістері.
- •Электродиализ сызба-нұсқасы
- •Дәріс жалғасы Қоршаған ортаның ластануының негізгі түрлері және оның әсерін бағалау.
- •Таза ауа компоненттері
- •Біріккен ұлттар ұйымы бағдарламасының юнеп деректері
- •Жер беті сулары мен сарқынды сулардың сапасын биотестілеу негізінде бағалау критерийлері.
Топырақтың санитарлық жағдайының номенклатуралық
көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіш атаулары |
Өлшем бірлігі |
Топырақ қасиетін сипаттаушы |
1
2
3 4 5 6 7 8
9
10
11 |
Санитарлық сан (белок құрамындағы азоттың жалпы органикалық зат құрамындағы азотқа қатынасы) Аммоний азоты Нитрат азоты Хлоридтер Пестицидтер (қалдық мөлшері) (қолдану саласы көрсетілген) Ауыр металдар Мұнай және мұнай өнімдері өшқыш фенолдар Күкіртті қосылыстар Тыңайтқыштар (қалдық мөлшері) Радиоактивті заттар
Термофильді бактериялар
Патогенді микроорганизмдер
Гельминт личинкалары мен тұқымы
|
Салыстырмалы өлшем бірлігі мг/кг топырақ -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- Салыст. өлш. кг Топыраққа Индекс
Титр
Дана /кг |
Химиялық-санитариялық -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- -“- Санитарлы бактериологиялық
-“-
Санитарлы гельминтологиялық
|
Бақылау сұрақтары:
1. Жер бетінің топырақ қыртысы.
2. Жалпы топырақ құрамын бақылауда санитарлық-эпидемиялық қызмет орынның жұмыстары.
3. Топырақтың санитарлық жағдайының номенклатуралық көрсеткіштері
4. Қалдық заттардың немесе пестицидтердің мөлшерін анықтау әдістері.
5. Шекті қалдық мөлшері.
Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.
Бақылау сұрақтарына жауап.
Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995 ж., 100 бет.
Сабаққа тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1.Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС): Программа курса и учебно – методические материалы. М.: изд-во МНЭПУ, 1997. – с 96.
2.Мамбетказиев Е.А., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Алматы, Қайнар 1990.
3.Демегенов А.М., Жаңбыршин Е.Г., Аренова А.Қ. Экология. Атаулар мен анықтамалар. Тараз, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998.
5.Жумадиллаева С.А., Баешов А.Б., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. Алматы, 1998.
6.Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.
7.Баешов А., Дәрібаев Ж.Н., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбаева А.С. Экология негіздері. Туркестан: Яссауи университеті, 2000.
8.Бейсенова Э.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. Алматы: ұылым, 2001.
9.Европа экономикалық бірлестігі Директивасы 85/337/ЕЭС «По оценке воздействия некоторых частных проектов на окружающую средуң Европейское экономическое сообщество, Люксембург, 1985.
10. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. 15.02.1997 № 160-1.
№ Дәріс тақырыбы. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың дистанциялық әдістері.
Сабақ жоспары.
Дистанциялық әдістердің түрлері, жетістіктері
2.Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.
3.Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелері.
4. Су айналым жүйесінің негізгі принциптері
5. Жер үсті сулары-гидросфераның ластану және оны бақылау мен бағалау.
6. Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелері, тазаланғаннан кейін сарқынды суларға қойылатын талаптар.
7. Жер бетіндегі сулардың ластану көздері.
8. Су сапасы, су айналым жүйесінің негізгі принциптері.
Сабақтың мақсаты. Бақылаушы мен ақпарат жинаушының зерттелетін обьектімен тікелей байланысының болмауы яғни ақпаратты жинау түрлі құрал-жабдықтар көмегімен әр түрлі обьектілерді электромагниттік сәулелерін тіркеп алу және т.б. жолдар арқылы жүргізілуін үйрету, сулардың тұздалуының негізгі себептерін, тазаланғаннан кейін су қоймаларына жіберілетін сарқынды суларға қойылатын талаптар және су айналым жүйесінің принциптерін түсіндіру.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Дистанциялық әдістің ерекшелігі бақылаушы мен ақпарат жинаушының зерттелетін обьектімен тікелей байланысының болмауы яғни ақпаратты жинау түрлі құрал-жабдықтар (аспаптар) көмегімен әр түрлі обьектілерді электромагниттік сәулелерін тіркеп алу және т.б. жолдар арқылы жүргізіледі.
Табиғи ресурстарды зерттеу, оларды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешуде қазіргі кезеңде дистанциялық әдістер жиі қолданылуда.
