- •4. Тбткос мақсат, міндеттері
- •Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау бағалау (тбткос) процедурасы.
- •2. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау
- •Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау
- •№4 Дәріс тақырыбы: тбткс экологиялық бағалау жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар.
- •№6 Дәріс тақырыбы. Жер бетіндегі топырақ қыртысының (литосфераның) ластануы және оны бақылау.
- •Топырақтың санитарлық жағдайының номенклатуралық
- •№ 8 Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.
- •Атмосфераны газ тәрізді ластағыштардан тазалау
- •Суды тазалау әдістері
- •1.Сарқынды суларды механикалық тазалау.
- •2. Химиялық немесе реагенттік тазалау.
- •3. Биохимиялық тазалау.
- •4. Суды залалсыздандыру.
- •5.Суды тазалаудың арнайы әдістері.
- •Электродиализ сызба-нұсқасы
- •Дәріс жалғасы Қоршаған ортаның ластануының негізгі түрлері және оның әсерін бағалау.
- •Таза ауа компоненттері
- •Біріккен ұлттар ұйымы бағдарламасының юнеп деректері
- •Жер беті сулары мен сарқынды сулардың сапасын биотестілеу негізінде бағалау критерийлері.
4. Суды залалсыздандыру.
Суды ішуге және басқа қажеттерге жұмсау алдындағы лайындығының соңғы сатысы (стадиясы) оны залалсыздандыру, яғни ауру жұқтырғыш микроорганизмдерден тазалау болып табылады. Көлтеген жылдардан келе жатқан әдістердің ішінде ең кең тарағаны хлорлау болатын. Бірақ, қазіргі деректерге жүгінетін болсақ ол әдістің зияны да аз емес екені айқындалып отыр, өйткені полихлорлы бифенилдер (майлы өнімдермен хлор қосылыстары) улы заттар, ал олар тотығып өте күшті улар-диоксиндер түзеді. Диоксиндердің малдар организмін өлтіретін мөлшері 10 мкг/кг. Бұл мәліметтер ғалымдарды 80-ші жылдарда хлорлауды фторлау мен алмастыруға мәжбүр етті. Бірақ ол да зиянды екені анықталды. Дүние жүзінде, Қазақстанда да қазір суды хлорлауды көбінесе озондаумен алмастыруда, өйткені озондау әрі тиімді, әрі зиянсыз деп қабылданылуда. Ауыз суында 1000 мг/л тұздардың болуы қажет екені мәлім, оның 350 мг/л хлоридтер, 500 мг/л сульфаттар, ал биологиялық әдістермен тазалау суды тұссыздаңдыра алмайтыны жоғарыда айтылды. Сондықтап, техникалық мақсаттарға қолданылатын тұщы суларды сарқынды және табиғи сулардан тұздарды балу арқылы алады.
5.Суды тазалаудың арнайы әдістері.
Табиғи және сарқынды сулардан тұздарды болудің көптеген арнайы әдістері белгілі.
а) Дистилдеу (буландыру) кең тұрде қолданылады. Қазақстандағы Маңғыстаудағы (Ақтаудағы) атомдық реактор (жылдам нейтрондармен істейтін) қуаты 15-30 мың м3 суды тәулігіне буландырып тазалайды. Негізгі кемшілігі көп электр энергиясын жұмсауы.
б) Тоңдыру. Баяу тоңдыру кезінде алдымеы тұздары болмайтын мүз кристалдары түзіледі. Дистилденуден арзан, техпологиялық жағын тиімді әдіс.
в) Мембраналы әдіс. Бұл электродиализ және гипер сүзу, немесе кері осмос. Электродиализ - ерітінділерді диминералдау және концентрлеудің жаңа әдісі. Диссоциацияланған тұз иоңдарының тұрақты ток өрісінде синтетикалық немесе табиғи иомтандағыш мембранадан бағыгтты өткізілуіне негізделген. Бұл әдісті шет елдерде мұхит суларын тұзсыздандыруда жиі қолданады.
Тұзсыздандырылған су
Тазаланатын су
Электродиализ сызба-нұсқасы
Мысалы, бұндай өнімділігі әртүрлі қондырғылар Ливияда 20 мың м3/с, АҚШ-та 400 мың м 7с жұмыс істеуде.
Бұл әдістің кемшілігі қондырғының қымбат болуы және жартылай откізгіш мембраналардың дайындалуы.
г) Иондың алмасу. Бұл әдіс әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Атомдық және жылу электростанциялары үшін суды терең тұзсыздандыруды қажет ететін жоғары қысымды қазаңдардың талабын қанағаттандыратын әдіс. Сарқынды сулардан бағалы компоненттер (ауыр металдарды) сіңіріп алуда, концентрлеуде қолданылады.
Негізгі кемшілігі - судың өңдірістің өзінде көп шығындалуы, иониттерді органикалық заттардан тазалау. Бұл әдіс өте таза су алу үшін де қолданылады.
Дәріс жалғасы Қоршаған ортаның ластануының негізгі түрлері және оның әсерін бағалау.
Қысқаша теориялық мәліметтер.
Адам іс әрекетінің нәтижесінде ондағы түрлі газдар және басқа қалдықтар бөлініп шығарылуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының тазалық сапасын төмендетуде.
Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі орасан зор. Атмосфера бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікте қажетті газдармен, басқа химиялық элементтермен байытады.
Адамзатқа орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себебі ауаның ластануы болып отыр. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесімен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы (ШМК) қалыпты құрамнан өсіп кетіп сай келмесе, ондай ауаны ластанған деп санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері-өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, т.б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.
Таза ауа компоненттерімен атмосфераның негізгі ластағыштарын салыстыру үшін төмендегі кестелерге көңіл аударамыз.
