Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция жинағы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.75 Mб
Скачать

1 Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы топырақтың биоло-гиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың (ТБТКОС) құқықтық және нормативті әдістемелік негізі.

Сабақ жоспары:

  1. ТБТКОС сараптаудың, құқықтық реттелуі

  2. ТБТКОС саласындағы ҚР заңдары, құрылымы

  3. ҚР қоршаған табиғи ортаны қорғау заңының объектілері мен субъектілері

  4. ТБТКОС мақсат, міндеттері

  5. Қоршаған ортаның ластануының негізгі түрлері және оның әсерін бағалау.

Сабақтың мақсаты: Эколог – сараптамашының немесе осы саладағы зерттеушінің бастапқы адымы ретінде ҚР және шет елдердегі қазіргі уақытта қолданылып жүрген экологиялық сараптама (ЭС) және ТБТКОС жөніндегі нормативті – құқықтық құжаттарды оқып, танысып талдауды үйрету.

Қысқаша теориялық мәліметтер. Экологиялық сараптама ісінің құқықтык реттелуі - экологиялық менеджметтің бір түрі болып табылатын, табиғи қорларды рационалды қолдану және экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету болашақ сараптамашы білімінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл білім Қазақстан Республикасының экологиялык сараптама және ТБТКОС өкіметпен басқару органдарының заңдары мен заң күшіндегі актілері негізінде қалыптасады.

Сонымен бірге экологиялык сараптама мен ТБТКОС-дың нормативті-техникалық негізі өз кезегінде техникалық-нормативтік құжаттарға (стандарттарға, нормаларға, ережелерге т.б.) және әдістемелік материалдарға (әдістемелік құралдарға, нұскауларға, әдістемелік нұсқауларға және т.б.) сүйенеді. Бұл құжаттар мен нұсқаулар ғылыми зерттеу институттары мен осы саладағы маманданған ведомоствалар тарапынан дайындалып бекітіледі.

ТБТКОС-дың экологиялық сараптама саласындагы ҚР заңдары, құрылымы.

Қазір Қазақстаңдағы экологиялық сараптама мен ТБТКОС саласындағы заңдар жүйесі ҚР конституциясының экологиялық сараптама заңына сүйене отырып Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына, қоршаған ортаға, олардың шаруашылық және басқа қызметтеріне әсерін реттеу үшін 18.03.1997 № 85 - 1 қабылданған.

Қазакстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау заңының 15.07.1997 № 160-1 он бірінші тарауы мемлекеттік экологиялық сараптаманың жалпы қағидаларына (ЭС) арналып, оның түрлері, мақсаты мен принциптері (63-бап), экологиялық сараптаманың объектілер мен субъектілері (64-бап) қарастырылған.

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың экологиялық заңы.

Бұл заң экологиялық сараптама саласындағы түрлі қатынастарды терең әрі қоршаған орта сапасының нормаларын нақты бекітіп белгілі бағытта реттеу мәселелерін дамытуға негізделген. Бұл заңда алғаш рет экологиялық сараптаманың әрі мемлекеттік (3-тарау , бап 13-28) әрі қоғамдық (4-тарау , бап 29-32) түрлеріне анықтама беріліп, олардың принциптері мен түрлерінің толық мән-мазмұндары айқындалған.

Бірінші тарау экологиялық сараптаманың анықтамалары мен терминдеріне арналған (1-бап). Онда шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған орта саласы мен экологиялық талаптарға нормативтік сәйкестігін, объекті ісінің теріс әсер етпейтінін және оның зиянының басқа зардаптары болмайтынын сараптау арқылы алдын ала анықтауға бағытталған.

ТБТКОС мақсат-міндеттері (4-бап) объектілердегі жүргізілген сараптаманың толықтығын, жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестициялық және оның басқа кызметінде қоршаған орта мен адам денсаулығына, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әсерін талдау арқылы бағалауды қамтиды. ҚР стандарттары мен нормаларына сәйкес экологиялық талаптардың орындалып, ғылыми негізде талданып, қорытындыланып, тиісті органдарға ақпарат беріп, ол объектінің іске қосылуы жөніндегі қаулы шығару шешімдері алынады.

