Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.

Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуғ атәуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылады, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл –ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Бала мен анна тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бір қатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларды сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы: 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдайма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінш ісөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеруі үшін қажет. Осылайшы, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Олдұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбірдыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығы мен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауы мен шартталады.

8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.

Дем алудың түрлері; тыныс алу,(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару,)дауыс, жатады. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады. Тексті мәнерлеп оқушы,әңгімелуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып,дағдылануы тиіс.Сонда ғана дикциясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді. Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.

Дауыс.Сөз сөйлеуге дауыс қатысады. Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады. Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шығады. Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы)ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі,басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады. Егер айналадағылардың сөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз, дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз. Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп,бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып, сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді. Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше, қатал, салқын үні нақышталады.

Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.