Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері

Драмалық шығармаларды оқығанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер‑қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл‑күйі, қимыл‑қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси‑әлеуметтік, тарихи‑ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.

Драмалық шығармаларды өтерде тәрбиеші балаларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:

- тәрбиеші алдымен өзі оқып көрсетеді;

-балалар рөлдерге бөліп оқиды;

- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;

-басты кейіпкерлерге мінездеме береді;

- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.

Көркем шығарманы драмалау - баланың сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, - деген болатын әдебиет зерттеуші - ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Бала көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - баланың өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын бала қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Баладағы осы сезімді ояту - тәрбиешінің қолында, яғни, балаға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін тәрбиеші әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет.Ең басты жұмыстардың біріне балалардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни тәрбиеші осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Баланың көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.

Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде

койылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.

Олар:

а) логикалық кідірістер;

ә) психологиялық кідірістер;

б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.

Кідіріс дегеніміз - сұрату жасалғаннан бастап оның орындалуына дейінгі өткен уақыт, процестің тоқтап тұру уақыты, программалау тілдерінде келдесі оператордың орындалуын тоқтата тұру үшін қолданылатын процедура.Мысал, Паскаль тілінде ДЕЛАҮ(н) процедурасы п миллисекундқа тоқтатады.

Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Мұғалімін үлгі тұтқан шәкірт, оған еліктейтінін мектеп тәжірибесі жиі дәлелдеп келеді.

Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.»Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.

Психологиялық кідіріс. Мәтіннің мазмұн-мағынсына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінге дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне іс-әрекетіне қарай жасалады.

Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.

Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі

жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.