Жаңа объектілерді жобалау кезінде ескі немесе бұрынырақ салынып қайта іске қосылатын объектілер үшін, немесе іске жарамайтын объектілерді жою кезінде олардың қоршаған ортаға келтіретін әсерін бағалау қажет болады. 1969 жылы Европада (Скопе-Югославия) құрылған қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерлерді бағалау жөнінде қабылданған көптеген әдістемелік зерттемелердің маңызы зор (Scіentіfіc Commіttee Оn Рrodlems оf Еnvіronmental (Sсоре). Ондағы мақсат біріншіден адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға әсер жөніндегі адамдардың білімін тереңдетіп жетілдіре түсу, екіншіден осы өзгерістер қандай шамада және қандай механизмдермен адам денсаулығымен оның ауқаттылығына әсер етуін бағалау. Әсіресе бұл әсерлердің үлкен көлемде яғни дүниежүздік таңызы ескеріліп, соған сәйкес жобалар дайындау олардың жасалуы кезінде ескерілетін принциптер мен әдістемелер, кезеңдерде баяндалған (1975ж.) шартнамалар көптеген мемлекеттер тарапынан қолдау тапқан.

Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңындағы (15.07. 1997 № 160-1) XІ тарауы экологиялық сараптама туралы болса оның 16-бабы қошаған ортаға әсерді бағалауға арналған.

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау (ТБТКОС) ұғымы, қоршаған табиғи ортаға, адам денсаулығы мен ауқаттылығына қатысты жобаланған әр түрлі іс-әрекеттердің әсерін болжауға, оларды түрлі алаңдарда ақпарат ретінде пайдалану және қажетті шешімдер алу үшін пайдалануға арналған.

Бұл процестің негізгі мазмұны, оның жаңа немесе бұрыннан жұмыс жасап жатқан объектілердің қайтадан жұмыс жасау жобаларын бекітуде, экологиялық мүдделерді жан-жақты есепке ала отырып оларға техника-экономикалық және саяси-әлеуметтік баға беру болып табылады.

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау (ТБТКОС) мерзіміне және объектілердің көлеміне, масштабына қарай (регионалды, облыстық, аудандық жобалар, электростанциялар, су қоймалары, үлкен зауыт-фабрикалар, комбинаттар және т.б.) үш түрлі уақыт маусымына бөлінеді.

1. Құрылыс жұмыстары жаңадан басталған этапта ауыр жер қазғыш техника және құрал-саймандардың орналастырылып уақытша салынатын жолдар мен түрлі құрылыс кешендерінің салынуы кезінде қоршаған орта сапасы шан-тозаң мен шудың әсерінен деградацияланып, әлеуметтік өзгерістер пайда болады.

2. Құрылыс жұмыстары біткен соң қаншалықты құрылыс орындары көгалдандырылса, жаңа жолдар мен арықтар салынса да құрылыс жұмыстары нәтижесінде түзілген қалдықтарды көмген шұқырлардың, жолдардың бағыттары мен орындарының өзгеруінен ағатын сулар рельефінің өзгеруі және басқа да езгерістер нәтижесінде қоршаған ортаның езгеруі болмай қоймайды.

3. Бірнеше жылдар жұмыс істеуі нәтижесінде бұл еңірде түрлі өндеуші өнеркәсіп орындары жұмыс істеуі халық санының өсуіне, ал бұл халыққа жаңа қызмет салаларының ашылуына негіз болады.

Ұзақ мерзімді түрлі жобаларды іске асыруда экономикалық және саяси мүдделерді де ескере отырып, дәстүрлі тәжірибелерді қолданып, қоршаған ортаны мейлінше өзгеріске ұшыратпайтын жаңа халықаралык әдістемелік бағалауды және жобаларды негізге альш жүргізу қажет.

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау (ТБТКОС) әр түрлі топтардың уәкілдері қатысып олардың әр қайсысы өз ролін атқарады.Инициатор-инвестор қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын және зерттеулерді қаржыландырады. Инвестор-тапсырушы (заказшы) ҚОӘБ-ды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.

