Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.

Мысал дегеніміз не?

Мысал - шағын көлмеді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарманы мысал дейді. Көбіне аң,хайуанат, жәндік туралы жазылады,сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.Идеясы астарсыз, ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,

Жағалап суаты бар жерге келді.

Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,

Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.

Су ішіп, көлдің шықты жағасына,

Мал еді көз тоятын қарасына.

Артықша бір көлбақа күншіл екен

Сол көлдің бақасының арасында.

Өгізді суға тойған Бақа көрді,

Секіріп көршісіне жетіп келді.

«Боламын мен де сонау Өгіздей», -деп,

Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.

Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,

-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.

Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,

Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:

«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,

Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.

Онымен бірдей болып толмақ түгіл,

Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».

«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -

Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.

Жолдасы тағы қарап денесіне:

«Қалпында қараң менен формың», - деді.

Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,

Зорланды қарнын керіп енді Бақа.

Шыдамай жұқа қарын керуіне,

Жарылып сол арада өлді Бақа.

Күнәсі күндегеннің жаман қатты,

Күндеме біреуге Алла берген бақты.

Өгізді күндеп, сондай боламын деп,

Көлбақа онан қанша пайда тапты?!

Әуелде Құдай өлшеп берген дене,

Қаншама зорлағанмен артылмапты.

Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен бақа» мысал өлеңі

Мысал көбіне өлең түрінде жазылатын сюжетті шағын жанр. Мысалда мінез-құлық, қасиеттер ажуа етіліп,, астарлы сынға алынады, дидактикалық өсиет айтылады.

Мысал жанрында қолданылатын көркем тәсілдің бастысы аллегория (пернелеу). Мысалдың құрылысы әдетте екі бөліктен құралады: бейнелі әңгіме, оқиға-сурет және дидактикалық өсиет.

Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалын 36 жол өлең түрінде И.Крыловтан аударған. Қазақ әдебиетінде алғаш мысал жанрында жазған Абай «Өгіз бен бақаны» 40 жол өлең түрінде аударған. Екі аударманың да тықырыптық, идеялық мазмұны жақын. Автор «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінде адам бойындағы көрсеқызарлық, күншілдік сынға алынады. Мысалда күншіл бақаның әрекеті екінші кейіпкер (жолдасының) тарапынан да сынға алынады. Өлеңнің жеті шумағында көл басындағы өгізді күндеген бақаның іс-әркетін оқиға желісінде өрбітіп, соңғы екі шумақта автор оқырманына қорытынды ғибраттық ой түйеді.

19. Көркем сөз өнерінің мәні.

Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөздің кадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар ("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз тапқанға қолқа жок", "Сөз тұземегенді тез түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", т.б.). Ұлы ақын Абай: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас" деп, Көркем сөз кұдіретін жоғары бағалаған. Акын-жазушылар асыл сөздің сол сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың коркемдігін арттырады, тіл байлығын молайтып отырады. Олар осы бейнелеу құралының дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңдігіне, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ тіліне "Көркем сөз" терминін А.Байтұрсынұлы енгізген. 20 ғасырдың 20- жылдарындағы шығармалар қазақ үлттық Көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылып жүр. Бұл кездегі С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Төреқұлов, М. Дулатов, С. Садуақасов, С. Қожанов, С. Мұқанов, т.б. қаламгерлер жазған Көркем сөз үлгілерінен замана тынысы, көзқарас кайшылығы, айтыс-тартыс бағыты айқын көрінеді. Көркем сөз жанрлары - кезеңдік жанрлар, яғни өз кезеңінің өзекжарды мәселелерін арқау ететін, ұрымтал, елгезек жанрлар.

Көркем сөз оқу өнері-искусствоның күрделі де қиын түрі. Көркем сөз орындаушы- конферансье де, сахнаға шығатын артист те емес. Бұл- бір өзі бүтіндей бір шығарманы ешбір декорациясыз, костюмсіз, қимылсыз тек қана сөзбен, дауыс нақышымен көрермендерге жеткізуші. Оның бар құралы-үні мен сөзі. Ол өзі орындап тұрған туынды мазмұнын әсерлі мақамымен соншалықты жанды картина іспетті тыңдаушылардың көз алдына елестетеді. Сөз өнері қазақ топырағында ертеден қанат жайғаны халқымыздың әдебиет, мәдениет тарихында мәлім. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің алуан түрлерін жыраулар, ертегішілер арттағыға қалдырып отырған. Ауыз әдебиетінің шығармаларын, эпостық жырларды мән-мәнерімен нақышына келтіріп орындау дәстүрі «сахнада» көркем сөз оқу өнерінің алғашқы көрінісі. «Бізде дайын халықтық репертуарды орындау өнері де үлкен орын алған. Орындаушылар қатарына ірі эпостық дастандарды жаттап айтқан жыраулар да қосылады. «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбайлар айтқан, «Қырымның қырық батырын» Мұрын жырау, «Манасты» Саяқбай жырлағанды. Бұл орындаушылар ұлы актерлер қатарында аталулары керек. Жыраулар ғажайып дастандарды кейінгі ұрпаққа жеткізе отырып, орындау өнерінің де классикалық үлгілерін жасаушылар, эпостағы хикаяны әңгімелегенде, ондағы толып жатқан адам мінездерін де қоса ойнаған. Олар бірге диалогпен сөйлесе, бірде монологтарды соғып кетеді».Осының бәріне лайықты үн сазын, келісті ырғағын, дауыс нақышын да тапқан нағыз табиғатынан дарынды болып туған көркем сөз орындаушылары десек те болады. Бүгіндегі көркем сөз оқу өнері театрдың туып, дамуымен тамырлас.