Дистанциялық әдістерді визуальді, фотографиялық, фотографиялық емес, көп зоналы және ғарыштық деп бөледі. Бұл әдістердің ерекшеліктері әрқайсысы өз саласында терең қарастырылады. Біз тек табиғи ресурстарды зерттеу жиі қолданыла бастаған дистанциялық әдістердің бірі аэроәдістер мен ғарыштық әдістерге сипаттама береміз.
Аэроәдістер дегеніміз-жер бетіндегі құбылыстар мен обьектілерді, олардың орналасқан заңдылықтарын, дамуы мен байланысын аспаннан зерттеудің күрделі жүйесін айтады. Олар ұшақтар немесе тік ұшақтар көмегімен жүргізіліп, өзінің мазмұнына қарай аспаннан түсірілген фотосуреттерді зерттеуге негізделген (аэрофотосуретке түсіру) және ұшақтарда орнатылған әр түрлі аспаптар көмегімен (визуальді бақылау) зерттеу болып екіге жіктеледі. Іс жүзінде жер бетін зерттеу, төтенше жағдайларды анықтауда, климат өзгерістерін анықтауда және т.б. кешенді зерттеулерде қолданылады.
Аэроәдістер көмегімен табиғаттағы өзгерістерді терең және жан-жақты зерттеуге, табиғат қорғау жұмыстарын, апаттық сипаттағы өндірістік қауіптерді, түрлі карталар мен сызба-нұсқалар жасауға және т.б. зерттеп болжау жұмыстарын жоспарлауға болады. Аэрофотосуретке түсіру жергілікті жердің, түрлі обьектілердің ақпараттық моделі болып табылады.
Қазіргі кездегі түсті фотографиялық суреттер спектрозоналы аэросуреттердеген атпен топырақтану істерінде, географиялық және эколого-экономикалық мағлұматтар алуда статистика-геологиялық, геофизикалық, орман шаруашылық зерттеулер жасауда жиі қолданылады.
Аэрофотосуреттердегі ақпарат оның ақпараттық сиымдылығы деп аталады. Бірақ бұл әдіс зоогеографиялық зерттеулерде сирек қолданылады. Онан гөрі ірі масштабты инфрақызыл суреттер әлдеқайда мағлұматты болып саналады.
Инфрақызыл суретке түсіру нәтижесінде жер бетіндегі тірі обьектілердің жылы қанды жануарлармен адамдардың жылу сәулелерін тіркеу арқылы іс-қимылдарын суретке түсіруге мүмкіндік береді (жануарлардың қозғалысын, санын анықтау, шоғырлану және т.б.).
Спкектрдің көрінетін бөлімдерінде түсірілген аэросуреттердің табиғи ресурстардың қорын анықтауда, табиғат ландшафтының басқа да сипаттамаларын алуда, топографиялық, картографиялық негізде зоогеографиялық карталар жасауға, жабайы аңдар мен басқа жануарлардың тамақтық қормен қамтамасыз етілуі, қоршаған ортаға мерзімді және маусымды әсерлерді есептеп бағалауда, олардың адам тіршілігіне табиғат және су айдындарына келтіретін әсерлерін бағалауда маңызы зор.
Ғарыш дәуірінің басталуы мен адамзаттың өз қажетін, мүмкіншілігінің және қызметінің ғаламдық масштабы өзгергенін көруге мүмкіндік береді.
1970 жылдарда Американың “Сайенс” журналында “жер бетінде тіршілік бар ма?” деген парадоксалды атпен мақала жарияланды.
Бұл мақаланың мәні адам баласының антропогенді іс-әрекеті нәтижесінде қол тигізбеген, әсерін сезгізбеген, табиғаттың әлемдік проблемалармен қарсыласқаны, ал 70-жылдардың соңында олардың кейбіреулері адамның табиғатпен әсерлесуімен тікелей байланысты екенін, бұлардың көпшілігі ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижесінде табиғаттағы адамның шаруашылық қызметінің күшеюімен, табиғат қорлары жыртқыштықпен тоқтаусыз, шексіз пайдаланудан шикізат, энергетикалық ресурстары азық-түліктік және экологиялық проблемалар пайда болды. Ѓарыш саймандарының пайда болуы планетаның күйін, ғаламдық бақылау жасай білуге, жердің географиялық қабаты құрылысының заңдылықтарын, бүгінге дейінгі білетінімізді тереңдетіп, дәл және әлдеқайда дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндіктер геологиялық зерттеулерге бұрын белгісіз болған кен орындарының табылуы, түрлі минералды ресурстар мен энергия көздерінің ашылуы, ауыл шаруашылығында ғарыш суреттерін қолдану арқылы өнімділікті арттыру, зиянкестермен күресу үшін, климат пен түрлі табиғи көрсеткіштерді, дүниенің кез келген жерінен қажетті ақпарат ала білу және т.б. көптеген қажетті жаңалықтармен адамзатты қамтамасыз етті.