ТБТКОС -ды жетілдіріп-істеуші (разработчик) экологиялық шарттарды қарастырып, экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Бұл құжаттарды қоршаған ортаға әсердің негіздемесі немесе мәлімдеме деп атайды. Мәлімдемеде немесе негіздеме құжаттарда қарас-тырылып отырған жобаның мақсаты, қызметі, міндеттері сол территориядағы экологиялық жағдай күйінің түрлі сипаттамалары, жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға мүмкін болатын әсері көрсетіледі. Негіздеу құжаттары соңында мемлекеттік сараптау жүргізу үшін экология министрлігіне немесе оның территорияларындағы органдарына жіберіледі: қажет болған жағдайда ол құжаттар қоғамдық сараптамадан да өткізіледі.

Қоғамдық сараптама ғылыми ұжымдардың немесе қоғамдық бірлестіктердің өздерінің бастамасымен жүргізіледі. Сапа жағынан бұл сараптама мемлекеттік сараптама сияқты, бірақ құқықтық жағынан мемлекеттік сараптама дәрежесіне жетуі үшін, оның нәтижелері мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының мақұлдауынан өтуі қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. ТБТКОС ісінің экологиялық сараптамасы, құқықтық реттелуі.

2.Экологиялық сараптама саласындағы ҚР заңдары, құрылымы.

3.ТБТКОС сараптама заңы.

4. Тбткос мақсат, міндеттері

Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.

1. Бақылау сұрақтарына жауап.

2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина ТБТКОС бақылау, бағалау А., 2003, 6 бет.

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.

  1. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС): Программа курса и учебно – методические материалы. М.: изд-во МНЭПУ, 1997. – с 96.

  2. Мамбетказиев Е.А., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Алматы, Қайнар 1990.

  3. Демегенов А.М., Жаңбыршин Е.Г., Аренова А.Қ. Экология. Атаулар мен анықтамалар. Тараз, 2000.

  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: ұылым, 1998.

  5. Жумадиллаева С.А., Баешов А.Б., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. Алматы, 1998.

  6. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.

  7. Баешов А., Дәрібаев Ж.Н., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбаева А.С. Экология негіздері. Туркестан: Яссауи университеті, 2000.

  8. Бейсенова Э.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. Алматы: ұылым, 2001.

  9. Европа экономикалық бірлестігі Директивасы 85/337/ЕЭС «По оценке воздействия некоторых частных проектов на окружающую среду Европейское экономическое сообщество, Люксембург, 1985.

  10. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. 15.02.1997 № 160-1.

3 Дәріс тақырыбы:

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау бағалау (тбткос) процедурасы.

Сабақ жоспары:1. Негізгі терминдер мен анықтамалар

2. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау

(ТБТКОС) - жүргізуге өтініш – мәлімдеме (заявление).

3. ТБТКОС кезеңдері, құрылымы

3. ТБТКОС өткізудің халықаралық тәжірибе процедурасы.

4. Картографиялық модельдеу

5.Европалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) Директивасы, ТБТКОС процедурасының принциптері.

6. Атмосфераның ластануы және Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

Сабақтың мақсаты: Табиғат қорғау саясатының әдістемесі мен жобаларының және бағдарламаларының мазмұнын анықтай отырып, мақсаттарды қалыптастыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

Мақсаттарды қалыптастыру бұл процедураның жауапты және орталық бөлімі болып табылады. Ал мақсаттар, табиғат қорғау саясатының әдістемесі мен жобаларының және бағдарламаларының мазмұнын анықтайтын болады. Егер мақсаттар шаруашылық қызметтер барысында қоршаған ортаға әсердің барлығы жан-жақты ескерілетініне жеткілікті дәрежеде кепілдік бере алатын-дай болса, онда, ТБТКОС процедурасы оны қамтамасыз ететіні анық. Мыса-лы, темір-бетон конструкция комбинатының жобасы қарастырылып жатқан-да тек тұрғын үй проблемалары ғана қарастырылып коймай, басқа да әлеу-меттік мәселелерге (халықтың қол бос болмаушылығы (занятость) т.б.) үлкен орын берілуі қажет. ТБТКОС кезінде бүгінгі күнгі және болашақтағы ұсыныла-тын техникалық шешім қоршаған ортаға мейлінше өз әсер ететіндей болуына көңіл аударған жөн (ауа және су бассейндеріне, топырақ пен жануарлар және өсімдіктер дүниесіне).

