- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талдап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған,дағдыланбаған адам коркем шығарма мәтінін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізе алмайды.Сөйлеу техникасын игеру тәсілін музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе,орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз естіледі.Демек,мәтінді оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.Сөйлеу техникасына тыныс алу(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару),дауыс,дикция(үн реңкі) жатады.Мәтінді мәнерлеп оқушы сөйлеу техникасына үздіксіз жаттығып дағдылануы тиіс.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айырықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ,сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтардан қарау қажет.
Мәтінді мәнерлеп оқушы,әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып дағдылануы тиіс.Сонда ғана дикцясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу апаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі
кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Орфоэпиялық және орфографиялық қателер. Сөздердің әдеби тілдегі дұрыс айтылу және жазылу нормасын бұзушылық оқушылар жұмыстарында көп кездеседі. Орфографиясы қиын сөздерді қате жазу өз алдына, оның үстіне, көп сөздерді орфоэпиясы бойынша жазып қояды (көзғарас, шегара, гиограф, алалмадым т.б.). Ал ауызекі тілде сөздердің естілу әуен-ырғағының дұрыс болуына мән бермей, жазылу бойынша айта салады.
Төменгі сыныпта орфоэпиялық және орфографиялық қателердің бірқатары сөз мағынасын түсінбегендіктен туады. Кейде шала-шарпы естілуі бойынша, мағынасына ой жібермей жаза салған сөздерінде жоғарыдағы екі түрлі қате қосарланып жүреді. Мысалы: тес пергенде (дес бергенде), кескіріскен (кескілескен), әлеумент (әлеумет) т.б. мұндай дыбыстардың өзгеруі арқылы пайда болатын қателер оқушылардың жұмыстарында білетін, қиын емес сөздерде де кездесіп отырады. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету - әдеби тілді меңгертудің бір жолы.
Дауыс ырғағы – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Дауыс ырғығы — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі.
Дауыс ырғағы— ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Дыбыстау ырғағы, ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айырықша ерекшеленуі айқындалады.
Дауыстың жоғары ,орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып , өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыру керек.
Мәтінді оқып беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше ,қатал, салқын үні нақышталады.
11 Сөйлеу мүшелері,оның жұмыс жасау ерекшелігі. Адамның сөйлеу мүшелері – артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат. Олар, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері болып табылады. Сөйлеу мүшелері: а) дыбыс жасауға қажетті ауа ағынын тудыратын және өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); ә) дыбыс жасауға тікелей қатысатын сөйлеу мүшелері болып екі топқа бөлінеді
Адамның сөйлеу аппараты I – мұрын қуысы; II – ауыз қуысы; III – дауыс түтігі; IV – тамақ (кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы); V - өңеш (тамақ жүретін жол). 1 – тістер; 2 – еріндер; 3 – қатты таңдай; 4 – жұмсақ таңдай; 5 – тілшік (увула); 6 – жұтқыншақ; 7 – тіл (a – тіл алды, б– тіл ортасы, в – тіл арты, г– тіл түбі).
a – бойлық қиық: 1 – жұтқыншақ; 2 – жалған дауыс шымылдығы; 3 – қалқан шеміршек; 4 – нағыз дауыс шымылдығы; 5 – дауыс саңлауы; 6 – кеңірдек шеміршегі. б – көлденең кесік: 7 – желбезек шеміршек., 8 - сақина шеміршек. Сөйлеу мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке – дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланыста болады. Сөйлеу мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам,дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша,мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізі алмақ емес.Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді.Демек,тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