Айтылған мүмкіндіктердің ішіндегі әрине ең маңыздыларының бірі адамның антропогенді қызметінің нәтижесіндегі жердегі атмосфераның, акваторияның, топырақтың, ормандардың ластануының, тозуының және т.б. бұзылуының динамикасын бақылау. Мұның нәтижесінде планетаның ірі алқаптары мен материктердің экологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туды. Сөйтіп, жер серіктерінің үлкен географиялық региондардың экологиялық күйлері туралы берген ақпараттары және оны талдау нәтижесінде, адамның табиғатпен қатынасын жетімді түрде жоспарлауға мүмкіндік туды.
Ғарыш сапарлары зерттеулерінің адамзатқа берген ең үлкен және өте маңызды жемісі, ол дүние жүзіндегі барлық елдердің адамдарының бірігіп қана планетамызға төніп отырған экологиялық апаттан құтқара алатынымызды дер кезінде көріп, оған баға бере білгендері және соның нәтижесінде көптеген ғаламдық әлеуметтік проблемаларды айқындап шешуге де мүмкін болатынына сенімнің қалыптасуы.
Шындығында да, экологиялық проблема-заманымыздың басқа ғаламдық проблемаларының түйісетін түйіні болып табылып отыр.
Ғарыш зерттеулерін қолдана отырып, су қоймалары мен айдындарының сарқынды сулармен ластануын бақылау арқылы тиісті шараларды қолданып олардың өздігінен тазалану процесі ластану процесінен басым етіп ұстауға болар еді, өйткені ғарыштан әрбір өзен, теңіз, көлге құйылатын суларға ағызылатын ластағыштардың көзін анықтап, жойылу алқаптарын, оған дер кезінде тосқауыл болатын жұмыстарды есептеу мен болжау арқылы Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан жүргізілуші бағдарламаларды іске қосу арқылы апатты тоқтатуға болады.
Бұған ұқсас көптеген мұнай тасығыш кемелердің мұхиттарда өзендер мен көлдерде қирап, мұнайдың суға төгілуінен (АҚШ-тың жағалауларында 1978 ж. «Амако Кадис кемесі рифтерге соғылғанынан 200000 т мұнай теңізге төгілген, 1981 ж. Солтүстік теңізде «Экофискң кемесінен төгілген) 300 км2 алаңға жайылған, 1992, 1994 ж. бұл сияқты апаттардан мұнайдың 4800 км2 ауданға жайылғаны түрлі акваторийлерде байқалған.
Үлкен өндіріс орындарынан ағатын ластағыштар үлкен тұщы су қоймаларын жарамсыз етуде, мысалы, Нью-Йорк штатындағы Шомлейн көліне ірі қағаз комбинатынан шығатын сарқынды сулар көлге құйылып үлкен дақ болып көрінген. Ғарыш серіктері суреттерінің сондай айқын көріністер беруі Велмонт және Нью-Йорк штаттарының арасындағы көп жылдар бойы шешіле алмаған дауды шешуге дұрыс шешім қабылдауға негізгі материал болған. Сөйтіп кінәлі айыпталған. Осындай көптеген мысалдар келтіруге әбден болады.
Демек, қоршаған ортаға әсердібағалауда бұл әдістің қаншалықты жылдам, пайдалы және тиімді екені айқын көрініп тұр.
Адам өз қызметі кезінде өзендердің атырауының (дельтасын) өсуін жылдамдатады (Миссисипи дельтасы жылына 100м/жыл, соңғы 300-500 жылда бар болғаны 24м/жыл өскен); жерді айдаудың нәтижесінде топырақтың тозуы (эрозиясы) (соңғы 100 жылда тек АҚШ-ға 20 млн. га топырақ жарамсыз болған) құмдардың жуылуы және т.б.
Литосферадағы бұндай өзгерістер және олардың зардаптары жердің көптеген бөліктерінде әлі зерттеле қойған жоқ. Ғарыштан түсірілген суреттердің негізгі беретін нәтижелерінің енді біреуі-бұл әсерлердің кең көлемде және тіпті ғаламдық масштабта жиынтық (суммалық) эффектін бағалауға, сөйтіп литосферадағы, гидросферадағы, атмосферадағы өзгерістерге адам қызметінің тікелей ғана емес жанама әсерлерін бағалауға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