Келесі кезең - ұсынылған нұсқалардың анағұрлым тиімдісін таңдап алу,қойылған мақсатқа жетудің өзектілігіне қарай осы күнге дейінгі зерттеушілердің тәжірибелеріне сүйене отырып, бұл мәселелермен терең айналысып жүрген мамандардың ұсынысын пайдалану. Тың - жобалардың шешімдері үшін тіпті халықаралық тәжірибеге де сүйену қажет.

Нұсқаларды таңдап алу кезінде шешілетін максаттарды екі класқа бөлуге болады: олар, ақпараттық потенциалы жеткілікті және жеткіліксіз. Бірінші класс проблемалары үшін біліммен тәжірибе жеткілікті деуге болады, мысалы ластанған суларды тазарту әдісін таңдау.

Екінші класс проблемаларында күрделірек, мысалы, техноло-гияларды енгізген кезде бір маманның ойы жеткіліксіз, тіпті түрлі бөлім мамандарының ой пікірін де қанағат тұтқан, басқа тәжірибелерді де қолдану үшін түрлі сараптамалардан кейін ғана шешім қабылданады.

ТБТКОС жүргізгенде зерттеушілердің топтарын проблемаларды тео-риялык және практикалық жағынан жақсы білетін білікті мамандармен бірге аралас саладағы мамандардың да қатысқаны жөн. Осындай мамандардан топты құрған соң олардың ой-пікірлерін алу басталады. Мысалы, оларға ұсынылған су тазарту технологиясы негізінде таза су алудың әлдеқайда оңай да пайдалы бағыттарын қалыптастыру женінде өз көзқарастарын ортаға салу тапсырмасы беріледі. Бұл проблеманы талқылау жазбаша және баяндама түрінде аралас жүргізіліп, бұл сұрақ-жауап әдісінің нәтижесі сараптамалық бағалаудың бір түрі болып саналады. Сұраудың негізгі түрі анкеталау, интервью алу, Дельори әдісі және дискуссия пікір-талас болып табылады. Бұл әдістердің қайсысын таңдап алатыныңыз, шешуді қажет ететін проблемаға (алғашқы ақпараттың бар-жоқтығына, мерзімнін (уақыттың) аз-көптігіне, ТБТКОС жұмсалатын қаржы көлемше) байланысты болады.

Анкеталау- анкета көмегімен жазбаша формада жүргізіледі. ТБТКОС-да бұл әдістің қолданылуы әдетте шектеулі болады. Интервью тәсіліәңгіме сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әдетте бұл әдісті жүргізуші, проблеманын құрылымын жақсы білетін, қойылатын сұрақтарды терең мазмұнды етеп және ретімен қоя алатын жақсы маман болуы қажет.

Нұсқаларды таңдауда мамандардан жауап алудың пайдалы әдісі Дельфи әдісі колданылады. Онда анкеталау көп тұрлы процедурадан тұрады, әрбір тұр соңында нәтижелер жарияланып отырады және қатысушылар бірін-бірі білмейтін болады. Бірінші тұрда қойылатын сұрактарға аргументтер келтірмей ластандырылады да параметрлер сандармен бағаланады. Соңында барлық қатысушылардың бағалары оқылады. Сөйтіп ауытқуы өте үлкен болған қатысушыдан дәлел талапетіледі немесе бағаны өзгерту талап етіледі.

Екінші тұрға қатысушылар өз ойларын, жауаптарын аргументтеумен қатар түзетілген болса түсіндіруі тұр соңында бірінші тұрдағыдай нәтижелер жарияланады да, бағалардағы ауытқулар шамалы болса оны түзетіп, аргументтейді. Келесі турларды өткізу де осы нұсқамен жүргізіледі. Үшінші тұрда әдетте бағалар ортақ шамаларға жақындай бастайды, бұл келесі тұрларды жүргізудің қажет еместігінің белгісі болып саналады.

