- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
Қандай да болсын көркем шығарманы түсініп қабылдау балаларға бірден қиындық келтіреді. Алғашқы күннен бастап, баланы оқылған шығармаларды дұрыс таңдай білуге үйрету қажет. Сондай-ақ көркем шығарма әрі танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәнін түсіндіру. Соған сай әр топта оқылатын көркем шығармалардың өзіндік мақсаты бар. Мысалы, 2-кішкентайлар тобындағы ертегі, шағын әңгіме, өлең жаңылтпаш бойынша жұмыстар жүргізіледі және осы топтардан бастап шығарма жанрын ажырата білуге үйрету керек. Осы топтағы тәрбиеші ертегі немесе әңгімені ауызша баяндап бергені тиімді. Ал шығарма үлкен болса шығарманы бөлікке бөліп баяндау қажет. Баяндап болған соң сұрақ-жауап арқылы бала түсінігі тексеріледі. Өлеңмен таныстыруда әрбір сөздің дыбысына орфоэпиялық ережеге көңіл бөлу керек. Оқылған шығарманың мазмұны жағынан бала түсінігіне сай өмірде сол тақырыпқа ұқсас бала таныс оқиғаға сәйкес келсе сұрақ арқылы сол оқиғамен шығарма мазмұнын салыстыру керек. Тәрбиешінің ескерткені оқылған шығармадағы жаңа сөз мазмұнын түсіндіру, сөйтіп тәрбиеші көркем әдебиетпен таныстыра отырып, бала тілінің жан-жақты жетілуіне байланысты, яғни дыбыстық мәдениетімен сөздік қорына, грамматикалық құрылысына әсер етеді. Ал естиярлар тобында көркем әдебиетпен таныстыру күрделене түседі. Бұл топта тәрбиеші оқылған шығармалардың жанырын айтудан бастайды. Сонымен бірге шығарма тіліндегі теңеу, салыстыру сөздерді сол сөзбен мағыналас, балаларға бұрыннан таныс синоним арқылы түсіндіруге болады. Ал өлеңді оқығанда өлеңнің әрбір тармағына, ұйқасқа көңіл бөлу қажет. Бұл топта сөздік қорды дамыту жұмысы одан әрі жалғасады.
Ересек топта поэзия мен прозаны ажырата алады. Сонымен қатар бұл топта кейіпкер ерекшеліктерін талдау, олардың іс-әрекетін бір - бірімен салыстыру жұмысы жүргізіледі. Мысалы, бір ертегіні оқып болған соң, қандай ертегі оқылды? Неге ертегі деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қоюға болады. Бұл топта сөздік жұмыс жүйелі жүргізілуі тиіс. Жаңа сөздерді еске түсіру мен даярлық топта бала кейіпкерлердің жақсы іс-әректіне сүйеніп, жаманнан жиреніп, өз ана тілінің байлығына көңіл бөлетіндей дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан бұл топта шығарманы бір рет оқығанда бала оның жалпы мазмұнына көңіл бөлсе, ІІ рет оқығанда көркемдік жағынан яғни теңеу, салыстыру, анықтауыш, антоним, синоним, әрине бұл топтағы балаларды көркем шығарманы барлық жағынан түсінеді деп айту қиын. Бірақ мәнерліліктің шығарма тілінің көркем құрылысының алғашқы элементімен танысады. Бұл топта да балаларға логикалық анықтама, ереже, терминдер айтылмайды. Тек қана сөз мағыналары балаларға түсінікті тілмен, қарапайым тілмен жеткізіледі. Мысалы, шығармадағы құбылысты қандай сөзбен сипатталған, сөзді пайдалану, өз ойыңнан сөйлем құра деген тапсырма орындатуға болады. Бұл топта балалар әңгіме мазмұнын ойша жалғастырып, ерегі, әңгіме құрастыруға дағдыланады. Сөйтіп өз бетімен шығармашылық әңгіме құрастыруға үйренеді. Жыл аяғында қорытындылау әңгіме ұйымдастыруға болады. Мұндай әңгімелесу кезінде жыл бойына оқыған әңгімені бала есінде қалдырып, ұнағаны таңдалып алынады және сол шығарманың кейіпкерінің іс-әрекетіне талдау жасалынады. Кейіпкердің жағымды қасиетіне өз бағасын беруі тиіс. Бағдарламаға енген әдеби шығармалардың тақырыбы, мазмұны қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту принциптері іріктелген бағдарламалық шығармалардың барлығы қоғамдық, ғылыми техника жетістігіне, еңбек түрлерімен тығыз байланыста алынған. Олар балалардың ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын кеңейтіп, тілін жетілдіреді. Ауыз әдебиетіне кейін қаз-қаз, бесік жыры сияқты өлеңдер баланы тазалыққа, жақсы әдепке үйреніп, өкпелегіш, қиқарлық сияқты жаман әдеттен жирендіреді.