Дельфи әдісімен сауалнама (опрос) жүргізудің тиімділігі, бағалаудың автоматтандырылғандығында, қатысушыларға жариялау жұмыстарын тездету үшін компьютердің қолданылуында.

Пікірталас (дискуссия) - қарастырылып отырған проблеманы ашық түрде ұжьшдық талқылау арқылы түрлі факторларды талдап, олардың он және кері әсерлерін айқындап, мамандардың үстанымдары мен қызығушылығын анықтауда кең қолданылады. Пікірталас нақтылы ғылыми техникалық проблеманы шешуде де пайдаланылады.

Сауалнаманың жоғарыда қарастырылған түрлері бір-бірін толықтырады және белгілі бір дәрежеде бірін-бірі алмастыра алады. Жаңа нұсқаларды генерациялау үшін бұл айтылғандарды кешенді пайдаланған әлдеқайда тиімді болады. Нұскаларды анықтаған соң келесі саты бағалауға кіріседі. Ол үшін, қойылған максаттардың орындалғанын немесе орындалмағанын бағалай алатын кбелгілерді қолдану қажет. Бұндай бағалаудың нәтижесінде қолданылып жүрген және жаңадан қолданылайын деп жатқан технологиялардың ТБТКОС салыстыруға, яғни қайсысында қандай өзгеріс, артықшылықтар бар екенін біліп және соған сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік туады.

ТБТКОС-көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып жүргізілетіндіктен, шешімнің тиімді болуы үшін анықтаған белгілерді де кешенді түрде пайдаланады, сөйтіп әрқайсысының әр түрлі дәрежедегі максатқа сәйкестігі анықталады. Әрбір мақсатты сан жағынан сипаттау қажет, ол үшін төмендеп колданады: тікелей өлшеу, қосалқы (жанама) - белгілер, субъективті шкалалар.Бірінші әдісте тікелей өлшеу жүргізіледі, мысалы атмосферадағы қатты заттар мөлшерін өлшеу арқылы ауаны тазарту жұмысының талаптарға сәйкес атқарылғаны немесе жеткіліксіз екені анықталады. Екінші әдіс жанама анықтамалар жүргізу арқылы, мысалы ауаның өнеркәсіп орнындағы ластануын жұмысқа келмеген жұмысшылар санын есептеу арқылы, жұмыс күндерінің ішіндегі бұл шаманы аныұтау өндірістің шығаратын және пайданалатын заттары (өндірілген зат көлемінің) арасындағы қатынастармендан анықталады. Дәл осы әдіспен әр түрлі өндіріс орындарының қоршаған ортадағы тұрғындардың денсаулығына әсері бағаланады.

Бұл әдістерді жүргізу киындықтар тудыратын болса субъективтік шкала әдісін қолдануға болады. Ол үшін нолден жүзге дейінгі шкала (0 : 100) белгіленеді, онда "0"-ден төменгі және "100" ен жоғарғы баға деп алынады. Мысалы, белгілі бір жобаның қоршаған ортамен гармониясы 100 дейік, ал өндірістік пейзажы 0-ге тең болады. Бұл жағдайда жобаның қоршаған ортаға әсерін осы шкала аралығында бағалауға болады.

Егер экспериментальды мағлуматтар болатын болса, онда түрлі нұсқаларды салыстыру арқылы әлдеқайда жақсыларын анықтау қиын болмайды. Мысалы, құрылыс материалдарын шығаратын (кірпіш, төсеме кірпіш және т.б.) технологиялық топтамада (циклда) атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар туралы деректер әрбір іске асырылуы мүмкін жобаларда көрсетіледі. Яғни бұндай жобаларды бағалауда басты белгісі ретінде сандық сипаттамалар қолданылуы әбден мүмкін. Жобаның қоршаған ортаға ұзак мерзімді әсерін аспапты әдіс көмегімен бағалау әркезде мүмкін болмайды. Бұндай жағдайда мамандардың пікірлері жинақталып, содан соң бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]